- зейнетақы аннуитетiн мынадай жастағы зейнеткерлердiң: әйелдер үшiн - 67 жаста, еркектер үшiн - 70 жаста, зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған жағдайда мiндетті сатып алуын енгізу (2006 жыл);
- ерлі-зайыптылар (бiрлескен) аннуитетiн енгізу тетігін әзiрлеу (2007 жыл);
- салық салуға жатпайтын зейнетақы төлемдерiнің сомасын ең төменгі зейнетақы мөлшерiне дейiн ұлғайту мүмкiндігін қарау (2005 жыл);
- мiндеттi зейнетақы жарналарын мемлекеттік субсидиялау мүмкiндігін жүктілігі және босануы, бiр жасқа дейiн баланы күтуi бойынша демалыста болған жалдау бойынша жұмыс iстейтiн әйелдердiң пайдасына шешудi зерделеу;
- "бiр салымшы - бiр қор" деген заңмен белгiленген қағидатты iске асыру мақсатында (2005 жыл) жинақтаушы зейнетақы жүйесi төлемдерiн оңтайландыру (ЗТМО арқылы);
- мемлекеттік мiндеттемелердiң мүмкiн болатын сомаларын есептеу мақсатында инфляция деңгейiн ескере отырып, түскен мiндетті зейнетақы жарналарының мониторингi жүйесiн жасау;
- қаржылық орнықтылық пен сенiмдiлiк талаптарын арттыру бөлiгiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесi субъектiлерiнiң одан әрi дамуын қамтамасыз ету;
- инфляцияның деңгейi бойынша индекстелген айналым мерзiмi 10 жыл және одан да асатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару apқылы iшкi рынокта мемлекеттік қарыз алудың ұзақ мерзiмдi саясатын әзiрлеу;
- зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн сенiмдi қаржы құралдары шеңберiн кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
- ЖЗҚ салымшысына ай сайынғы инвестициялық кiрiстер (шығындар), ай сайынғы жарналар мен комиссиялық сыйақылар сомалары туралы мәлiметтердi ұсына отырып, жыл сайынғы мiндетті ақпарат форматын кеңейту;
- зейнетақы активтерiн сақтандыру қорын құру жөнiнде ЖЗҚ-мен жұмыс жүргiзу;
ерiктi жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру бөлiгiнде
- ерiктi және кәсiби зейнетақы схемаларын ынталандыру; ұйым қызметкерлерiнiң, оның iшiнде кәсiптерi Қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiне енгізiлген, пайдасына салымшылар меншiктi қаражаты есебiнен epiкті кәсiби зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын бюджеттік ұйымдардың да пайдасына ерiктi кәсiби зейнетақы жарналарын қаржыландыру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
- кәсiптiк одақтармен, үкiметтік емес ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен сақтандырудың ерiктi және кәсiби схемаларын қалыптастыру жөнiнде бiрлескен iс-қимылдар жүргiзу көзделедi.
Б. Еңбек ету қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу кезiнде әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар үшiн:
мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру бөлiгiнде
- мүгедектiк мәртебесiн белгiлеу және аурулар мен мүгедектердi куәландырудың жаңа ережелерiн енгізу жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiрудi қамтамасыз ету (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап);
- еңбек ету қабiлетiнен, асыраушысынан айрылуы бойынша әлеуметтiк төлемдердi және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан жұмыс алушылар үшiн әлеуметтiк төлемдердiң тетігін әзiрлеу;
- жұмыс берушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзетiн қызметкердiң ең көп табысының мөлшерiн айқындау;
қосымша әлеуметтiк сақтандыру деңгейi бөлiгiнде
- қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына оған еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде зиян келтiргенi үшiн "жалпы сақтандыру" саласы және "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарын қатыстыра отырып, жұмыс берушiнiң мiндеттi сақтандыруға жауапкершілiгiн енгізу (2006 жыл);
- әлеуметтiк қатерлердi сақтандырудың ерiктi жинақтаушы схемаларын дамытуды ынталандыру шараларын әзiрлеу;
- мемлекеттік аннуитеттiк компанияны құру мәселесiн қарау көзделедi. Мемлекеттік аннуитеттiк компанияның жұмыс iстеуi сақтандыру рыногында бар сұранысты қанағаттандыруға және азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес берілген құқықтарды олардың iске асыруын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 40 қаулысымен 3.2.3. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.2.3. Әлеуметтік көмекті ұйымдастыруды жетiлдiру
Әлеуметтiк сақтандыруға көшу жағдайында кедейлiктi жеңу үшiн АӘК көрсету жалғастырылады.
Әлеуметтік көмектi ұйымдастыруды жетілдiру мынадай шараларды көздейдi:
А. Балалы отбасыларға бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы төлеміне қосымша:
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - жан басына шаққандағы орташа кірісі азық-түлік себетінің құнынан төмен, аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы;
2006 жылғы 1 шілдеден бастап - отбасының кірісіне қарамастан, бала бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақы төленетін болады. Жәрдемақы мөлшері балалардың санына қарай сараланып белгіленетін болады.
Б. Мүгедектерге.
Мүгедектерге сурдо-тифлотехника және протездiк-ортопедиялық бұйымдар сатып алу шығындарын өтеуге кезең-кезеңiмен көшу мүмкiндiгі қарастырылатын болады.
В. Аз қамтылған отбасыларына:
- АӘК ұсынудың өлшемдерi жетілдiрілетін;
- тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жүйесiн одан әрi жетілдірудi ескере отырып, тұрғын үй көмегін ұсынуды оңтайландыру жүргiзiлетiн болады.
Г. Халықтың өзге әлеуметтік осал топтарына:
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы және жерасты әрі ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшерi арттырылатын болады.
3.3. Мүгедектердi оңалту жүйесін жетілдіру
Мүгедектердi оңалту жүйесiн құру денсаулық сақтау, білiм беру, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мекемелерi қызметiн кiрiктiрудi көздейтiн, мүгедектiктiң алдын алуды, белгілеу мен оңалтуды қамтитын оңалту процесiнiң бiрыңғай технологиясын әзiрлеудi қажет етедi, ол Мүгедектердi оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Алдын алуды жақсарту үшiн сараптамалық-оңалту диагностикасының әдiстемесi қайта қаралатын болады, бұл адам органдарына немесе ағзасына аурулардың әсер ету деңгейiне қатысты оңалту жөніндегі шараларды саралауға және белгілеуге мүмкiндiк бередi.
Аурулардың ауырлығы, мүгедектiкке әкеп соқтыратын патологияның жай-күйi сандық жағынан өлшенедi. Бұл мақсатта тiршілiк әрекетiнiң және денсаулықтың шектелуiнiң функционалдық сыныптарын анықтаудың халықаралық әдiстемесi кезең-кезеңiмен енгiзілетiн болады. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу нәтижелерiнiң қорытындысы бойынша, мүгедектердi медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту мақсатында оңалту шараларын жүргiзудi көздейтiн оңалтудың жеке бағдарламасы (ОЖБ) әзiрленедi. Бұл процестiң негізi кепілдік берiлетiн медициналық және әлеуметтiк қызмет көрсетулердiң мемлекеттік стандарттары болуға тиiс. Кепiлдiк берiлетiн әлеуметтік қамсыздандырумен қатар мүгедектерге жұмыс берушiлердiң де және олардың белсендi қызмет ету кезеңіндегі азаматтардың өздерiнiң де есебiнен қаржыландырылатын әлеуметтiк көмек көрсетудiң қосымша түрлерi iске қосылатын болады. Әр түрлi ведомстволар мен меншiк нысандары ұйымдарының ОЖБ-ны орындауының мiндеттілiгі тиiстi нормативтiк құқықтық кесiмдерде бекітілетiн болады.
Оңалтуды жүргiзу тиiмдiлiгiн бағалаудың әдiстемесiн әзiрлеу және өлшемiн анықтау алда тұр. ОЖБ-ны iске асырудың нәтижелерiн бақылау мен бағалау МӘС-ке жүктелетiн болады.
Оңалтудың әзiрленетiн технологиясы аурулар мен мүгедектерге аурулардың немесе жарақаттардың зардаптарын, қоғамнан мүгедектердiң барынша шеттеуiн болдырмауға немесе азайтуға бағытталған дәйектi өзара байланысты қызмет көрсету кешенiн ұсынудың үздiксiз процесi болып табылады.
Әлеуметтiк оңалтуды жүргiзу үшiн әлеуметтік қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттары әзiрленедi. Мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегiн, ал қосымша қызмет көрсету iшiнара және толық ақы төлеу жағдайларында ұсынылатын болады.
Мүгедектердiң деректер базасын құру өтемдiк техникалық құралдар мен жүрiп-тұру құралдарына мүгедектердiң қажеттілiктерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Протездiк-ортопедиялық бұйымдарды шығару және сурдо көмек көрсету жөнiндегі зертханалар көмекші құралдардың сапасы мен тиiмдiлігін арттыруды қамтамасыз ететiн жаңа технологияларды әзiрлеу мен енгізу жөнiндегі орталықтарға айналады. Ортопедиялық және сурдо көмек көрсету кезiндегі инфрақұрылымды және сервистiк қызмет көрсетудi жақсарту алда тұр.
Интернат үйлерiндегі егде жастағы және мүгедек азаматтарды әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызметтi ұйымдастыру мамандандырылған көмек көрсетуге бағытталатын болады. Бұл үшiн интернат үйлерiн шағынданады, сыйымдылығы аз үйлер ашылады және мамандандырылған тұрақты мекемелер құрылады.
Өзiне-өзi қызмет көрсетуге қабiлетiн жеткiлiктi дәрежеде сақтаған қарт азаматтар мен мүгедектерге үй жағдайларында тұру: әлеуметтiк қызметтердi көрсету, тұрақты және жартылай тұрақты күтiм жасау жөнiнде аумақтық орталықтарды дамыту, үйде әлеуметтік қызмет көрсету, жедел әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк-консультациялық көмек көрсету үшiн қажеттi жағдайлар жасау болжануда. Осы жұмысқа қоғамдық бiрлестiктер мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кеңiнен тартылатын болады.
Әлеуметтiк оңалту мақсатында мүгедектер үшiн әлеуметтік инфрақұрылым, көлiк, байланыс және ақпарат объектілерiне қол жетiмдiлiк қамтамасыз етiледi.
Кәсiби оңалту үшiн жағдайларды жақсарту орта және кәсiптiк білімдi, кәсiби даярлықты және қайта даярлықты, өзiн-өзi жұмыспен қамтуды ұйымдастыруды және мүгедектердi еңбекке орналастыруды (мамандандырылған оқу-өндiрiстiк кәсiпорындарын құру, үйдегi жұмыс, икемдi жұмыс орындары, әлеуметтiк жұмыс орындары, мүгедектер үшiн жұмыс орындары квотасын белгiлеу) жетiлдiрудi көздейдi.
Мектептегі білім беру жүйесiнде әдеттегі және арнаулы мектептерде, үйде мүгедектердi оқыту үшiн (жеке бағдарламалар бойынша) қажеттi жағдайлар жасалады. Жоғары және орта кәсіптiк оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс негізiнде мүгедектердi оқыту квотасы белгіленiп, мүгедектердi бос еңбек рыногына тарту үшiн қосымша шаралар енгізiлетiн болады. Мүгедектердi мемлекеттік ұйымдарда еңбекке орналастырудың квотасын 3% мөлшерiнде белгілеу, жергіліктi бюджеттен жеңiлдiктi кредиттер ұсынуды (кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламаларының шеңберiнде), нысаналы еңбекке орналастыруды қарастыру көзделедi.
Мүгедектердi әлеуметтiк қорғауға жаңа көзқарастарға сәйкес МӘС қызметiнiң әдiстемелiк және нұсқаулық-әдiстемелiк базасы қайта қаралатын болады.
Бұл МӘС өткен азаматтар үшін азаматтардың орталықтандырылған деректер банкi, мүгедектiк және оңалту проблемасы бойынша ақпараттық-анықтамалық бағдарлама құрылады.
Аурулар мен мүгедектердi оңалту жүйесiн жетілдiрудiң негiзгі бағыттарын iске асыру кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады.
3.4. Әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн жетілдiру
Ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу, ұсынылатын қызметтер тiзбесiн кеңейту мен олардың жетімділігін қамтамасыз ету негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты:
5 жасқа дейiнгі балалар үшiн мектепке дейiнгі жастағы балалар тәрбиешiлерiн жалдау жөнiндегі агенттіктер желісін құру мен дамыту;
үйде әлеуметтiк көмек желілерiн, оңалту орталықтары мен мүгедек балалар мен кемтар балалар үшін әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсете отырып, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерiн дамыту;
зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспiрiмдер үшiн жетімханалар ашу, кейiннен осы балаларды балалар үйлерiне немесе арнаулы интернат үйлерiне орналастыру;
мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін әлеуметтік және медициналық қызметтер ұсынатын оңалту мекемелерi желісiн дамыту;
өмiрi қиын жағдайға душар болған адамдар үшiн әлеуметтік-психологиялық және консультациялық көмек көрсетуге арналған дағдарыс орталықтарын, бейiмделу орталықтарын құру және дамыту.
Мүгедектер үшiн ұсынылатын өтемдiк техникалық құралдар сапасын жақсартуға протездiк-ортопедиялық бұйымдарды шығарудың қазiргі заманғы технологияларын енгізу, сатып алынатын сурдо-тифло құралдардың сапасын арттыру, аймақтарда мүгедектерге сервистiк қызмет көрсетудiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту есебiнен қол жеткiзілетiн болады.
Әлеуметтік қызметтер көрсетуге қол жетiмдiлiк:
- әлеуметтік қызметтердi көрсетуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн жетілдiру;
- орта кәсiптiк білiмi бар мүгедектерге МӘС-тiң қорытындысына сәйкес оқуға қарсылық болмайтын жоғары және орта оқу орындарына түсу үшін квоталар бөлу негiзiнде қамтамасыз етіледi.
Әлеуметтiк қызметтердi ұсынатын ұйымдардың желісін құру мен дамыту үкiметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бiрлестіктердiң белсендi қатысуымен жүзеге асырылатын болады.
3.5. Халықты өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек
қатынастарын реттеудi жетiлдiру
3.5.1. Заңды секторда халықты өнiмдi жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу.
Өнiмдi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатының мақсаты тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейiн азайту, жұмыс күшінiң сапасын, жұмыс күшiн ұсынудың теңгерiмділiгiн және жұмыс орындарының санын арттыру, ұлттық еңбек рыногын қорғау болып табылады. Оны iске асыру басы артық еңбек өнiмдiлiгi төмен жұмыспен қамтудан жұмыссыздықтың төмен деңгейiн жаңа жұмыс орындарын құру және өндiрiстiң техникалық және технологиялық жарақтандырылуын жетiлдiру арқылы ұштастыруға ауысуды көздейтiн әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң ұлттық саясатын iске асыру мынадай шаралардың жиынтығын көздейдi:
- еңбек рыногы мониторингi жүйесiн дамыту және олардың еңбек рыногына әсер етуi мен қаржылық шығындар тұрғысынан жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң iске асырылатын бағдарламасының тиiмділігін бағалау. Қазiргi кездегi бар "республикалық бос жұмыс орындары және еңбек рыногы", "Халықты еңбекке орналастырудың ақпараттық жүйесi", "Оралман деректер базасы" кеңейтiлiп, әрбiр сала бойынша және жасы бойынша жұмыс күшiнiң кәсiби және біліктiлiк құрамы жөнiнде бiрыңғай автоматтандырылған дерек қоры құрылады;
- кәсiптер мен мамандықтардың iрiленген топтары бойынша, экономикалық қызмет түрлерi мен жекелеген аймақтар бойынша еңбек рыногындағы сұраныстың және ұсыныстың қысқа, орта әрi ұзақ мерзiмдi перспективаларын ескере отырып, жұмысшылар мен мамандарға қажеттілік болжамын жасау құрылатын болады. Жұмыспен қамту саласындағы барлық кешендi және өңiрлiк бағдарламалар жалпы мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық мiндеттер тұрғысынан жүзеге асырылу үшiн бiрыңғай байланыста болады;
- білім беру жүйесiн жетiлдiру, оның жұмыс берушілер қажеттiлiктерiне және еңбек рыногындағы ұсыныс пен сұраныстың өзгеруiне бағдарлануы. Бұл ретте оқу орындарының, жұмыспен қамту қызметтерiнiң, жұмыс берушілердiң, кәсiподақтар мен билiк органдарының кадрлар даярлауға мүдделi қатысуының нормалары заңмен бекітілетiн болады;
- еңбек рыногында белсендi саясат стратегиясын және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ерекшелiктерiн ескере отырып, оның басымдықтарын әзiрлеу. Бұрынғы жұмыс орындарын сақтау және жаңаларын құру жөнiнде шаралар қабылданады;
- жұмыс күштерiн жұмылдыруды арттыру. Iшкi еңбек көшi-қоны ағындарын реттеу көші-қон процестерiн мемлекеттік басқаруды, әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын ескере отырып, жұмыс күшін аумақтық еңбекке жұмылдыруды одан әрi арттыруды қажет етедi.
Сыртқы еңбек көшi-қонын реттеу және ішкi еңбек рыногын қорғау жұмыс күшін енгізуге және шығаруға квота белгілеу және уақытша келген елдерiнде, сондай-ақ қайтып келгенде көшiп келушілердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың шараларын көздейтiн халықаралық келісімдер жасасу арқылы; жасырын еңбек көші-қонының, жұмыс күшінiң республика шегінен тыс жерлерге заңсыз әкетілуінің жолын кесу және иммиграциялық бақылауды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Республикалық деректер банкінің негiзiнде еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың жай-күйi туралы халықты хабардар ету жүйесiн дамыту жөнiндегі шаралар қабылданып, жұмыс берушілердiң бос жұмыс орындары туралы толық және анық деректер ұсынуы үшін жауапкершілiгi арттырылатын болады. Ақпараттық-консультациялық қызметтер желісі құрылады, еңбек делдалдығының тиiмділігі бiршама арттырылады, жұмысты белсендi іздестіруге уәждеменi күшейту жөнiнде арнаулы экономикалық және әлеуметтiк шаралар қабылданады.
Жұмыспен қамтуда әлеуметтік кепілдiктердi қамтамасыз ету мақсатында еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілiктi арттыру және жастардың, әйелдердiң, жұмысынан айырылған адамдардың еңбекке орналасуына жәрдемдесу жөнiнде шаралар қабылданады. Жастар бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға, кәсiпкерлiк қызметті қолдау мен өзiн-өзiн жұмыспен қамтуды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Еңбек рыногында бәсекеге қабілетсiз азаматтарды (мүгедектер, зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар және басқалары) әлеуметтiк қорғауды iске асыру үшін бейiмделудiң, еңбекке орналасудың, кәсiби бағдар мен кәсiптiк оқытудың арнаулы бағдарламалары әзiрленiп, iске асырылатын болады. Халықтың нысаналы топтары үшiн жұмыс орындарын квоталау және субсидиялау жүйесiн қалпына келтiру көзделедi. Жұмыссыздықты азайту және дербес жалақы алу мүмкiндігін жұмыспен қамтудың икемдi нысандарын (толық емес жұмыс күнiмен көмекшi жұмыстарда жұмыс орындарын құру) қамтамасыз етедi. Бұл орайда халыққа тұрып жатқан жерiнe, жынысы мен жасына қарамастан, жұмыспен қамту қызметтерiнiң жүйесi арқылы ұсынылатын әлеуметтік қызмет көрсетулердiң қол жетімділігін арттыру қажет.
3.5.2. Еңбек қатынастарын жетілдiру және әлеуметтік
әріптестікті дамыту
Қазiргi кезеңдер еңбек қатынастарын реттеудің мақсаты республиканың қоғамдық келісімiн және экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған демократиялық, құқықтық және әлеуметтік тетiктердi одан әрi дамыту болып табылады.
Еңбек кодексiнде әлеуметтік қорғаумен және экономикалық пайымдылықпен оңтайлы ұштасқан еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа моделi әзiрленiп, заңдық тұрғыдан бекiтілетін болады. Ол:
- еңбек рыногының тұрақты жұмыс iстеуi;
- жұмыс берушілердiң мүдделерiн ескере отырып, қызметкерлердiң еңбек ету және әлеуметтiк құқықтарын нақты қорғау;
- жоғары еңбек өнiмділiгін уәждемелеу;
- еңбек қауiпсiздiгiн және оны қорғауды жақсарту үшiн жауапкершiлiкті арттыру;
- еңбек қатынастарын заңдастыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталады.
Еңбек қатынастарын реттеудiң жаңа моделiнiң маңызды ерекшелiгi еңбек қатынастарын заңдық (мемлекеттік) және шарттық реттеудi ұштастыру болып табылады.
Еңбек қатынастарын нарықтық экономика жағдайында ырықтандыру экономикалық саланы мемлекеттiң құқықтық реттеу функциясын сақтай отырып, осы салаға мемлекеттің араласу шектерiн регламенттеумен жүзеге асырылады. Мемлекет азаматтардың негiзгi құқықтары мен еңбек қатынастарын iске асырудың кепілi болуға тиiс (қызметті таңдап алуға еркiндiк, еңбекке орналасуға жәрдемдесу, еңбектi қорғау құқығы және оның қауiпсiз жағдайлары және ең төменгі мемлекеттік стандарттардың сақталуы. Үлгілік нормалар мен еңбек нормативтерiн белгiлеу құқығы да оған беріледі.
Қызметкерлердiң еңбек ету құқықтарын қорғай отырып, еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау да сақталады. Еңбек заңнамасының мониторингi және олардың сақталуын талдау жүйесi енгізiледi, еңбек, еңбектiң қауiпсiздігі мен оны қорғау туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында еңбек қатынастары субъектілерiне экономикалық және әкiмшiлiк ықпал ету шаралары әзiрленедi. Еңбек қатынастарын реттеудiң жаңа моделi қызметкер мен жұмыс берушiнiң, қызметкерлер мен жұмыс берушілер немесе олардың қоғамдық бiрлестiктерi арасында туындайтын еңбек қатынастарын жеке және ұжымдық құқықтық әрi шарттық реттеудiң рөлi мен маңызын арттырады. Қазiргi кезде әзiрленiп жатқан Еңбек кодексіндегі арнаулы ережелер әлеуметтiк әрiптестiк рөлiн арттыруға, қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң бастамашылдықтарын дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасауға, оларға еңбек қатынастарымен байланысты мәселелердi дербес шешу мүмкiндiгiн ұсынуға өзара ыңғайлы шешiмдердi шарттық негiзде жасауға бағытталатын болады. Ұжымдық шарт әлеуметтiк сұхбаттың басым нысанына айналады. Онда бiрлестiктер бостандықтарының және келiссөздер жүргiзуге олардың құқықтарын тану қағидаттары бекiтілетiн, тараптардың жауапкершілігі айқындалатын болады. Еңбек қатынастарын peттeугe кәсiптiк одақтармен қатар еңбек ұжымдарының кеңестерi қатысады. Реттеудiң осындай тәртібі еңбек қатынастарының барлық субъектілерiнiң мүдделерiне сай келедi, қоғамдық тұрақтылығы едәуір арттырып, нығайтады.
Ұжымдық шарттардың жасалуы мен орындалуын қамтамасыз ететiн институттар жұмысын жетiлдiру, ұжымдық еңбек дауларын шешу мен ұжымдық келісім талаптарын орындау ұйғарылады. Екi деңгейлi жүйенi: жұмыс берушi мен қызметкерлер арасындағы келісім бойынша құрылатын келiсу комиссиясының не еңбек төрелiгінің деңгейiн және екiншi деңгейдi - соттық деңгейдi қолдану мүмкiндiгi көзделетiн болады.
Жұмыс берушiлердiң еңбектi қорғау және қауiпсiздiк жағдайларын сақтауы үшін өндiрiстiк объектілердi мiндетті аттестаттау енгiзіледi. Еңбек қауiпсiздігінiң, еңбектi қорғау мен гигиенасының негiзгі қағидаттары, олардың мазмұны, өнеркәсіп аварияларының алдын aлу жөніндегі шаралар заңдық тұрғыдан бекітіледi; кәсіпорындар мен ұйымдарда мiндетті түрде еңбек қауiпсiздiгi мен еңбекті қорғау қызметтерi құрылатын болады.
Шарт талаптары негiзiнде жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен азаматтарды озық кәсiби даярлау, қайта даярлау және еңбекке орналастыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Кәсiби даярлық білім беру ұйымдарында да, тiкелей кәсiпорындарда да жүзеге асырылатын болады. Еңбекке орналастырудың құқықтық кепiлдiктерiн iске асыру үшiн мемлекеттiң жұмыспен қамтуға жәрдемдесуiнiң, еңбек делдалдығының және жұмыс берушілердiң қатысуының (жаңа жұмыс орындарын құру, өндiрiсішілiк оқыту) белсендi әдiстерiн пайдалану көзделдi.
Әлеуметтiк сұхбатты дамыту және әлеуметтiк әрiптестiктiң рөлiн арттыру үшiн:
- үш және екi жақты ынтымақтастықтың өкілеттiктерi нақтыланады;
- атқарушы билiк органдарының, қызметкерлер мен жұмыс берушілердiң, құзыретi және жауапкершілiк деңгейлерi анықталады;
- әлеуметтiк сұхбаттың басым бағыттары кеңейтіледi;
- қызметкерлер мен жұмыс берушілердiң өңiрлiк және салалық деңгейлердегi бiрлестiктерiнiң одан әрi қауымдасуы үшін жағдайлар жасалатын болады.
Қабылданатын мiндеттемелердi үш жақты ынтымақтастық тараптарына теңдей жүктей отырып, үш жылдық кезеңге арналған бас келісім жасалатын болады.
Республиканың еңбек заңнамасы кезең-кезеңiмен халықаралық стандарттарға сәйкес келтiрiлетiн болады. Мұның өзi халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін қажетті жағдайлар жасайды, республикадағы еңбек қатынастары жүйесiн Дүниежүзілiк Сауда Ұйымына кiруге бейiмдеуге мүмкiндiк бередi.
3.5.3. Көлеңкелi жұмыспен қамтуды заңдастыру шаралары
Көлеңкелi жұмыспен қамту қазiргi кезде еңбекшілер мен жұмыс берушілер бейресми кәсiпорындарда өз бетiмен жұмыспен қамтылған қызметті; жалдамалы жұмысшылардың нақты сектор кәсiпорындарындағы бейресми жұмыс орындарында жұмыспен қамтылуын, үй шаруашылықтарында өз бетiмен жұмыспен қамтылуын да бiлдiредi.
Бейресми жұмыс орындары тұрақты емес, кездейсоқ сипаты бар, зиянды еңбек шарттарымен ерекшеленедi, әлеуметтiк қамсыздандыруға және әлеуметтiк көмекке құқық бермейдi.
Көлеңкелi жұмыспен қамтуды заңдастыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
экономикалық шаралар:
- көлеңкелi экономикаға қатысу шығындарымен салыстырғанда ресми сектор субъектілерi үшін шығындарды азайтуға бағытталған еңбек және әлеуметтiк заңнаманы жетiлдiру;