Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 сәуір № 500
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 83-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
5-тармақ "Осы қаулы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заңдар қолданысқа енгізілгеннен кейін күшіне енетін Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі туралы ереженің 12-тармағының 8) тармақшасынан басқалары," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2001 жылғы 27 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі