8) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санын есепке алу мен оған бақылау жүргізуге, қызмет көрсетуде бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
9) магистральдық темір жол желісінің объектілерін белгіленген жылдамдықтармен поездарды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауға;
10) магистральдық темір жол желісін Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережесінің және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының Техникалық пайдалану ережесінің, Темір жолдарда белгі беру жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарын орындауға;
12) тасымалдаушыны магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өзгерістері туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін он күннен кешіктірмей хабардар етуге;
13) тасымалдаушыны себептерін көрсете отырып, қабылданған жылжымалы құрамға қол жеткізуді уақытша тоқтату немесе шектеу шешімі туралы дереу хабардар етуге;
14) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісіне жіберуге жол бермеуге;
15) қатынас жолында тасымалдаушының жылжымалы құрамының темір
жол көлігі саласындағы уәкілетті орган бекіткен жүкті сақтаудың техникалық және технологиялық талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тасымалдаушының жылжымалы құрамының қозғалысын тоқтатуға;
16) жылжымалы құрамға қызмет көрсететін персоналдың темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, тасымалдаушының персоналын тасымалдау процесіне жібермеуге;
17) тасымалдаушы өтінімінің негізінде поездар қозғалысының кестесін әзірлеуге және бекітуге;
18) бекітілген қозғалыс кестесіне, қалыптастыру жоспарына және белгіленген технологиялық нормаларға сәйкес техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді келісуді қоса алғанда, поездар қозғалысын орталықтан басқаруды жүзеге асыруға;
19) магистральдық темір жол желісінің жарамды жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
20) тасымалдаушыға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуге байланысы жоқ қызметтерді, сондай-ақ үшінші адамдармен міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды жүктемеуге міндетті.
24. Тасымалдаушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа сәйкес магистральдық темір жол желісін пайдаланудың тең құқығын алуға;
2) Шарттың талаптарына сай қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес магистральдық темір жол желісінің белгіленген сападағы қызметтерін алуға;
3) осы Шарттың мерзімі мен талаптарына сәйкес поездың қатынас жолындағы магистральдық темір жол желісінің қызметтерін алуға;
4) оператордан поездардың қозғалыс кестесіндегі қызметтердің шартта көзделген магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетудің мерзімі мен шарттарын өзгертуге алып келетін өзгерістер туралы жазбаша нысандағы ақпаратты оператор көрсетілген өзгерістерді (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе көздеу немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар) енгізгенге дейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей алуға;
5) оператордан тасымалдау процесі мен вагон ағындарын ұйымдастыру, жоспарлау мен жүзеге асыру, локомотивтер мен вагондардың айналымын реттеу, поездар қозғалысын бақылау, қозғалыс кестесін орындау үшін қажетті ақпарат алуға;
6) оператордан магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну жөніндегі қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгерту туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін он күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
7) оператордың кінәсінен келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
8) себептерін көрсете отырып, оператордың вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімін қабылдауы туралы ақпарат алуға;
9) магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетумен байланысы жоқ қызметтерден, сондай-ақ үшінші адамдардың алдында міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша талаптардан бас тартуға;
10) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін оператордың іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
25. Тасымалдаушы:
1) магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін, Жүктерді тасымалдау ережесін, нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген темір жолдың жылжымалы құрамын техникалық пайдалану талаптарын орындауды қамтамасыз етуге;
3) операторға магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат ұсынуға;
4) технологиялық нормаларды, поездар қозғалысының бекітілген кестесін, техникалық-бөлу актілерін, станциялардың технологиялық процестерін және станциялар мен кірме жолдар жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін сақтауға;
5) Техникалық пайдалану ережесінің, Қазақстан Республикасының темір жолдарында белгі беру жөніндегі нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы поездардың қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтың және темір жол көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарын орындауға;
6) операторға осы Шарт бойынша қызметтер алуға байланысты олар жүзеге асыратын қызмет түрлеріне арналған лицензия ұсынуға және операторды көрсетілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру не күшін жою туралы уақтылы хабардар етуге;
7) оператордың поездар қозғалысының қауіпсіздік талаптарын, қозғалыс кестесінің нормативтерін, поездарды қалыптастырудың жоспары мен тәртібін, магистральдық темір жол желісінің инфрақұрылымдық желілік бөлімшелері жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімін орындауға;
8) осы Шартта көзделген мерзім мен талаптарды сақтауға;
9) операторды магистральдық темір жол желісін пайдалануға арналған тараптармен келісілген өтінімдерде көзделген қызметтерді алудан бас тарту туралы Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда хабардар етуге;
10) операторға магистральдық темір жол желісі объектілерінің табылған ақаулары, сондай-ақ үшінші адамдардың Техникалық пайдалану ережесін бұзушылықтары туралы хабарлауға;
11) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның магистральдық темір жол желісін пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;
12) магистральдық темір жол желісі қызметтерін алудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмауын қоспағанда, тасымалдау көлемдерінің жоспарында мәлімделгендердің орындалуын қамтамасыз етуге;
13) оператордың тасымалдау процестерін орталықтан басқару жөніндегі нұсқауын сақтауға;
14) тасымалдау процесіне байланысты қызметкерлер біліктілігінің темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
15) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға жылжымалы құрамның сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі
26. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
27. Өсімпұл төлеу тасымалдаушыны операторға Шарттың талаптарына сәйкес есептелген төлемдерді енгізуден босатпайды.
28. Белгіленген мерзімде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, оператор тасымалдаушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша іс жүзінде қызметтер көрсету басталатын уақытқа дейін шарт бойынша қызмет көрсету жүзеге асырылуға тиісті уақыттың ішінде алдын ала төленген сомадан тұрақсыздық айыбын төлейді.
29. Осы Шарттың талаптарында көрсетілетін қызметтерді алудан бас тарту туралы операторды хабардар ету мерзімі сақталмаған кезде, тасымалдаушы операторға қызметтер алудан бас тарту сәтінен бастап есептелген төлемдер сомасынан магистральдық темір жол желісі қызметтерінің жоспарланған көлемі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде айыппұл төлейді.
30. Оператор тасымалдаушыны поездар қозғалысы кестесінің өзгергені туралы хабардар ету мерзімін сақтамаған кезде, тасымалдаушыға алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде айыппұл төлейді.
31. Оператордың және(немесе) тасымалдаушының міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты үшінші тұлғаға келтірілген залалды тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде өтейді.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
32. Осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе болжау немесе алдын алу мүмкін болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, тараптар жауапкершіліктен босатылады.
33. Еңсерілмес күштің мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап екінші тарапты 48 (қырық сегіз) сағаттың ішінде құзыретті орган берген растайтын құжатты екінші тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге міндетті.
34. Егер тараптардың бірі Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде орындауға жағдайы болмаса, екінші тарапты болжанып отырған шартты бұзу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын алдын ала жазбаша хабардар етуі шартымен, екінші тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
7. Жалпы ережелер және дауларды шешу
35. Тасымалдаушының осы Шартта көзделген магистральдық темір жол желісін пайдалану құқығын басқа адамға беруіне жол берілмейді.
36. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тарап бұл туралы екінші тарапқа отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
37. Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер келіссөздер жолымен тараптар өзара келісімге қол жеткізбесе, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
38. Почта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екінші тарапқа көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
39. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар екі данада жасалады.
40. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату
тәртібi
41. Шарт 200 жылғы «__»______________00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 200 жылғы «__»__________ 24-00 сағатты қоса қолданылады, бірақ поездар қозғалысы кестесінің белгіленген тәртіппен бекітілген мерзімінен аспауға тиіс, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде - олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
42. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
43. Шарт мынадай жағдайларда:
1) тасымалдаушы лицензиясының қолданысы тоқтатылғанда;
2) тасымалдаушы лицензиясының күші тоқтатыла тұрғанда немесе оны қайтарып алғанда;
3) олардың жазбаша өтініштерінің негізіндегі тараптардың бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.
44. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
45. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
46. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, магистральдық темір жол желісінің қызметтерін ұсынудың тәртібі мен талаптарын өзгертетін нормативтік құқықтық кесімдер қабылданған жағдайда, тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде осы Шартты Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған кесімдердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
9. Тараптардың заңды мекен-жайы, банктік деректемелері мен
Қолтаңбалары
Оператор: Тасымалдаушы:
_____________________ ___________________________
_____________________ ___________________________
ҚР Үкіметінің 2006.08.08. № 748 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 156 (бұр.ред.қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара) қаулыларымен үлгі шарт өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды
ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге
арналған үлгі шарт
______________________ 200 жылғы » »_______
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі тармақ иеленуші деп аталатын, жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсететін
___________________________________________________________________
(қызметті ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
____________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
_____________________________________________негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі Тармақ пайдаланушы деп аталатын
____________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
____________________________________________________негізінде әрекет
ететін тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
____________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында екінші тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Тармақ иеленуші Шартқа сәйкес жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жол қызметтерін ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақы төлейді.
2. Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жол қызметтерін ұсынуға арналған шарт тармақ пайдаланушымен жеке тәртіппен жасалады.
2. Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну
жөніндегі қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттары
3. «Kipмe жолдың шекарасы» деген белгi________________________
_________________________________________________________жаққа қарай
(кірме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың № және жанасу станциясының немесе басқа да кірме жолдың немесе қосатын жолдың немесе жанасудың басқа жолының атауын көрсету)
________ұзақтықтағы жанасу бағыттағышынан________ M қашықтықта орнатылады.
4. Кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы_______M құрайды.
5. Жолақты бөлу шекарасында кірме жол мен құрылыстар алаңы _________шаршы метр жер учаскесін алады.
6. Кірме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасын және осы мәселелерді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдердi сақтай отырып жүргізіледі.
7. Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну тармақ иеленушінің алдын ала хабарламасы бойынша жүргізіледі.
Хабарлама_____________________________________________беріледі.
(хабарлама беру тәртібі)
8.______________________үшін______________________кірме жолға
(ай, тоқсан, жыл)
келген және одан кеткен вагондардың мәлімделген саны.
9. Тармақ иеленушінің кірме жолына бір мезгілде берілетін тармақ пайдаланушы вагондарының саны___________вагоннан аспайтын болып белгіленеді.
10. Кірме жол арқылы өткен вагондардың санын тармақ иеленуші тармақ пайдаланушының қатысуымен тіркейді және есепке алады. Ол үшін екі данада акт (немесе ведомость) жасалады, олардың біреуі тармақ иеленушіде қалады, екіншісі тармақ пайдаланушыға беріледі. Бір ай ішіндегі жұмыстың қорытындылары бойынша, ол тармақ пайдаланушыға шотын беру үшін негіз болып табылатын орындалған жұмыстардың актісі жасалады.
11. Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды оның құрылысының кезеңінде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну, кірме жол жұмысының қысқа мерзімді шартының талаптарында жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Есеп айырысулар тәртібi
12. Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.
13. Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеуді тармақ пайдаланушы жоспарланған айлық вагон айналымына сәйкес 50% алдын ала төлеу шарттарында жүргізеді.
14. Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу ай сайын өткізілген вагондар мен берілген шот-фактуралардың іс жүзіндегі саны бойынша көрсетілген қызметтердің актілеріне тараптар қол қойғаннан кейін 10 күнтізбелік күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
15. Тармақ иеленуші:
1) тармақ пайдаланушы осы Шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тармақ пайдаланушының осы қызметтерді іс жүзінде көрсеткенге дейін бес күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етілуі шартымен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуді тоқтатуға;
2) ұсынылатын қызметтер үшін уақтылы ақы алуға;
3) тармақ пайдаланушының кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
4) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның актісімен расталған оның қанағаттанғысыз жай-күйі болған жағдайда, жоспарлы жұмыстар енгізілгенге дейін кемінде бес күн бұрын тармақ пайдаланушыны жазбаша хабардар ете отырып, кірме жолды жөндеуге жабуға;
5) тармақ пайдаланушы жиырма күннен асатын мерзімге төлемдерді кешіктірген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
16. Тармақ иеленуші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жағдайларын қоспағанда, тармақ пайдаланушыларға жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
2) жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес көрсетуді қамтамасыз етуге;
3) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктерінің болмауы жағдайларын және кірме жолда жүру қауіпсіздігіне қауіп төну жағдайларын қоспағанда, тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерінің орындауын қамтамасыз етуге міндетті. Тармақ пайдаланушы кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерін іс жүзіндегі мүмкіндіктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленуші Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санына есеп және бақылау жүргізу, қызметтер көрсету бұзушылықтарын алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
5) белгіленген жылдамдықпен поездардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ететін жағдайда кірме жол элементтерін тұрақты ұстау үшін кірме жолды, оның құрылыстарын және құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделі, орташа және көтеру жөндеулерін жүргізуге;
6) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік құқықтық кесімдерінің шегінде кірме жолды, және өтпелерді қардан, шөптен және ластанулардан тазалауды жүргізуге;
7) кірме жолдардың Техникалық пайдалану ережесінің және құрылыс нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
8) тармақ пайдаланушыны жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге;
9) тармақ пайдаланушыны себептерін көрсете отырып, вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу туралы қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта белгіленген мерзімде хабардар етуге;
10) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды кірме жолдарға жібермеуге;
11) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
12) тармақ пайдаланушыға жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге байланысты емес қызметтерді, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдында міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды таңбауға;
13) өзіне тиесілі кірме жолдардың күзетін қамтамасыз етуге міндетті.
17. Тармақ пайдаланушы:
1) жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда тармақ иеленушінің кірме жолын пайдалануға ұсыну жөніндегі қызметтерді пайдалануға тең құқық алуға;
2) осы Шарттың талаптарына сай жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгіленген сапада алуға;
3) тармақ иеленушіден жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
4) тармақ иеленушінің кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
5) тармақ иеленушіні себептерін көрсете отырып, қабылданған кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етуге;
6) тармақ иеленушімен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) тармақ иеленушінің осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттеріне сот тәртібімен шағым жасауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
18. Тармақ пайдаланушы:
1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушінің жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолдарды ұсыну жөніндегі қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) тармақ иеленушімен қауіпті және разрядты жүктері бар вагондарды кірме жолдар бойынша өткізуді келісуге, сондай-ақ оның күзетін (бірге жүруді) қамтамасыз етуге;
3) ең жоғары осьтік жүктемесі бар вагондарды немесе цистерналарды тармақ иеленушінің жазбаша рұқсатымен кірме жолдар арқылы өткізуге;
4) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның кірме жолдарды пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;
5) жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді алудың техникалық және технологиялық мүмкіндігі болмаған жағдайды қоспағанда және тармақ иеленушінің кірме жолында қауіпсіз емес қозғалу жағдайында мәлімделген көлемдердің орындалуын қамтамасыз етуге;