4-тармақта:
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдеріндегі өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы.";
екiншi сөйлемде "үш күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал дауыс беру қарсаңында және дауыс беретiн күнi дереу" деген сөздер "сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi" деген сөздермен, "арыздарда" деген сөз "арыздарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
төртiншi сөйлемде "үш күн iшiнде, ал сайлау қарсаңында және сайлау күнi дереу" деген сөздер "арыз келіп түскен күні" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi сөйлемде "қосымша" деген сөз алып тасталсын;
20) 27, 28 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Сайлау алдындағы үгіт
1. Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.
2. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген күннен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
3. Сайлау алдындағы үгiт:
1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы iс-шараларды), кандидаттардың және олардың сенім бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткізу жолымен;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.
4. Мыналарға:
1) мемлекеттік органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына;
2) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелерiне;
4) діни бiрлестiктерге сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
5. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.
Осы Конституциялық заңда мыналар:
1) бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенім бiлдiрген адамдары ретiнде үгіттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге тарту;
2) кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған саяси партияның сайлануына септiгiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берілмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп ұғынылады;
Осы тармақта белгiленген шектеулердi сақтау лауазымды адамдарға өздерiнің қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмеуге тиiс.
6. Кандидаттар не олардың сенім бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.
7. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; өтiнiш келiп түскеннен кейін баспа басылымының таяудағы нөмірінде сол бетте, сондай көлемде және сол қаріппен немесе теледидар не радио хабарларында жиырма төрт сағат iшiнде сондай уақытта аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк беделін қорғауы үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдары тиiстi сайлау комиссияларының сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және осы Конституциялық заңда белгiленген хабарламаларды жариялауына кiдiрiссiз мүмкiндiк туғызады.
8. Бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдары, осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқан пiкiрлерi үшін жауапты болмайды. 9. Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.
Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткізуге тыйым салынады.
Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенім бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады.
10. Қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келісімiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келiсімінсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
28-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргiзу құқығы
1. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңына, өзге де заң актілеріне сәйкес белгілi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергiсiз сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi.
Осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.
2. Осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған кезден бастап, үгіт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.
Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуiнiң тең жағдайына кепiлдiк беріледi.
3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың телевизиядан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.
Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар теледидарда Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт көлемiнде саяси пікiр-сайыстарға қатысуға құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа, саяси партияға артықшылық туғызбауға тиiс. Эфирден және баспасөзден орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары мен тәртібі туралы мәлiметтердi тиiстi телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзiмдiк баспа басылымының редакциясы сайлаудың тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейiнгі оныншы күннен кешiктiрмей хабарлауға және жариялауға тиiс, сондай-ақ Президент сайлауы кезiнде - Орталық және облыстық сайлау комиссияларына, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттары мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық, сондай-ақ oкругтік сайлау комиссияларына берiлуге тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық тізімін ұсынған саяси партиялардың бірiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсімi басқа да кандидаттарға, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келісім беруі болып табылады.
Кандидаттар мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келiп түсу ретiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келіп түссе, жеребе бойынша белгiленедi.
Кандидаттардың телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiне iле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.
4. Сайлау комиссияларының өтiнiмi бойынша жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуi үшiн шарттық негiзде үй-жай бередi. Сайлау комиссиялары бөлiнген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесуiнiң кестесiн жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Үй-жай беру шарты барлық кандидаттар үшін бiрдей болуға тиiс.
5. Тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, листовкалар, ұрандар мен өзге де үгіттiк баспа материалдарын басып шығару үшiн бiрдей мөлшерде ақша бөледi. Барлық үгiттiк баспа материалдарында сол материалдарды шығарған ұйым, олар басылған жерi мен таралымы, тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгендiгi туралы мәлiметтер болуға тиiс. Yгiттiк баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде дайындауға, анонимдiк үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.
6. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастырылады.
Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.
Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға тыйым салынады.
Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда кандидаттың фотосуретiмен және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мәліметтердің стандартты жиынтығымен, бiр нысанда кандидаттар туралы ақпарат орналастырылады.
7. Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына кандидаттар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге, қосымша үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстарының орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге ақша тартуға, сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды тұлғаларға осы қызметтердің көрсетiлгенi үшін кандидат тарапынан жәрдемнің кез келген түріне тыйым салынады.
Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда олардың осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келісімi болуға тиiс. Жазбаша келісімi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
8. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмдi баспа басылымдары сайлау комиссияларының хабарламаларын, сайлауға қатысатын кандидаттар туралы деректердi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен және көлемде жариялауға мiндеттi.
9. Сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс берілетiн үй-жайда немесе дауыс беру пунктiнде қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.
29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы
бағдарламасы
Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзінің болашақ қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси партияның партиялық тiзiмін тiркеуден бас тартуға, ал кандидат немесе саяси партия мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.";
21) 30-бап алып тасталсын;
22) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Сенім бiлдiрілген адамдар
1. Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн білдіретін сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.
2. Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенім бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.
Кандидат, саяси партия сенім бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенім бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi.
3. Сайлау комиссиясы сенім бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.
4. Сенім білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттік қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.
5. Сенім бiлдiрiлген адамдар кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның өздерiне жазбаша түрде берген өкілеттiгі шегінде әрекет етедi.
6. Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және партиялық тізiмiн ұсынған саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған жағдайда өз мәртебесiнен айырылады.";
23) 32-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.";
24) 33-бапта:
2-тармақта:
1) тармақша ", үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне еңбек ақы төлеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Шетелдiктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсыну мен сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткізуге септігiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.";
25) 34-бапта:
1-тармақта:
"Мәжілісi" деген сөз алып тасталсын;
"Парламент" деген сөзден кейiн "және мәслихаттар депутаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасы "қайырмалдықтарына" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорға келiп түскен ақшаның жалпы сомасы туралы ақпаратты сайлау өткiзiлгеннен кейiн он күн ішінде:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламент Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiм бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары; Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын сайлау кезінде бiр мандатты сайлау округтерiнен сайлауға түсетiн кандидаттарға қатысты және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезiнде - oкругтік сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.";
6-тармақта:
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi.";
төртiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. Тиiстi сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың ішiнде берiледi.";
бесiншi сөйлемде "тәртібін" деген сөзден кейiн "және тиiстi банк мекемесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады.
Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен аспауғa тиiс.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның осы баптың 1-8-тармақтарында белгiленген ережелердi, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртібін бұзуы - кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Парламент депутаты, мәслихат депутаты, жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшесi ретiнде тiркелуiне дейін тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.";
26) 35-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезіндегі сайлау iс-шараларын қаржыландыруды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.";
27) 36-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
3-тармақта "өзге де мемлекеттік органдар" деген сөздер "мемлекеттік органдардың мамандары" деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 37-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттік тiлде және орыс тілiнде басылады.
Сайлау бюллетеньдерi сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 0,1 процентi резервiмен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.";
3-тармақта "сайлауға жетi күн қалғанға дейiн" деген сөздер "сайлаудан кем дегенде бiр күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
29) 38-баптың 2-тармағы "сайлаушыларды" деген сөзден кейiн "бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдiстермен" деген сөздермен толықтырылсын;
30) 39-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi сөйлемде "немесе бөлмелер" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте байқаушылар, сенім бiлдiрілген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң сайлау жәшiктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кірудi және шығуды бақылауына жағдай жасалуға тиiс.";
2-тармақта:
екiншi сөйлем "Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы" деген сөздерден кейiн "бiр мезгiлде дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттейдi;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бөлiктермен толықтырылсын:
"Дауыс беру күнi сайлау учаскесiнде сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарын бұзған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi оның жұмысына қатысудан дереу шеттетiледi, ал байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.
Осы шешiмнің орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының шеттетiлген мүшесiн, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдайды.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi дауыс беруге арналған үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуға тиiс және тәртiп қалпына келтiрiлгеннен кейiн не комиссия төрағасының өтініші бойынша ол жерден дереу шығуға мiндеттi.";
31) 40-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы "комиссия" деген сөздiң алдынан "дауыс беру басталардан отыз минут бұрын" деген сөздермен толықтырылсын;
32) 41-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
"Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.
Осы тармақта көрсетілген өтініш келіп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiміндегі аты-жөнiнің тұсына тиiстi белгi қояды.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырған кезде тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екі мүшесi алып жүредi.
Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларды, сенім бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi.
Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенім бiлдiрілген адамдар iлесiп жүруге құқылы.
Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде дауыс берiлген жағдайда бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштерiнiң негiзiнде берiледi, олар бұл туралы өтiнiштерiне қол қояды.
Бюллетень (бюллетеньдер) берген комиссия мүшесi оған өз қолын қояды, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiшке де қол қояды.";
7 және 8-тармақтар алып тасталсын;
9-тармақта "6, 7 және 8-тармақтарына" деген сөздер "6-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 42-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi сөйлемде "немесе бөлмелерде" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.";
2-тармақта:
бiрiншi бөлiкте "не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремiн" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте "не "Барлық саяси партияларға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта "не "Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жағында орналасқан шаршының" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: