Қажет болған жағдайларда ғана ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерi екiншi айналымға өтудiң тәртібін көрсетедi.
467. Жер бетiмен көзбен шолу байланысы (бағдарлармен) қонуға бет алу аяқталғанға дейiн орнатылған жағдайларда егер ұшқыш көзбен шолу арқылы қонуға бет алуға рұқсат сұрамаса және алмаса, сонда да бүкiл сұлба сақталуы тиiс. Қозғалысты жеделдету үшiн қонуға бет алудың нақты сұлбасы көрсетiледi. Егер қонуға бет алудың нақты сұлбасы көрсетiлмесе, бұл ұшқыштың қалауы бойынша қонуға бет алудың кез келген рұқсатын пайдалануға болатынын бiлдiредi.
36-тарау. Қонуға көзбен шолып бет алудың ережесi
468. Қонуға көзбен шолып бет алудың ережесi:
1) көзбен шолып маневр жасаудың белгiленген аймақ шегіндегі әуеайлақ ауданында көзбен шолып қону алдындағы жағдайға тiкелей шығу үшiн маневр жасауды;
2) қону бағытына бұрылыс (бұрылу) басталған сәтке дейiн белгiленген төмендеудiң ең төменгi биiктiгiн сақтауды;
3) ҰҚЖ-мен және ұшу жолағының шегіндегі бағдарлармен тұрақты көзбен шолу байланысын орнату мен сақтауды;
4) ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы болмаған жағдайда, АҰЕ бойынша екiншi айналымға өтудi және АҰЕ бойынша қонуға бет алудың белгiленген сұлбасына шыға отырып, қонуға көзбен шолып бет алудың кез келген нүктесiнен екiншi айналымға кетудi көздейдi.
469. Қонуға көзбен шолып бет алудың (бұдан әрi - ҚКБ) ережесi егер осы әуеайлақтың ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулығында көзделген болса, барлық сыныптағы әуе кемелерiнiң күндiз және кешқұрым ұшуы үшiн, сондай-ақ түнде ҚКБ-ны қоса алғанда, КҰЕ бойынша арнайы ұшуды орындайтын «жеңiл» санатына жататын әуе кемелерi үшiн қолданылады.
470. ҚКБ барлық сыныптағы әуе кемелерiнiң күндiзгi және кешқұрым сәттерiнде ұшуына қолданылады.
471. Қонуға көзбен шолып бет алу:
1) қонудың радиотехникалық құралдармен жабдықталмаған әуеайлақтарда, сондай-ақ осы құралдар iстен шыққан жағдайларда;
2) әуеайлақтардың өткізу қабiлетiн арттыру отын мен әуеайлақтың радиотехникалық құралдармен жабдықталуына қарамастан ұшу уақытын үнемдеу мақсатында;
3) ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде жедел түрде қонуды қамтамасыз ету мақсатында;
4) қонуға көзбен шолып бет алуды орындау бойынша ұшқыштар құрамын жаттықтыру мақсатында орындалады.
472. Кешқұрым сәттерде қонуға көзбен шолып бет алуды жарық техникалық құралдармен жабдықталған әуеайлақтарда (қону алаңдарында) орындауға рұқсат етiледi.
473. Қонуға көзбен шолып бет алудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн көзбен шолып маневр жасау аймағы белгiленедi, оның шектерiнде төмендеудiң ең төменгi биiктiктiгi мен ҚКБ-ның ең аз мөлшерiнiң есебi жағдайында кедергiлердi ескеру керек. Көзбен шолып маневр жасау аймағы осы иiндерге жанасу арқылы қосылған әуеайлақтың әрбiр ҰҚЖ-ның шегi орталығынан жүргiзiлген иiндермен шектеледi. Осы иiндердiң ең аз радиустарының сандық мәнi әуе кемелерi санаттарына қарай 7-кестеде берiлген. Кестедегi жеке бағанада қонуға көзбен шолу арқылы бет алудың рұқсат етiлетiн ең жоғары жылдамдығы бойынша шектеулер бөлiп көрсетiлген.
474. Кедергiлердi есепке алу тәртібі және төмендеудiң ең төменгi биiктiктерi мен ҚКБ-ға арналған минимумдар есебi «Қонуға көзбен шолып бет алу үшiн әуеайлақтардың минимумдарын анықтаудың әдiстемесiне» сәйкес белгiленедi.
7-кесте
┬──────────────┬─────────────────────────┬─────────────────────────┐
│ӘК санаты │ ҰҚЖ шегiнен │ ҚКБ кезіндегі ең │
│ │ бастағандағы ең аз │ жоғары жылдамдық │
│ │ радиусы (R), км │ (аспаптық) км/сағат │
┼──────────────┼─────────────────────────┼─────────────────────────┤
│ А │ 3,12 │ 185 │
│ В │ 4,90 │ 250 │
│ С │ 7,85 │ 335 │
│ D │ 9,79 │ 380 │
│ E │ 12,82 │ 445 │
└──────────────┴─────────────────────────┴─────────────────────────┘
475. ҚКБ ережесi бойынша ұшуға белгiленген бағдарлама бойынша даярлықтан өткен әуе кемелерiнiң командирлерi (бұдан әрi - ӘКК) жiберiледi.
476. ҚКБ ережесi бойынша ұшу кезiнде ӘКК:
1) қонуға көзбен шолып бет алудың басталатын нүктесiне дейiн аспаптар арқылы қонуға төмендеу мен бет алудың сұлбасын ұстағаны;
2) көзбен шолып маневр жасау аймағының шегiнде көзбен шолу арқылы айналым маневрiн және ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы кезiнде қонуды орындағаны;
3) қону бағытына бұрылуды бастағанға дейiн көзбен шолу арқылы маневр жасау кезiнде белгiленген ең төменгi төмендеу биiктiгiн сақтағаны;
4) ҰҚЖ-мен және (немесе) оның бағдарларымен көзбен шолу байланысы жоғалған кезде немесе көзбен шолу арқылы маневр жасау аймағының шегiнен шығып кеткен кезде екiншi айналымға дер кезiнде кеткенi;
5) өздерiнiң алдында көзбен шолып қонуды жүргiзген ӘК-мен қауiпсiз ара қашықтық ұстағаны үшiн жауапты болады.
477. ҚКБ ережесi бойынша әуе кемесiнiң ұшуын орындауға басшылық жасайтын ӘҚҚ диспетчерi:
1) әуедегi жағдай мен метеожағдайларды талдаудың негiзiнде ҚКБ-ны орындау мүмкiндiгiн анықтауға;
2) радиолокациялық бақылаудың болуы кезiнде ҚКБ-ның бастапқы нүктесiне дейiн аспаптар бойынша төмендеуге және қонуға бет алудың сұлбасын экипаждың ұстауын бақылауға;
3) РЛБ болмаған кезде диспетчер әуе кемесi экипажының баяндауы бойынша бақылауды жүзеге асыру үшiн;
4) көзбен шолып маневр жасаудың белгiленген аймағынан шығуды бақылауға және ҚКБ-ны орындауға рұқсат бергенi үшiн жауапты болады.
ҚКБ-ға рұқсат, ол көзбен шолып маневр жасау аймағының шегiнде ҚКБ-ны орындау кезiнде ұшуды, АҰЕ бойынша қонуға бет алуды орындайтын ұшақтар мен ҚКБ-ны орындайтын ұшақ арасында қауiпсiз ара қашықтықтар сақталады дегендi бiлдiредi.
5) Радиолокациялық бақылау бар кезiнде аспаптар бойынша экипаждың екiншi айналымға өту сұлбасын ұстауын бақылауға;
6) әуе, метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы экипаждың дер кезiнде ақпарат беруiне жауапты болады.
37-тарау. Ерекше жағдайлардағы ұшу
478. Ерекше жағдайлардағы ұшуға:
1) мұзды аймақтардағы, найзағайлы әрекеттi және күштi нөсерлi жауын-шашын, күштi шайқалу, атмосфераның жоғары электрлiк белсендiлiгi, желдiң ұйытқуы, шаң бораны кезіндегі ұшу;
2) таулы және бағдарлану қиын жерлердегi, шөлейттердегi және су бетіндегі ұшу;
3) Солтүстiк және Оңтүстiк жарты шарларының полярлық аудандарында ұшу;
4) қиын орнитологиялық жағдайдағы ұшу;
5) ауқымды орман өрттерiн сөндiру аймақтарындағы ұшу жатады.
479. Ұшу кезiнде қауiптi метеорологиялық құбылыстар аймағына жақын келу белгiлерi пайда болған немесе ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органдарынан тиiстi ақпараттар алған кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) бұл туралы ӘҚҚ-ның тиiстi органына ұшудың бағытын немесе эшелонын (биiктiгiн) өзгерту себептерi туралы тез арада хабар бере отырып, қауiптi аймақты айналып өту үшiн қажеттi шараларды қабылдауға мiндеттi, берiлген эшелондағы ұшу қауiпсiздiгiне төнген қауiптiң пайда болуын қоспағанда, бұл жағдайда әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органына дереу хабарлай отырып, эшелонды өз бетiмен өзгертуге рұқсат берiледi.
Бұл жағдайда ұшқыш, ұшу эшелонын өзгертпей, әдетте, әуе кемесiн бағыт осiнен оңға қарай 300 бұрылып, 20 км ұшқан соң биiктiктi таңдап алынған эшелонға дейiн өзгерте отырып, бастапқы бағытқа шығаруға мiндеттi. Төтенше жағдайларда төмендеу бұрылыстың басталу сәтiнен бастап кiдiрiссiз орындалады.
Жаңа эшелонға шыға отырып, командир ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органының келісімi бойынша әуе кемесiн әуе жолына шығарады.
480. Полярлық аудандарда, Арктика мен Антарктидада, бағдарлануы қиын жерлерде, шөлейттерде және су бетiнде ұшуды орындаған кезде әуе кемелерi бортында:
1) авариялық радиостанция;
2) тағам өнiмдерiнiң, ауыз судың және дәрi-дәрмектердiң қоры;
3) жеке және топтық жүзу құралдары (cy үстiнде ұшу кезiнде);
4) белгi беру құралдары (электрлiк, пиротехникалық);
5) қару-жарақ пен құтқару жабдықтары болуға тиiс.
481. Мұздану қаупi пайда болған кезде ұшудың барлық кезеңдерiнде, егер әуе кемесiн ҰПБ оны пайдаланудың басқа тәртібін көздемеген болса, әуе кемесінің мұздануға қарсы қолданылатын жүйесі мұздануы мүмкін аймаққа кiргенге дейiн қосылуға тиiс.
482. Мұздануға қарсы арнайы қолданылатын жабдығы жоқ және осы жағдайларда пайдалануға жiберiлмейтiн әуе кемелерiнде мұздану жағдайында ұшуға тыйым салынады.
483. Найзағай әрекетiнiң және мүмкiн болатын күштi жауын-шашынды аймақтарын кесiп өтiп ұшуға шешiм қабылдаған кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
1) найзағайдың сипатын (iшкi салмақтық, қарсы алдынан);
2) найзағайлы (нөсерлi) ошақтардың орналасуын және орын ауыстыруын, оларды айналып өту мүмкiн болатын бағыттарын және/немесе ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгертудi;
3) қосымша отын құю қажеттiгiн ескеруге мiндеттi.
Таулы жерлерде өтетiн ұшу бағыты бойынша қарсы беттегi найзағайлардың болуы мен оларды болжау кезiнде КҰЕ бойынша төменгi эшелоннан төмен болса, ұшуға шешiм қабылдауға тыйым салынады.
484. Найзағай ошақтарын байқаудың борттық РЛЖ-сыз найзағай әрекетiнiң аймағында АҰЕ бойынша ұшуға тыйым салынады.
485. Ұшу әуеайлағы ауданында iрi түйдек және түйдек-жаңбырлы бұлттану болған кезде экипаж (ұшқыш) борттық РЛЖ-ның көмегiмен ұшу және әуеайлақ ауданынан шығу аймағын тексерiп қарауға, ұшу мүмкiндiгiн бағалауға, iрi түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттануды, күштi нөсерлi жауын-шашынды аймақты айналып өту тәртібін анықтауға және сонымен бiрге (қажет болғанда) әуеайлақтың ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерiнен тиiстi ұсынымдар сұрауға мiндеттi.
486. Найзағай әрекетi (күштi нөсерлi жауын-шашынды) аймағына әуе кемесi жақындаған кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органымен өзiнiң iс-қимылын келiсе отырып, ұшуды одан әрi жалғастыру мүмкiндiгiн бағалау, аймақты айналып өту немесе қайтып оралу үшiн шешiм қабылдауға мiндеттi.
487. ӘҚҚ органының диспетчерi радиолокаторлардың деректерiн, метеорологиялық ақпаратты және әуе кемесiне түскен хабарды пайдалана отырып, экипажды бұлттанудың, найзағай ошақтары орналасуының сипаты туралы хабардар етуге мiндеттi.
488. Әуе кемелерiнiң экипаждарына iрi-түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлтқа және күшті нөсерлі жауын-шашынды аймаққа әдейі енуге тыйым салынады.
489. Ұшу кезiнде найзағайлы ошақтарға жалғасатын iрi-түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттарды көзбен шолып байқаған кезде, оларды кемiнде 10 км қашықтықта айналып өтуге рұқсат етiледi. Берiлген биiктiкте аталған бұлттарды айналып өту мүмкiн болмаған жағдайда бұлттың астымен немесе оның үстiмен көзбен шолып ұшуға рұқсат етiледi.
Бұлттың астымен ұшуға тек күндiз, нөсерлi жаңбыр аймағынан тысқары, егер:
1) әуе кемесiнiң ұшу биiктiгi жер бедерi мен жасанды кедергiлер үстіндегі нағыз қауiпсiз биiктiктен кем емес, бiрақ барлық жағдайларда да, жазық пен қыратты жерлерде кемiнде 200 метр және таулы жерлерде кемiнде 600 метр болғанда;
2) әуе кемесiнен бұлттың төменгi шегiне дейiнгi тiк қашықтық кемiнде 200 метр болғанда рұқсат етiледi.
Ipі-түйдек, түйдек-жаңбырлы бұлттың жоғары шегi үстiмен кемiнде 500 метр жоғары ұшуға рұқсат етiледi.
490. Ұшу кезiнде күштi-түйдек, құйынды-жаңбырлы бұлттарды байқаған кезде борттық PЛЖ-мен осы бұлттарды жарықтың жақын шегiнен кемiнде 15 км қашықтықта айналып өтуге рұқсат етiледi. Жекелеген найзағай ошақтары бар қарсы беттегi бұлтты кесiп өтудi борттық РЛЖ экранындағы жарық шегi арасындағы кемiнде 50 км жерде жүргiзуi мүмкiн.
491. Нөсерлi жауын-шашын жағдайларында ұшу мен қонуға бет алу кезiнде экипаж көру мүмкiндiгiнiң нашарлауын, сондай-ақ әуе кемесiнiң қонуға бет алу кезiнде және су басқан ҰҚЖ-ға қону сәтiнде аэродинамикалық сипаттамаларын ескеруге мiндеттi.
492. Мүмкiн болатын шайқалма аймағына ену алдында және/немесе оған тап болған кезде экипаж мүшелерi мен жолаушылар орындықтарға белбеулермен таңылуы тиiс.
493. Әуе кемесi күштi шайқалмаға тап болған кезде командир (ұшқыш) ӘҚҚ-ның тиiстi диспетчерлiк органына бұл туралы алдын ала хабарлай және рұқсат ала отырып, биiктiктi (ұшу эшелонын) өзгертудi қоса алғанда, осы қауiптi аймақтан дереу шығу үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi.
494. Кемiнде 900 метр биiктiктердегi таулы жерде КҰЕ бойынша ұшуы және әуе кемесiнiң күштi шайқалма аймағына тап болуы кезiнде командир (ұшқыш), егер тағайындалған әуежай бағыты бойынша одан әрi ұшуға мүмкiндiк болмаған жағдайда, осы аймақтан әуе кемесi биiктiгiн жоғарылату арқылы шығаруға (диспетчердiң рұқсатымен) көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа қайтып оралуы немесе қосалқы әуеайлаққа бағыт алуы тиiс.
495. Бұлтпен байланысты емес және көзбен шолып байқалған тiк бағыттағы құйынды (дүлей дауылды) экипаж (ұшқыш) қауiпсiз қашықтықтан айналып өтуге мiндеттi.
Түйдек-жаңбырлы бұлтпен байланысты, көзбен шолып байқалған тiк бағыттағы құйынды (дүлей дауылды) экипаж олардың көрiнетiн бүйiрлiк шекарасынан кемiнде 30 км қашықтықтан айналып өтуге мiндеттi.
496. Атмосфераның жоғары электрлiк белсендiлiгi аймағында ұшу кезiнде әуе кемесiнiң күштi электрлену белгiлерi:
1) дауыс естiгiштегi шу мен ызың;
2) радиокомпас көрсеткiшiнiң ретсiз шайқалуы;
3) тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде кабина әйнектерiнде ұшқын мен тұйықтама ұштарының жарқыл беруi болып табылады. Электрленудiң пайда болуы +5-тен -100 С-қа дейiнгi аралықтағы бұлт қабатында неғұрлым басым болады.
Әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) күштi электрлену белгiлерi пайда болған кезде бұл туралы ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органына баяндайды және диспетчердiң қауiптi аймақтан шығу жөніндегі ұсынымдарын орындайды. Бұл орайда жоғары жиiлiктегi қызмет көрсету радиостанцияларының бipeуi өшiрiледi, сонымен бiрге түнде экипаж кабинасының жарығы қосылады.
497. Берiлген эшелонда ұшудың қауiпсiздiгiне қатер төнген кезде командирге (ұшқышқа) ұшу эшелонын өздiгiнен өзгерту құқығы берiледi. Жоғары электрлену аймағында ұшу биiктiгiн өзгертудi ҰПБ ұсынымдарына сәйкес ұшуды жоғары тiк және жылдамдықты бiрте-бiрте көбейте отырып орындалуы тиiс. Бұлт қабатынан шыққаннан кейiн (басқа қабатқа енгенге дейiн) ұзақтығы 5-10 секундта ұша отырып, көлденең алаң жасаған жөн.
498. Әуе кемесi атмосфералық электрлiк разрядқа тап болған жағдайда экипаж (ұшқыш):
1) ӘҚҚ тиiстi пунктiнiң диспетчерiне зақымдану фактiсi, осы уақыттағы метеорологиялық ахуалдар, ұшу орны және биiктiгi туралы баяндауы;
2) қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерiн қадағалауы;
3) электр жабдығының, пилотажды-навигациялық жабдықтарының және радиобайланыс құралдарының жұмысын тексеруi;
4) ақауларды табу мақсатында ұшуда немесе қонғаннан кейiн жерде әуе кемесiнiң кабинасы мен салонын қарап шығуы;
5) жабдықтардың iстен шығуы мен бұзылуы байқалған жағдайда әуе кемесiн ҰПБ-ның және ӘҚҚ диспетчерлiк органының нұсқауларына сәйкес iс-қимыл жасауы тиiс.
499. Желдiң нақты (желдiң баяудан қалыптыға дейiн) соғуы жағдайларында ұшу немесе қонуға бет алу кезiнде экипаж (ұшқыш):
1) ҰПБ-ға сәйкес осы әуе кемесiнiң есептi жылдамдығын арттыруы;
2) үдемелi және тiк бағыттағы жылдамдықтың өзгеруiне барынша бақылауды жүзеге асыруы және ұшудың есептi шамалары мен берiлген траекториясы ауытқи бастаса дереу қалпына келтiруi;
3) қонуға бет алған кезде, егер төмендеудiң берiлген глиссадасын ұстап түру үшiн қозғалтқыштардың жұмыс режимiн ұстау режимiне дейiн арттыру қажет болса және/немесе ұшып өткеннен кейiн алысқа хабар жеткiзетiн маркерлi радиостанция бойынша тiк бағыттағы төмендеу жылдамдығы 3 метр/секундқа және есептi жылдамдықтан да артатын болса, ұшу режимiн пайдалана отырып тез арада екiншi айналымға өту қажет.
500. Күштi желдiң белең алуы iс жүзiнде байқалған жағдайда (немесе ӘҚҚ-ның әуеайлақтық пунктi диспетчерiнiң хабарлауы бойынша) ұшуға немесе қонуға бет алуға тыйым салынады.
501. Ұшу бағытында күштi шаң-тозаң боранға тап болған жағдайда экипаж (ұшқыш) оны көзбен шолып қауiпсiз қашықтықта айналып өтуге немесе шаң-тозаң массаның көрiнетiн жоғары шегi үстiнен кемiнде 300 метр биiктiкте ұшып өтуге мiндеттi.
Шаң-тозаң боранын айналып өту мақсатында әуе кемесiнiң ұшу биiктiгi мен бағытын өзгерту үшiн экипажға ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органының келісімi бойынша ғана рұқсат етiледi. Берiлген эшелонда ұшудың қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда ұшқышқа, әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк органға бұл туралы тез арада хабарлай отырып, ұшу эшелонын өздiгiнен өзгертуге құқық берiледi.
502. Шаң-тозаң бораны мен күштi шайқалу жағдайларында әуе кемесiнiң қонуға бет алуы және қонуы, әдетте бiр мезгiлде орындалмайды. Мұндай жағдайларда қонуға бет алуды және қонуды одан әрi жалғастыру туралы шешiмдi әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) қабылдайды.
503. Таулы жерлерде ұшуға дайындық кезiнде экипаж (ұшқыш) қосымша:
1) бағыт осiнiң екi жағынан кемiнде 50 км бағыт белдеуіндегі жер бедерiн зерттеуге, командалық биiктiктердi шектеу пеленгiлерiн картаға түсiруге және қауiптi метеорологиялық құбылыстар ұшырасқан жағдайда айналма бағыттарды белгiлеуге;
2) ұшу картасында командалық биiктiктер бойынша жергiлiктi жердiң профилiн сызып көрсетуге және олардың абсолюттiк биiктiгiн көрсетуге;
3) метеорологтың (аэрологтың) консультациясын пайдалана отырып, болжамданатын метеорологиялық жағдайларды және ауаның күштi ену және шығу ағындарының болу мүмкiндiктерiн, сондай-ақ ұшу және қону аймағындағы орфографикалық шайқалуды талдауға;
4) таулы жерлерде орналасқан әуеайлақтардың биiктiгiн, ондағы ұшу және қону ерекшелiгiн, таулы жерлердегi әуеайлақтарда ұшу-қону кезiнде барометрлiк биiктiктi өлшеуiштi пайдалану ережесін, сондай-ақ әуе кемесiнiң ұшу (қону) кезіндегі ең көп салмағының есебiн зерделеуге мiндеттi.
504. Баратын бағыты бойынша таулы жерлерде ұшу эшелонын (биiктiгiн) таңдап алуға белгiленген шегiне дейiн қауiпсiз эшелонды (биiктiктi) таңдап алуды қамтамасыз еткен жағдайда ғана рұқсат етiледi. Басқа жағдайларда ұшудың берiлген (қауiпсiз) эшелонына дейiн биiктiктi таңдап алу белгiленген сұлба бойынша, әдетте ұшудың әуеайлақтық айналымы шегiнде жүргiзiледi.
505. Көзбен шолып ұшу ережесi бойынша ұшу кезiнде тау жоталарынан өткен кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) алдыңғы жақтан және артқы жақтан соғатын ауа тасқындарының болуын ескеруге мiндеттi. Егер тау жоталарына жақын келген кезде қарсы беттен ауа тасқыны байқалатын және көлденең ұшуды ұстап қалу үшiн қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс режимiн ұстап тұруға дейiн арттыру қажет болса, тау жотасынан жер бедерiнен 900 метрден кемiрек биiктiкте өтуге мiндеттi болады.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 506-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
506. Таулы әуеайлақтарда АҰЕ бойынша ұшу кезінде төменгі қауіпсіз эшелоннан төмендеу және белгіленген схема бойынша қонуға бет алуды орындауға рұқсат меже ұшуларын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта белгіленген радиолокациялық бақылау, навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысы кезінде ұшып өткеннен, экипаж бен диспетчердің әуе кемесінің орналасқан жерін білгеннен кейін беріледі.
Радиолокациялық бақылаудың болмауы, бірақ навигациялық жабдықтың тұрақты жұмыс жасауы кезінде ӘК экипажы қатаң түрде АҰЕ-де жарияланған қонуға төмендеу сызбаларын ескере отырып ұшуға төмендеуді жүзеге асыра алады.
РЛБ болуы және навигациялық жабдықтың тұрақты емес жұмыс жасауы кезінде ӘК экипажы осы ережеге және әуеайлақтың векторлық картасына сәйкес ӘКҚҰ қызметінің диспетчері арқылы басқарылатын радиолокациялық айналысты пайдалана отырып, ұшуға төмендеуді жүзеге асыра алады.
Радиолокациялық бақылаудың болмауы және навигациялық жабдықтың тұрақсыз жұмыс істеуі кезінде төменгі қауіпсіз эшелоннан төмендеуге рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда әуе кемесі қосалқы әуеайлаққа бағыт алуы тиіс.
507. Әуеайлақ аймағында немесе ұшу бағытында әуе кемесiнiң экипажы (ұшқышы) көзбен шолу арқылы байқаған немесе ӘҚҚ-ның тиiстi пунктi радиолокатордың көмегiмен байқаған құстардың (құстар тобының) пайда болуынан туындайтын қиын орнитологиялық ахуал мен осының салдарынан әуе кемесiнiң құстармен соқтығысуы болатын нақты қауiптi жағдайларында, әуе кемесiнiң экипажына (ұшқышына) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк пунктпен келісілген қажеттi iс-қимылды (бағытты немесе эшелонды ұшу биiктiгiн өзгертудi) қолдануға құқық берiледi.
ӘҚҚ пунктi диспетчерiнiң мұндай жағдайларда әуе кемелерiн ұшыруға және қондыруға бұдан бұрын берiлген рұқсаттарын жоюға және ұшу қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi iс-қимылды қолдануға құқығы бар.
508. Ұшуға шешiм қабылдар алдында әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) ӘҚҚ-ның әуеайлақтық пункт диспетчерiнен және ақпаратты (метеорологиялық хабарды) ААТЖ арнасы бойынша алынған әуеайлақ ауданындағы (ұшу және қону аймағындағы) орнитологиялық жағдай туралы ақпаратты ескеруге мiндеттi.
Диспетчерден осындай ақпаратты алған кезде атқарушылық старт алдында әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) жағдайды бағалауы және ұшудың орындалуы туралы шешiмдi қабылдауы тиiс. Мұндай жағдайларда ұшу шамдарды жағу арқылы жүргiзiледi.