4) тармақша алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгітті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенім бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;";
мынадай редакциядағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгі анықталғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.";
8-тармақтағы "қырық" деген сөз "жиырма бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 105-бапта:
1 және 2-тармақтардағы ", бiрақ дауыс берілетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын," деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта "бiрлестiктiң" деген сөзден кейiн ", қоғамдық бiрлестiктiң құрылымдық бөлiмшесiнің" деген сөздермен толықтырылсын;
85) 106-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"106-бап. Мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау
қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) кандидатқа өзiн ұсынған қоғамдық бiрлестiк бөлген, жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгі жалақының екi жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс қаражаттан;
3) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ең төменгi жалақының үш жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.";
86) 107-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.";
87) 109-бап алып тасталсын;
88) 110-бапта:
1-тармақта "не бiр кандидат дауысқа түскен жағдайда ол сайланбаса," деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын;
89) 111-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс берген кандидат мәслихаттың сайланған депутаты болып есептеледі.";
90) 113-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мәслихат өкiлеттігінің конституциялық мерзімiнiң аяқталуына бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.";
91) 114-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Сайлауларды өткізу тәртібін Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды.";
92) 115-баптағы "2-тармағына" деген сөздер "2 және 3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
93) 117-бапта:
3-тармақта "үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей" деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.";
94) 118-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiтті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенім бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;";
мынадай редакциядағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.";
8-тармақтағы "он бес" деген сөздер "он үш" деген сөздермен ауыстырылсын;
95) 119-баптың 1 және 2-тармақтарында, бiрақ дауыс берілетін күннен кемінде үш күн бұрын," деген сөздер алып тасталсын;
96) 120-бап алып тасталсын;
97) 121-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелiгіне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол бір айдан аспауға тиiс.";
98) 124-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
99) 127-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы өкiлеттігiнің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзімi аяқталуына бір жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзілмейдi.";
100) 128-бап алып тасталсын;
101) 129-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент
Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау
тәртібі
1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөніндегі сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткізудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.
2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi.
3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртібімен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.
4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.
5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi.
6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.
7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.";
102) 130 және 132-баптар алып тасталсын.
2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының