4) ұстайтын әуе кемелерiнiң ұшқыштары азаматтық әуе кемесiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына жататын жалпы шектеулер туралы және техникалық қиындықтарға немесе заңсыз қол сұғуға байланысты ұсталатын әуе кемесiнiң бортында авариялық немесе төтенше жағдайдың пайда болу ықтималдығы туралы бiлуге мiндеттi;
5) ұсталуды басқару органдарына және ұстауды орындауға ықтимал мүмкiндiгi бар командирлерге (ұшқыштарға) ұстау маневрі, ұсталатын әуе кемесiнiң ұшу бағыты, ұсталатын әуе кемесiне қатысты әрекеттер бойынша көзге көрiнетiн сигналдар, радиобайланыс жүргiзу, қару қолданудан тартыну қажеттілігi жөнiнде нақты және анық нұсқаулар берiледi;
6) ұсталуды басқару органдары мен ұстайтын әуе кемесi 121,5 МГц авариялық жиiлiкте ұсталатын азаматтық әуе кемелерiмен байланыс орнатуды қамтамасыз ететiн радиотелефон жабдықтарымен, олар ұсталуы мүмкін аудандарда ұстауды басқару органдарының азаматтық әуе кемелерiн тануы мақсатында (қайталама радиолокация) ҚШРЛ құралдарымен жабдықталуы тиiс. Мұндай құралдар «А» режимiнде дискреттi төрт таңбалы № 7500, 7600 және 7700 кодтарын тануға мүмкiндiк беруi тиiс.
17. Ұсталатын азаматтық әуе кемесiнен ұшып өтiп бара жатқан аймақта қону талап етілетiн ерекше жағдайларда:
1) әсiресе азаматтық әуе кемелерi әдетте әуе тасымалы үшiн әуеайлақты қолданбайтын жағдайда, көрсетiлген әуеайлақ азаматтық әуе кемесiнiң осы түрiнiң қауiпсiз қонуы үшiн жарамды болуы;
2) әуеайлақ аймағының қоршаған жерi айналым бойынша ұшуға, қонуға бет алуға және екiншi айналымға кетуге жарамды болуы;
3) қонатын әуеайлаққа жетуi үшiн ұсталатын әуе кемесiнде отынның жеткiлiктi запасы (қалдығы) болуы;
4) көрсетiлген әуеайлақ аэронавигациялық ақпарат жинағында сипатталуы тиiс;
5) ұсталатын әуе кемесiнiң қонуға қауiпсiз бет алуды орындауы және қонуы үшiн барлық қажеттi ақпарат оның бортына барлық қол жетiмдi арналар арқылы радиобайланыс бойынша берiледi.
18. Әуе қозғалысына қызмет ету органы оның жауапкершiлігіндегі ауданда әуе кемесiн ұстау жүзеге асырылатыны туралы бiле салысымен, ол төменде көрсетiлген шаралардың осы жағдайда қолайлы болып табылатынын қолданады:
1) егер мұндай байланыс орнатылмаса, авариялық 121,5 МГц радиожиiлiгiн қоса алғанда, қолда бар мүмкiндiктердiң бәрiн пайдаланып, ұсталатын әуе кемесiмен екi жақты байланыс орнатуға әрекет етедi;
2) ұсталатын әуe кемесiнiң ұшқышын ұстау туралы хабардар етедi;
3) ұсталатын әуе кемесiмен екі жақты байланыста болатын ұстауды басқару органымен байланыс орнатады және оны сол әуе кемесiне қатысты қолда бар ақпаратпен қамтамасыз етедi;
4) қажеттілiгiне қарай ұстап алушы әуе кемесi немесе ұстауды басқару органы және ұсталатын әуе кемесi арасындағы хабарларды таратады;
5) ұстауды басқару органымен өзара тығыз iс-әрекетте, ұсталатын әуе кемесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады;
6) егер бағдарынан ауытқуы нәтижесiнде әуе кемесi осы ұшу ақпаратының көршi аудандарының шегiнен шығып кетсе, ұшу ақпаратының көршi аудандарында қызмет ететiн әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын хабардар етедi.
19. Басқа әуе кемесi ұстаған азаматтық әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
1) көзге көрiнетiн сигналды пайымдауға және оларға ұстап алушының талаптарына сәйкес жауап бере отырып, ұстаған әуе кемесiнiң нұсқауларымен жүруге;
2) мүмкiндiгiне қарай әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi органды хабардар етуге;
3) ұсталатын әуе кемесiн, оның ұшу сипатын атай отырып, ұстап алушы әуе кемесiмен немесе ұстауды басқаратын тиiстi органмен 121,5 МГц авариялық жиiлiкте радиобайланыс орнатуға әрекет етуге, ал егер байланыс орнатылмаса, 243,0 МГц авариялық жиiлiкте қайталап шақыру арқылы байланыс орнатуға әрекет етуге;
4) әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi орган тарапынан басқа нұсқаулар берiлмесе, бортта ҚШРЛ қабылдағыш-жауап бергiш болғанда «А» режиміндегі 7700 кодын теруге мiндеттi.
20. Егер кез-келген көздерден радио арқылы алынған нұсқаулар, ұстап алушы әуе кемесi көзге көрiнетiн сигналдардың көмегiмен берген нұсқауларға қайшы келсе, ұсталған әуе кемесi ұстап алушы берген көзге көрiнетiн нұсқауларды орындауды жалғастыра отырып, дереу түсiнiктеме берудi сұрайды.
21. Ұстайтын және ұсталатын азаматтық әуе кемелерi қолданатын көзге көрiнетiн сигналдарды қатаң сақтаулары, оларды дұрыс түсiнулерi және ұсталған әуе кемесi берген оның авариялық кезеңде екенiн көрсететiн кез-келген сигналдарға айрықша назар аударуы қажет.
22. Егер ұстап алушымен байланыс орнатылса, алайда ортақ тiлде байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, екi реттен қайталанатын мынадай сөздердi қолдану арқылы негiзгi ақпаратты беруге және нұсқаулардың қабылданғанын растауға әрекет жасалады:
┌────────────────────────────────────────────────────────────────────┐
│ Ұстап алушы қолданатын сөздер Ұсталатын ӘК қолданатын сөздер │
├───────────┬───────────┬──────────┬───────────┬──────────┬──────────┤
│ Сөз │ Айтылуы │ Мәні │ Сөз │ Айтылуы │ Мәні │
├───────────┼───────────┼──────────┼───────────┼──────────┼──────────┤
│ CALLSIОGN │КОЛ │Сiздiң │ CALLSIОGN│ КОЛ │Менiң │
│ │САЙН │шақыру │ │ САЙН │шақыру │
│ │ │белгiңiздi│ │ │белгiм │
│ │ │хабарлауды│ │ │(белгi) │
│ │ │өтiнемiн │ │ │ │
│ FOLLOW │ФОЛЛОУ │Маған │ WILCO │ ВИЛ │Сiздi │
│ │ │iлесiңiз │ │ KOY │түсiндiм, │
│ │ │ │ │ │орындаймын│
│ │ │ │ CANNOT │ KЭH │Орындай │
│ │ │ │ │ HOT │алмаймын │
│ DESCEND │ДИ +Қонуды │ REPEAT │ РИПИТ +Қайталаңыз│
│ │СЕНД │орындау │ │ │ │
│ │ │үшін │ AMLOST │ ЭМ │Бағдардан │
│ │ │төмен- │ │ ЛОСТ │адастым │
│ │ │деңiз │ │ │ │
│ YOU │Ю ЛЭНД │Осы │ MAYDAY │ MЭЙ │Апатқа │
│ LAND │ │әуеай- │ │ ДЭЙ │ұшырау- │
│ │ │лаққа │ │ │дамын │
│ │ │қоныңыз │ │ │ │
│ │ │ │ HI JACK │ ХАЙ │Ұсталдым │
│ │ │ │ │ ДЖЭК │ │
│ PROCEED │ПРОСИД +Өз │ LAND │ ЛЭНД +Қонуды │
│ │ │бағдары- │ (place │ │талап │
│ │ │ңызбен │ name) │ │етемiн │
│ │ │жүре │ │ │ │
│ │ │берiңiз │ │ │ │
│ │ │ │ DESCEND │ ДИСЕНД │Төмендеудi│
│ │ │ │ │ │талап │
│ │ │ │ │ │етемiн │
└───────────┴───────────┴──────────┴───────────┴──────────┴──────────┘
Екiншi бағанда екпiнмен айтылатын буындардың асты сызылған.
Талап етілген шақыру белгiсi әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен байланыс орнату үшiн қолданылатын және ұшу жоспарына енгiзiлген әуе кемесiнiң тану белгiсiне сәйкес болуы тиiс.
Жағдай «ХАЙ ДЖЭК» сөзiн қолдану үшiн әр уақытта қолайлы бола бермеуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының
әуе кеңiстiгiнде ұшудың
негiзгi ережесіне
3-қосымша
Әуе кемесiнiң жердегi және әуедегi
қозғалысын реттеу сигналдары
1. Әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет беретiн сигналдар.
Тиiстi әуе кемесiне қарай бағытталған қызыл ракета осының алдындағы кез-келген сигнал-нұсқауларға қарамастан, қазiргi уақытта қонуға рұқсат етiлмейтiнiн білдiредi.
Сигналдық ракеталар ұшу шектелген аймақта, тыйым салынған немесе қауiптi аймақта ұшуды орындаған, сондай-ақ сол аймақтардың бiрiне апаратын жолдағы рұқсаты жоқ әуе кемелерiн ескерту үшiн қолданылады:
күндiз немесе түнде - 10 секундтық аралықпен жiберiлетiн және жарылғанда қызыл және жасыл оттарды немесе жұлдыздарды шашатын ракеталар сериясы, бұл әуе кемесiне оның ұшуы мұндай аймақтардың шегiнен тыс өтуi үшiн шара қолдануы керектiгiн білдiредi.
2. Әуе кемесi экипажының сигналдарды қабылдағаны туралы растаулары:
1) ұшу кезiнде: күндiз - қанаттарын шайқалту (бұл сигналды үшiншi және төртiншi бұрылыстар аралығындағы учаскеде және соңғы тура бағытта беруге болмайды);
2) түнде - қону шамдарын екi дүркiн жыпылықтату немесе олар орнатылмаса, аэронавигациялық оттарды екi дүркiн қосу және сөндiру;
3) жерде: күндiз - элерондарды немесе бүру рулiн қозғау;
4) түнде - қону шамдарын екi дүркiн жыпылықтату немесе олар орнатылмаса, аэронавигациялық оттарды екі дүркiн қосу және сөндiру арқылы берiледi.
3. Iлесiп жүретiн автомобильден берiлетiн сигналдар:
1) жасыл жарық - маған қарай жүрiңiз (маған iлесiңiз);
2) қызыл жарық - рульдеудi тоқтатыңыз (тоқта);
3) үзiк-үзiк жыпылықтату - рульдеу жылдамдығын азайтыңыз (жоғары назар).
Сигналды ашық түстi биялай киген сигнал берушi қолдарымен немесе таяқтың, жалаушалардың немесе электр қол шамдарының көмегiмен бередi.
Сигналдарды бергенде сигнал берушi әуе кемесiнiң командирiне жақсы көрiнетiн жерде тұруы тиiс.
Сигнал берушi әуе кемесiне бетiн берiп тұрған кезде қозғалтқыштардың нөмiрленуi оңнан солға қарай, яғни сигнал берушi үшiн оң жақтағы шеткi қозғалтқыш нөмiрi бiрiншi болып табылады.
4. Әуе кемесi командирiнiң сигнал берушiге беретiн сигналдары.
Тежегiштер.
Teжeгiштep қосылды: саусақтары созылған қолды беттiң деңгейiне дейiн көтерiп, саусақ буындарын жұдырық етiп түю керек. Саусақ буындарының түйiлу сәтi тежегiштердiң қосылу сәтiн көрсетедi.
Тeжeгiштep босатылды: саусақ буындары жұдырық етiп түйiлген қолды беттiң деңгейiне дейiн көтерiп, саусақтарды ашу керек. Саусақ буындарының ашылу сәтi тежегiштердiң босатылу сәтiн көрсетедi.
Тiрегiштер (Колодкалар).
Tiрeгiштep қойылсын: алақандарды сыртқа қаратып, көтерiлген қолдарды бет алдында айқастырады.
Tipeгiштep алып тасталсын: алақандарды сыртқа қаратып, бет алдында айқастыра көтерген қолдарды екi жаққа қарай жаю керек.
Қозғалтқыштарды қосуға дайындық.
Қосылатын қозғалтқыштардың нөмiрiне сәйкес келетiн саусақтар санын созып көрсету керек.
Әуеайлақ қозғалысына арналған сигналдар
Жарық сигналдары және ракеталар
көмегiмен берiлетін сигналдар
1. Hұсқаулар:
┬────────────────────┬───────────────────────────────────────────────┐
│ От │ Әуеайлақтық диспетчерлiк қызмет үшiн: │
│ ├───────────────────────┬───────────────────────┤
│ │ Ұшудағы әуe кемелерi │ Жердегi әуe кемелерi │
├────────────────────┴───────────────────────┴───────────────────────┤
│Тұрақты Жасыл Қонуға Ұшуға рұқсат │
│жарық әуе рұқсат │
│кемесiнiң етілді │
│тиiстi │
│тұрақты қызыл Жолды басқа әуе Тоқтаңыз │
│жарық кемелерiне босатыңыз │
│жағына және айналым │
│қарай бойынша ұшуды │
│бағытталған жалғастырыңыз │
│ Жүргiзуге рұқсат │
│ Жасыл Қону үшiн қайтып Пайдаланылатын │
│ жарықтар оралыңыз* қону алаңын │
│ сериясы айналып рульдеу │
│ (1.1. сурет) │
│ Қызыл Әуеайлақ жарамсыз, Әуеайлақтағы сөре │
│ жарықтар қонуға рұқсат орнына қайтып │
│ сериясы берiлмейдi оралыңыз │
│ Ақ Осы әуеайлақта │
│ жарықтар қонып, перронға │
│ сериясы қарай жүрiңiз* │
│ Қызыл Алдыңғы кез келген │
│ ракета нұсқауларға │
│ қарамастан, қазiргi │
│ уақытта қонуға рұқсат │
│ етiлмейдi │
│* Қонуға және жүргiзуге рұқсат қажеттi уақытта берiледi. │
└────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
2. Әуе кемесiнiң ұшуда сигналдарды қабылдағанын:
1) күндізгі уақытта:
қанат шайқалтумен;
Бұл сигналды үшiншi және төртiншi бұрылыстар арасындағы учаскеде және тiке қону жолында бермеу керек;
2) қараңғылық түскенде:
қону фарларын екi рет жыпылықтатумен немесе, егер олар орнатылмаған болса, аэронавигациялық оттарды екі рет қосумен және сөндiрумен.
3. Жерде:
1) күндізгі уақытта:
элерондарды немесе бағыттау тұтқасын қозғаумен;
2) қараңғылық түскенде:
қону фарларын екi рет жыпылықтатумен немесе, егер олар орнатылмаған болса, аэронавигациялық оттарды екi рет қосумен және сөндiрумен растауы. Ұстап алу жағдайында пайдаланылатын сигналдар
Ұстап алушы әуе кемесi беретiн сигналдар және ұсталған әуе кемесiнiң жауаптары:
┌──────┬───────────────── ┬───────────┬─────────────────┬─────────────┐