Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесiн бекіту және оларды құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысы
(2010.20.10. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тiзбесi бекiтілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн құрсын.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі үш ай мерзiмде азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерi туралы ереженi бекiтсiн.
4. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн қаржыландыруды осы қаулыға қосымшада көрсетілген орталық атқарушы органдар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен және шегiнде әрi министрлiктер мен агенттiктердiң қазіргі штат саны лимитінің есебiнен жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Yкіметiнің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер енгізілсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1097 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2) «Республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында қиратқыш жер сілкiнiстерiнің залалын төмендету жөніндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 40, 374-құжат):
13-тармақтағы «қосымшаға сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Павлов |
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.10. № 1082 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1237 қаулысына
қосымша
Орталық атқарушы органдар құратын азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық
қызметтерінің тізбесі
р/с № | Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің атауы | Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің құрылуын және жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жауапты орталық атқарушы органның атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | Мемлекеттік өртке қарсы қызмет | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
2 | Медициналық қызмет | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
3 | Инженерлік қызмет | Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі |
4 | Радиациялық қорғау қызметі | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
5 | Энергетика қызметі |
6 | Химиялық қорғау қызметі |
7 | Байланыс және хабардар етуді қамтамасыз ету қызметі | Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі |
8 | Ақпарат қызметі |
9 | Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
10 | Жанар-жағармай материалдары қызметі | Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі |
11 | Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
12 | Сауда және тамақтандыру қызметі | Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
13 | Көлік қызметі | Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
14 | Жолдар мен көпірлер қызметі |
15 | Техникалық қызмет |