Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысы
(2015.15.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 11.08.04 ж. № 837 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2015.15.06. № 433 Қаулысымен (бұр.ред.қара) күші жойылды
3. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мемлекеттік мекемелерi - аумақтық және мамандандырылған органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
Агенттiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 83-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 16 сәуірдегi № 500 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 176-құжат).
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен ереже күшін жойды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен тізбе күшін жойды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
1. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердi айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 шiлдедегi № 1006 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектiлердiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (қаржы полициясы)».
2. «Салық полициясы академиясы» мемлекеттік мекемесiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 15 мамырдағы № 643 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 228-құжат):
2 және 5-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы)»деген сөздермен ауыстырылсын.
3.ҚР Үкіметінің 2005 ж. 31 мамырдағы № 539 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. «Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 ақпандағы № 163 қаулысына:
2-тармақтағы «Қаржы полициясы агенттiгiн» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiн (қаржы полициясы)»деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Бейбiт және соғыс уақытында пайдаланылатын Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi және Қаржы полициясы агенттiгiнiң оқу орындары үшін қарулар мен оқ-дәрiлер нормалары мен тiзбесiнде:
тақырыптағы «Қаржы полициясы агенттiгінiң» деген сөздер «Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы)»деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қарулар» деген 1-бөлiмнiң, реттiк нөмiрi 1-жолында «Тиiстiлiгi» деген бағандағы «Қаржы полициясы агенттiгiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы)»деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 11, 127-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жергiлiктi бюджеттен берiлген кредиттер бойынша талаптарды тоқтату ережесінде:
3-тармақтағы «Қаржы полициясы агенттiгiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігiнiң (қаржы полициясы)»деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 11.03.04 ж. № 307 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды
6. «Жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алу жөнiндегі бiрыңғай конкурсты ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегі № 646 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген бiрыңғай конкурс өткізу жөнiнде жанар-жағар май материалдары мен қатты отынды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«35 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi (қаржы полициясы)».