2) «Дайындық» белгiсi апатқа ұшыраушы әуе кемесінің осы әуеайлаққа қонуын күткен жағдайда жерге қонуға (суға қонуға) дейiн 30 минут және одан да көп уақыт бұрын берiледi.
56-тарау. Заңсыз қол сұғу
749. Заңсыз қол сұғу объектiсi болған әуе кемесi ӘҚҚ органына сол әуе кемесiне қатысты бiрiншi кезектегi әрекеттердi қамтамасыз етуге және онымен басқа әуе кемесi арасындағы қақтығыс жағдайының ықтималдығын барынша қысқартуға мүмкіндік беру үшiн бұл фактi туралы, осыған байланысты барлық маңызды жағдайлар мен осы жағдайлар туындатқан ағымдағы жоспардан кез-келген ауытқулар туралы ӘҚҚ тиiстi органын хабардар етуге талпыныс жасайды.
750. Әуе кемесiнiң бортында қалыптасқан жағдайға байланысты бұл мүмкiн болмайтын жағдайларды қоспағанда, әуе кемесiнiң командирi, тiптi болмағанда ӘҚҚ органын хабардар етуге мүмкiндiк пайда болғанға немесе әуе кемесi РЛС әрекет ету аумағының шегiне жеткенге дейiн белгiленген жол желісі және белгiленген крейсерлiк эшелон бойынша ұшуды жалғастыруға әрекеттенуi кepeк.
751. Заңсыз қол сұғу актiсiне ұшыраған әуе кемесi ӘҚҚ органдарымен радиотелефон байланысын орнатуға мүмкiндiгi болмай, белгiленген жол желісінен немесе белгiленген крейсерлiк эшелоннан ауытқуы тиiс болғанда, әуе кемесiнiң командирi мүмкiндiгiнше:
1) әуе кемесiнiң бортында қалыптасқан жағдайға байланысты, бұл мүмкiн болмаған жағдайларды қоспағанда, авариялық ӨЖЖ-жиiлiкте және басқа да тиiстi жиiлiктерде ескертулер беруге әрекеттенуi тиiс. Сондай-ақ бұл тиiмдi болғанда және жағдайға байланысты жол берiлгенде, борттағы қабылдағыш-жауапбергiштер, мәлiметтердi беру желiлерi сияқты басқа да жабдықтарды қолданған жөн; және
2) мұндай ережелер Doc 7030 (Қосымша аймақтық ережелер) құжатында белгiленген және жарияланған жағдайда, төтенше жағдайларда ұшудың тиiстi айрықша тәртібін сақтай отырып, ұшуды жалғастыруы; немесе
3) егер тиiстi аймақтық ережелер белгiленбеген болса, ұшуды әдетте АҰЕ бойынша осы ауданда 290 ұшу эшелонынан 300 м (1000 фут) жоғарыда болғанда немесе 290 ұшу эшелонынан 150 м (500 фут) төменде болғанда пайдаланылатын крейсерлiк эшелондардан ерекшеленетiн эшелонда жалғастыруы тиiс.
ӘҚҚ органдарының заңсыз қол сұғу жағдайындағы мiндеттерi ИКАО-ның 11-қосымшасында баяндалған.
ҚШРЛ пайдалануға арналған жабдықтары бар, заңсыз қол сұғу объектiсi болған әуе кемелерiнiң бортында қабылданатын iс-әрекеттердiң тәртібі 11-қосымшада, PANS-RAC (Doc 4444) және PANS-OPS (Doc 8168) баяндалған.
Жабдықтары бар, заңсыз қол сұғу объектiсi болған әуе кемелерiнiң бортында қолданылатын iс-әрекеттер тәртібі 11-қосымшада, PANS-RAC (Doc 4444) баяндалған, ал осы мәселе бойынша нұсқаулық материал әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Деректер беру желiлерiн қолдану жөніндегі нұсқаулықта (Doc 9694) мазмұндалған.
57-тарау. Заңсыз қол сұғу актілерінен қорғау
752. Жалпы пайдаланымдағы авиациялық әуе кемелерiн қорғау мақсатында және әуежайларда авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн жалпы пайдаланымдағы авиация әуе кемелерiнiң тұрақжайларын коммерциялық авиациялық көлiк әуе кемелерiнiң тұрақжайларын бөлу тиiмдi деп танылады.
753. Жалпы пайдаланымдағы авиация тұрақжайы орындарының аймағына апаратын рульдеу жолдары анық белгiленуi және мүмкiндiгiнше коммерциялық авиакөлiктердiң әуе кемелерi қолданатын рульдеу жолдары мен перрондарынан бөлiнуi тиiс.
754. Жалпы пайдаланымдағы ӘК тұрақжайына арналған жеке аймақтарды жасауға мүмкiндiгi жоқ, бiрақ жоғары қауiпсiздiк деңгейiн қамтамасыз ету талап етiлетiн әуежайларда РЖ немесе перрондарда авиациялық қауiпсiздiк персоналы жалпы пайдаланымдағы авиация әуе кемелерiн олар коммерциялық авиакөлiк кемелерiнiң тұрақжайы аймағына өткенге дейiн тексеретiн және қарайтын бақылау-өткізу пункттерi ұйымдастырылуы мүмкiн.
755. Әуежайдың диспетчерлiк пунктi әуеайлақтың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң персоналын жалпы пайдаланымдағы авиация әуе кемелерiнiң алдағы келетiнi туралы мүмкiндiгiнше тезiрек хабардар етуi керек.
756. РЖ немесе перрондардағы бақылау-өткізу пункттерiнде әуеайлақ диспетчерлiк пунктiнiң, авиациялық қауiпсiздiк қызметi персоналының және әуежайдың қауiпсiздiк қызметi орталық пунктiнiң арасындағы әрекеттердi үйлестiру рәсiмдерiн белгiлеу керек. Бұл үшiн осы бөлiмшелер арасындағы радиобайланыстың жеке желісін ұйымдастыру қажет.
757. Көрсетiлген рәсiмдер рульдеуге берiлетiн рұқсат беруге және келiп қонатын жалпы пайдаланымдағы авиация әуе кемелерiне берiлетiн тиiстi нұсқауларға қатысты әуеайлақтың диспетчерлiк пунктiнiң персоналына арналған нұсқаулықтарда белгiленуi тиiс.
Осы Ережеде мынадай қысқартулар пайдаланылады:
ӘАҚ Әуеайлақтық авариялық қызмет
ӘДП Әуеайлақтық диспетчерлiк пункт
ААЖ Аэронавигациялық ақпараттың жиынтығы
АМСА Авиациялық метеорологиялық станция (азаматтық)
АМО Авиациялық метеорологиялық орталық
AHO Аэронавигациялық оттар (борттық)
ОАҚ Отынның аэронавигациялық қоры
АРП Автоматты радиопеленгатор
АҚК Авариялық-құтқару командасы
АҚЖ Авариялық-құтқару жұмыстары
АҚС Авариялық-құтқару станциялары
ӘҚБ АЖ Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесi
АТБ Авиациялық-техникалық база
ААТЖ Ақпаратты автоматты тарату жүйесi
(әуеайлақ ауданында)
АТА Әуеайлақтық торап (әуеайлақтық торап аймағы)
ААБ Аэронавигациялық ақпарат бюросы
БҚЖ Бүйiрлiк қауiпсiздiк жолағы
РЖЖР Радиомаркерлi жетектi жақын радиостанция
ЖРЖ Жылдамдықты рульдеу жолы (ҰҚЖ-дан жылдам шығу)
ЖӘК Жоғарғы әуе кеңiстiгi
YКҚБ Үзiлген көзбен шолып қонуға бет алудың биiктiгi
ЖБК Жоғары біліктілік комиссиясы
ДҰСК Дәрiгерлiк-ұшу сараптау комиссиясы
КМЖ Көзбен шолудың метеорологиялық жағдайы
БТШБ Бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi
БӨР Барлық бағытталған ӨЖЖ-радиомаягi
ҰҚЖ Ұшу-қону жолағы
ШҚБ Шешiм қабылдау биiктiгi
ҚШРЛ Қайталама шолу радиолокаторы
ӘК Әуе кемесi
АО ӘС ӘҚБ аудандық орталығының әскери секторы
ӘТ Әуе трассасы
ЖР Жоғары жиiлiктi радиобайланыс
АА Азаматтық авиация
ТҰҚЖ Топырақты ҰҚЖ
ЖБГ Жеткізудi беру геопунктi
ГРМ Глиссадты радиомаркер
ЖЖМ Жанар-жағар май
ӘҚЖ БО Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы
АӨЖ Алыстық өлшегiш жабдық (бұрыш өлшеуiш)
ДПМ Диспетчерлiк пункт мұнара
АДП Айналымның диспетчерлiк пунктi
ЖДП Жақындаудың диспетчерлiк пунктi
РДП Рульдеудiң диспетчерлiк пунктi
ҰЖРМ Ұзақтағы жетектi радиостанциясы (маркерлi)
ҰҚА Ұшу және қону аймағы
KA Күту аймағы
ИАҚ Инженерлiк-авиациялық қызмет
ЖҰҚЖ Жасанды жабуы бар ұшу-қону жолағы
ҚТ Қысқа толқындар (радиобайланыс)
БӘК Бақыланатын әуе кеңiстiгi
КДП Командалық-диспетчерлiк пункт («Мұнара»)
ҚАЖ Қауiпсiздiктiң аяқталу жолағы
БРМ Бағытты радиомаркер
IЛК ҰҚЖ ілiнiсу коэффициентi
ӘБН Әуеайлақтың бақылау нүктесi
ЭБЖ Электр желісі
ЕҚБ Ең төменгi қауiпсiз биiктiк
ТБҚ Теңiз бұрғылау қондырғысы
ЖӘЖ Жергiлiктi әуе желісі
МБ Магниттi бағыт
МЖБ Магниттi жол бұрышы
МЕТАР
РОФОР Халықаралық метеорологиялық кодтар
СПЕСИ
ТАФ
МРЖ Магистралдық рульдiк жол
МСҚ Медициналық-санитарлық қызмет
ТӘК Төменгi әуе кеңiстiгi
НОТАМ Ұшқыштарға әуеайлақтардың, радиотехникалық
құралдардың жағдайы, қону жүйелерi туралы хабарлау
ЖІҚК Жердегi iздестiру-құтқару командасы
ӘҚҚ Әуе қозғалысына қызмет көрсету
ӘКҚҰ Әуе кемелерiнiң қозғалысын ұйымдастыру
ӨЖР Өте жоғары жиiлiктегi радиобайланыс
ЖҚО Жоғары қарқындылық оттары (ҰҚЖ)
КҚО Кiшi қарқындылық оттары (ҰҚЖ)
ЖЖР Жеке жетектi радиостанция
ШРЛ Шолу радиолокаторы
ҚЖЖ Қону жүйесiнiң жабдығы
«ПАН» Шұғылдық радиотелефондық сигналы
КҰЕ Көзбен шолып ұшу ережесi
ӨДБ Өндiрiстiк-диспетчерлiк бөлiм
ҚДП Қондыру диспетчерiнiң пунктi
ҰӨДҚ Ұйымның өндiрiстiк-диспетчерлiк қызметi
МЖП Мiндеттi жеткізулер пунктi
ТҚҚ Толық қысымды қабылдағыш
ҰАЖ Ұшудың алдын ала жоспары (өтiнiм)
АҰЕ Аспаптар бойынша ұшу ережесi
ҚРЛ Қону радиолокаторы
РЖ Рульдеу жолы
АДО Аудандық диспетчерлiк орталық (ӘҚҚ органы)
РЛБ Радиолокациялық бақылау
ҰПБ Әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөніндегі басшылық
ҚРЖ Қонудың радиомаяктiк жүйесi
РНН Радионавигациялық нүкте
ӘҚҚА Әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы
ӘҰБ Әуеайлақтағы ұшу басшысы
АҰБ ӘҚҚ ауданындағы (орталығындағы) ұшудың басшысы
ЖНРЖ Жақын навигацияның радиолокациялық жүйесi
ҚРЖ Қонудың радиолокациялық жүйесi
РТЖ Радиотехникалық жабдық (жабдық)
РТҚ Радиотехникалық құралдар
ӘҚБ А Әуе қозғалысын басқару ауданы
ӘҚҚ AУO ӘҚҚ аумақтық орталығы
ААҚ Аэронавигациялық ақпарат қызметi
СДП Старттық диспетчер пунктi
«COC» Халықаралық апат сигналдары
«МЭЙДЭЙ»
ЖЖТҚҚ Жолаушылар мен жүктер тасымалын қамтамасыз ету
қызметi
ЖТҚҚ Жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету қызметi
ҰСҚ Ұшақтық сөйлесу қондырғысы
ҚРЖ Қысымды реттеу жүйесi
ГКН Глиссадаға кiру нүктесi
ОЖО Оқу-жаттығу орталығы
ФЖС ӘҚҚ жүйесіндегі ұшу жоспары («флайт-жоспар»)
AAO Аэронавигациялық ақпарат орталығы
«ЬЬЬ» Халықаралық шұғылдық сигналы
РТЖБП Радиотехникалық жабдықтар мен байланысты пайдалану
ACAS/TCAS Соқтығыстардың алдын алудың борт жүйесi (САБЖ)
АТС Әуе қозғалысын басқару (ӘҚБ)
ATIS Әуеайлақ ауданындағы ақпаратты автоматты түрде беру
қызметi
ATS Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ӘҚҚ)
C/L Ocь желісі
DA/H Шешiм қабылдаудың абсолюттi/салыстырмалы биiктiгi
DER ҰҚЖ ұшу соңы
DME Алысты өлшеу жабдығы
DR Жолды есептеу
EFIS Әуе кемесiнiң пилотаждық жабдығының электрондық
жүйесi
FAF Қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң бақылау нүктесi
FAP Қонуға бет алудың соңғы кезеңiнiң нүктесi
FMS Ұшуды басқару жүйесi
FPL ӘҚҚ жүйесіндегі ұшу жоспары (флайт-жоспар)
HSI Авиакөкжиегi
IAF Қонуға бет алудың бастапқы кезеңiнiң бақылау нүктесi
IAS Аспаптық нүкте
IF Ұшуға бет алудың аралық кезеңiнiң бақылау нүктесi
IFR Аспаптар бойынша ұшу ережесi (АҰЕ)
ILS Аспаптар бойынша ұшуға бет алудың жүйесi
IMC Аспаптық метеорологиялық жағдайлар
ISA Халықаралық стандартты атмосфера (ХСА)
MAPt Екiншi айналымға шығудың басталу нүктесi
MDA/H Төмендеудiң абсолюттi/салыстырмалы ең төменгi
биiктiгi
MOC Кедергiлердiң үстіндегі биiктiктiң ең аз запасы
MSL Теңiздiң орташа деңгейi
MDB Бағытталмаған радиомаяк
NOZ Қалыпты ұшу аймағы
NTZ Аралық қорғау аймағы
OCA/H Кедергiлерден ұшудың абсолюттi/салыстырмалы биiктiгi
OIS Кедергiлердi белгiлеу бетi
OM Сыртқы маркерлiк радиомаяк
PAPI Қонуға дәл бет алу траекториясының көрсеткiшi
PAR Қону радиолокаторы
QFE Әуеайлақтан асатын (немесе ҰҚЖ табалдырығы)
деңгейдегi атмосфералық қысым
QNH Теңiздiң орташа деңгейiне келтiрiлген ҰҚЖ
табалдырығының атмосфералық қысымы
RNAV Аймақтық навигация
RSR Бағытты (трассалық) шолу радиолокаторы
SID Аспаптар бойынша ұшудың стандартты сызбасы
SOC Биiктiкке көтерiлудiң басы
SPI Жағдайдың арнайы бейнеленуi (тану кезiнде)
SSR Қайталама шолу радиолокаторы (ҚШРЛ)
STAR Аспаптар бойынша келудiң стандартты сызбасы
TAR Әуеайлақ аймағындағы шолу радиолокаторы
TAS Іс жүзіндегі жылдамдық
ТР Керi айналудың басталу нүктесi
VASIS Глиссаданы көзбен шолып бейнелеу жүйесi
VOR Жан-жақты бағытталған ӨЖЖ-радиомаягi
VMC Көзбен шолу метеожағдайы
Қазақстан Республикасының
әуе кеңiстiгiнде ұшудың
негiзгi ережесіне
1-қосымша
Ұшудың қауiпсiз биiктiктерiн есептеу
1. Сынап бағанасы бойынша 760 мм немесе 1013,2 м бар атмосфералық қысым бойынша қауiпсiз ұшу биiктiктерi мынадай формула бойынша есептеледi:
Нқауіпсіз 760 = Ншын.қауіпсiз + Нбедер - pHt + (760 - Ркелт. ең аз)х 11;
Нқауіпсіз 1013,2 = Ншын.қауіпсiз + Нбедер - pHt + (1032,2 - Ркелт. ең аз)х 8,25, мұнда:
Ншын қауіпсіз - шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң белгiленген мәнi, м;
Нбедер- жолақ енiнiң белгiленген шегiнде ондағы жасанды кедергiлер ескерiлген жер бедеріндегі ең жоғары нүктенiң абсолюттiк биiктiгi, м;
Ркелт. ең аз - ұшу бағыты (учаскесi) бойынша теңiз деңгейiне келтiрiлген, мм сын.бағ. бойынша (мбар) ең аз атмосфералық қысым;
pHt - навигациялық сызғыш бойынша немесе мынадай формуламен анықталатын биiктiк өлшегiштiң әдiстемелiк температуралық түзетуi, м:
t0-150
pHt = _________ xHтүзету,
300
мұнда Hтүзету = Ншын қауіпсіз + Нбедер;
t0 - ұшу бағыты (учаскесi) бойынша ең төменгi температура.
2. Жақындап келу ауданындағы қауiпсiз ұшу биiктiгiн есептеу (әуеайлақ ауданындағы ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулыққа және аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізу үшiн) мынадай формулалар бойынша жүргiзiледi:
Нқауіпсіз жақын = Ншын.қауіпсiз + Нбедер - pHt + (760 - Ркелт.аэр)х 11;
Нқауіпсіз жақын = Ншын.қауіпсiз + Нбедер - pHt + (1013,22 - Ркелт.аэр)х 8,25, мұнда:
Ншын қауіпсіз - шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң белгiленген мәнi, м;
pHt - биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол көп жылдық бақылау бойынша әуеайлақтағы ең төменгi температура үшiн анықталады, м;
Ркелт.әуеайл. - теңiз деңгейiне келтiрiлген көп жылдық бақылау бойынша әуежайдағы ең төменгi атмосфералық қысым, мынадай формула бойынша есептеледi:
Ркелт.әуеайл. = Нәуеайл.: 11(8,25)+Pәуеайл.,
мұнда:
Нәуеайл. - әуеайлақтың теңiз деңгейiне қатысты биiктеуi;
Рәуеайл. - көп жылғы бақылау бойынша ҰҚЖ деңгейіндегі ең төменгi атмосфералық қысым.
3. Әуеайлақ айналымы бойынша ұшу биiктiгiн (айналым биiктiгiн) есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:
Найн.= Ншын қауіпсіз + pНбедер - pНt,
мұнда Ншын қауіпсіз - ұшу мен қону аймағындағы шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң белгiленген мәнi, м;
pНбедер - жолақ енiнiң белгiленген шегiнде әуеайлақ деңгейiне қатысты жасанды кедергiлер ескерілген жер бедеріндегі ең жоғары нүктенiң биiктiгi, м;
pHt - көп жылдық бақылау бойынша әуежайдағы ең төменгi температура үшiн анықталатын биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол навигациялық сызғыш бойынша немесе мынадай формула бойынша, м анықталады:
t0-150
pHt = _________ xHтүзету,
300
мұнда t0 - көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең төменгi температура, град;
Hтүзету = Ншын қауіпсіз + рНбедер;
4. Әуеайлақ ауданындағы ең төменгi қауiпсiз ұшу биiктiгi (ТҚБ) мынадай формуламен есептеледi:
ТҚБ = 300 + рНбедер - pHt
мұнда рНбедер - қонуға бет aлу бағыты бойынша ҰҚЖ табалдырығының деңгейiне қатысты жасанды кедергiлер ескерiлген жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң биiктiгi, м;
pHt - көп жылдық бақылау бойынша әуеайлақтағы ең төменгi температура үшiн анықталатын биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол навигациялық сызғыш бойынша, немесе мынадай формула бойынша, м анықталады:
t0-150
pHt = _________ xHтүзету,
300
мұнда t0 - көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең төменгi температура, град;
Hтүзету = 300 + рНбедер
5. Әуеайлақ ауданында төменгi эшелоннан төмен ұшқанда қауiпсiз биiктiк мынадай формула бойынша есептеледi:
Нқауіпсіз аэр = Ншын қауіпсіз + pНкедергі - pНt,
мұнда Ншын қауіпсіз - ұшу және қону аймағындағы шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң анықталған мәнi, м;
pНкедергі - әуеайлақ деңгейiне қатысты ондағы табиғи кедергiлер ескерiлген жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң биiктiгi. Жасанды кедергiлер биiктiгi 300 км/сағаттан жоғары ұшу жылдамдығы кезiнде рН кедергіде, ал таулы жерлерде - жолақ енiнiң белгiленген шегіндегі ұшу жылдамдығына қарамастан барлық жағдайларда ескерiледi, м.
pНt - биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол навигациялық сызғыш бойынша немесе мынадай формула бойынша, м анықталады:
t0-150
pHt = _________ xHтүзету,
300
мұнда t0 - әуеайлақтағы нақты температура, град;
Hтүзету = Ншын қауіпсіз + рНбедер;
6. Бағыт (авиациялық жұмыстар ауданы) бойынша төменгi эшелоннан төмен қауiпсiз ұшу биiктiгi мынадай формула бойынша есептеледi:
Нқауіпсіз келтірілген = Ншын қауіпсіз + Нкедергі - pНt,
мұнда Ншын қауіпсіз - шын қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң анықталған мәнi, м;
Нкедергі - ондағы табиғи кедергiлер ескерiлген жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң абсолюттiк биiктiгi. Жасанды кедергiлер биiктiгi 300 км/сағаттан жоғары ұшу жылдамдығында Hкедергі, ал таулы жерлерде - жолақ енiнiң белгiленген шегіндегі ұшу жылдамдығына қарамастан барлық жағдайларда, ескерiледi, м.
pНt - биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол навигациялық сызғыш бойынша немесе мынадай формула бойынша, м анықталады:
t0-150
pHt = _________ xHтүзету,
300
мұнда t0 - ұшу немесе қону әуеайлағындағы (олардың iшіндегі азы) нақты температура, град:
Hтүзету = Ншын қауіпсіз + Нкедер
7. Күту аймағындағы төменгi эшелон биiктiгi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
Нтөмен760 = Найн. + 300 - pHt + (760 - Рәуеайл)х 11
Н 1013,2 = Найн. + 300 - pHt + (1013,2 - Рәуеайл)х 8,25,
мұнда:
Найн - айналым биіктігі, м;
Рәуеайл. - әуеайлақтағы нақты қысым, сын.бағ. бойынша мм. (мбар);
pHt - биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол навигациялық сызғыш бойынша, м, немесе мынадай формула бойынша анықталады:
t0-150
pHt = _________ xHтүзету,
300
мұнда t0 - әуеайлақтағы нақты температура, град:
Hтүзету = Найн + 300;
Қазақстан Республикасының
әуе кеңiстiгiнде ұшудың
негiзгi ережесіне
2-қосымша
Апат, шұғылдық сигналдары және азаматтық әуе кемелерiн ұстау
Апат сигналдары
1. Бiр уақытта не жеке-жеке берiлетiн апат сигналдары әуе кемесiне елеулi, тiкелей қауiп төнгенiн және оның шұғыл көмекке зәру екенiн білдiредi.
2. Ұшу кезіндегі апат туралы хабар ашық мәтiнмен, бiрiншi кезекте:
1) радиотелефонмен:
апатқа ұшыраудамын - 3 рет (халықаралық ұшуда «МЕЙДЕЙ»);
мен - бiр рет;
апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң шақыру белгiсi - 3 рет;
апат болған жердiң координаттары - 3 рет берiледi.
2) радиотелеграфпен:
радиотелеграфпен берiлетiн сигнал 3 рет қайталанатын «SOS» (... - - - ...) тобынан, 1 рет «ДЕ» (-..) үйлесiмiнен тұрады
this is (вис из) (халықаралық ұшу кезiнде);
апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң шақыру белгiсi - 3 рет;
апат болған жердiң координаты - 3 рет берiледi.
қысқа уақыт аралығында бiр-бiрден жiберiлетiн қызыл түстi жарқыл ракеталармен берiледi.
3) радиотелефонмен және радиотелеграфпен:
ұшу бағдары;
ұшу жылдамдығы;
ұшу биiктiгi;
апаттың сипаты мен қажеттi көмек;
экипаж командирiнiң шешiмi және iздестiру мен құтқаруға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер берiледi.
«SOS» немесе «Апатқа ұшыраудамын» сигналы берiлумен бiр уақытта қайталама радиолокация жүйесiнiң танып-анықтау аппаратурасының «Апат» сигналы мен борттағы ӘҚБ жауап бергiшіндегі «Авария» сигналы қосылады. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс ұшу кезiнде жауап бергiште 7700 «Апат» коды орнатылады.
3. Егер жағдай мүмкiндiк берсе, апат белгiсiнен кейiн:
жердiң ендiгi - 2 рет;
жердiң бойлығы - 2 рет;
орта-еуропалық уақыт (UTC) - 2 рет;
зақымданулар мен қажеттi көмек түрi - 1 рет;
ұшқыш қабылдаған шешiм және іздестіру мен құтқаруға ықпал ететiн басқа да мәлiметтер - 1 рет.
«Қабылдаймын» сөзi берiле отырып, апат туралы хабар берiлуi мүмкiн.
Апат туралы хабарды бергеннен кейiн радиоэфирдi тыңдау үшiн 1-2 минутке қабылдауға көшу керек.
4. Авариялық-құтқару ӨЖЖ радиостанциялармен жұмыс iстегенде апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң экипажы қонғаннан кейiн КОСПАС CAPCAT спутник жүйесiнiң пеленгациялауын қамтамасыз ету үшiн радиостанцияны дереу тональдық жөнелтумен беру режимiне («Маяк» режимi) қосу керек.
5. Апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының «Комар» үлгiсіндегі автоматты радиомаягы болса, парашютпен қонғаннан кейiн, оның таратқышының жұмысы тональдық жөнелтулерiн тыңдау арқылы тексерiледi. Таратқыштың бұл режимдегi жұмысы 3 сағат бойы жалғасады. Одан кейiн қабылдағыш-таратқышты радиомаяктың үрленбелi баллонынан алып, антеннасын орнату және қабылдау режимiне қосу керек.
6. Жерге қонғаннан кейiн алғашқы тәулiктердiң әр сағатының бастапқы кезiнде әр хабардың берілуiнен кейiн 3 минуттен қабылдау режимiне көше отырып, апат туралы үш дүркін хабар жөнелту жүргiзiледi, қалған уақытта радиостанция қабылдау режимiнде болуы тиiс. Кейiнгi тәулiктерде әр сағаттың бастапқы кезiнде әр хабардың берiлуiнен кейiн 3 минуттен қабылдау режимiне көше отырып, апат туралы үш дүркiн хабар жөнелту жүргiзiледi, қалған уақытта радиостанция сөндiрiледi.
7. Жерге қонғаннан кейiн берiлетiн хабар апат туралы әуеде берiлетiн хабарға ұқсас болады.
Iздестiру-құтқару ұшағының (тiкұшағының) дыбысы естіле бастағанда немесе оны көзбен көрiп байқағанда апат туралы хабар беру және онымен екi жақты байланыс орнату керек; егер екi жақты байланыс орнатудың орайы келмесе, апат туралы хабарды сүйемелдеп отыруға арналған сигналмен («Маяк» режимi) 1.5-2 минут iшiнде кезектестiру керек; ұшақ (тiкұшақ) экипажымен екi жақты радиобайланыс орнатылған кезде радиостанциямен одан кейiнгi жұмыс тәртібін iздестiру-құтқару ұшағы (тiкұшағы) экипажының командирi белгiлейдi.
8. Өзара радиобөгеттердi болдырмау үшiн апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының бiрнеше авариялық-құтқару ӨЖЖ радиостанцияларын хабар беру үшiн бiр жерде қосуға тыйым салынады.
Апатқа ұшыраушы әуе кемесiне оның иелiгіндегі кез-келген құралмен назар аударту үшiн өзiнiң қай жерде және қандай көмек қажет екенi туралы хабар жөнелтуiне осы бөлiмнiң бiрде-бiр ережесi тыйым салмайды.
Апат және шұғылдық сигналдарды электрбайланысы арналарымен берудiң егжей-тегжейлi ережелерi ИКАО-ның 10-қосымшасында, II том, 5-тарауда көрсетiлген.
Шұғылдық сигналдары
9. Шұғылдық сигналдары әуе кемесiнiң ұшқышы оның қонуға мәжбүр етiп отырған қиындықтарды басынан кешiп отырғанын, бiрақ шұғыл көмек керек емес екенiн бiлдiредi және былай берiледi:
1) қону шамдарын қайталап қосу және сөндiру;
2) импульстiк аэронавигациялық оттардың жыпылықтауынан ерекшеленетiн аэронавигациялық оттарды қайталап қосып және сөндiрiп отыру.
10. ӘК мен ондағы жолаушыларға және экипажға қауiп төнуi ықтимал болған жағдайда берiлетiн халықаралық шұғылдық сигналы:
1) радиотелеграфпен - «666» (немесе ХХХ тобы);
2) радителефонмен - «ПАН» (PAN) белгiсiмен берiледi.
11. Не бiрге, не бөлек берiлетiн төмендегi сигналдар:
1) радиотелеграфпен немесе сигнал берудiң басқа әдiсiнiң көмегiмен берілетiн және ХХХ-тер тобынан тұратын сигнал;
2) PAN, PAN деп дауыстап айтылатын сөздерден тұратын радиотелефондық шұғылдық сигналы;
3) мәлiметтердi беру желісімен жөнелтілетiн және PAN, PAN сөздерiнiң мәнiн беретiн шұғылдық хабарлары су бетіндегі кеменiң, әуе кемесiнiң немесе қандай да бiр басқа қозғалыс құралының қауiпсiздiгiне, борттағы немесе көзге түсетiн жердегi адамның қауiпсiздiгiне қатысты әуе кемесiнiң беретiн төтенше шұғыл хабары барын бiлдiредi.
Азаматтық әуе кемелерiн ұстау
12. Қазақстан Республикасының әуe кеңiстiгiнде азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мынадай қағидаттар қолданылады:
1) азаматтық әуе кемелерiн ұстау тек соңғы шара ретiнде қолданылады;
2) егер:
оны берiлген жол желісіне қайтарудың қажеттілігi болмаса;
оны мемлекет әуе кеңiстiгiнiң шегiнен шығарып жiберсе;
тыйым салынған аймақтан, ұшуларды шектеу аймағынан немесе қауiптi аймақтан басқа жаққа бағыттаса; немесе осы әуе кемесiне көрсетiлген әуеайлаққа қонуға бұйрық берiлсе ұстау, оны жүзеге асырған жағдайда әуе кемесiн танумен шектеледi.
13. Азаматтық әуе кемелерiн оқу-жаттығу мақсаттарында ұстауға тыйым салынады.
14. Радиобайланысты орнату мүмкiн болғанда, ұсталатын азаматтық әуе кемесiне радиотелефонмен ұшу бағытына қатысты нұсқау мен қажеттi мәлiметтер берiледi.
15. Әрбiр мемлекет ұшып бара жатқан азаматтық әуе кемелерiне қарсы қару қолданудан тартынуы тиiс.
16. Ұстауға байланысты қауiптi салдарларды болғызбау немесе азайту үшiн ұшқыштар мен ұшуларды басқаратын жердегi тиiстi органдар арасындағы әрекеттердi үйлестiрудi қамтамасыз етуге арналған барлық қолдан келетiн шаралар қабылданады, ол үшiн:
1) азаматтық әуе кемелерiнiң барлық ұшқыштары ұстап алынғанда олар орындауға тиiстi әрекеттер туралы бiлуге мiндеттi;
2) азаматтық әуе кемелерiнiң командирлерi 121,5 МГц жиiлiгiнде байланыс орнату мен ұстау ережелерiне, сондай-ақ көзге көрiнетiн сигналдар сериясын беру тәртібіне қатысты ережелердi орындайды;
3) әуе қозғалысына қызмет көрсету органының диспетчерлiк персоналы басқа әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын қамтамасыз ету үшiн қолға алынатын әрекеттер туралы бiлуге мiндеттi;