Республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында қиратқыш жер
сiлкiнiстерiнiң залалын төмендету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 тамыздағы № 1286 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.08.99 ж. № 1205; 05.12.03 ж. № 1237 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi аймақтарында болуы мүмкiн қиратқыш жер сiлкiнiсiнiң залалын төмендету, сейсмикалық қауiптiлiктi бағалау және жер сiлкiнiстерiн болжау жөніндегі зерттеулердi дамыту, үйлер мен ғимараттарды, қосымша жарақтандыруды нығайту, авариялық-құтқару қызметтерi мен бөлiмшелерiн, халықты хабарландыру жүйелерiн даярлыққа келтiру, қажеттi материалдық-техникалық ресурстардың қорын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісім бойынша бір ай мерзiм iшiнде сейсмикалық байқау, жер сiлкiнiстерiн болжау және олардан болған залалды бағалау жөніндегі 1997-2002 жылдарға арналған мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны қарасын және бекiтсiн, және оның Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына iргелi зерттеулерге арналып бөлiнетiн республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен бірiншi кезектi қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн;
Сейсмологиялық тәжiрибе-әдiстемелiк экспедицияның сейсмологиялық байқаулар жүргiзуi жөніндегі жұмыстардың кешенiне арналған қажеттi қаржы-қаражатының толық көлемде бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiмен бірлесiп, жаңа деректердi ескере отырып, 1997 жылы Қазақстан Республикасының аумақтарын сейсмикалық аудандастыру картасын жасасын және басып шығарсын;
1997 жылы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бірлесiп көмiрсутегi шикiзатын қарқынды игеру аумақтарын сейсмикалық аудандастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
2. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi:
үш ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісім бойынша көзделген шараларды қаржыландыру көздерiн айқындай отырып, халықты және аумақтарды қорғау, мүмкiн болатын қиратқыш жер сiлкiнiстерiнен залалдарды төмендету жөніндегі мақсатты аумақтық бағдарламаларды қайта қарасын және бекiтсiн.
Ғылым министрлігі - Ғылым академиясымен келісім бойынша 1997 жылы жер сiлкiнуi мүмкiн аудандарда сейсмологиялық байқаудың қосымша пункттерiн, оның iшiнде Алматы облысында - кемiнде 9 пункт, Шығыс Қазақстан облысында - кемiнде 4 пункт, Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарында әрбір облыста кемiнде 2 пункт ұйымдастырсын және жабдықтасын;
министрлiктермен және ведомстволармен, пәтер иелерiнiң кооперативтерiн қоса алғандағы меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен және ұйымдармен бірлесiп 1997-1998 жылдары қажеттi қаржы қаражатын тарту жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын және мектептердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, ауруханаларды, емханаларды, барынша қауiптi объектiлердi, тыныс-тiршiлiк объектілерін, тұрғын үйлердi, адамдар көп болатын объектiлердi жер сiлкiнiсiне қарсы нығайтуға айрықша назар аудара отырып, сейсмикалық берiк емес үйлер мен ғимараттарды жер сiлкiнiсiне қарсы нығайту немесе бұзу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
3. Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан 225 (екi жүз жиырма бес) млн. теңге сомасында:
1) мемлекеттік үйлер мен ғимараттарды жер сiлкiнiсiне қарсы күшейту жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге - 190 млн. теңге, олардан:
Алматы қаласының әкіміне - 64 (алпыс төрт) млн. теңге;
Алматы облысының әкіміне - 77 (жетпiс жетi) млн. теңге;
Жамбыл облысының әкіміне - 19 (он тоғыз) млн. теңге;
Оңтүстiк Қазақстан облысының әкіміне - 19 (он тоғыз) млн. теңге;
А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы үшiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне - 11 (он бір) млн. теңге;
2) республикалық сейсмологиялық байқау және жер сiлкiнiсiн болжау жүйесiн дамыту мен қайта жарақтандыруға:
Сейсмология институты үшiн Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына - 35 (отыз бес) млн. теңге (олардан 31 (отыз бір) млн. теңгенi жаңа болжамдық байқау станциялары мен пункттерiн құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын қайта жарақтандыруға және 4 (төрт) млн. теңгенi сейсмологиялық байқаулар мен жел сiлкiнiсiн болжаудың республикалық жүйесiнiң айрықша жұмыс режимiн жүргiзу кезiнде қосымша жалақы төлеудi қоса алғандағы жер сiлкiнiсiн болжау жөніндегі қосымша байқауларды ұйымдастыруға және жүргiзуге байланысты еңбекақы төлеуге көздеп) бөлiнсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындармен және ұйымдармен бірлесiп, 1997-1998 жылдардың iшiнде тиiстi бюджеттер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаты есебiнен көмiрсутегi шикiзатының пайдаланылып отырған кен орындарына сейсмомониторинг жүйелерiн құруды және енгiзудi ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiне Талғар кешендi сейсмологиялық экспедициясы мен Николаев тереңдiктiк сейсмологиялық станцияның мемлекеттік мүлкiн жедел басқару құқығы берiлсiн. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi берудi бір ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
7. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi:
республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында сейсмикалық берiк үйлер мен ғимараттардың құрылысын салу жөніндегі нормалар мен ережелердiң сақталуына айрықша назар аудара отырып, жаңа объектiлер құрылысының сапасына тиiстi бақылау жасауды қамтамасыз етсiн;
1997 жылы "Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi аудандарында құрылыс салудың" жаңа құрылыс нормалары мен ережелерiн (ҚНжЕ) бекiтсiн;
облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бірлесiп тектоникалық опырылымдар аймақтарында, сондай-ақ сырғыма, сел және көшкiн қаупi бар аумақтарда құрылыс салуға жол бермеу жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын.
8. Министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың басшылары 2 айлық мерзiм iшiнде өз авариялық-құтқару құралымдары мен қызметтерiн қажеттi кадрлармен, мүлiкпен, жабдықтармен жеке қорғаныс құралдарымен, техникамен және құрал-саймандармен толықтыру жөнiнде шаралар қабылдасын, олардың тұрақты даярлығын қамтамасыз етсiн.
9. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi хабарландыру және байланыс жүйелерiнiң тұрақты даярлығын қамтамасыз ету мақсатында:
бір айлық мерзiм iшiнде аудандарға дейiн қоса алғанда төтенше жағдайлар кезiнде байланысты ұйымдастырудың кестесiн әзiрлесiн және бекiтсiн және үш айлық мерзiм iшiнде облыстық және аудандық орталықтардың арасындағы тәулiк бойғы тұрақты радио байланысын қамтамасыз етсiн;
1997 жылы хабарлау белгiлерi мен шұғыл ақпараттарды теле және радиохабарларын тарату компаниялары (меншiк нысандарына қарамастан) арқылы, сондай-ақ авариялық қызметтер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерi арқылы беру мәселелерiн пысықтасын;
1997-1998 жылдардың iшiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында хабарландыру жүйесiн қайта жаңартуды аяқтасын;
1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармалар жедел кезекшiсiнiң жұмыс орнынан хабарландыру желiлерiн автоматтандырылған арақашықтық басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды аяқтасын.
10. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы, Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Экономика және сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Экология және биоресурстар министрлігі, Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi, "Алаугаз" акционерлік компаниясы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісім бойынша үш айлық мерзiм iшiнде төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне барынша қауiптi төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар, азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдары дайындығының жай-күйi, табиғи зiлзалалардың, авариялардың, апаттардың болу қаупi немесе пайда болуы туралы, төтенше жағдайлар болған аймақтардағы жедел ахуал мен олардың зардаптарын жоюдың барысы туралы компьютераралық байланыс бойынша тұрақты негiзде ақпараттар берудi қамтамасыз етсiн.
11. Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бірлесiп:
екi айлық мерзiм iшiнде төтенше жағдайларда халықты тасымалдау мен көшiрудi ұйымдастыру жөніндегі өзара iс-қимылдың жоспарларын, сондай-ақ зiлзала аймақтарына төтенше жағдайларды жою үшiн бөлiнген күштер мен қаражаттарды жеткiзудiң жоспарларын нақтыласын;
1998 жылы бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының халқы мен мемлекеттік басқару органдарын хабарландырудың республикалық және облысiшiлiк орталықтандырылған жүйелерiн жаңартудың жобаларын әзiрлесiн;
қауiптi жүктермен жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiнде ұсыныс дайындасын және мемлекеттік тапсырыстың құрамына кiргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне енгiзсiн.
12. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi, министрлiктердiң, ведомстволардың, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары 1998 жылы барынша қауiптi объектiлер, оның iшiнде гидротехникалық құрылыстар орналасқан аудандарда хабарландырудың жергiлiктi жүйелерiнiң құрылысын аяқтауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 05.12.03 ж. № 1237 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді
13. Министрлiктер мен ведомстолар төтенше жағдайларды жою барысында азаматтық қорғаныс шараларын орындау, авариялық құтқару жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында бір ай мерзiм iшiнде азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың республикалық қызметтерiн нақтыласын және толық жинақтасын, тиiстi оқулар мен жаттығуларды тұрақты түрде жүргiзсiн.
14. Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігі:
1997-1998 оқу жылынан бастап мектеп сабақтары мен балаларды мектеп жасына дейiнгi мекемелерде ұстауды сейсмикалық берiк емес үйлерден сейсмикалық берiк үйлерге көшiру жөніндегі мәселелердi шешудi қамтамасыз етсiн, оқу орындары мен мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң мемлекеттік органдар жүйелерiн реформалау мен басқару аппаратын қысқартудың барысында босаған сейсмикалық берiк әкiмшiлiк үйлерiн пайдалануы мүмкiндiгiн қарасын;
барлық үлгiдегi жалпы білім беретiн мектептерде, кәсiптiк-техникалық мектептерде және арнаулы орта оқу орындарында қажеттi материалдық-техникалық базалар жасау және тиiстi педагогикалық кадрлармен жасақтау арқылы "Бастапқы әскери даярлық" курсы ("Тыныс-тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" тарауы) бойынша жаңа бағдарлама енгiзудi жеделдетсiн;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiмен келісім бойынша жоғары оқу орындарында "Сейсмикалық берiк құрылыс" және "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою" мамандықтары бойынша студенттер даярлауды ұйымдастырсын.
15. "Алматы қаласында, Алматы және Талдықорған облыстарында болуы мүмкiн жер сiлкiнiстерiнiң залалын азайту және олардың зардаптарын жою жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 30 желтоқсандағы № 1490 қаулысының 4-6, 8, 12, 19, 32-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Ә. Қажыгельдин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 20 тамыздағы
№ 1205 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1997 жылғы
26 тамыздағы № 1286
қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.99 ж. № 1205 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының министрліктері мен агенттіктеріндегі
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің
Тізбесі
Қазақстан Республикасының министрліктері, | Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі агенттіктері |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | Қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі | Өртке қарсы қызмет |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі | Дәрігерлік қызмет |
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі | Ақпарат және хабарлау қызметі |
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі | Сауда және тағам қызметі Химиядан қорғау қызметі Инженерлік қызмет Энергетика қызметі Жанар-жағар май материалдары қызметі |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі | Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі |
Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі | Хабарлау және байланыс қызметтері Көлік қызметі Жол және көпір қызметі (коммуналдық меншікке берілген жолдардан басқа) |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (Атом энергиясы агенттігі) | Радиациялық қорғау қызметі |