Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiнiң
тiзбесiн бекіту және оларды құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысы
(2005.03.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тiзбесi бекiтілсiн.
2. Орталық атқарушы органдар қосымшаға сәйкес азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн құрсын.
3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі үш ай мерзiмде азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерi туралы ереженi бекiтсiн.
4. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерiн қаржыландыруды осы қаулыға қосымшада көрсетілген орталық атқарушы органдар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат есебiнен және шегiнде әрi министрлiктер мен агенттiктердiң қазіргі штат саны лимитінің есебiнен жүзеге асырады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасы Yкіметiнің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерістер енгізілсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2005.03.11. № 1097 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2) "Республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында қиратқыш жер сілкiнiстерiнің залалын төмендету жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 40, 374-құжат):
13-тармақтағы "қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | А. Павлов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1237 қаулысына
қосымша
Орталық атқарушы органдар құратын Азаматтық қорғаныс пен төтенше
жағдайлар республикалық қызметтерiнiң тiзбесi
N Азаматтық қорғаныс пен төтенше Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық жағдайлар республикалық қызметтерiнiң атауы қызметтерiнiң құрылуын және жұмыс icтeуiн қамтамасыз етуге жауапты орталық атқарушы органның атауы |
1. Өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi 2. Медициналық қызмет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 3. Ақпарат қызметi Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі 4. Сауда және тамақтандыру Қазақстан Республикасының қызметi Индустрия және сауда министрлігі 5. Инженерлік қызмет 6. Химиялық қорғану қызметi 7. Радиациялық қорғану қызметi Қазақстан Республикасының 8. Энергетика қызметi Энергетика және минералдық 9. Жанар-жағармай ресурстар министрлігі материалдары қызметi 10. Жануарлар мен өсiмдiктердi Қазақстан Республикасының қорғау Ауыл шаруашылығы министрлігі 11. Хабарлау және байланыс Қазақстан Республикасының қызметi Ақпараттандыру және байланыс жөніндегi агенттiгi 12. Қоғамдық тәртiптi сақтау Қазақстан Республикасының Ішкi қызметi iстер министрлігі 13. Көлiк қызметi Қазақстан Республикасының 14. Жолдар мен көпiрлер қызметi Көлiк және коммуникациялар 15. Техникалық қызмет министрлігі |