5) қонуға бет алу және екiншi айналымға кету аймағындағы кедергiлердi, сондай-ақ кедергiлердi ұшып өтудiң абсолюттiк (салыстырмалы) биiктiгiнiң шектi мәндерiн;
6) метеорологиялық жағдайларды анықтау және хабарлау үшiн қолданылатын құралдарды;
7) ауа райы туралы ақпараттың дәлдiгiн және сенiмдiлiгiн;
8) жердiң сипаттамаларын (мысалы, күрт көтерiлуiн);
9) қолайсыз метеорологиялық жағдайларға (күштi турбуленттілік, төмен ұратын ауа ағындары) кез болуды.
696. Аса жеңiл ұшу аппараттарының ұшуы үшiн бұлттардың төменгi шекарасының биiктiктiгi кемiнде 400 м және көру мүмкiндiгi кемiнде 5000 м болғанда ауа райының минимумын белгiлеу, бұл ретте бағыт бойынша ұшуды кедергiлер үстiмен кемiнде 50 м биiктiкте орындау ұсынылады.
697. Ұшып шығу және қону орындалған кезде бүйiрден соққан желдiң ең көп шамасы көрсетiлуi тиiс. Оларды жүргiзудiң жағдайлары туралы ақпаратты (құрғақ және қатты жер бетi, қармен жабылған, ылғалды) ұсыну керек.
698. ӘҚҚ тиiстi органдары бағыттары немесе олардың учаскелерiнде жер үстіндегі биiктiктiң ең аз абсолюттiк запасы қамтамасыз етiлетiн ұшудың биiктiктiгiн анықтау үшiн қажеттi ақпаратқа ие болуы тиiс, оларға мұндай ақпарат ұшуды жоспарлау мақсатында және оны сұрау салу бойынша ұшып келе жатқан ұшу аппаратының бортына беру үшiн қажет болады.
699. Әуе қозғалысын басқару органдарынан алынған диспетчерлiк рұқсат бар жағдайларды қоспағанда, КҰЕ бойынша ұшқан кезде диспетчерлiк аймақ шегіндегі әуеайлақтан ұшып шығу немесе оған қону немесе әуеайлақтық қозғалыс аймағына немесе қозғалыс сызбасына кiру, егер:
1) бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 450 м (1500 футтан) аз;
2) жердегi көру мүмкiндiгi 5 км аз болса орындалмайды.
50-тарау. Аса жеңiл ұшу аппараты
ұшқышының пайдалану анықтамалығы
700. Ұшқыштың пайдалану анықтамалығы (бұдан әрi - ҰПА) осы ұшу аппараты үшiн Ұшуға жарамдылығы жөніндегі тиiстi өкiлеттi органдардың ережелерiн сақтай отырып, дайындалуы тиiс. Ол ұшу аппаратының (бұдан әрi ҰA) ұшқыштарына ұшуға дайындалуға және нақты ҰА ұшудың өзін орындау үшiн қажеттi барлық iс-әрекеттердi орындау жөніндегі нұсқаулық тапсырмаларын қамтуы тиiс.
701. ҰПА ҰA, оның жүйесiнiң, ұшқыштың жай жағдайлар мен авариялық жағдайлардағы iс-әрекеттерi тәртібінiң сипаттамасын, сондай-ақ ұшқыш ҰА қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ете алатындай болуы үшiн ҰA ұшу-техникалық мiнездемесiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасын және ҰА әрекет ету ерекшелiктерiн (жай және қолайсыз жағдайларда: жаңбыр, бүйiрден соққан жел, қар болған кезде) қамтиды.
702. ҰПБ бекiткен болып табылмайтын ҰПА-да ол тиiстi өкiлеттi авиациялық органның ережелерiне сәйкес ұшқышты жабдықтау талап етiлетiн материалды қамтиды деп атап өтiледi. Анықтамалық ҰA бортында үнемi болуы тиiс.
703. ҰПА-да олардың көмегiмен ҰA ұшқышы ұшу аппаратын басқарып ұшудың қажеттi тәртібін, оған май құюды, оны күтiп-баптау мен техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ете алатын тәсiлдер көрсетiледi.
704. ҰА иесi немесе оның пайдаланушысы болып табылатын ұшқыш тиiстi өкiлеттi авиациялық органның ҰА-ға шектелген көлемде профилактикалық техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге рұқсат алуы мүмкiн. ҰА-ға барлық басқа техникалық қызмет көрсетудiң (мерзiмдi регламенттiк қараулар, шектелген қызмет мерзiмi бар агрегаттарды қарау) барлық басқа түрлерiн мамандардың тиiстi куәлiктерi бар тұлғалар жүзеге асыруы тиiс.
705. Анықтамалықта ҰA ұшу қауiпсiздiгi мен пайдалану мәселелерi жөніндегі жалпы ақпарат қамтылуы тиiс, ол мыналарды:
1) метеожағдайлар және оның ұшу аппаратына әсерi туралы мәлiметтердi (турбулентiк аймақта, желдiң ығысу ауданында, жаңбырда, мұздану жағдайларында ұшу);
2) жүйелердi пайдалану мәселелерiн (отын жүйесiнiң ластануы, аспаптардың жұмыс жағдайында сақталуы, жекелеген элементтердiң iстен шығуы);
3) ұшу аппаратының түрлi ұсынылған жылдамдықтарда, крен бұрышының ықпалын ескере отырып ұшу кезiнде түрлi пiшiнде құлау кезiнде ҰA басқару сипаттамасын, штопор кезiнде басқару сипаттамаларын;
4) отынды үнемдеу жөнiнде жалпы шараларды қабылдап, сыртқы ауа температурасы жоғары, топырақты-қиыршықтасты ҰҚЖ биiк таулы әуеайлақтарда ҰА пайдалану кезіндегі, биiктiктiң белгiленген қорын қамтамасыз ету кезiнде кедергiлердi ұшып өтуге байланысты, iстен шыққан қозғалтқышпен (бip жұмыс iстейтiнмен) ұшу кезіндегі ұшу-техникалық сипаттамаларды қарау;
5) ұшуға жарамдылығының директивалары, аэронавигациялық ақпарат жинақтары, қауiпсiздiк мәселелерi жөніндегі бюллетендер, авиациялық оқиғалар (соқтығыстар) туралы хабарламалар (ерiктi негiзде) туралы ақпаратты, сондай-ақ ҰА пайдалану кезiнде қауiпсiздiктi арттыруға ықпал ететiн кез келген басқа ақпаратты қамтиды.
706. Анықтамалықта ҰА бортында мiндеттi тәртiппен талап етiлетiндерге жатпайтын жүйелер мен жабдықтарды қауiпсiз пайдалану үшiн олардың сақталуы қажет шектеулер туралы деректер берiлуi тиiс:
1) ҰА осы үлгiсiнде рұқсат етiлетiн ұшудың түрлерi (жай ұшу, авиациялық жұмыстарды орындау үшін ұшу, мәнерлі ұшу);
2) маневр жасаудың әуе жылдамдығының шектi мәндерi, салмағы, теңдестiру бойынша шектеулер;
3) теңдестiру бойынша шектеулерi тәуелсiз болып табылатын ҰА қатысты жүктiң (теңдеме жүктiң) рұқсат етiлген салмағын көрсеткен жөн;
4) отын бойынша белгiленген шектеулер, оның ең көп запасы, отын мен қоспалардың белгiленген сапасы, отын шығыны (ең жоғарғы және ең төменгi шектерi), отынның пайдаланылмаған саны;
5) температураның және күш қондырғысының құрамдас бөлiктерi және қозғалтқышта пайдаланылатын сұйықтық үшiн тиiстi абсолюттi биiктiктердiң белгiленген шектi мәндерi;
6) ұшу қуаты, қуаттың ең жоғарғы ұзақ режимi жөніндегі қозғалтқыштың белгiленген пайдалану шектеулерi, бұраманың айналу жылдамдығы бойынша шектеулер;
7) турбобұрамалы қозғалтқыштары бар ҰА қатысты барометрлiк биiктiкке байланысты сыртқы ауаның ең төменгi және ең жоғарғы мәндерiмен көрсетiлетiн шектеулер көрсетiлуi тиiс.
51-тарау. Планерларда, дельтапландарда, парапландарда ұшу
707. Ұшу-қону алаңында ұшуды ұйымдастыру, әуе кеңiстiгiн пайдалану және дельтопландарда ұшуды басқару Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласында қолданылатын нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүргiзiледi.
708. Дельтопландарда ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында мынадай ерекшелiктер ескерiлуi тиiс:
1) ұшудың биiктiгi мен бағыты бойынша ауыспалы профилi, ол экипаждың ауаның шығыс ағындарын зерттеуiне байланысты;
2) қалқу үшiн метеожағдайдың болмауынан бағыттың кез келген учаскесiнде ұшуды мәжбүрлi тоқтату мүмкiндiгi;
3) бағытты ұшуды орындайтын экипаждармен сенiмдi радио-байланыстың болмауы.
709. Дельтопландарда бағытты ұшудың қауiпсiздiгiне:
1) бағыттар бойында мәжбүрлi қону жағдайына арналған алаңы бар қауiпсiздiк жолағын (дәлiзiн) орнатумен;
2) дельтопландардың ұшу ауданына басқа ұшу аппараттарының кiруiне тыйым салумен;
3) экипаждың байқағыштығымен;
4) ұшуды iздестiру-құтқарумен қамтамасыз ету арқылы қол жеткiзiледi.
710. Егер екi немесе одан көп ауадан ауыр ұшу аппараттары қону мақсатында әуеайлаққа жақындаса, неғұрлым жоғары деңгейдегi әуе кемесi неғұрлым төменгi деңгейдегi әуе кемесiне жол бередi, алайда соңғы кеме бұл ереженi қонуға бағыт алудың соңғы сатысындағы басқа әуе кемесiнiң жолын кесiп өту үшiн немесе осындай әуе кемесiн басып озу мақсатында пайдаланбайды. Күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлген ауадан ауыр әуе кемесi планерларға жол бередi. Басып озылатын ұшу аппараты бiрiншi кезектілік құқығын пайдаланады, ал озып кеткен ұшу аппараты оның биiкке көтерiлгенiне, төмендегенiне немесе көлденең ұшқанына қарамастан, оңға бұрылып жол бередi; бiр-бiрiне қатысты осы екi ұшу аппаратының қозғалысындағы бұдан кейiнгi ешқандай өзгерістер жеткiлiктi қашықтауды қамтамасыз еткен кезде озу толығымен аяқталғанға дейiн озып кеткен ұшу аппаратын осы талапты орындаудан босатпайды.
711. Екi ұшу аппараты қарама-қарсы бағытта немесе қарама-қарсыға жақын бағытта жақындаған кезде және бұл ретте соғысып қалу қаупi болса, онда осы ұшу аппараттарының әрқайсысы оңға бұрылып кетедi.
52-тарау. Аэростаттарда ұшуды орындау
712. Аэростаттарда ұшу коммерциялық, спорттық және ғылыми мақсатта тәулiк бойы орындалуы мүмкiн. Ұшуға мемлекеттік және тiркеу тану белгiлерi бар ұшуда пайдалануға жарамды және ӘҚҚ органдарымен байланыс құралы бар аэростаттар жiберiледi.
713. Аэростатты пайдалану аумағынан оны ұшыру жүргiзiлетiн мемлекеттiң уәкiлеттi авиациялық органдарының рұқсатымен жүргiзiледi.
714. Аэростаттың басқа мемлекеттiң аумағы арқылы ұшуы осы мемлекеттiң рұқсатын алғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады. Егер ұшуды дайындау кезiнде аэростат басқа мемлекеттiң аумағының әуе кеңiстiгiнде самғауы мүмкiн деп нақты күтiлсе, мұндай рұқсат аэростаттың ұшуы алдында алынады.
715. Аэростат тiркеу мемлекетi және аумағының үстiнен ұшу ұйғарылатын мемлекет (мемлекеттер) анықтайтын шарттарға сәйкес пайдаланылады.
716. Аэростаттарда барлық ұшу белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының әуе қозғалысын ұйымдастыру, жоспарлау және қызмет көрсету жөніндегі тиiстi мемлекеттік өкiлеттi авиациялық органдарына берiлген өтiнiмдерге қатаң сәйкестiкте жүзеге асырылады.
717. Аэростаттардың ұшуын орындау үшiн тәулiктiк және ағымдағы жоспарлау жүзеге асырылады. Аэростаттарда ұшуды орындайтын ұйым ұшудың ұйғарылатын күнiне дейiн 4 күннен кешiктiрмей тиiстi мемлекеттік органға өтiнiш бередi.
718. Өтiнiште мыналар көрсетiледi:
1) аэростаттың ұшу мақсаты немесе жұмыстардың кодтық атауы;
2) пайдаланушының атауы және оның деректемелерi;
3) ұшудың басталу күнi және есептi уақыты;
4) ұшырылу орны;
5) ұшуды аяқтаудың есептi күнi мен уақыты, жерге қону ауданындағы ұйғарылатын орны. Ұшуды аяқтаудың күнi мен уақытын, сондай-ақ жерге қону орнын дәл айту мүмкiн болмаса, ұзақ ұшуды орындайтын аэростаттар үшiн «үлкен ұзақтық» деген термин пайдаланылады;
6) аэростаттың тiркелу нөмiрi;
7) ұшудың ұйғарылатын бағыты;
8) ұшудың есептi биiктiгi.
719. Ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған жұмыстардың жауапты басшысы ұшу күнiнiң алдында тиiстi өкiлеттi органдарда өтiнiмнiң өтуiн, оның бекітілуiн және қамтамасыз етiлуiн нақтылайды.
720. Өтiнiште көрсетiлген ұшу алдындағы ақпараттағы кез келген өзгерістер тиiстi өкiлеттi органға ұшудың есептi уақытына дейiн 6 сағаттан кешiктiрмей немесе күннiң немесе ғарыштың ауытқуын зерттеген жағдайда ұшудың есептi басталу уақытына дейiн 30 минуттан кешiктiрмей жiберiледi.
721. Ұшқыш аэростаттың стартынан кейiн дереу ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына мынадай ақпарат бередi:
1) аэростаттың ұшуын (мақсатын) белгiлеу;
2) старт орны, шақыру белгiлерi;
3) iс жүзіндегі старт уақыты;
4) ұшу биiктiгiн алудың есептi уақыты;
5) ӘҚҚ органына алдын ала хабарланған ақпараттағы кез келген өзгерістер.
722. Ұшу процесiнде ұшу биiктiгiн өзгерту қажет болған кезде аэростаттың ұшқышы, егер ұшуға өтiнiмде ұшу ауданының шегіндегі барлық биiктерде ұшуға рұқсат көрсетiлмесе, ұшуды басқару орталығынан немесе ӘҚҚ диспетчерiнен осы маневрге рұқсат алуы тиiс.
723. Ұшудың бүкiл ұзақтығында аэростаттың ұшқышы жауапкершiлiк аймағында орналасқан ӘҚҚ органы жұмысының белгiленген байланыс радиожилiгiн тыңдайды.
724. Жоспарланған төмендеу басталғанға дейiн 20 минут бұрын ұшқыш ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ тиiстi органына мынадай ақпаратты жiбередi:
1) осы сәттегi орналасқан орны;
2) ұшудың эшелоны (барометрлiк биiктiгi);
3) жерге қонудың есептi уақыты мен орны.
725. Ұшуды аяқтау үшiн төмендеудiң тiкелей алдында аэростаттың ұшқышы ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына өзiнiң шақырылу белгiсiн, жерге қону орнын (ауданын) және жерге қонудың ұйғарылатын уақытын хабарлайды.
726. Жерге қонғаннан кейiн аэростаттың ұшқышы егер радиобайланыс мүмкiндiк берсе, 5 минуттан кешiктiрмей ұшуды басқару орталығына және ӘҚҚ органына ұшудың аяқталғаны және бұдан кейiнгi iс-әрекеттерi туралы баяндайды.
53-тарау. Жалпы пайдалану талаптары
727. Аэростатты, дирижабльдi басқаруға жасы 18-ден кiшi емес, арнайы дайындық алған, аэростаттарда және дирижабльдерде ұшу құқығына тиiстi құжаттары бар адамдар жiберiледi.
728. Ұшу уақытында аэростатта, дирижабльде мынадай құжаттар мен жабдық болуы тиiс:
1) тiркеу туралы куәлiк;
2) ұшуға жарамдылығы туралы куәлiк;
3) борт журналы;
4) ұшу картасы;
5) борт радиостанцияларына рұқсат;
6) Ұшуды басқару орталығымен және ӘҚҚ органдарымен радиобайланыс жасауға мүмкiндiк беретiн борт радиостанциялары;
7) ұшу биiктiгiн есептеуге және бақылауға арналған барометр (биiктiк өлшегiш);
8) компас;
9) өрт сөндiрудiң алғашқы құралдары.
729. Аэростаттарда, дирижабльдерде ұшуды орындауға рұқсат етiлетiн ең төменгi метеорологиялық жағдайлар түрлi аудандар үшiн әзiрленетiн ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарда келтiрiледi.
730. Ұшулардың орындалуын жоспарлау болжанатын метеожағдайлардың негiзiнде: көру мүмкiндiгi 5000 м кем емес және бұлттардың төменгi шекарасы 400 м кем емес биiктiкте жүзеге асырылады.
731. Ұшуларды орындау iс жүзіндегі ауа райында жүргiзiледi, бұл ретте жерде желдiң жылдамдығы 5 м/сек-тен аспауы тиiс, ұшудан төмен биiктiктегi бұлт мөлшерi 4 октанттан аспауы тиiс.
732. Аэростаттардың, дирижабльдердiң iрi қалалардың немесе кенттердiң халық қоныстанған аудандарының үстiнен, сондай-ақ ашық ауада адамдардың шоғырының үстiнен ұшып өтуiн 300 м төмен емес биiктiкте жүргiзуге рұқсат eтiледi.
733. Ұшуды басқару орталығынан, ӘҚҚ органдарынан бағыт бойынша аэростат үшiн қауiптi метеорологиялық құбылыстардың (найзағай, бұршақ, бұлғақтау, желдiң жылжуы, мұз қату, құйын, дауыл, шаңды боран, күштi нөсерлеткен жауын-шашын) бар болуы туралы ақпарат алған немесе өзi дербес қадағалаған жағдайда аэростат ұшқышы, ұшуды басқару орталығы мен ӘҚҚ органын жерге қону туралы хабардар ете отырып, жақын маңдағы бұл үшiн ыңғайлы жерге оны қондыруды қамтамасыз етуi тиiс.
54-тарау. Басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттардың ұшуы
734. Басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттардың жiктелуi.
Басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттар былайша жiктеледi:
жеңiл - егер төмендегi 2, 3 немесе 4-тармақтардағы кез келген өлшемдерге сәйкес ол ауыр ретiнде жiктелмесе жалпы салмағы 4 кг-дан кем емес бiр немесе одан да артық орамдарда пайдалы жүк алып жүрген, басқарылмайтын ұшқышсыз аэростат; немесе
орташа - егер төмендегi 2, 3 және 4-тармақтардағы өлшемдердiң кез келгенiне сәйкес ол ауыр ретiнде жiктелмесе, екi немесе одан да артық орамдарда жалпы салмағы 4 кг және одан да артық, бiрақ 6 кг кем пайдалы жүктi алып жүрген басқарылмайтын ұшқышсыз аэростарт; немесе
ауыр - басқарылмайтын ұшқышсыз аэростат, ол:
1) жалпы салмағы 6 кг немесе одан да артық пайдалы жүк алып жүрсе; немесе
2) салмағы 3 кг немесе одан да артық орамды қамтитын пайдалы жүк алып жүрсе; немесе
3) әр шаршы сантиметрге 13 кг меншiктi жүктемесi бар салмағы 2 кг немесе одан да артық орамды қамтитын пайдалы жүк алып жүрсе; немесе
4) 230 H немесе одан да артық соққы жүктемеге төтеп беретiн тросты немесе басқа да құрылғыны iлiнген жүктi аэростаттан ажырату үшiн пайдаланса.
Меншiктi жүктеме грамдардағы пайдалы жүк орамының жалпы салмағын шаршы сантиметрлердегi ең аз беттiң көлемiне бөлу арқылы анықталады.
735. Жалпы пайдалану ережелерi.
Басқарылмайтын ұшқышсыз аэростатты пайдалану аумағынан оны ұшыру жүргізілетін мемлекеттiң тиісті рұқсатынсыз жүзеге асырылмайды.
Метеорологиялық мақсаттар үшiн ғана қолданылатындарын және тиiстi орган ұйғарған тәсiлмен пайдаланатындарынан басқа кез-келген басқарылмайтын ұшқышсыз аэростатты пайдалану басқа мемлекеттiң аумағы арқылы осы мемлекеттiң тиiстi рұқсатынсыз жүзеге асырылмайды.
Егер ұшуды дайындау кезiнде аэростаттың басқа мемлекеттiң аумағы үстіндегі әуе кеңiстiгiнде самғауы нақты күтiлсе, 2-тарауда ескерiлген рұқсат аэростатты ұшырудың алдында алынады. Мұндай рұқсат аэростаттар ұшуының сериясына немесе мерзiмдi арнайы ұшуға, мысалы, аэростаттардың атмосфераны зерттеу мақсатында ұшуына алынуы мүмкiн.
Басқарылмайтын ұшқышсыз аэростат тiркеу мемлекеттерi және аумағының үстiнен ұшу көзделетiн мемлекет (мемлекеттер) белгiлеген шарттарға сәйкес пайдаланылады.
Басқарылмайтын ұшқышсыз аэростатты аэростаттың немесе оның пайдалы жүгiн қоса алғанда, оның кез-келген бөлiгiнiң жер бетiмен соқтығуы нәтижесiнде осы ұшуға қатысы жоқ тұлғалар немесе мүлiк үшiн қауiп туатындай етiп пайдалануға жол берiлмейдi.
Ауыр басқарылмайтын ұшқышсыз аэростатты ашық теңiз үстiнде пайдалану ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi органымен алдын ала келiспейiнше, жүзеге асырылмайды.
736. Пайдалану шектеулерi және жабдыққа қойылатын талаптар.
Басқарылмайтын ұшқышсыз аэростатты:
1) 8 км-ден кем бұлт немесе басқа да бұлыңғырлағыштар болса;
2) көлденең көру мүмкiндiгi 8 км-ден кем аумақты құрайтын 18000 м (60 000 фут) немесе одан төмен барометрлiк биiктiкте пайдалану ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi органының рұқсатынсыз жүзеге асырылмайды.
Ауыр немесе орташа басқарылмайтын ұшқышсыз аэростат iрi қалалардың, қалалар немесе кенттердiң халық қоныстанған аудандары үстінен немесе ұшуға қатысы жоқ адамдардың ашық жердегi шоғырлары үстiнен ұшуы 300 м-ден (1000 фут) төмен емес биiктiкте өтетiндей ұшырылады.
737. Ауыр басқарылмайтын ұшқышсыз аэростат:
1) ол ұшуда пайдалы жүктi ағытып тастауға арналған автоматты түрде немесе телекоманда арқылы басқарылатын және бiр-бiрiнен тәуелсiз қызмет ететiн кем дегенде екi құрылғымен немесе жүйелермен жабдықталса;
2) аэростат қабының ұшуын аяқтау үшiн нөлдiк қысымы бар полиэтилен аэростаттарына қатысты бiр-бiрiнен тәуелсiз қызмет ететiн жүйенiң немесе құрылғының немесе олардың құрамдастарымының ең аз дегенде екi тәсiлi қолданылса ғана пайдаланылады.
Артық қысымы бар аэростаттар үшiн мұндай құрылғылар талап етiлмейдi, өйткенi мұндай аэростаттар пайдалы жүктi ағытқаннан кейiн жоғары көтерiлiп, жарылады және сондықтан аэростатты тесуге арналған құрылғының немесе жүйенiң қажетi жоқ. Мұндай жағдайларда артық қысымы бар аэростат сырттағыға қарағанда, iшкi қысымы жоғары болатын қысым айырмашылығына төзiмдiлiк қабiлетке ие кеңеймейтiн қарапайым қабық болып табылады. Бұл аэростат түнгi кездегi газдың аз қысымы, дегенмен, қабықты толық керетiндей болып үрленедi. Артық қысымы бар мұндай аэростат одан өте көп газ шығып кеткенге дейiн iс жүзiнде тұрақты биiктiктi сақтайтын болады.
3) аэростаттың қабығы 200 МГц-тен басталатын жиiлiктер өрiсiнде жұмыс iстейтiн жердегi радиолокаторға радиолокациялық сигналдардың шағылуын қамтамасыз ететiн не радиолокациялық шағылу құрылғысымен (құрылғыларымен), не радиолокациялық шағылу материалымен жабдықталған және/немесе аэростат операторға оны жердегi радиолокатор әрекетi радиусынан тысқары жерлерде үздiксiз қадағалап отыруға мүмкiндiк беретiн осыған ұқсас басқа қондырғылармен жабдықталған.
Егер аэростат белгiленген кодта үздiксiз жұмыс iстеп, биiктiк туралы мәлiметтердi ұсынуға қабiлеттi немесе қажеттілікке қарай қадағалау станциясы арқылы iске қосылатын қайталама шолу радиолокаторының қабылдағыш-жауап бергiшiмен жабдықталмаса, ауыр басқарылмайтын ұшқышсыз аэростат жердегi ҚШРЛ жабдығы қолданылатын ауданда пайдаланылмайды.
738. Басқарылмайтын ұшқышсыз ауыр немесе орташа аэростат мемлекеттік шекалардан өтiп кететiндiгiн пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, ӘҚҚ тиiстi органы 1-сыныптағы НОТАМ хабарларын пайдалану арқылы тиiстi мемлекеттiң (мемлекеттердiң) ӘҚҚ органына (органдарына) ұшырылу және ұшырылудың болғаны туралы алдын ала ақпарат жiберiлуiн ұйымдастырады. Мүдделi мемлекеттер арасындағы келісім бойынша ұшырылу туралы хабарлама тиiстi аудандық диспетчерлiк орталықтары/ұшу ақпаратының орталықтары арасындағы ӘҚҚ тiкелей ауызба-ауыз сөйлесу тiзбегi арқылы ауызша нысанда жолдануы мүмкiн.
739. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мүмкiндiгiне қарай орташа және ауыр басқарылмайтын ұшқышсыз аэростаттарды радиолокациялық бақылауды жүзеге асырады және қажет болғанда, сондай-ақ қандай да бiр әуе кемесi ұшқышының өтiнуi бойынша сол әуе кемесiнiң және радиолокатордың көмегiмен танылған немесе нақты орналасқан орны белгiлi осындай аэростаттардың арасындағы радиолокациялық эшелондауды қамтамасыз етедi.
55-тapaу. Iздестіpу және авариялық-құтқару жұмыстары
740. Іздестiру және авариялық-құтқару жұмыстары апатқа ұшыраушы немесе ұшыраған әуе кемелерiнiң жолаушылары мен экипаждарын құтқару мақсатында ұйымдастырылады.
Іздестiру мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыруды Бiртұтас авиациялық iздестiру-құтқару қызметi (БАIҚҚ) туралы ережеге және Қазақстан Республикасының авиациясы үшiн iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі арнаулы нұсқаулыққа сәйкес әрекет ететiн Қазақстан Республикасы БАIҚҚ-нiң бөлiмшелерi жүзеге асырады.
741. Iздестiру-құтқару жұмыстары мынадай жағдайларда:
1) әуе кемесiнiң бортынан авариялық сигнал алынғанда (4-қосымша);
2) теңiз кемесiнiң апаты туралы хабар алынғанда;
3) егер әуе кемесi есептелген ұшып келу уақытынан кейiнгi 10 минут iшiнде белгiленген пунктке келiп қонбаса, ал онымен радиобайланыс үзiлсе;
4) егер әуе кемесiнiң экипажы қонуға рұқсат алса және қону уақытынан кейiн 5 минут iшiнде қонбаса, ал онымен радио-байланыс үзiлсе;
5) егер экипаждың хабарлауы бойынша немесе басқа да хабарлаулар бойынша әуе кемесiнiң жай-күйi немесе отын қалдығы ұшудың қауiпсiз аяқталуына кепiлдiк бермейтiнi белгiлi болса;
6) ғарыш кемесiнiң жауапты ауданда қонуы болжанғаны туралы хабар алынса;
7) егер әуе жолымен (жолынан тыс) ұшу кезiнде әуе кемесiнiң экипажымен байланыс жоғалса және 20 минуттың iшiнде оның орналасқан орнын анықтау мүмкін болмаса;
8) АА ұйымы басшысының немесе жоғары бастықтың нұсқауы болғанда орындалады.
742. Әуеайлақ аумағы мен ауданында iздестiру-құтқару жұмыстарын орындау үшiн iс-әрекеттерi арнайы Нұсқаулықпен белгiленген жердегi iздестiру-құтқару командалары (ЖIҚК), авариялық құтқару командалары (АҚҚ) құрылады.
743. Іздестіру-құтқару ұшу экипаждарының құрамына жердегi және арнайы ұшу жаттығуларынан өткен және арнайы рұқсаты бар ұшу құрамы тағайындалады.
744. Іздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн арнайы бөлiнгендерiнен басқа, көзбен шолып iздестiру және көшiру жұмыстарын орындау үшiн iздестiру-құтқару жабдықтары жоқ, сондай-ақ iздестiру ауданына жiберiлуi мүмкiн резервтiк, санитарлық, патрульдiк және әуедегi әуе кемелерi де қолданылуы мүмкiн.
745. Іздестiру-құтқару әуе кемелерiнiң кезекшiлiгiне бөлiнген ұшу мерзiмдерi апат сигналы алынған сәттен бастап жазда 30 минуттен және қыста 45 минуттен аспауы тиiс.
746. Әуе кемесiнiң апаты туралы дабыл немесе басқа да ақпарат алған ӘҚҚ органының диспетчерi бұл туралы ұшу басшысына тез арада хабарлауға, өзiнiң иелiгіндегі құралдармен әуедегi және жердегi iздестiру-құтқару топтарына апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң орналасқан жерiн анықтауға дабыл жариялауға және әуе кемесiнiң экипажына қалыптасқан жағдайға сәйкес көмек көрсетуге мiндеттi.
747. Басқа әуе кемесiнен немесе iшкi жүзу теңiз кемесiнен апат дабылын алған немесе оның апатқа ұшырауын немесе ұшырағанын, не қатер төнген адамдарды анықтаған әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) оларға қолынан келген көмектi көрсетуге, апат болған жердi картада белгiлеуге және ӘҚҚ органының диспетчерiне апат туралы хабарлауға мiндеттi.
748. Авариялық-құтқару командасын әуежайда жинау үшiн ӘҚҚ диспетчерлiк органы хабардарландырудың «Дабыл» және «Дайындық» белгiлерiн қолданады.
1) «Дабыл» белгiсi авиациялық оқиға күтпеген жағдайда болғанда немесе осы әуеайлаққа апатқа ұшыраушы әуе кемесiнiң күтiлген қонуына 30 минуттен аз уақыт қалғанда берiледi. Осы белгi бойынша АҚҚ барлық құрамы өздерiнiң керек-жарақтарымен белгiленген нормативтiк уақыттың iшiнде хабарлау кезiнде көрсетiлген авиациялық оқиға болған жерге немесе шаршыға келiп жетедi және авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға кiрiседi;