2-тармақта "Бұл ретте" деген сөздерден кейiн "Президентке кандидаттың Қазақстан Республикасында кемiнде он бес жыл тұру фактiсiн Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал" деген сөздермен толықтырылсын, "белгiлейдi", "белгiлеу рәсімі Республиканың Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабындағы 2-тармақтың ресми түсiніктемесi" деген сөздер тиiсiнше "анықтайды", "анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беруi" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
42) 55-бапта:
3-тармақтың бiрiншi абзацының бесiншi сөйлеміндегі "қабылданған күннен бастап үш күн ішiнде" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.";
43) 56-бапта:
2-тармақта "екi" деген сөз "бiр" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенім бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституциямен және осы Конституциялық заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруден кейiн бес күннен кем емес мерзiмде осы Конституциялық заңның 55-бабының 3 және 4-тармақтарында белгiленген оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру, осы баптың 2-тармағына сәйкес, Президенттікке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi.";
44) 57-бап алып тасталсын;
45) 58-баптағы "үш", "бес" және "он" деген сөздер тиiсiнше "бес", "жетi" және "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 59-бапта:
2-тармақта:
бірiншi сөйлемде:
"жеке қаражатынан" деген сөздер алып тасталсын;
"жүз мәрте" деген сөздер "елу мәрте" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемде:
"жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жағдайларда" деген сөзден кейін ", сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
7-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi сайлау алдындағы үгiт жүргiзген;
сот кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетіне нұқсан келтiретін, оның iскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған; сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;";
мынадай редакциядағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.";
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Тіркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.";
47) 60-баптың 1 және 2-тармақтарында ", бiрақ дауыс беруден кемiнде жетi тәулiк бұрын" деген сөздер алып тасталсын;
48) 61-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Президенттікке екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлауды екi айдан аспайтын мерзімге ұзартады.";
49) 63-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидаттардың біреуі шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгізіледi.";
50) 64-бапта:
1-тармақта "Президент сайлауында бір ғана кандидат дауысқа түссе және ол сайланбай қалса, егер" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi сөйлем алып тасталсын;
51) 65-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
52) 68-баптың 1-тармағында "Премьер-Министрдiң" деген сөзден кейiн "сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейін он күн ішінде берiлуi мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын, "өтiнiш жасауы" деген сөздер "өтiнiшi" деген сөзбен, "Мәжіліс Төрағасының" деген сөздер "Мәжілiс Төрағасының," деген сөздермен ауыстырылсын;
53) 70-бапта "2-тармағы мен" деген сөздер "2 және 3-тармақтарына және" деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 71-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкiн;";
4-тармақтағы "қабылданған күннен бастап үш күн ішiнде" деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi Сенаттың депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.";
55) 72-бапта:
1-тармақтағы "елу" деген сөз "жиырма бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын бастамашыл топтар жүзеге асырады" деген сөздер "сенім бiлдiрілген адамдар ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 73-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi сөйлемде:
"өзінiң жеке қаражатынан" деген сөздер алып тасталсын;
"жиырма бес" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемдегi "жетi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын, "жағдайларда" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
"сайлау күнінен кемiнде қырық күн бұрын" деген сөздер "барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сайлау күніне" деген сөздерден кейiнгi "кем дегенде" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың 4-1) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақтың 3-1) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiтті өзiн тiркегенге дейiн, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;";
мынадай редакциядағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.";
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Тиістi аумақтық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол үш күндік мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына табыс етiледi.";
57) 74-баптың 1 және 2-тармақтарында тиiсiнше ", бірақ дауыс беретiн күнге кемінде жетi тәулік қалғанда" және ", бiрақ дауыс берiлетiн күннен кемінде жетi тәулiк бұрын" деген сөздер алып тасталсын;
58) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының
мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.";
59) 76-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тіркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Сенат депутаттығына екіден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана), қалалық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.";
60) 77-баптың 2-тармағындағы "депутаттардың жалпы санының" деген сөздер "сайланған депутаттар санының" деген сөздермен ауыстырылсын;
61) 79-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетеніне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.";
62) 80-бапта:
1-тармақтағы "бiрден-бiр немесе екі кандидат дауысқа түскен кезде ол (олар) сайланбай қалса," деген сөздер "екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса," деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
63) 81-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
64) 83-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.";
65) 84-баптың 1-тармағында "Республика Премьер-Министрiнің" деген сөздерден кейiн "сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын, "Мәжіліс Төрағасының" деген сөздер "Мәжіліс Төрағасының," деген сөздермен ауыстырылсын;
66) 86-баптағы "2-тармағына" деген сөздер "2 және 3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
67) 87-бапта:
1-тармақтағы "республикалық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерде" деген сөздер "саяси партияларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Саяси партиялардың Мәжілiс депутаттығына кандидаттар ұсынуын олардың жоғары органдары әрбiр кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып жүргiзедi. Саяси партияның депутаттыққа кандидат етiп осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды ұсынуға құқығы жоқ. Саяси партия әрбiр сайлау округiнде Мәжіліс депутаттығына бiр ғана кандидатты ұсына алады. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi. Бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округінiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгізудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргізуге құқығы жоқ. Бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжілiс депутаттығына сайлану үшiн партиялық тiзiмге енгізiлген адамның аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.";
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Саяси партиялар сайлау өткізу кезеңiнде сайлау блоктарын құра алады, олар Орталық сайлау комиссиясында тiркеледi. Сайлау блоктарын кемiнде екi саяси партия құра алады.
Саяси партия сайлау өткізу кезеңiнде бiр ғана сайлау блогына кiре алады. Сайлау блогына кіру туралы шешiмдi саяси партияның жоғары органы қабылдайды.
Сайлау өткізу кезеңiнде сайлау блоктарына осы Конституциялық заңда саяси партиялар үшiн көзделген ережелер қолданылады.";
3-тармақтың бiрiншi абзацында:
"Қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi үш күн мерзiм ішінде" деген сөздер "Саяси партияның жоғары органының шешiмi" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта "және бiр партиялық тiзiмнен" деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақта "алпыс күн" деген сөздер "екi ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округі бойынша Мәжілістің депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.";
68) 88-бапта:
"өз қаражатынан" деген сөздер алып тасталсын;
"жиырма бес" деген сөздер "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлемде:
"жетi" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
"жағдайларда" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
бесiншi сөйлемде "жағдайда" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
69) 89-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi абзацта "Қоғамдық бiрлестiктен" деген сөздер "Саяси партиядан" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) саяси партияның жоғары органы отырысының осы саяси партияның әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген тиiстi сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзiндi көшірме;";
2) тармақшадағы "қоғамдық бiрлестiктен" деген сөздер "саяси партиядан" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы нүктенiң орнына нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) кандидаттың өзін ұсынған саяси партияның мүшесi екендiгiн растайтын құжат.";
3-тармақтың 2-1) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақта:
1) тармақшадағы "қоғамдық бiрлестiкке" деген сөздер "саяси партияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерін бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сай келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiттi өзін тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күні жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;";
мынадай редакциядағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместігі анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жояды.";
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешімнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.";
7-тармақтың бiрiншi бөлігінде:
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшадағы "болған жағдайда жүргiзіледi." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) партиялық тiзiмге енгізілген адамның осы тiзiмдi ұсынған саяси партиядағы мүшелiгін растайтын құжат болған жағдайда жүргiзіледi.";
екiншi бөлiк алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бiр саяси партиядан саяси партиялар арасында бөлiнетiн депутаттық мандаттардың белгiленген санының отыз процентiнен аспайтын адамдар саны енгiзілген бір ғана тiзiм тiркеуге жiберіледi.";
9-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мынадай жағдайда:
саяси партия партиялық тiзiмдi ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажетті құжаттарды табыс етпеген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдары сайлау алдындағы үгiтті партиялық тiзiмдi тiркегенге дейiн, сайлау күнi не сайлау алдындағы күнi жүргiзген;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының, кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
бүкiл партиялық тiзiмнің жиырма бес проценттен астамын құрайтын адамдар партиялық тiзiмнен шыққан;
партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған; осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмдi тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнің күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған партиялық тiзiмдi қалпына келтiруге жол берiлмейдi;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) мынадай жағдайда:
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Конституцияда және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;
партиялық тiзiмге енгiзілген адам өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
партиялық тiзiмге енгiзiлген адам сайлау алдындағы үгіттi партиялық тiзiм тiркелгенге дейiн не сайлау күнi жүргiзген;
партиялық тiзімге енгiзiлген адамның немесе оның сенім бiлдiрiлген адамдарының кандидаттың, партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе партиялық тiзiмге енгiзiлген басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, олардың iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес партиялық тiзiмге енгiзілген адамның және оның жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларацияда көрсеткен мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;
сот партиялық тiзiмге енгізілген адамның не оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тiзiмге енгiзілген адамды осы тiзiмнен алып тастау туралы шешiм қабылдайды.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды осы тiзiмнен шығару туралы шешiмге партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партия не партиялық тiзiмнен шығарылған адам тиiстi сотқа шағым жасауына болады, оның шешiмi түпкiлiктi шешiм болып табылады.
Партиялық тiзiмге енгiзiлген адамды дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда алып тастау туралы шешiм қабылдауға жол берілмейдi.";
70) 90-бапта:
1 және 2-тармақтардағы ", бiрақ дауыс берілетiн күннен кемiнде жетi тәулiк бұрын," деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы "Қоғамдық бiрлестiктiң жоғарғы" деген сөздер "Саяси партияның жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1-тармақта:
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Партиялық тiзiмге енгiзiлген адам бұл туралы Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен қайтарып ала алады.";
"Бұл жағдайда" деген сөздер "Бұл жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
"күшiн жою" деген сөздерден кейiн "не партиялық тiзiмге енгiзілген адамды алып тастау" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
"хақылы" деген сөз "тиiс" деген сөзбен ауыстырылсын;
"қоғамдық бiрлестiктiң" деген сөздер "саяси партияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 91-бап алып тасталсын;
72) 92-баптың 2) тармақшасындағы "республикалық қоғамдық бірлестiк" деген сөздер "саяси партия" деген сөздермен ауыстырылсын;
73) 93-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиiсті сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісiнiң депутаттығына екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.";
74) 95-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесі кандидат енгiзiледi.";
75) 96-бапта:
1-тармақта "бiр ғана кандидат немесе екi кандидат дауысқа түскен кезде ол (олар) сайланбай қалса," деген сөздер "екi кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса," деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
76) 97-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
77) 97-1-баптың 5-тармағында:
үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси партияны тарату не саяси партиядағы мүшелiгiн тоқтату осы партияның партиялық тiзiмi бойынша сайланған Парламент Мәжілісi депутаттарының өкiлеттiгін тоқтату үшiн негiз болып табылады.";
мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтiнiш және саяси партияның жоғары органы отырысы хаттамасынан үзiндi көшiрме бере отырып, кандидаттардың партиялық тiзiмдегi кезектiлiгiн өзгертуге құқылы.";
78) 99-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мәжіліс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.";
79) 100-баптың 1-тармағында "Республика Премьер-Министрінің" деген сөздерден кейiн "сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын, "Мәжіліс Төрағасының" деген сөздер "Мәжіліс Төрағасының," деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 101-баптың 2-тармағындағы "төрт" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
81) 102-бапта "2-тармағына" деген сөздер "2 және 3-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
82) 103-бапта:
1-тармақ "сондай-ақ" деген сөзден кейін "олардың құрылымдық бөлiмшелерi және" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердiң, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбiр кандидат дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргiзедi. Қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бірлестiктің мүшесі болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидат етіп ұсынуға құқығы жоқ. Қоғамдық бiрлестік не оның құрылымдық бөлiмшесi әрбiр сайлау округiнде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Mәcлихат депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктiң, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi.";
3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "үш күн мерзiмнен кешiктiрілмей" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта "үш" және "екi ай" деген сөздер тиiсiнше "екi" және "бiр ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Егер кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiсті округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттар ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.";
83) 104-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "тиiсiнше Республика Әдiлет министрлігінде, облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қаланың, Республика астанасының) әдiлет басқармасында" деген сөздер "әдiлет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;