"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2004 жылғы 14 сәуірдегі № 545-II
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 4-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретінде, сондай-ақ жергілікті өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат болып тiркелу уақытына қарай сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды.";
2) 5-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.";
3) 9-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасының төртiншi абзацы алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.";
4) 10-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi - бес жыл.
Аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының алғашқы отырысында сайланады.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi аяқталардан кемінде екi ай бұрын басталады және өкілеттiк мерзiмiнің бiтуіне кемiнде үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларын құратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттiк мерзiмi iшiнде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.";
мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.
7. Сайлау комиссиясының қызметi сайлау комиссиясын құратын органның шешiмi бойынша немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы өтінішінің негiзiнде сот шешiмiмен тоқтатылуы мүмкiн.
8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.";
5) 12-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерiн құрады, олардың бiрыңғай нөмiрлерiн белгiлейдi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";
3-1) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшада:
"iс-әрекетiне" деген сөз "iс-әрекеттерiне (әрекетсiздігіне)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сайлау жүйелерi саласында халықаралық-ынтымақтастықты жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшада:
"тәртібін" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ қорғалу дәрежесiн," деген сөздермен толықтырылсын;
"дауыс беруге арналған жәшiктер мен" деген сөздер "дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Парламент мәжілісi" деген сөздер "Парламенттің және мәслихаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада "адамдары мен бастамашыл топтарын" деген сөздер "адамдарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақша ", мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін шығарады." деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақшада:
"олардың қызметiне" деген сөздер "олардың қызметiнің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметін тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;";
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3) және 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңғай электрондық Тiркеу тізілімін жүргiзедi;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;";
17) тармақшада "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 13-бапта:
тақырыбындағы "және оларды құру тәртібi" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
7) 14-бапта:
3) тармақшада:
"төменгi" деген сөз "төменгi тұрған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"іс-әрекеттеріне" деген сөзден кейiн "(әрекетсiздiгіне)" деген сөзбен толықтырылсын;
"осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi;" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;";
7) тармақшада "Парламент Сенаты, мәслихаттар депутаттарын және" деген сөздер алып тасталсын;
9) тармақша "Орталық сайлау комиссиясының ресми web-сайтында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi;" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақша "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алып тасталсын;
12) тармақшадағы "Республика" деген сөз "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 15-бапта:
тақырыбындағы "және оларды құру тәртібі" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде Парламент Мәжілісiнің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.";
9) 16-бапта:
3) тармақшада:
"iс-әрекеттерiне" деген сөзден кейiн "(әрекетсiздігіне)" деген сөзбен толықтырылсын;
"Осы Конституциялық заңның бұзылғаны анықталған кезде сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнеді;" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
5) тармақшада "және бастамашыл топтарын" деген сөздер алып тасталсын;
10) 17-бапта:
тақырыбындағы "және оларды құру тәртібі" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Учаскелiк сайлау комиссиялары тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етедi.
Учаскелік сайлау комиссиялары жетi мүшеден тұратын құрамда құрылады.";
11) 18-баптың 3) тармақшасындағы "жасайды" деген сөз "нақтылайды" деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi
1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттік органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актілерімен айқындалады.
3. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы, мүшелерi және оның аппаратының қызметкерлерi өз өкiлеттiктерiн кәсіби тұрақты негiзде жүзеге асырады.
4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткізу кезеңiнде өздерiнiң келісімiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.
5. Сайлау комиссиясының мүшесi:
1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;
2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;
3) күн тәртібіне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;
4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;
7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;
8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;
9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.
6. Сайлау комиссиясының мүшесi сайлау комиссиясының белгiленген өкілеттiк мерзiмi аяқталғанда, оның қызметi тоқтатылған кезде, сондай-ақ:
1) мiндеттерiн атқарудан босату туралы өз еркiмен өтiнiш берген;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;
3) тиiстi сайлау комиссиясы құрылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;
4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енген;
5) оны iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы сот шешімi заңды күшiне енген;
6) қайтыс болған жағдайларда сайлау комиссиясын құрған органның шешiмi бойынша өз мiндеттерiн атқарудан босатылады.
7. Комиссия мүшесi лауазымдық өкiлеттiгiн бiрнеше мәрте бұзған немесе мiндеттерiн тиiсiнше орындамаған жағдайда сайлау комиссиясын құратын орган оны лауазымын атқарудан босатады.
8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы сайлау комиссиясын құратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгiленген тәртiппен сайлау комиссиясының мүшесiн сайлағанға дейiн осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген негiздер бойынша шығып қалған комиссия мүшесiнiң орнына аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиясының мүшесiн тағайындайды.
9. Сайлау комиссиясы бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс.
10. Сайлау комиссиясының мүшесi тиiстi комиссия орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.";
13) 20-бапта:
тақырыбы "және олардың әрекеттерiне шағым жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.";
5-тармақта:
екiншi сөйлем алып тасталсын;
үшiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сайлау комиссиясының оның шешiмiмен келiспейтiн мүшелерi ерекше пiкiрiн айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткiзiледi және жазбаша түрде комиссия отырысының хаттамасына тiркеледi.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер осы Конституциялық заңда шағым берудiң өзге мерзiмдерi белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шешiм қабылданған немесе iс-әрекет (әрекетсiздiк) жасалған күннен бастап он күн iшiнде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым берiлуi мүмкiн. Көрсетілген мерзiмдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешiмiне, немесе iс-әрекеттерiне берiлген арыздар қарауға жатпайды. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына алдын ала жүгіну сотқа жүгінудің мiндеттi шарты болып табылмайды.
Жоғары тұрған сайлау комиссиясына берiлген өтiнiште өтiнiш беру үшiн негіз болған мән-жайлар мiндеттi түрде жазылады және өтiнiш иесi өз талаптарын негiздеген дәлелдемелер көрсетiледi.
Өтiнiштер сайлау комиссиясы мен сотта бiр мезгiлде қаралған кезде, сайлау комиссиясы сот шешiмi күшіне енгенге дейін өтінiштi қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтiнiш туралы және оны қарау нәтижелерi бойынша сот шешiмiнiң заңды күшiне енгенi жөнiнде сайлау комиссиясын хабардар етедi.
Сот сайлау комиссиясы шешiмінiң күшін жойған жағдайда сот шешiмiнiң негiзiнде мәселенiң мәнi бойынша жаңа шешiмдi - шешiмiнің күшi жойылған сайлау комиссиясы немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясы қабылдауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиялары сот шешімін орындауға мiндеттi.";
8-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбегiне қосымша ақы төлеу сайлау өткізуге бөлiнген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Президенттiкке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына, жергілікті өзін-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар, кандидаттардың сенім бiлдiрген адамдары сайлау комиссияларының мүшелерi бола алмайды.
Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тiкелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлау округінде сайлауды тікелей ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз ететiн сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.
Аталған адамдар тиiстi кандидатты тiркеген күннен бастап тiркеудiң күшi жойылғанға дейiн немесе сайлау науқаны тоқтатылғанға дейiн сайлау комиссиясындағы өз қызметiн тоқтата тұрады.";
14) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық
1. Сайлау комиссияларының қызметi жариялы және ашық түрде жүзеге асырылады.
Сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi сайлау процесiнің барлық сатыларына қатысуға, сондай-ақ сайлау комиссияларынан сайлау процесi туралы кез келген ақпаратты алуға құқылы.
Сенім білдiрiлген адамдардың, байқаушылардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнің осы Конституциялық заңмен берiлген құқығын ешкiм шектей алмайды.
2. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңмен көзделген жағдайларда өзгедей жолмен жариялауға жататын өз шешiмдерiмен барлық адамдардың еркiн танысуы үшiн жағдай жасайды.
3. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партиялар тиiстi сайлау комиссияларының отырыстары және күн тәртібi туралы алдын ала хабардар етiледі.
4. Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған сайлау учаскесi ашылған сәттен бастап және сайлау учаскесiнде сайлаушылардың дауыстарын санау кезiнде дауыс беру нәтижелерi анықталғанға дейiн бiр мезгiлде әрбiр кандидаттан бiр сенім бiлдiрiлген адам, қызметтiк куәлiгi мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр өкiл және Қазақстан Республикасының әрбiр саяси партиясынан, қоғамдық бiрлестiгiнен, коммерциялық емес ұйымынан бiр байқаушы және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.
5. Байқаушының өкiлеттігі, оның тегi, аты, әкесiнiң аты, сайлау учаскесінің нөмiрi (сайлау комиссиясының атауы), сайлау болатын күн көрсетiлiп, жазбаша нысанда куәландырылуға тиiс. Ол құжат оны берген ұйымның мөрiмен расталады және ол байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға байқаушыны тiркеу үшiн көрсетiледi.
6. Сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) сайлаушылар тiзiмдерiмен танысуға, дауыс беруге, соның iшiнде, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпараттар алуға;
3) әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесілі және сайлау күні жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерінiң жанынан құрылған сайлау учаскелерiн қоса алғанда, тиiстi сайлау учаскесiнiң дауыс беруге арналған үй-жайларында дауыс беру және дауыстар санау кезiнде болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшiгiн бақылап жүруге, соның iшiнде оларды тасымалдау кезiнде көлік құралында болуға;
5) сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстар санау және дауыс беру нәтижелерiн ресiмдеу рәсiмiн барлық аталған рәсiмдердi анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететiн жағдайларда байқауға;
6) тиiстi сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерiнiң шешiмдерiне, iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруiн өткізу кезiнде қатысуға;
8) учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерiн есептеу және жою кезiнде қатысуға;
9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергi жасамай, фото-, дыбыс- және бейне жазбалар жасауға;
10) дауыс беру өткізiлгеннен кейiн сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындылары туралы хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;
11) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиiстi жазбаша өтiнiштер, актiлер табыс етуге және табыс еткенi туралы белгi соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім бiлдiрiлген адамдардың, байқаушылардың талаптары бойынша дауыстарды санау хаттамасына өздерi жасаған актiлердi қоса беруге мiндеттi.
7. Сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi:
1) жеке басы мен өкілеттiгiн куәландыратын құжаттарын өздерiмен алып жүруге;
2) сайлау процесiне, сайлау комиссияларының дауыстарды санау және шешiм қабылдау рәсiмiне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергi келтiретiн iс-әрекеттер қолданбауға;
4) сайлау учаскесiнде тиiстi сайлау комиссиясы белгiлеген мінез-құлық ережелерiн сақтау жөніндегі сайлау комиссиясы мүшелерiнiң талаптарын орындауға;
5) өз ескертулерін құжатталған, дұрыс және тексеpугe болатын фактiлермен негіздеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын сақтауға;
7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндеттi.
8. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледi. Шет мемлекеттерден келген жеке тұлғаларды Орталық сайлау комиссиясы аккредиттемейдi.
Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға сайлау науқанын өткізу кезеңiнде олардың қызметi үшiн негiз болып табылатын белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күнінен бес күн бұрын аяқталады.
Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық, ұйым байқаушысының, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкілiнiң аккредиттелуiн кері қайтарып алуға құқылы.
9. Байқаушылардың қызметiн қаржылық және ұйымдық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларын жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
10. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңдарын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы байқаушыны тiркеудiң күшiн жоюға немесе Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекеттiң, халықаралық ұйымның байқаушысын, сондай-ақ шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкiлiнiң аккредиттелуiн керi қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.";
15) 21-баптың 2-тармағында "жиырма бес проценттен" деген сөздер "осы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегі әрбiр депутаттық мандатқа сайлаушылардың орташа санының он бес процентінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 23-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшада "сайлаушылардың үш мыңнан аспауы" деген сөздер "шамамен үш мың сайлаушы болуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын, 2) тармақшадағы "сақталуы;" деген сөз "сақталуы ескерiле отырып құрылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "астаналық" деген сөз алып тасталсын;
17) 24-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта "тұру" деген сөз "тұрғылықты жерi бойынша тiркелу" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сайлаушылардың тұрғылықты жерi бойынша тiзiмiн тиiстi жергiлiктi атқарушы орган халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жасайды.
Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушыға сайлаудан кемiнде отыз күн бұрын сайлау күнi өзiнiң тiркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкiндiгi болмайтыны белгiлi болса, оның өзiнiң болатын жерi бойынша жергіліктi атқарушы органға өзiн тиiстi сайлаушылар тiзiмiне енгізу жөнiнде жазбаша өтiнiш беруге құқығы бар.
Осы тармаққа сәйкес азамат өтiнiш жасаған кезде жергілiктi атқарушы орган азаматты тiркелу орны бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығаруды және оны сол азамат дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгізудi ұйымдастырады.
Әрбiр сайлау учаскесi бойынша сайлаушылардың тiзiмiне тиiстi әкiм қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын тиiстi сайлау комиссиясына акт бойынша тапсырылады.
Басқа құзыреттi органдар мен ұйымдардың деректерiмен алдын ала салыстырылған сайлаушылар туралы мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы орган әр жылдың 1 шiлдесiне және 1 қаңтарына электрондық жеткізушi арқылы және қағазға түсiрiлген күйiнде тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына тапсырады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиiстi сайлау комиссиясына тапсырылған сайлаушылар тiзiмдерiнiң, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердiң дұрыстығы үшiн жауапты болады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне нақтылау енгізу соттың немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiн орындауды қоспағанда, дауыс берiлетiн күннiң алдындағы күнi сағат жиырмада тоқтатылады.";
18) 25-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тиiстi сайлау учаскелерi аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелген азаматтар;";
5) тармақшаның екiншi сөйлемi алып тасталсын;
19) 26-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн сайлаушыларға бередi.
Әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесiлі және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын жерлерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша, ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерінiң жанынан құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерi сайлаушыларға танысу үшiн дауыс беруге бес күн қалғанда; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау өткiзiлетiн кезде құрылған сайлау учаскелерi бойынша - дауыс беруге жетi күн қалғанда берiледi.";