509. Бағыт бойынша ұшу кезiнде құстар байқалған жағдайда ұшқыш оларды айналып өтуге немесе олардың үстiнен ұшып өтуi тиiс.
Қону әуеайлағына таяп келген кезде ӘҚҚ органынан күрделi орнитологиялық жағдай туралы ақпарат алғаннан кейін немесе құстарды көрiп байқаған кезде экипаж (ұшқыш):
1) қырағылықты арттыруы;
2) сыртқы шамдарды және кабина әйнектерiн жылытқышты қосуы;
3) қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) жұмыс параметрлерiне бақылауды күшейтуі;
4) қажет болған кезде, құстармен iс жүзiнде соқтығысу қаупi төнген жағдайда қонуға қайта бет алу үшiн екiншi айналымға өтуi керек.
510. Бағдарлау қиын жерлерде және шөл далада ұшуға әзiрлiк барысында әуе кемесiнiң экипажы (ұшқышы) қосымша мыналарға:
1) бағыт бойынша бар сипатты бағдарларды (керуен жолдарын, өзендердi, көлдердiң арналарын, құдықтарды), сондай-ақ жалпы бағдар үшiн пайдаланылуы мүмкiн алыс бағдарларды картада белгiлеуге;
2) осы бағыт бойынша ұшудан тәжiрибесi бар басқа экипаждардан (ұшқыштардан) бағдар жасауға қатысты қажеттi хабарлар алуға;
3) тамақ өнiмдерiнiң, ауыз судың, дәрi-дәрмектер қорының, авариялық радиостанцияларының және сигнал беру құралдарының болуын тексеруге мiндеттi.
511. Су үстімен ұшуды орындауға:
1) екi қозғалтқышы және неғұрлым жарақтандырылған жүзу құралдары бар әуе кемелерiне және суға қону үшiн бейiмделген барлық әуе кемелерiнде ұшуға;
2) бiр қозғалтқышы бар, жағалау шегiнен онша алыс ұшпайтын және iстен шыққан қозғалтқышпен төмендейтiн құрғақтағы әуе кемелерiнде ұшуға рұқсат берiледi.
512. Судың бетiмен ұшу кезiнде, жағалаудан және жағалауға дейiнгi қашықтығы iстен шыққан қозғалтқыштармен (қозғалтқышпен) ұшуды жоспарлау қашықтығынан артатын кезде, сондай-ақ ұшуға және қонуға бет алу траекториясы мәжбүрлi суға қону мүмкiндiгiн көздейтiн кезде, экипаждың барлық мүшелерi мен жолаушылары құтқару кеудешелерiмен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Жағалаудан ұшу ұзақтығы 30 минуттен аспайтын барлық жағдайларда әуе кемелерiнде (түрлерiне қарамастан) жеке құтқару құралдарынан басқа, әуе кемесiн ҰПБ-ға сәйкес тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдары бар борттағы адамдардың санына есептелген топтық жүзу құралдары (үрленген құтқару салдары мен олардың апаттық қосалқы бөлшектерi) болуы тиiс.
513. Су үстiмен ұшуға әзiрлiк кезiнде экипаж (ұшқыш) қосымша мыналарға:
1) жағалаумен шектесу шегiн, мәжбүрлi қону жағдайында мұз бен судың бет қабатын егжей-тегжейлi зерттеуге;
2) жеке және топтық құтқару құралдарының, тағам өнiмдерiнiң, ауыз судың, апаттық радиостанциясының және сигнал беру құралдарының бар болуы мен дұрыс орналасуын тексеруге;
3) суға мәжбүрлi қонудың және жүзу құралдарын пайдаланудың ережелерiн оқып-үйренуге;
4) жолаушыларға жеке және топтық құралдарды пайдалану мен апат жағдайында қону кезiнде оларды пайдалану ережесi туралы нұсқау беруге мiндеттi.
514. Құрлық пен аралдардың жағалаумен шектесу шегiне жақын маңда КҰЕ бойынша ұшу бағыт осiнiң екi жағынан әрқайсысы 5 км жолақта жер бедерiнен ең жоғары рельефi есепке алына отырып, қауiпсiз биiктерде орындалады.
38-тарау. Шекаралық белдеудiң әуе кеңiстiгiнде ұшу
515. Шекаралық белдеуге мемлекет аумағына орналасқан құрлықтағы мемлекеттік шекарасына және енi 25 км сыртқы теңiздердiң жағалаумен шектесу шегiне жақын жатқан, ал теңiз жағалауындағы аудандарда - қосымша аумақтық су үстіндегі енi 12 теңiз милль (22,2 км) әуе кеңiстiгi жатады.
516. Радиобайланыс құралдарымен және/немесе радиолокациялық таным апаратурасымен жабдықталмаған әуе кемелерiнiң ұшулары шекаралық белдеудiң әуе кеңiстiгiнде ұшуына тыйым салынады.
517. Шекаралық белдеудегi ұшуға экипаждар (пилоттар, ұшқыштар) олардың сол ауданда ұшудың ерекшелiктерiн оқып-үйренгеннен кейiн, осы ерекшелiктер бойынша білімдерiн және орындалған тасымалды тексергеннен кейiн ғана жiберiледi. Мемлекеттік авиация экипаждарын осындай ұшуға жiберудi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң уәкiлеттi органы жүргiзедi.
518. Әуе кемелерiнiң экипажы шекаралық жолақта ұшуға әзiрлiк процесiнде:
1) белгiлi бiр аудандағы мемлекеттік шекара мен шекаралық белдеудiң дәл белгiлерiн;
2) жер бедерiн, өзiндiк сипатты радиолокациялық және көзбен шолу бағдарларларын;
3) байланыс және радионавигациялық құралдарының орналасуы мен жұмыс тәртібін, шектеу пеленгiлерiнiң мәнi мен олардың координаттарын;
4) ӘҚҚ-ның және ӘҚК-ның органдарымен байланыс жүргiзу тәртібін;
5) ұшу бағыты бойынша метеорологиялық жағдайды;
6) бағдарлауды қалпына келтiру ережесi мен тәртібін;
7) ұшуда ерекше жағдайлар мен ерекше оқиғалардың пайда болуы кезiнде iс-қимыл жасаудың тәртібін оқып-үйренуге және мұқият бiлуге мiндеттi.
519. Шекаралық белдеуде орналасқан әуеайлақтар, әуе жолдары мен белгiленген бағыттар бақылау, әуе кемелерi қозғалысын басқару және шекаралық жолақта экипаждардың ұшу ережесін сақтауы үшiн қажеттi навигация, радиолокация және байланыс құралдарымен жабдықталуға тиiс.
Шекаралық белдеуде ұшуды орындау кезiнде әуе кемелерiнiң белгiленген бағыттардан ауытқуына тыйым салынады.
520. Шекаралық белдеудiң әуе кеңiстiгiнде бағдарлауды жоғалтқан кезде экипаж мемлекеттік шекарадан Қазақстан Республикасы аумағының түкпiрiне ұшу бағыты бойынша кiдiрiссiз бағыт ұстауға мiндеттi, бұдан әрi осы ҚР ӘК ҰHE-нiң 537-тармағына сәйкес iс-қимыл жасайды. Әуе кеңiстiгiнде бағдарлауды қалпына келтiру үшiн шекаралық белдеуде маневр жасауға тыйым салынады.
521. Егер әуе кемесi екi жақты радиобайланысынан айырылса санкцияланған транзиттiк ұшуды (мемлекет аумағында қонбастан ұшу) орындайды немесе Қазақстан Республикасының аумағында қону арқылы ұшу жағдайында оған белгiленген әуеайлаққа дейiн ұшу немесе қону үшiн, берiлген флайг-жоспарға сәйкес, оны таныған жағдайда, мейлiнше қолайлы режим берiледi.
39-тарау. Ұшудағы ерекше жағдайлар
522. Ұшудағы ерекше жағдайларға:
1) әуе кемесiнiң қауiптi метеорологиялық құбылыстарға тап болуы;
2) қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) iстен шығуы;
3) ұшудың жоспарын немесе профилiн өзгерту қажеттілігiне, оның iшiнде мәжбүрлi қонуға әкелiп соқтыратын әуе кемесi жүйесiнiң iстен шығуы;
4) әуе кемесіндегі өрт;
5) тұрақтылықтан, басқарудан айырылу берiктiктiң бұзылуы;
6) радиобайланыстың үзiлуi (радиобайланыстың борттағы немесе жердегi жүйелерiнiң iстен шығуы);
7) бағдарлаудан айырылу;
8) экипажға немесе жолаушыларға шабуыл жасалу;
9) экипаж мүшелерiнiң немесе жолаушылардың жарақаттануы немесе олардың денсаулығының кенеттен нашарлауы;
10) әуеайлақтан тысқары мәжбүрлi қону;
11) қону әуеайлағында ӘҚБ-ның радионавигациялық құралдарының немесе радиотехникалық жабдықтың iстен шығуы;
12) авариялық жағдайларда парашюттарды қолдану жатады.
523. Ұшуда ерекше жағдайлардың пайда болуы туралы әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) ӘҚҚ диспетчерлiк органына тез арада хабарлайды. Байланыс жасау қиындаған жағдайда негiзгi арна бойынша 121,5 МГц апат жиiлiгiне көшiрiледi.
Тану аппаратурасының апат сигналын беруi:
1) қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) iстен шығуы;
2) әуе кемесіндегі өрт;
3) әуе кемесiнiң тұрақтылықтан, басқарудан айырылуы, берiктiгiнiң бұзылуы;
4) радиобайланыстың iстен шығуы;
5) бағдарлаудан айырылу;
6) экипажға (жолаушыларға) шабуыл жасалу;
7) әуеайлақтан тысқары мәжбүрлi қону;
8) апатты жағдайларда парашюттарды қолдану;
9) шұғыл төмендеу жағдайларында қосылады.
524. Ұшуда ерекше жағдайлар пайда болған кезiнде әуе кемесiн жүргiзу мен басқару осы әуе кемесiн ҰПБ талаптарына сәйкес болуы тиiс.
Ерекше жағдайларда әуе кемесiн ҰПБ талаптарына сәйкес операцияларды орындаған кезде экипаж мүшелерi өздерiнiң барлық iс-қимылдары туралы әуе кемесiнiң командирiне баяндауға мiндеттi.
525. Одан әрi ұшу экипаждың және жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпеген жағдайларда, әуе кемесi командирiнiң әуеайлақтан тыс мәжбүрлi қонуды орындауға немесе егер, экипаж және жолаушылар парашюттармен қамтамасыз етiлген болса, әуе кемесiн тастап шығуға шешiм қабылдауға құқығы бар.
526. Ұшу үнiн қауіпті метеорологиялық құбылыстарға:
1) ұшу және қону әуеайлағында - найзағай, бұршақ, күштi шайқалма, желдің күштi соғуы, тайғанақ, қалың мұз басу, құйын, дауыл, күштi құм бораны, күштi нөсерлер жауын-шашын, жанартау күлі;
2) ұшу бағыты бойынша - бұршақ, найзағай, қалың мұз басу, әуе кемесiнiң күштi шайқалмасы, күштi электрленуi жатады.
527. Ұшу бағыты бойынша қауiптi метеорологиялық құбылыстарға кезiккен жағдайда әуе кемесiнiң командирi оларды айналып өту үшiн шаралар қолданады. Оларды айналып өту мүмкiн болмаған жағдайда ұшу бағытын немесе биiктiгiн өзгерту арқылы экипаж (ұшқыш) ұшу әуеайлағына қайтып оралады немесе жақын маңдағы қосалқы әуеайлаққа қонады. Тiкұшақтың командирiне (ұшқышына) бұл жағдайда әуеден таңдап алынған алаңға қонуға рұқсат етiледi.
528. Әуе кемесіндегі қозғалтқыштың iстен шығуы кезiнде бiр қозғалтқышпен 100 метрге дейiнгi биiктiкте (оның iшiнде - ұшар кезiнде) әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) өзiнiң алдындағы кедергiлермен соқтығысудан аулақ бола отырып, мәжбүрлi қонуды жүргiзедi.
Егер қозғалтқыштың iстен шығуы 100 метрден астам биiктiкте болса, әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) әуе кемесiнiң мүмкiндiгiнше аз зақымдануын қамтамасыз етiп, мәжбүрлi қону үшiн жарамды алаңды таңдап алуына рұқсат eтiледi.
529. Бiрнеше қозғалтқышы бар әуе кемесiнде қозғалтқышы (қозғалтқыштар) iстен шыққан кезде командирдiң (ұшқыштың):
1) көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа қонуына;
2) ұшу жағдайларын жақсарту үшiн отынның бiр бөлiгiн төгуге немесе жүктi лақтыруға;
3) жұмыс iстейтiн қозғалтқыштың кез келген режимiн пайдалануға;
4) бағытты ұшуда жақын маңдағы әуеайлаққа дейiн (оның ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) одан әрi ұшуға және онда қонуға құқығы бар.
Үш және одан көп қозғалтқышы бар әуе кемелерiнде iстен шығу белгiлерi (өрттен басқа) бойынша ұшуда экипаж бiр қозғалтқышты қосқан жағдайда әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) баратын әуеайлағына дейiн одан әрi ұшуға құқық берiледi.
Егер жұмыс iстейтiн қозғалтқыштармен одан әрi ұшу мүмкiндiгi және ұшудың қауiпсiздiгiне нақты қауiп төнетiн болса, әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
5) ҰПБ талаптарына сәйкес қажеттi iс-қимылдарды орындауға;
6) тану аппаратурасының авариялық сигналын қосуға;
7) егер, нақтылы орын алған жағдайда жақын маңдағы әуеайлаққа дейiн ұшуға қарағанда кез келген әуеайлаққа, оның iшiнде көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қонудың қауiпсiздiк қатерi аз болса, мұндай қону жасауға мiндеттi.
530. Ұшудың жоспарын немесе профилiн өзгерту қажеттілігiне, соның iшiнде мәжбүрлi қонуға әкелiп соқтыратын әуе кемесi жүйелерiнiң iстен шығуы. Әуе кемесi ұшуда сыр берген жағдайда экипаж әуе кемесiн ҰПБ талаптарына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Электрмен қоректендiрудiң резервтiк көздерi жоқ болған немесе оларды пайдаланудың мүмкiндiгi болмаған жағдайда әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы):
1) КҰЕ бойынша ұшу кезiнде жақын маңдағы әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қонады;
2) АҰЕ бойынша ұшқан кезде көзбен шолу арқылы ұшуға көшу жөнiнде шаралар қолданады;
3) бұлттан жоғары ұшқан кезде, көзбен шолу арқылы ұшуға көшудiң қауiпсiздiгiне сенiмдi болмаған, бiрақ ұшуды одан әрi жалғастырудың техникалық мүмкiндiгi болған жағдайда көзбен шолу арқылы ұшуға көшуге немесе өзiнiң ұшу эшелонында (биiктiгiнде) тiкбұрышты бағыт сұлбасы бойынша күту режимiнде ұшуды орындау мүмкiн болатын ауданға бағыт алу керек.
531. ӘҚҚ пунктiнiң диспетчерi, әуе кемесiмен байланыстың тоқталғанын анықтап, оның орналасқан жерiн радилокациялық құралдардың көмегiмен анықтағаннан кейiн:
1) апатқа ұшыраған әуе кемесiнiң басқа әуе кемелерiмен жақындауын болдырмайтындай дәрежеде қозғалысты бақылауды және басқаруды қамтамасыз етуге;
2) қонуға бағыт алуына көмек көрсету үшiн осы ауданда болатын басқа әуе кемесiмен радиобайланысын үзген әуе кемесiнiң жол көрсету мүмкiндiгiн пайдалануға мiндеттi.
532. Шұғыл төмендеудi орындауды қажет ететiн кабина толық герметизацияланбаған жағдайда, экипаж (ұшқыш):
1) оттегi кимектерiн қолданады;
2) әуе кемесiн ҰПЕ талаптарына сәйкес әрекет жасай отырып эшелоннан төмен 4200 метр биiктiкке дейiн шұғыл төмендеуге кiрiседi, бiрақ ол барлық жағдайда да ұшу ауданындағы төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгiнен төмен болмауы тиiс;
3) тану аппаратурасының апат сигналын қосады;
4) жолаушылардың денсаулық жағдайын тексередi және қажет болғанда көмек көрсетедi;
5) баратын әуеайлаққа немесе жақын маңдағы қону үшiн жарамды әуеайлаққа ұшу туралы шешiм қабылдайды.
533. Әуе кемесiнде өрт шыққан кезде экипаж (ұшқыш):
1) шұғыл төмендеуге кiрiседi және сонымен бiрге өрттi сөндiру үшiн қол жеткiзiмдi барлық шараларды қолданады;
2) авариялық сигналын қосады (қажетiне қарай);
3) қалыптасқан жағдайға орай ұшуды жақын маңдағы әуеайлаққа дейiн жалғастырады, не әуе кемесiн ҰПЕ талаптарына сәйкес iс-қимыл жасай отырып әуеайлақтан тыс жерге қонады.
534. Ұшудың алғашқы кезеңiнде (ұшқаннан кейiн биiктiктi ала бастағанда) әуе кемесiнде өрт шыққан және оны сөндiру мүмкiн болмаған жағдайда әуе кемесi командирiнiң (ұшқышының):
1) көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа, соның iшiнде минимумнан төмен ауа райы жағдайында қону үшiн қысқа бағыт бойынша қонуға кiрудi орындауға;
2) әуеайлақ ауданында ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта көзделген алаңға қонуға;
3) әуеден таңдап алынған алаңға қонуға құқығы болады.
535. Әуе кемесi тұрақтылығын, басқарылуын, берiктiгiн жоғалтқан жағдайда әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) авариялық сигналын қосады және әуе кемесiнiң осы түрiне арналған әуе кемесiн ҰПЕ талаптарына сәйкес iс-қимыл жасайды.
536. Бағдарлауды жоғалтқан кезде экипаж:
1) авариялық сигналын қосуға;
2) радио арқылы «Полюс» сигналын беруге;
3) ӘҚҚ диспетчерге отын қалдығы және ұшу жағдайлары туралы баяндауға;
4) ӘҚҚ диспетчерiнiң рұқсатымен әуе кемесiн радиолокациялық құралдармен анықтау үшiн ұшудың ең қолайлы эшелонын (биiктiгiн) иеленуге;
5) ӘҚҚ диспетчерлiк пунктiнiң нұсқауларын пайдалана отырып бағдарлауды қалпына келтiрудiң осы жағдайға ең тиiмдi тәсiлiн қолдануға;
6) бағдарлауды қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда, отынның толық жұмсалуына жол берместен, дер кезiнде қараңғылық түскенге дейiн кез келген әуеайлаққа немесе әуеден таңдап алынған алаңға қонуға мiндеттi.
537. Бағдарлаудың жоқ болуы себебiнен экипаж баратын әуеайлақтан басқа әуеайлаққа мәжбүрлi қону жасаса, бағдарлауды толық жоғалтқан болып саналады.
538. Егер әуе кемесiн экипаж (ұшқыш) өздiгiнен немесе ӘҚҚ диспетчерi жердегi РТҚ көмегiмен белгiленген бағытқа шығарып, кейiннен жететiн әуеайлаққа қондыратын болса, онда бағдарлауды уақытша жоғалтқан болып саналады.
539. Экипажға (жолаушыларға) шабуыл жасау немесе шабуыл жасау қаупi төнген жағдайда, әуе кемесiнiң командирi және экипаж мүшелерi, мүмкiндiгiнше, авариялық сигналын беруге, шабуыл жасалғаны туралы, өзiнiң шақыру белгiсiн, орналасқан жерiн (координаттарын), биiктiгiн, ұшу бағытын хабарлауға және арнайы нұсқауға сәйкес iс-қимыл жасауға мiндеттi.
540. Экипаж мүшелерiнiң немесе жолаушының (жолаушылардың) денсаулық жағдайлары кенеттен нашарлаған немесе олар жарақаттанған жағдайларда, әуе кемесiнiң командирi оған (оларға) қолда бар медициналық көмектi көрсетудi ұйымдастыруға және орын алған жағдайға байланысты, ұшуды одан әрi жалғастыру немесе тоқтату туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
Әуе кемесi командирiнiң денсаулық жағдайы кенеттен нашарлап (немесе жарақаттанып) ұшуды одан әрi жалғастыра алмаса, тапсырманы орындауды тоқтатады және әуеайлаққа қонғанға дейiн оның мiндетiн екiншi ұшқыш уақытша орындайды.
541. ӘҚҚ-ның диспетчерлiк органы экипаж мүшесiнiң немесе жолаушының денсаулық жағдайы кенеттен нашарлауына (жарақаттануына) байланысты ұшудың уақытша тоқтатылғаны туралы баяндауды алғаннан кейiн, әуе кемесiнiң жақын маңдағы әуеайлаққа шығуын және оның кезектен тыс қонуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
542. Одан әрi ұшу жолаушылар мен экипаждың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпейтiн жағдайда, әуе кемесi командирiнiң ӘҚҚ органына болжамды қону орны мен уақыты туралы (мүмкiндiгiне қарай) алдын ала хабарлай отырып, әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлi қонуды орындау туралы шешiм қабылдауға құқығы бар.
Мәжбүрлi қону жерiнен ұшу мәжбүрлi қону оқиғасын зерттеген Комиссия төрағасының рұқсатымен жүргiзiледi.
543. Жақын маңдағы әуеайлақпен байланыс жоқ болған жағдайда және/немесе кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда әуе кемесі командирiнiң (ұшқышының) жердi жеке өзi алдын-ала қарап шығып, оның қауiпсiз ұшу үшiн жарамдылығын анықтағаннан кейiн ұшуға өздiгiнен шешiм қабылдауға құқығы бар.
Қажет болған жағдайда ұшу секторындағы кедергiлердi жою, жүктi тастау немесе отынның бiр бөлiгiн төгу үшiн шаралар қолданылады.
544. ӘҚҚ диспетчерлiк органынан ӘҚҚ ауданында радиолокациялық құралдардың iстен шыққаны туралы хабарды алған кезде, осы ауданда ұшуды орындайтын әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) ұшудың берiлген эшелонын, жылдамдығын және бағытын ұстай отырып, бағыттағы бақылау нүктелерiнен ұшып өткен кезде өзiнiң орналасқан жерi туралы мiндеттi түрде хабарлап, көзбен шолу арқылы, сондай-ақ радиолокациялық құралдардың көмегiмен әуедегi жағдайды мейлiнше сақтықпен сақтай отырып ұшуды жалғастырады.
545. Қонуды қамтамасыз етудiң радиотехникалық құралдары және/немесе қону әуеайлағындағы байланыс құралдары iстен шыққан және метеорологиялық жағдайларға байланысты сол әуеайлақта көзбен шолу арқылы қонуға бет алу мен қону мүмкiн болмаған кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) екiншi айналымға өтедi және/немесе қосалқы әуеайлаққа бағыт алады.
Қосалқы әуеайлаққа өту мүмкiн болмаған жағдайда (отынның жетiспеуi, авиация техникасының бұзылуы және T.б.) әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) қону әуеайлағындағы минимумнан төмен ауа райы жағдайында қонуына құқық берiледi.
546. Парашютшiлердi түсiру немесе жүктердi парашютпен лақтыру мақсатындағы ұшуларды орындау кезiнде, сондай-ақ, егер бұл оқу ұшуына арналған тиiстi нұсқаулықта көзделсе, ұшуға қатысатын барлық экипаж мүшелерiнiң және басқа адамдардың сақтандыру құралдары орнатылған жеке парашюттары бар болуы тиiс.
Парашюттардың аспалы жүйелерi барлық ұшу уақытында киiлiп тұруы тиiс.
Ұшуда киiлген парашютпен жұмыс iстеу мүмкiн болмаған жағдайда ғана парашютты шешуге рұқсат етiледi.
547. Авариялық жағдайда әуе кемесiн тастап парашютпен экипаждың (ұшқыштың) кетуi алдында экипаж (ұшқыш) мүмкiндiгiнше, бұл туралы ӘҚҚ органының диспетчерiне өзiнiң орналасқан жерiн көрсете отырып хабарлайды, авариялық сигналын бередi (оны қосады), сондай-ақ, (мүмкiн болған кезде) автоұшқышты қосуға, жазық глиссада бойынша төмендеу арқылы халық аз орналасқан ауданға бағытты белгiлеуге, тану аппаратурасының шартты белгi құрылымын жоюы тиiс, одан кейiн әуе кемесiн тастап шығады.
Борттағы экипаж мүшелерi және басқа адамдар әуе кемесi командирiнiң нұсқауы бойынша паршюттермен әуе кемесiн тастап шығады. Командир әуе кемесiн ең соңынан тастап шығады.
Әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi органнан алынған тиiстi ақпаратта, ұсынымда және/немесе рұқсатта көрсетiлгенiндей, бұл тиiстi заңды органның нұсқауына сәйкес жасалатын жағдайларды қоспағанда, апаттық түсуден басқа парашютпен түсу жүргiзiлмейдi.
40-тарау. Ұшудағы күтпеген жағдайлар
548. Авариялық жағдайда қалғаны белгiлi немесе тап болды деп болжанатын әуе кемесiне, заңсыз араласуды қоса алғанда, ӘҚҚ органдары тарапынан барынша назар аударылып, жәрдем көрсетiледi және нақты жайларды негiзге ала отырып, басқа әуе кемелерiне қарағанда басымдық берiледi.
549. ӘҚҚ органдары қажет болғанда апатты жағдайда қалған әуе кемесiмен радиобайланыс орнату және оған қолдау көрсету үшiн резервтiк құралдарды қоса алғанда, қолда бар байланыс құралдарын пайдаланады.
550. Әуе кемесiнiң авариялық жағдайда қалғаны туралы хабарлау үшiн (егер ол ҚШРЛ қабылдау-жауап беру құрылғысымен жабдықталған болса) «А» режиміндегі арнайы кодтар қолданылады, олар:
1) «7700» коды - бұл әуе кемесiнiң елеулi және тiкелей қауiпке ұшырағанын көрсетедi және экипажға (ұшқышқа) шұғыл көмек қажет болады;
2) «7600» коды - радиобайланыстың үзiлгенiн көрсетедi;
3) «7500» коды - әуе кемесi заңсыз араласу объектiсi болғанын көрсетедi.
551. Апатты жағдай туындаған кезде, егер ӘҚҚ қызметi тарапынан бұған дейiн басқа кодты пайдалану туралы нұсқау берiлмесе, әуе кемесiнiң ұшқышы қабылдау-жауап беру құрылғысына «А» режимiнiң «7700» кодын орнатады. Бұл жағдайда ұшқыш ӘҚҚ қызметi тарапынан басқа нұсқаулар алғанға дейiн белгiлi бiр шартты пайдаланады.
563-тармақтың ережелерiне қарамастан «А» режимiнiң «7700» кодын ұшқыш мұның өзi iс-қимылды ең жақсы деп табуына негiз болған кезде таңдап алуы мүмкiн.
552. Егер ұшып жүрген әуе кемесi заңсыз араласу объектiсiне айналатын болса, егер күтпеген жағдайлар «7700» кодын пайдалануға мүмкiндiк бермейтiн болса, әуе кемесiнiң командирi қабылдау-жауап беру құрылғысына «А» режимiнiң «7500» кодын орнату үшiн мүмкiн болған жағдайдың бәрiн жасайды.
553. Егер ұшқыш «А» режимiнiң «7700» кодын таңдап алып, кейiннен ӘҚҚ қызметi күтпеген жағдайлар қарай оған сол шартты белгi екенiн растауына нұсқау бередi, онда ол не кодты растайды, не жауап бермейдi.
Ұшқыштан жауаптың болмауы ӘҚҚ қызметi үшiн «7500» кодын пайдалану кездейсоқ дұрыс болмаған код еместiгiнiң дәлелi болады.
554. ӘҚҚ органдарының ӘҚҚ диспетчерлерi мен ұшқыштарының азаматтық әуе кемелерiн басып алу кезіндегі iс-қимыл, сондай-ақ жедел қимыл және апат сигналын қолдануы осы Ереженiң 2 және 3-қосымшаларында көрсетiлген.
41-тарау. Екi жақты «әуе-жер» байланысының iстен шығуы
555. Борттағы немесе жердегi «әуе-жер» байланысы жүйелерiнiң iстен шығуынан туындайтын радиобайланысының үзiлуi кезiнде әуе кемесiнiң экипажы мен ӘҚҚ органдарының диспетчерлерi арнаулы нұсқауларға және/немесе жұмыстың технологияларына сәйкес iс-қимыл жасайды.
Егер бес минут iшiнде радиобайланыстың қолда бар арналарын пайдалану кезiнде олардың әрқайсысы бойынша бiрнеше рет шақыруына экипаж немесе диспетчер жауап бермейтiн болса, радиобайланыс үзiлген деп есептеледi.
556. Радиобайланыс үзiлген кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы) «апат» белгiсiн қосады, сондай-ақ қолда бар құралдарды пайдалана отырып, «А» режимiнде «7600» жауап беру құрылғысы кодын орнатады, ӘҚҚ органымен тiкелей немесе басқа әуе кемелерi арқылы, не ӘҚҚ органдарының пункттерi арқылы байланысты қалпына келтiруге шаралар қолданады. Мұндай жағдайларда, қажет болған реттерде, қабылданған шешiм, ұшудың орналасқан жерi, биіктiгi туралы (оны диспетчердiң қабылдауын күтпестен) ақпарат беру, сондай-ақ байланыс арналары бойынша және ӘҚҚ диспетчерлiк пункттерiнiң нұсқаулары мен ақпаратының МАЖР жиiлiгiнде тыңдау үшiн 121,5 МГц апатты жиiлiгi пайдаланылуы мүмкiн.
557. Егер радиобайланысты қалпына келтiру мүмкiн болмаса, әуе кемесiнiң командирi (ұшқышы), әдетте, тапсырманы орындауды тоқтатады және көтерiлiп ұшқан әуеайлаққа немесе қосалқы әуеайлаққа қонады. Бұл жағдайда әуе кемесi командирiнiң (ұшқышының) минимумнан төмен ауа райы жағдайында әуеайлаққа қонуғa құқығы бар.