2) аэронавигациялық ақпараттар жинақтарын шетел басылымдарының радионавигациялық карталары мен анықтамалық материалын пайдалану тәртібін;
3) шетел мемлекеттерiнiң әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетудi (ӘҚҚ) ұйымдастыруды;
4) кедендiк және төлқұжаттық бақылау рәсiмдерiн;
5) ұшуды ұйымдастыруды және ресiмдерiн;
6) ұшу жоспарын ұсынуды толтыру және ұшу алдындағы аэронавигациялық ақпаратты алу ережесін;
7) iздестiру-құтқаруды қамтамасыз ету тәртібін;
8) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету тәртібін;
9) төмендеу қонуға бет алу кезiнде және қонуды орындағаннан кейiн маневрлердiң құрылу схемасын;
10) азаматтық әуе кемелерiн шетел мемлекеттерiнiң әуе күштерiне қарсы қорғаныс истребительдерiмен ұсталған кезде халықаралық сигналдар мен рәсiмдердi;
11) ағылшын тілінде радиотелефон байланысын жүргiзу ережесін (ӘК командирi, екiншi ұшқыш, штурман, бортрадист);
12) әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз ету үшiн қажеттi деңгейде ағылшын тілін (бортинженер, бортмеханик және бортоператор) бiлуге мiндеттi.
663. Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде әуе кемесiнiң командирi жағдайға қарай бағыт бойынша ұшуды тоқтату және ұшып шыққан пунктке оралу немесе қосалқы әуеайлаққа қону туралы шешiм қабылдауға құқығы бар.
Әуе кемесiнiң командирi қабылдаған шешiм туралы жедел түрде ӘҚҚ-ның тиiстi органына хабарлауға мiндеттi.
664. Халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемесiнiң командирi:
1) экипаж мүшелерiнiң шетел мемлекетiнiң аумағында заңдары және тәртiп сақтау ережелерiн орындауына;
2) әуе кеңiстiгiнде ұшу орындалатын мемлекеттiң ұшу ережелерiнiң орындалуына;
3) келетiн мемлекет белгiленген иммиграциялық, кедендiк және карантиндiк ережелердiң орындалуына;
4) кеме, жүк, кедендiк, карантиндiк және иммиграциялық құжаттардың болуына және дұрыс ресiмделуiне;
5) экипаж мүшелерiнiң ұшу алдындағы демалысын ұйымдастыруға;
6) ауруына немесе басқа себептер бойынша өз мiндеттерiн орындауға дәрменсiз болған экипаждың кез келген мүшесiнiң шетелдiк әуежайдан ұшып шығуына қамтамасыз етуге жауап бередi.
665. Чартер (фрахтау) шарты бойынша халқаралық ұшуды орындау кезiнде әуе кемесiнiң командирi чартер шарты бойынша ұшу тапсырмаларын бiлуi және қатаң орындауы тиiс.
666. Шу бойынша шектеулер енгiзiлген әуежайларда әуе кемесiнiң командирi ҰПБ жол берiлетiн шамада шу шектеулерi бойынша талаптарды сақтау жөніндегі қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi.
667. Әуе кемесiнiң командирi ұшудың осы жағдайында шуды азайту жөніндегі рәсiмдер ұшу қауiпсiздiгiне терiс әсерiн тигiзетiн болса, шуды азайту жөніндегі рәсiмдердi сақтамауға құқылы.
668. Әуе кемесiнiң командирi шетелдiк әуежайдан ұшуға шешiм қабылдаған кезде ондағы iс жүзіндегі және болжамдалатын ауа райы туралы мағлұматтар болмаған кезде, азаматтық авиациядағы Ұшу ережелерiнiң талаптарына сай келетiн қосалқы әуеайлақ болса, баратын әуеайлаққа ұшуға құқығы бар.
669. Әуе кемесiнiң экипажына көзбен шолып қонуға бет алуға белгiленген минимумнан төмен емес ауа райы кезiнде көзбен шолып қонуға рұқсат етiледi.
670. Ұшу бағытын зерделеу кезiнде экипаж аэронавигациялық жағдаймен, ұшып баратын және қосалқы әуеайлақтармен, сондай-ақ мәжбүрлi (авариялық) қонатын жағдайларда жол бойында орналасқан әуеайлақтармен танысуы тиiс.
671. Қонуға бет алу үшiн тек VOR (NDB) маягi көзделген таулы әуеайлаққа ұшуға дайындық кезiнде экипажға әуе кемесiн ұшу-қону жолағының қақпасына шығарудың тиiмдi дәлдiгiн қамтамасыз ету үшiн басқа да бақылау және бағдарлау құралдарын қосымша анықтау қажет.
672. Әуе жақындаулары шектеулi және қонуға кiру немесе биiкке көтерiлу сызбасы стандартты емес таулы әуеайлаққа ұшу үшiн экипаж аспап бойынша ұшудың ең төменгi рұқсат етiлген жылдамдығын шектеу жөнiнде және әртүрлi ұшу салмақтары үшiн түрлi пiшіндегі жантаю бұрыштары жөніндегі мәлiметтердi нақтылауы қажет.
673. Ұшу алдындағы дайындық кезiнде экипаж әуежай әкiмшiлiгiнiң өкiлiнен (немесе азаматтық авиация ұйымының өкiлiнен), мыналарды:
1) ұшудың бекітілген флайт-жоспарын;
2) аэронавигациялық ақпарат бюллетенiн (НОТАМ);
3) метеорологиялық ақпараттық материалын;
4) коммерциялық жүктердiң тиелуi туралы алдын ала мәлiметтердi қамтитын ұшу ақпараттары құжаттарын алуы тиіс.
674. Әуе кемесiнiң командирi экипаж мүшелерiмен бiрге алынған мәлiметтердi талдайды және аэронавигациялық жағдайлардың негiзiнде ұшуға шешiм қабылдайды және флайт-жоспарды бередi.
675. Технологиялық кестеге сәйкес жолаушыларды және/немесе жүктердi тасымалдау кезiнде әуе кемесiне мынадай құжаттар жеткiзiлуi тиiс:
1) бас декларация;
2) жолаушылар (жүк) манифесi;
3) жиынтық жүк тиеу ведомосы;
4) кеден белгiсi бар жүк құжаттары.
676. Халықаралық ұшуларды орындаудың метеорологиялық жағдайлары әуеайлақтарда әуе кемелерiнiң ұшуы мен қонуы үшiн ауа райы минимумының белгiленген санаттарымен және нақты немесе болжамды ауа райы жөніндегі мағлұматтармен анықталады.
677. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекетiнiң эшелондау жүйесiнде айырмашылықтар болған кезде, эшелондардың ауысуы ӘҚҚ шектес органдары арасында өзара әрекет ету рәсiмдерi туралы келісімге сәйкес жүргiзiледi, бұл рәсiмдер аэронавигациялық ақпараттар құжаттарында жарияланады.
678. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қиып өтуге 100-200 км қалғанда әуе кемесiнiң командирi мемлекеттік шекара дәлiзi соның ӘҚҚ ауданында орналасқан Қазақстан Республикасының ӘҚҚ диспетчерiнен рейстiң нөмiрiн, ұшу эшелонын және мемлекеттік шекарадан ұшып өтудiң есептелген уақытын хабарлап оны қиып өтуге рұқсат сұрауға мiндеттi. Жоғарыда аталған рәсiмдер ТМД елдерiне көзделмеген.
679. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесiп өткен кезде әуе кемесiнiң экипажы диспетчерге iс жүзiнде кесiп өту уақытын және ұшу эшелонын (биiктiгiн) хабарлайды.
680. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге рұқсат болмаған жағдайда әуе кемесiнiң командирi белгiленген әуе дәлiзiне кемiнде 50 км қалғанда ӘҚҚ диспетчерлiк органынан тиiстi нұсқау алғанға дейiн вираж жасауы тиiс.
681. Әуе кемесi мемлекеттік шекараны кесiп өтсе, бiрақ ұшу қауiпсiздiгi жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiне оралуға мәжбүр болса, онда экипаж «Мәжбүрлiктен ораламын» деп хабарлауға және диспетчерге мемлекеттік шекараны кесiп өтудiң есептелген уақыты мен ұшу эшелонын (биiктiгiн) баяндауға мiндеттi.
682. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын рұқсатсыз кесiп өткен немесе мемлекеттік шекарадан ұшып өту ережелерiн және әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін басқаша бұзған әуе кемесi әуе кеңiстiгiн бұзушы кеме деп танылады және егер ол ұшуды бақылайтын органдардың талаптарына бағынбаса, қонуға мәжбүр eтіледі.
683. Ұшу биiктiгiн анықтауға арналған аралас аспаптары (биiктiк өлшеуiштер, футомерлер) бар әуе кемелерiнде биiктiктi өлшеу мынадай әдiстеме бойынша жүзеге асырылады:
1) ұшу кезiнде:
футомердiң қысым шкаласы QNH қысымына қойылуы тиiс;
метрлiк биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкаласы сынап бағанасы бойынша мм. QFE қысымына қойылуы тиiс (стрелкалар «О» биiктiктi көрсетедi);
2) ауысу биiктiгiн кесiп өту кезiнде:
футомердiң қысым шкаласы 1013 мбр (QNH) қысымына қойылады;
метрлiк биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкаласы сынап бағанасы бойынша 760 мм қойылады;
3) төмендеу кезiнде:
биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкалаларын ауыстыру ауысу эшелонын кесiп өткенде жүргiзiледi;
футомердiң қысым шкаласы орташа теңiз деңгейiне келтiрiлген QNH қысымға қойылады;
метрлiк биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкаласы әуеайлақтың QFE қысымының мәнiне қойылады.
Ауысу эшелонын кесiп өткен соң ұшу биiктiгi биiктiк өлшеуiшпен мiндеттi түрде бақылана отырып, футомер бойынша глиссадағы ену нүктесiне дейiн сақталады.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 46-1-тараумен толықтырылды
46-1-тарау. Тікұшақтармен ұшу
683-1. Жолаушыларды тасымалдау мақсатында тікұшақтармен ұшу әуеайлақтарға (қону алаңдары) қону арқылы орындалады. Почтаны, жүктерді тасымалдау, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындау кезінде (соның ішінде қызметтік жолаушылар мен тапсырыс берушінің жолаушыларын тасымалдау) әуеден таңдап алынған алаңдарға қонуға рұқсат етіледі.
Тау басында, ойпаттарда, террасаларда, ғимараттардың шатырында, көтеріңкі платформаларда, теңіз (ішкі сулар) кемелерінің палубаларында, жүзбелі бұрғылау қондырғыларында жабдықталған қону алаңдарынан ұшулар ҚР ӘК ҰНЕ белгілеген ережелерге, ҰПБ талаптарына және алаңдарда ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.
683-2. Ұшақтар мен тікұшақтар бір мезгілде пайдаланатын әуеайлақтарда тікұшақтар үшін жеке старты бар арнайы алаңдар жабдықталады.
Ұшақтар мен тікұшақтардың бірлесіп ұшуын ұйымдастыру осы әуеайлақта ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен реттеледі.
683-3. Әуеден қону алаңдарын таңдауға құқығымен ұшуға жіберілген ӘҰЕ бойынша ұшуға шешім қабылдаған кезде тікұшақ командиріне ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтары бар тапсырыс берушінің қону алаңдарынын қосалқы ретінде пайдалануына рұқсат етіледі.
683-4. Тікұшақ қозғалтқышын (қозғалтқыштарын) қосар алдында көтергіш бұрамасынан шыққан ағынға ұшырауы мүмкін заттар оның шетінен кемінде бір диаметр қашықтыққа алыстатылуы тиіс.
683-5. Көтергіш жүйені қосып, қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) қосуға және сынақтан өткізуге экипаж құрамы толық болған кезде тікұшақ командиріне ғана рұқсат етіледі.
Арқандап байлау бекітпесімен арнайы жабдықталған алаңдарда, сондай-ақ теңіз (ішкі су) кемелері палубаларында берік арқандап байлау қамтамасыз етілген кезде көтергіш жүйені қосып, қозғалтқышты сынақтан өткізуге және қосуға тікұшақ командиріне, сондай-ақ бортмеханикке және арнайы дайындықтан өткен ИАҚ-тың тұлғаларына рұқсат етіледі.
683-6. Тікұшақты рөлдеген кезде көтергіш бұрамалар қалақтарының шетінен кедергілерге дейінгі ара қашықтық көтергіш бұрама диаметрінің жартысынан кем болмауы тиіс.
Теңіз (ішкі су) кемесінің палубасында, көтеріңкі платформада және басқа да арнайы алаңдарда орналасқан тікұшақтың көтергіш бұрамасы қалақтарының шетінен ең төмен арақашықтық әр үлгідегі алаңдардан ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтармен реттеледі және осы алаңдардың конструкциясымен қамтамасыз етілуі тиіс.
683-7. Әрбір ұшу алдында тікұшақ командирі тартым қоры бойынша ұшу әдісінің мүмкіндігін анықтау мен таңдау, теңдестіруді есептеу, басқару органдарының жарамдылығын тексеру мақсатында бақылау қалықтауын орындайды. Бақылау қалықтауының биіктігін тікұшақ командирі таңдап алынған ұшу әдісі мен орындалатын жұмыс түріне қарай анықтайды. АХЖ ұшулары кезінде, сондай-ақ оқу және ұшу жаттығу ұшуларын орындау кезінде бақылау қалықтауы ұшулардың басталуы алдында және отынның әрбір қосымша құйылуына дейін жүргізіледі. Бақылау қалықтауынан кейін тікұшақтың жерге қонуы міндетті емес.
683-8. Тікұшақтың қалықтап тұрған, 10 метрге дейінгі биіктікте қозғалған, ұшу және қонуы кезінде көтергіш бұрама қалақтарының шетінен арақашықтық кемінде:
1) әуе кемелеріне дейін - көтергіш бұраманың екі диаметрі;
2) басқа кедергілерге дейін - көтергіш бұрама диаметрінің жартысы, бірақ 10 метрден кем емес;
3) теңіз (ішкі су) кемелерінің палубалары, көтеріңкі платформалар және басқа да арнайы алаңдардың үстіндегі кедергілерге дейін - тиісті үлгідегі тікұшаққа арналған осы алаңдардың таңбалануына сәйкес болуы тиіс.
683-9. Егер топырақтың жай-күйі немесе тікұшақ конструкциясы рөлдеуге мүмкіндік бермесе 10 метрге дейін биіктікте қозғалу орындалады.
683-10. Азаматтық авиация саласында тікұшақ командирінің минимумына қарамастан 10 метрге дейінгі биіктікте қалықтауға және қозғалуға көру мүмкіндігі кемінде 500 метр және бұлттардың биіктігі 50 метрден төмен емес болған кезде рұқсат етіледі.
Мемлекеттік авиация саласында тікұшақ командирінің минимумына қарамастан, 10 метрге дейінгі биіктікте қалықтауға және қозғалуға көру мүмкіндігі кемінде 300 метр және бұлттардың биіктігі 30 метрден төмен емес болған кезде рұқсат етіледі.
683-11. Тікұшақтың тұрақтан ұшуы мен қонуына мынадай жағдайларда рұқсат етіледі, егер:
1) тікұшақ басқа әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына кедергі жасамаса;
2) 683-3-тармақтың талаптары қамтамасыз етілсе;
3) көтергіш бұрамалар жер үсті бағдарларын көру мүмкіндігінен айыруға әкелетін құйынды болдырмаса.
683-12. Биіктеу және қонуға бет алу кезінде кедергілердің үстінен 10 метрден кем емес, ал жердегі әуе кемелерінің үстінен тікұшақтың көтергіш бұрамасының 2 диаметрінен кем емес биіктікте асып ұшуға рұқсат етіледі.
683-13. Әуеден таңдап алынған бетінің жай-күйі белгісіз алаңға қону оның жер үсті тексерілуінен, оның қону үшін беріктігі мен жарамдылығы анықталғаннан кейін орындалады. Алаңды тексеруді және бағалауды экипаж мүшелерінің бірі немесе ИАҚ-тың арнайы дайындалған қызметкері жүргізеді. Экипаж мүшелерінің бірін (ИАҚ қызметкерін) түсіру қалықтап тұру режимінде, ал тікұшақты қондыру, оның рұқсаты мен сигналдары бойынша жүргізіледі.
Қондыру мүмкін емес жағдайда тікұшақты жүктен босату және тиеу тиісті үлгідегі тікұшақтың ҰПБ ұсынымдарына сәйкес экипаж мүшелерінің бірінің немесе ИАҚ-тың арнайы дайындалған қызметкерінің басшылығымен орындалады.
683-14. Ауа жастығы ықпал ету аймағынан тыс, сондай-ақ әуеде таңдап алынған жер бедері күрделі аландарға қону және ұшу немесе қарлы (шаңды) құйын туындауы мүмкін жағдайда тікұшақтың қалықтап тұру режимін қолдануды қажет ететін жұмыстар ауа жастығы ықпалынан тыс қалықтап тұру режимінде маневр жасауға мүмкіндік беретін ұшу массасымен орындалады.
683-15. Қону алаңында қар (шаң) болған кезде қарлы (шаңды) құйын туындау мүмкіндігін болдырмайтын немесе азайтатын шаралар қабылдануы тиіс.
683-16. Ұшу алдында қарлы (шаңды) құйын туындаған жағдайда экипаж жер үсті бағдарлары тұрақты түрде көрінгенше қарды (шаңды) көтергіш бұрамасынан шыққан ағынмен үрлеуге міндетті.
Қар (шаң) басқан алаңға қону кезінде қалықтау ауа жастығының ықпал ету аймағынан тыс орындалады. Төмендеуді жалғастыру және қону жер үсті бағдарларымен тұрақты көзбен шолу байланысында болған кезде рұқсат етіледі.
683-17. Қалықтап тұрған уақытта бағдарларды кору мүмкіндігі жойылған кезде экипаж тікұшақты құйын аймағынан жоғары шығаруға міндетті. Қарлы (шаңды) құйынды жер үсті бағдарларын көру мүмкіндігінен айырылған кезде қалықтап тұру, ұшуға және қонуға тыйым салынады.
683-18. Су бетінде тікұшақтың қалықтап тұруы көтергіш бұрамасынан кем дегенде бір диаметр биіктікте жүргізіледі. Биіктік радиобиіктік өлшегіш бойынша және суда жүзіп жүрген заттар бойынша көзбен шолу арқылы анықталады.
Судағы адамдарға көмек көрсету кезінде оларды көтергіш бұрамадан шыққан ағыннан туындаған толқынның ұруын және жүзу құралдарын алып кетуін болдырмау үшін қалықтап тұру және төмендеу тігінен-тік түрде орындалады.
683-19. Ұшу барысында ауа райы жағдайы төменгі минимумнан және қауіпті метеоқұбылыстармен кездескен жағдайларда тікұшақ командирі әуеден таңдап алынған алаңға қонуға рұқсат етіледі. Бұл алаңнан ұшу нақты ауа райы кезінде тікұшақ командирінің минимумына сәйкес жағдайда рұқсат етіледі. Өзінің іс-әрекеті туралы тікұшақ командирі ӘҚҰ органына хабарлауға міндетті.
683-20. ҰҚЖ бөлігінде метеоқұбылыстар немесе көру мүмкіндігін минимумнан төмен деңгейге жеткізетін өндірістік түтін болған кезде тікұшақ командиріне қозғалыс қызметі диспетчерімен келісе отырып, ҰҚЖ-ның метеожағдайы оның минимумына сай келетін бөлігінде ұшуға немесе қонуға рұқсат етіледі.
Көрсетілген жағдайларда ұшу қауіпсіздігі үшін тікұшақ командирі жауапты болады.
683-21. Таулы жерде ұшу кезінде шатқалдар бойынша бағыт алуға рұқсат етіледі, бұл ретте ұшу биіктігінде шатқалдың ең төменгі ені кемінде 500 метрден кем болмауы және қажет жағдайда 180о-қа бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұрылуды орындау кезінде көтергіш бұрама қалақтарының шетінен тау бектеріне дейінгі ең аз қашықтық 50 метрден кем болмауы тиіс.
47-тарау. Авиациялық жұмыстарды жүргiзу кезіндегі ұшу
Жалпы ережелер
684. Авиациялық жұмыстарды жүргiзу кезiнде ұшуды орындау Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметi саласындағы нормативтiк құжаттар мен осы Ереженiң, сондай-ақ авиациялық жұмыстарды орындау үшiн ұшуға рұқсат етiлген әуе кемесiн ұшу кезiнде пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың және (немесе) уәкiлеттi орган бекiтетiн авиациялық жұмыстардың осы түрiн орындауға қатысты өзге де нұсқаулар мен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
685. Авиациялық жұмыстарды орындау үшiн ұшу мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) авиациялық-химиялық жұмыстар;
2) әуеден суретке түсiру;
3) орманавиациялық жұмыстар, мал басына санақ жүргiзу жөніндегі жұмыстар;
4) құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстары;
5) көлік-байланыс жұмыстары;
6) ашық теңiздер мен мұхиттар аралдарында;
7) теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан;
8) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзуге арналған;
9) тәжiрибелiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге;
10) авариялық-құтқару жұмыстарына, дала және орман өрттерiн сөндiруге арналған.
686. Авиациялық жұмыстарды орындау үшін жіберілетін ұшу құрамы мен басқа да мамандар бар дайындық бағдарламаларына сәйкес теориялық және ұшу дайындығынан өтуi тиiс. Авиациялық жұмыстарда ұшуды орындауға жiберу азаматтық авиация ұйымы бойынша бұйрықпен ресiмделедi.
687. Авиациялық жұмыстарды орындау кезiнде ұшуды жүргiзу ережесi жұмыстардың осы түрi бойынша ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарда белгiленедi, олар Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы бекiткен нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес әзiрленедi.
48-тарау. Аса жеңiл ұшу аппараттарында ұшу
688. Коммерциялық, спорттық және көрсету мақсатында пайдаланылатын aca жеңiл ӘК, дирижабльдерде, мотодельтапландарда, парапландарда, аэростаттарда, әуе шарларында және басқа ұшатын аппараттарда ұшатын тиiстi персоналдың оны пайдалануы үшiн Ұшу жөніндегі нұсқаулықтар мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс:
1) ұшуға қатысы бар персоналдың мiндеттерi жалпы сипатта баяндалған нұсқаулық;
2) орындалатын ұшудың әрбiр түрi үшiн ұшу экипажының құрамын, оның iшiнде ұшу аппаратын басқаруға және ұшу уақыты iшiнде оның қауiпсiздiгiне жауапты командирдi анықтау;
3) бiр және бiрнеше ұшуды орындау кезiнде туындайтын шаршау ұшудың қауiпсiздiгiне қатер төндiрмейтiн жеткiлiктi демалу уақытын көздейтiн ұшу экипажы мүшелерінің ұшу уақытының және жұмыс ұшу уақытының нормалары. Бұл ережелердi пайдаланушы жасайды және пайдаланушының мемлекетi бекiтедi;
4) экипаждың әрбiр мүшесiнiң Ұшу кезіндегі және авариялық жағдайдағы мiндеттерiнiң сипаттамасын қоса алғанда, ұшу және авариялық жағдайдағы iс-әрекеттер тәртібі;
5) авариялық және құтқару жабдықтарының бақылау тiзбесi, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар;
6) пайдаланушының мемлекетi бекiтетiн ұшудың ең аз биiктiгiн анықтау әдiсi;
7) негiзгi немесе қосалқы ретiнде пайдаланылатын әрбiр әуеайлақ (тiкұшақ айлағы, қону алаңы) үшiн пайдалану минимумы;
8) егер бұл мүмкiн болса, тұрақты тыңдау үшiн радиожиiлiкті пайдалану тәртібі, ӘҚҚ диспетчерiмен радиобайланыс, сондай-ақ басқа ұшу аппараттарымен екi жақты байланыс;
9) ұшу аппаратының бортында болуы тиiс навигациялық жабдықтардың тiзбесi;
10) егер ұшу аппаратында қолданылатын болса, ұшудың барлық жағдайларын оның iшiнде бағытта қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) тоқтап қалу мүмкiндiгiн есепке ала отырып, бақтарда болуға тиiстi отынның және майдың мөлшерiн есептеу жөніндегі дәл нұсқаулық;
11) қандай да бiр аспап, жабдық немесе жүйе қатардан шығып қалған кезде ұшуды жалғастыру мүмкiндiгін анықтайтын ақпарат;
12) байланыс құралдары, навигациялық құралдар, әуеайлақтар қону алаңдары және пайдаланушы қажет деп есептеуi мүмкiн басқа да деректер туралы нұсқаулықтар және жан-жақты деректер;
13) егер туындай қалса, оттегi пайдаланылатын жағдайлар;
14) авиациялық оқиғаға куә болған ұшу аппараты командирiнiң (ұшқышының) әрекет ету тәртібі және «жер-әуе» көзбен шолу сигналының коды;
15) ұстап алынған ұшу аппараттары ұшқышының әрекет ету тәртібі, оның iшiнде олардың ұстап алушы және ұстап алынған әуе кемелерiнiң (ұшу аппараттарының) пайдалануы үшiн қажеттi көзбен шолу сигналдарын бiлуi;
16) авариялық жағдай туындағанда қабылдауға жататын әрекеттердi қоса алғанда, аса қауiптi жүктердi тасымалдау жөніндегі ақпарат пен нұсқаулық;
17) авариялық көшiру ережесi;
18) егер ондай қажеттілік туындаса, бортында жолаушылары бар ұшу аппаратына отын құю ережесi.
689. Аса жеңiл ұшу аппараты ұшу экипажының әрбір мүшесі АА авиациялық оқу орнында немесе осы қызметке лицензиясы және сертификаты бар аэроклубтарда, көлiктегi орталық атқарушы орган, не ұшу экипажының әр мүшесiнiң тиiсiнше дайындалуына кепiлдiк беретiн уәкiлеттi орган бекiткен бағдарлама бойынша даярлықтың арнайы курсын өтуi тиiс.
690. Дайындық бағдарламасы экипаж мүшелерiнiң өзара әрекетiн пысықтауды, сондай-ақ күш құрылғыларының, борттағы жүйелердiң ақауынан өрттен немесе басқа факторлардан туындаған авариялық немесе қауiптi жағдайлардағы iс-әрекеттерге үйретудi қамтуы тиiс. Дайындық бағдарламасы, сондай-ақ, қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша үйретудi көздейдi.
691. Ұшуды орындауға және қамтамасыз етуге қатысы бар әрбiр авиациялық маманды оқыту, атап айтқанда, оны авариялық және қауiптi жағдайларда әрекет етуге үйрету олардың әрқайсысы орындалуына өзi жауап беретiн функцияларды және ол функциялардың басқа маманның функцияларымен байланысын бiлетiн болады деген есеппен жүргiзiледi.
692. Аса жеңiл ұшу аппараты ұшқыштарының немесе экипаж мүшелерiнiң біліктілігiне тексеру жүргiзудi Қазақстан Республикасы авиация әкiмшiлiгiнiң уәкiлеттi органы қамтамасыз етедi. Тексерудi не тағайындалған ұшқыш-инспектор, не тiркеу мемлекетiнiң өкiлi жүргiзедi. Тексерулер жылына екi рет жүзеге асырылады, олардың арасындағы үзiлiс төрт айдан аз болмауға тиiс.
693. Ұшқыш 12 ай бойы бiр де бiр ұшпаған жағдайда, оны өзiнше ұшуға жiберу авиация оқу орнының жанындағы мынадай бағдарлама бойынша қайта аттестациядан өткен соң жiберiледi:
1) бағыт бойынша және негiзгi және қосалқы әуеайлақтарда жердi және ең төменгi қауiпсiз биiктiктi бiлу;
2) маусымдық метеорологиялық жағдайлар;
3) техникалық қызмет көрсету ережелерi;
4) радиобайланыс және әуе навигациясын жүргiзу тәртібі;
5) iздестiру және құтқару ережелерi;
6) халық көп тұратын аудандардың үстiмен ұшу, кедергiлердiң орналасуы, жердiң топографиясы, жарық сигналды құралдар, қону және ұшып шығу тәртібі;
7) ұшуды iс жүзiнде орындау және борттағы тексерушiмен немесе жердегi ұшқыш-инспектордың бақылауымен қонуға бет алуды орындау, бұл ретте қонуға бет алу және қону көзбен шолынатын метеорологиялық жағдайларда орындалуы тиiс.
49-тарау. Ең төмен абсолюттiк биiктiктер
мен ауа райының минимумы
694. Мемлекет (аумағының үстiнен ұшу орындалатын) ең аз абсолюттiк биiктiктi белгiлеп қойған бағыттарда пайдаланушыға өзiнiң ұшуының ең аз абсолюттiк биiктiгiн белгiлеуге, егер оның биiктiгi сол мемлекет белгiлегеннен кем болмаса, осыған арнайы рұқсат бар жағдайлардан басқа жағдайларда рұқсат етiледi.
695. Минимумды анықтаған кезде пайдаланушы мыналарды ескеруi тиiс:
1) ұшу аппаратының үлгiлерiн, ұшу-техникалық сипаттамаларын;
2) ұшу экипажының құрамын, оның біліктiлігiн және ұшуды жүргiзу тәжiрибесiн;
3) қолда бар көзбен шолынатын және көзбен шолынбайтын құралдардың сипаттамаларын;
4) ұшу аппаратында бар навигация мақсатында және/немесе бағыт бойынша траекторияның сақталуын, қонуға бет алуды және екiншi айналымға кетудi бақылау мақсаттарындағы жабдықтарды;