558. Ұшып шыққан әуеайлақта қонуға мүмкiндiк болмаған жағдайда (метеорологиялық жағдайларға байланысты немесе егер әуе кемесiнiң салмағы қону салмағынан артық болса және отынды төгiп тастауға жағдай болмаса), онда екiншi айналымға өткеннен кейiн әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) флайт-жоспарға сәйкес эшелонда немесе ӘҚҚ диспетчерi берген эшелонда баратын әуеайлаққа бағыт алады.
Егер ұшқан әуеайлаққа немесе керi қайту бағытында орналасқан қосалқы әуеайлаққа қайтып оралу туралы шешiм қабылдайтын болса, ұшқыш ұшуды жақын маңдағы (берiлген), бiрақ ұшудың қауiпсiз биiктiгiнен төмен емес жолдағы эшелонда не байланыссыз ұшуға арналып бөлiнген 4200, 4500 немесе 7200, 7500 метр эшелондарда орындауы тиiс.
559. Жер үстіндегі байланыс құралдары iстен шыққан кезде ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерi жұмыстың технологиясына сәйкес peзервтік құралдар мен арналарды пайдалана отырып байланысты қалпына келтiруге шаралар қолданады немесе басқаруды ӘҚҚ-ның басқа пунктiне бередi.
560. ӘҚҚ-ның диспетчерлiк пунктi диспетчерлiк ауданда немесе диспетчерлiк аймақта ұшуды орындайтын әуе кемесiнiң экипажымен екi жақты радиобайланысты орната алмайтын жағдайда болса, одан әрi iс-қимыл жасалады.
560.1. Екi жақты байланыстың iстен шыққаны туралы мәлiм болған бойда, экипаждың диспетчерлiк органның хабарын радиолокатордың экранынан байқауға болатын белгiлi бiр маневрды орындауы туралы сұрау салу арқылы қабылдай алуы немесе егер бұл мүмкiн болса, аталған белгi берудi қабылдауды дәлелдеуге беруi үшiн iс-қимыл жасалады.
560.2. Егер әуе кемесiнiң экипажы өзiнiң хабарларды қабылдай алатынын және оларды қабылдауын растай алатынын көрсетпейтiн болса, байланысы бұзылған әуе кемесi мен басқа да әуе кемелерi арасындағы эшелондау бұл әуе кемесiнiң көзбен шолуға болатын метеожағдайларда (КҰЕ бойынша) ұшу кезiнде мынадай мүмкiн болатын iс-қимылдар жасауының негiзiнде қамтамасыз етiледi:
1) ұшуды көзбен шолу арқылы метеорологиялық жағдайларда одан әрi жалғастырады;
2) қонуды жақын маңдағы қолайлы әуеайлақта орындайды;
3) ӘҚБ-ның тиiстi пунктiне ақпараттарды неғұрлым тез беретiн құралдардың көмегiмен өзiнiң келетiнi туралы хабарлайды.
560.3. Күрделi метеорологиялық жағдайларда немесе олар 560.2-тармаққа сәйкес ұшуды аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн жағдайларда байланыстың iстен шығуы орын алған кезде әуе кемесiнiң экипажы:
1) әуе кемесiнiң экипажы хабарларды мiндеттi түрде беру пунктіндегі өзiнiң орналасқан жерiн хабарлай алмағаннан кейiн 20 минут бойы ұшудың жылдамдығын және эшелонын немесе ең аз абсолютты биiктiгiн (егер ол көп болса) сақтай тұрады, содан соң ұшудың ұсынылған жоспарына сәйкес эшелон мен жылдамдықты түзейдi;
2) ұшудың ағымдағы жоспарына сәйкес бағыт бойынша ұшуды баратын әуеайлаққа қызмет көрсететiн тиiстi белгiленген навигациялық құралға дейiн жалғастырады, сонымен бiрге қажет болған жағдайда мына төмендегi 3-тармақшаның ережелерiн сақтау қажет болғанда, төмендеу басталғанға дейiн осы құрал арқылы күту режимiнде ұшуды орындайды;
3) 2-тармақшада айтылған навигациялық құралдан, қонуға алдағы бағыт алудың соңғы рет алынған және расталған дәл уақытында немесе мүмкiндiгiнше осы уақытқа жақын төмендеудi бастайды; немесе, егер қонуға бет алудың есептi уақыты алынбаған және расталмаған болса, әуе кемесi төмендеудi келiп жететiн есептi уақытта немесе мүмкiндiгiнше ұшудың ағымдағы жоспарында көрсетiлген осы уақытқа жақын бастайды;
4) қонуға қалыпты бет алуды осы навигациялық құралға арналып белгiленген тәртiпке сәйкес аспаптар арқылы орындайды;
5) қонуды, мүмкiндiгiнше, 3-тармақшада айтылған немесе қонуға бағыт алудың есептi уақытымен соңғы рет расталған ұшып келетiн есептi уақыттан кейiн 30 минуттың шегiнде жасайды; бұл орайда олардан ең кеш уақыты таңдап алынады.
560.2-тармағында көрсетiлген жағдайлар мен оның ережелерi барлық бақыланатын ұшуға, сонымен бiрге 560.3-тармағының ережелерi тек АҰЕ бойынша ұшуға ғана қолданылады.
Әуе қозғаласына диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету кезiнде осы әуе кеңiстiгіндегі басқа ұшуға қатысты байланысы үзiлген әуе кемесi 560.3-тармағында айтылған ережелердi сақтайтын болады деп болжанады.
560.4. ӘҚҚ диспетчерi байланыстың iстен шығуы жөнiнде жауап беру кодын ала отырып, ұшқышқа «танудың қабылдау-жауап беру» құрылысын пайдалану немесе кодты өзгерту жөнiнде нұсқау беру арқылы байланыстың үзiлу деңгейiн анықтауға тиiс. Егер борттағы радиоқабылдағыш дұрыс болғаны анықталса, әуе кемесiнiң ұшуын одан әрi басқару берiлген рұқсаттарды қабылдауды растау үшiн шартты белгiсiн өзгертудi немесе «Тану» хабарын пайдалана отырып жүзеге асырылады. S режимiнiң қабылдау-жауап беру құрылғыларымен жабдықталған әуе кемелерi үшiн S режимi қолданылатын аймақтарда басқа рәсiмдер қолданылуы мүмкiн.
560.5. Тиiстi әуе кемелерi үшiн екi жақты байланыстың iстен шығуы туралы белгiлi болған кезде, әуе кемелерi тыңдайтын қолда бар жиiлiктерде (қолда бар радионавигациялық құралдарының немесе қонуға бет алу құралдарының сөйлесу байланысының жиiлiгiн қоса алғанда) диспетчерлiк орган қолданатын iс-қимылдарды немесе кез келген апатты жағдайда өзiн ақтайтын нұсқауларды көрсете отырып, тиiсiнше ақпаратты беретiн «блиндпен» хабарлау жүзеге асырылады.
560.6. Бағыттағы ауа райы жағдайлары туралы 561.4-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi қоса алғанда, бұлттан өту ауданындағы және қонуға қолайлы әуеайлақтар ауданындағы тиiстi хабарлама байланысы бұзылған әуе кемесiнiң орналасқан жерiне жақын келген басқа әуе кемелерiне берiледi. Бұдан басқа, жауапты ауданда радиобайланысы жоқ әуе кемесiнiң ұшуын орындайтын ӘҚҚ диспетчерi радиобайланысының iстен шығуы туралы хабарды ұшу бағыты бойынша ӘҚҚ-ның басқа пункттерiне ақпарат жiбередi.
561. Егер метеорологиялық жағдайларға байланысты (немесе басқа да себептермен) тағайындалған әуеайлаққа қону мүмкiн болмаса, екiншi айналымға өткеннен кейiн әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) төменгi қауiпсiз эшелонды (шығу сұлбасы бойынша) немесе ұшудың арнайы белгiленген 4200, 4500 немесе 7200, 7500 метр эшелондарын ала отырып қосалқы әуеайлаққа бағыт алуы тиiс.
Қосалқы әуеайлақтағы қонуға кiру үшiн төмендеудi қонуға кезектен тыс кiрудiң сұлбасы бойынша ұшып өткеннен кейiн МАЖР арқылы бастау керек. Егер байланысы үзiлген әуе кемесiнiң келiп жетуi кезiнде қонатын әуеайлақта минимумнан төмен ауа райы жағдайы болса, әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) қонуды нақты метеожағдайларда жүргiзу құқығы берiледi.
562. Егер ұшып келуге есептелген уақыттан кейiн 30 минут өткен соң әуе кемесi қонбайтын және радиолокатор экранында байқалмайтын болса, ал әуе кемесiнiң экипажы (ұшқышы) байланыс арнасы арқылы шақыруларға жауап бермейтiн болса, ӘҚҚ диспетчерi әуеайлақ ауданындағы әдеттегi әуе қозғалысын қалпына келтiрiп, одан әрi жұмыс технологиясына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Қайталау радиолокациясының борттағы және жердегi құралдары бар болған жағдайда, байланыссыз ұшатын әуе кемесi ұшуының нақты эшелонын дәл анықтағаннан кейiн бүкiл әуе кеңiстiгiн босатпастан ұшудың ара қашықтықтарын қауiпсiз қамтамасыз ете отырып әуе кемелерiнiң қозғалысына жол берiледi.
563. КҰЕ бойынша ұшу кезiнде байланыстың үзiлуi жағдайында әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) берiлген биiктiкте (эшелонда) КҰЕ бойынша баратын әуеайлаққа бағыт алады; КҰЕ бойынша тағайындалған әуеайлаққа ұшуды одан әрi жалғастыру мүмкiн болмаса, КҰЕ бойынша қонуға метеожағдайлары мүмкiндiк беретiн қосалқы әуеайлаққа бағыт ұстайды.
564. Радиобайланыс үзiлген кезде әуе кемелерi қозғалысын басқарған кезде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ, әуе кемесi экипажынан (ұшқышынан) «Апатқа ұшырадым» деп берiлген сигналды алған жағдайда ӘҚҚ диспетчерлiк органы өзi жауапты аймақтың шегiнде радиобайланысын өшiру режимiн енгізуге құқығы бар.
Бұл жағдайда диспетчердiң командасы бойынша әуе кемелерiнiң экипаждары:
1) ұшуда ерекше жағдайдың туындауынан басқа реттерде, радио бойынша барлық хабарлар берудi тоқтатуға және тек хабар қабылдауға жұмыс iстеуге;
2) қабылдау туралы растау берместен диспетчердiң нұсқауларын орындауға;
3) байланысқа тек диспетчердiң сұрауы бойынша ғана шығуға;
4) диспетчердiң соңғы нұсқауына сәйкес биiктiктi иелене отырып, тiгiнен жасалатын маневрдi аяқтауға мiндеттi болады.
42-тарау. Апатқа ұшыраған әуе кемесi экипажының iс-қимылдары
565. Егер ұшу кезiнде әуе кемесiне қауiп төнетiн болса немесе кеме апатқа тап болатын болса, әуе кемесiнiң командирi адамдардың өмiрi мен денсаулығын, сондай-ақ кеменi және ондағы мүлiктi сақтау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.
566. Ұшуға қауiп төндiретiн барлық апатты жағдайларда әуе кемесiнiң экипажы «тану аппаратурасының» ажыратқышын қосу арқылы апатқа ұшырау белгiсiн беруге мiндеттi.
567. Апатқа тап болғанда белгi беру - «SOS» (апатқа ұшырадым) деген халықаралық бiрыңғай белгiленген белгi беру, «Апатқа ұшырадым» деген ашық мәтiнмен («МЭЙДЭЙ» халықаралық ұшу кезiнде) радиотелеграф, радиотелефон арқылы берiледi.
568. Апатқа тап болғанда белгi беру осы кезде пайдаланылатын ӘҚҚ диспетчерiмен байланыс арнасының жұмыс iстеу жиiлiгiнде, сондай-ақ радиотелефон режиміндегі 121,5 МГц халықаралық апат жиiлiктерiнде, немесе:
теңiз қызметтерiнен сұрау салған кезде радиотелефон режиміндегі 2182 МГц немесе 4125 МГц жиiлiктерiнде берiледi.
569. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлi қонуға шешiм қабылдай отырып, әуе кемесiнiң командирi бұл жөнiнде экипаждың барлық мүшелерiн ескертедi және одан әрi iс-қимылдың тәртібі туралы нұсқау бередi. Мәжбүрлi қону кезiнде экипаж жерге қонуға (суға қонуға) дейiн жердегi (корабльдердегi) радиостанциялармен радио арқылы ұдайы сөйлеседi, ал үзiлiс кездерiнде хабарлағыштарды қосулар күйiнде (түймелерiн басқан күйде) ұстайды. Егер бұлар бар болса, пеленгiлеу белгi берулерiнiң автоматты хабар беру құралдары үнемi қосылған жағдайда болады.
570. Апатқа ұшыраған адамдар өздерiн құтқару үшiн қажеттi барлық шаралардың қолданылатынын бiлуге тиiс, ал әуе кемесiнiң экипажы өздерiнiң iс-қимылымен өздерiн тауып алуды жеңiлдетуге жәрдемдеседi.
571. Әуеайлақтан тыс қонуға мәжбүр болған әуе кемесiнiң экипажы:
1) жолаушыларды әуе кемесінен тез арада көшiруге және оларды кемінде 100 м қауiпсiз қашықтыққа алып кетуге;
2) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыруға;
3) өзiнiң орналасқан жерiн белгiлеуге немесе нақтылауға;
4) жақын маңдағы әуеайлақпен, жер үстіндегі немесе ұшақтағы радиостанциялармен байланыс орнату жөнiнде шаралар қабылдауға;
5) жақын маңдағы әуеайлаққа немесе жергiлiктi билiк органдарына мәжбүрлi қону уақыты, орны, экипаждың, жолаушылардың, әуе кемесiнiң жай-күйi және қажеттi көмек туралы хабарлауға;
6) өрт шыққан жағдайда оны өрт сөндiрудiң борттағы және қолда бар құралдармен жоюға әрекет жасауға мiндеттi.
572. Әуе кемесiнiң қонуға мәжбүр болған жеріндегі барлық жұмыстарға экипаж командирi басшылық жасайды.
573. Қонуға мәжбүр болған жерде қалу немесе ол ауданнан кету жөніндегі шешiмдi әуе кемесiнiң командирi қабылдайды.
574. Қонуға мәжбүр болған жерде қалуға мына реттерде:
1) апаттық белгi немесе оқиға болған жер туралы хабар экипаждың әуеден не жерге қонғаннан кейiн (белгi берудi қабылдау туралы растауды алған-алмағанына қарамастан) берiлген;
2) орналасқан жердiң дәл анықталмауы, жер жағдайының таныс болмауы және жол қатынасының қиындығы (таулы, орманды, қалың қарлы, батпақты және басқа да жерлер), ең жақын маңдағы елдi мекеннiң бағыты және оның қашықтығы белгiсiз болған;
3) жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң бiр бөлiгiнiң жарақат алуынан қозғала алмауы, ал оларды тасымалдау үшiн сау адамдардың жетiспеуi;
4) жер бедерiнiң ашық болуы және әуеден зардап шеккендердiң оңай байқалуы жағдайларында ұсыныс жасалады.
575. Қонуға мәжбүр болған жерден кетуге мынадай жағдайларда:
1) орналасқан жердiң белгiлi болуы және ең жақын маңдағы елдi мекенге еркiн жету мүмкiндiгi;
2) адамдардың өз аяғымен жүруi және жарақаттанған адамдарды тасымалдауға қабiлеттi болуы;
3) өсiмдiктердiң сирек болуынан әуе кемесi мен ондағы адамдардың байқалу мүмкiндiгi, ал белгi беру құралдарының болмауы;
4) жолаушылар мен экипаждың денсаулығына табиғи апаттың (өрт, су тасқыны) салдарынан тiкелей қауiптiң төнуi жағдайларында ұсыныс жасалады.
576. Суға мәжбүрлi қону жағдайында тек ол аялдағаннан кейiн ғана, әуе кемесi командирiнiң бұйрығы бойынша әуе кемесiн тастап кетуге болады, бұл орайда:
1) экипаж мүшелерi мен жолаушылар арнайы кеудешелердi киюi және әуе кемесiнен шыққан кезде газ толтыру жүйесiн қосуы;
2) суға топтық құтқарудың жүзу құралдарын тастау;
3) әуе кемесiнен барлық адамдарды салдарға отырғызу, жарақаттанғандар мен балаларды бiрiншi кезекте көшiру;
4) азық-түлiктiң, су мен құрал-жарақтардың қорын жүзу құралдарына тиеу;
5) әуе кемесi суға батып кетпей тұрып одан қауiпсiз қашықтыққа (кемiнде 100 метр) жүзiп кету;
6) жекелеген салдарда болған экипаж мүшелерi бiр-бiрiне жақын жүзiп келуi және салдарды (екi-үш салдан бiрiктiрiп) ұзындығы 8-10 метр арқанмен байлау керек.
577. Экипаж мүшелерi талмаусырау, соғылу, қан кету, сыну, тынысы тарылу, буын таюы, күю, үсу, дененiң күюi, улану кезiнде медициналық көмек көрсетуге әзiр болуы тиiс. Егер әуе кемесi жолаушыларының арасында медицина қызметкерлерi болса, онда оларды зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге тарту қажет.
578. Апатқа ұшыраған әуе кемесiне көмек көрсету үшiн бағыт алған апат-құтқару көлiк құралдары жер үстіндегі қозғалыстың барлық түрлерiнiң алдында бiрiншi кезекте өту құқығымен пайдаланады.
Бұл орайда маневр жасау алаңында болатын көлiк құралдары мына ережелердi сақтауы тиiс:
1) көлiк құралдары мен әуе кемесiн тiркеген көлiк құралдары қонуға кiрген, көтерiлiп ұшатын және рулдеудегi әуе кемелерiне жол бередi;
2) көлiк құралдары әуе кемелерiн тiркеген басқа көлiк құралдарына жол бередi;
3) көлiк құралдары жергiлiктi жерлерде қолданылып жүрген нұсқамаларға немесе нұсқаулықтарға сәйкес басқа көлiк құралдарына жол бередi;
4) 1, 2 және 3-тармақшалардың ережесіне қарамастан көлiк құралдары және әуе кемелерiн сүйрейтiн көлiк құралдары әуеайлақтың диспетчер пунктiнiң бұйрығын орындайды.
43-тарау. Экипаждарды қалыптастыру
579. Экипажды қалыптастыру кезiнде оның мүшелерiн жинақтаудың бекітілген және бос толтырма (олардың кәсiби даярлығына және ӘК-нiң осы түріндегі жұмыс тәжiрибесiне байланысты) әдiстерi қолданылады.
Экипажды қалыптастырудың бос толтырма әдiсi, егер әуе кемесiнiң командирi, штурман, бортинженер (бортмеханик), бортрадист (бортоператор, арнайы жұмыс орындаған кезде) мамандығы бойынша нұсқаушы деген рұқсаты болса немесе ӘК-нiң осы үлгiсiнде 500 сағаттан кем емес дербес ұшса қолданылады.
580. Экипажды қалыптастыруды экипаж мүшелерiн сапалы таңдау жүктелген ұшу бөлiмшесiнiң басшысы жүзеге асырады.
Экипаж құрамына ӘК-нiң осы үлгiсiнде 200 сағаттан кем емес дербес ұшқан бiреуден артық емес экипаж мүшесiн (бортрадисттен басқа) енгізуге рұқсат етiледi.
Бұл талапты сақтамауға ұшу бөлiмшесiнде ӘК-нiң жаңа үлгiлерiн игерудегi алғашқы жылында ғана рұқсат етiледi.
581. ӘК-нiң жаңадан енгiзiлген командирi бекітіп берiлген экипажбен 100 сағаттан кем емес ұшуы тиiс.
582. Бекiтiлген экипаждың бiр адамын ерiксiз ауыстыру кезiнде барлық экипажбен қосымша алдын-ала даярлық жүргiзiледi, ал екi және одан көп экипаж мүшелерiн ауыстырған кезде, экипажбен даярлық жұмыстарын қоспағанда әуе кемесiнде сынақ ұшуы немесе ӘК-нiң осы үлгiсіндегі тренажерда тiкбұрышты бағыт бойынша 2-3 ұшу жүргiзiледi.
583. Экипажға рұқсат етiлмеген жағдайларда ұшу тапсырмасын орындау қажеттілігi кезiнде ұшу күнi экипаж құрамына тексерушiнi (нұсқаушыны) қосуға рұқсат етедi. Экипаж ӘКК ӘК-нiң осы үлгiсiнде 500 сағаттан кем емес дербес ұшуы бap экипажды ұшатын күнi экипаж мүшелерiн ауыстыруға рұқсат етiлмейдi.
584. Бекiтiлмеген құрамда ұшуға жiберiлген экипаж мүшелерiн ауыстыру қосымша алдын-ала өтетiн және тренажерда дайындықсыз, осы экипаждың құрылуына жауапты ұшу бөлiмшесi бастығының қалауымен жүргiзiлуi мүмкiн.
585. Ұшқыштар құрамының тұлғасы экипаж мүшесi ретiнде әуе кемелерiнiң үлгiлерi бойынша ұшқыштар құрамын даярлау бағдарламасына (бұдан әрi - ҰКДБ) сәйкес жаттығудан және тексеруден өткеннен кейiн дербес ұшуға жiберiледi.
586. Ұшу және ұшу-техникалық оқу орындарының курсанттары, студенттерi және тыңдаушылары, сондай-ақ осы үлгiдегi әуе кемесiнде ұшуға куәлiгi немесе рұқсаты жоқ ұшқыш құрамының адамдары оқу-ұшу даярлық курстарының бағдарламасына (бұдан әрi - ОҰДК) сәйкес экипаж құрамына енгiзiледi.
44-тарау. Ұшқыштар құрамы (экипаж)
587. Экипаждың ұшқыштар құрамы мынадай шарттарды сақтаған кезде:
1) қажеттi біліктілік бағалары бар ұшқыш мамандығының күшi бар куәлiгi бар болғанда;
2) тренажерлық даярлықтан өтудiң белгiленген мерзiмiнде өткенде;
3) ұшу тапсырмасын орындау үшiн қажеттi ұшып көтерiлу, ұшу және жұмыс уақытының резервi бар болғанда;
ұшу жұмыстарында рұқсат етiлген мерзiмнен көп үзiлiс жоқ болғанда, ұшу және ұшақ жүргiзу техникаларының қолданыстағы тексеруi бар болғанда ұшу тапсырмасын орындауға рұқсат берiледi.
588. Бұған дейiн ұшуды орындаған әуе трассалары және әуеайлақтары бойынша ӘКК-нiң және (немесе) штурмандардың дербес ұшуына:
1) тегiс және қыратты жерлерде бiр реттен кем емес;
2) таулы жерлерде, Заполярья аудандарында және таулы жерлердегi әуеайлақтарда - екi реттен кем емес ұшқаннан кейiн рұқсат етiледi.
Егер әуе кемесiнiң командирi немесе штурман сапқа ену кезеңiнде стажер ретiнде әуеайлақтарда ұшуды орындаса, онда бұл әуеайлақтарда ұшуға мiндеттi емес.
ӘКК-нiң және штурмандардың осындай сыныптағы әуе кемесiнде ұшса немесе стажер ретiнде ұшса тегiс және қыратты жерлердегі әуеайлақтарда және трассалар бойынша ұшу қажеттілігi туралы шешiмдi экипаждың даярлық деңгейiне байланысты ұшу бөлiмшесiнiң командирi қабылдайды.
589. ӘКК-нiң және I сыныпты штурмандардың аэродромдарда және трассалар бойынша дербес ұшуына рұқсат тасымалсыз жүргiзiледi (ұшу мiндеттi болып табылатын арнаулы тiзбеде көрсетiлген, оның iшiнде таулы жерлердегi әуеайлақтарды есептемегенде).
590. ӘК-нiң бiрнеше үлгiсiнде ұшуды орындаған басшы ұшқыш және ұшқыштар құрамы тұлғаларын ұшуға рұқсат етудi тексеру әрбiр әуе кемесiнiң үлгiсi бойынша жеке жүргiзедi; штурман әуе кемесiнiң жоғары үлгiсiнде тексерiлгеннен кейiн есепке алынады.
591. Авиация мамандарын нұсқаушылық жұмысқа рұқсат беру Қазақстан Республикасының жоғары авиация оқу орындарында олар арнаулы курстардан өткеннен кейiн арнаулы бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Нұсқаушылық жұмысқа берiлген рұқсат ұшу куәлiгiнде арнаулы белгiмен ресiмделедi.
592. Ұшу жұмысында үзiлiсi бар әуе көлiгiн пайдаланушы ұшқыш құрамының мамандарына рұқсат беру осы Ереженiң және уәкiлеттi орган бекiткен, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясында ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
593. Басшы-ұшқыш, нұсқаушы және тексеру құрамының тұлғалары:
1) ұшқыштар - 3 үлгiден көп емес;
2) штурмандар - 4 үлгiден көп емес;
3) бортинженерлер (бортмеханиктер) - 3 үлгiден көп емес;
4) басқа мамандар - 3 үлгiден көп емес, бұл орайда, I сыныпты әуе кемелерінде - 2 үлгiден көп емес ӘК-де ұшуға рұқсат етiледi.
594. I сыныпты ұшқыштар әуе кемесiнiң сыныбына тәуелсiз ұшақтардың 2 үлгiсiнде немесе тiкұшақтардың 2 үлгiсiнде ұшуды орындай алады. Пайдаланылатын ұшақтардың үлгiлерi бiр сыныптан артық ерекшеленбеуi керек. Дисплеймен және стрелкалы аспаппен жабдықталған ӘК-де қатар ұшуға тыйым салынады.
595. I сыныпты штурмандар мен бортинженерлер (бортмеханиктер, І және II сыныпты бортрадистер ӘК-нiң сыныбына тәуелсiз ӘК-нiң екi үлгiсiнде де ұшуды орындай алады, бұл орайда, ӘК-нiң барлық түрлерi бiр сыныптан артық ерекшеленбеуi тиiс.
596. Бортоператорлар әр ӘК-нiң үлгiсiнде 300 сағаттан кем емес ұшуы бар болған жағдайда, ӘК-нiң сыныбына тәуелсiз ӘК-нiң екi үлгiсiнде де ұшуды орындай алады.
45-тарау. Ұшқыштар құрамын тексерулер
597. Ұшқыштар құрамын тексерулер:
1) ӘК-нiң жаңа игерiлген үлгiсiнде ұшуға рұқсат беру;
2) сапқа енгiзiлгеннен кейiн дербес ұшуға рұқсат беру;
3) тиiстi метеорологиялық жағдайда және тәулiк уақытында ұшуға рұқсат беру;
4) ұшуға және қонуға бет алу үшiн метеорологиялық минимумды растау;
5) ӘК-де орнатылған жабдықтар мен жүйелердi пайдалана отырып ұшуға рұқсат беру;
6) мамандығы бойынша біліктілігiн анықтау, көтеру немесе растау мақсатында жүргiзiледi.
Сондай-ақ, ұшу жұмыстарындағы үзiлiстен кейiн, шассидiң басқа түрiмен әуе кемесiне ауысқан кезде, экипаж құрамы өзгерген жағдайда, азаматтық авиация ұйымдары (қызметтерi) командирлерiнiң (бастықтарының) көрсетуiмен анықталатын жағдайларда тексеру жүргiзiледi.
598. Ұшқыш құрамының біліктілігiн растауға арналған тексеру:
1) I және II сынып мамандарына - жылына бiр реттен жиi емес;
2) III сынып мамандарына - алты айда бiр реттен жиi емес;
3) осы үлгiдегi ӘК-де жұмыс iстеген алғашқы жылы ӘК-нiң командирiне және экипаж мүшелерiне - сыныбына тәуелсiз үш айда бiр реттен жиi емес жүргiзiледi.
599. Тексерушi (ұшқыш) ӘК-нiң бортында басшы болып табылады, өндiрiстiк ұшуларды орындау кезiнде тексерудiң мақсатына байланысты (ҰКДБ көзделген, тексерушi ұшқыш орындығына отырмайтын жағдайларды қоспағанда) сол немесе оң жақтағы ұшқыш орындығына отырады.
Экипаж құрамында тексерушiсi бар ұшуды жоспарлаудың, тексерушiнi экипаж құрамына енгізудiң, тексерушiге қойылатын талаптың, оның мiндеттерiнiң тәртібі және жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясындағы ұшу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықпен анықталған.
600. Мамандығы бойынша экипаж құрамына енгiзiлген тексерушi (ұшқыштан басқасы) ӘК-нiң командирiне бағынады және тексеру мақсатына байланысты өз қалауы бойынша кабинадан орын таңдап отырады.
601. Экипаж құрамында тексерушi (нұсқаушы) бap ұшулар үшін бөлiмшелерiнiң (қызметтерiнiң) жылдық және айлық жоспарларына сәйкес және жоғары тұрған басшылардың тапсырмалары бойынша жоспарланады және жүзеге асырылады.
602. Басшы-ұшқыш, нұсқаушы және тексеру құрамының тексерушi ретiнде экипаж құрамына енгiзiлуi үшiн:
1) ұшу бөлiмшесiнiң тиiстi басшысы (командирi) қол қойған ұшуға деген тапсырмасы;
2) азаматтық авиация маманының күшi бар куәлiгi;
3) осал үлгiдегi әуе кемесіндегі нұсқаушылық жұмысқа рұқсаты;
4) осы үлгiдегi әуе кемесіндегі жұмыстың осы жұмысты орындауға рұқсаты;
5) азаматтық авиация маманының сыныбы тексерiлушiнiң сыныбынан (мамандығы бойынша) төмен болмауы;
6) өзiнiң жеке минимумы тексеретiн әуе кемесi командирiнiң минимумнан төмен немесе бiрдей;
7) ұшу алдындағы демалысы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы қызметкерлерінің жұмыс уақыты және демалыс уақыты туралы бекітілген талаптарына сәйкес болуы тиiс.
603. Басшы ұшқыш нұсқаушы және нұсқаушылар құрамындағы адамдарға ұшатын күнi ұшуға, тағы да бiр экипаждан басқа экипажға ұшу тапсырысын орындаған кезде ауысуға, жоғарыдағы басшылардың рұқсатынсыз тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 604-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
604. Өндірістік немесе әдістемелік ұшуды орындайтын экипаж құрамына сапқа кіру бағдарламасы бойынша ұшуларды орындайтын бір ғана тексерушіні немесе нұсқаушыны жіберуге рұқсат етіледі. Ұшуға рұқсаты бар азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары тексеру жүргізу кезінде экипаж кабинасында бос орын болған кезде басқа тексерушінің болуына қарамастан экипаж құрамына енгізіледі.
Экипаждағы ұшқыштар құрамы тұлғаларының ішінен тексерушілердің жалпы саны екеуден артық болмауы тиіс.