│ │ АҰЕ бойынша │ КҰЕ бойынша │
├───────────────────────────────────────┴─────────────┴───────────────┤
│ Ұшу және қону аймағында │
│ 300 және одан аз (шеңбер бойынша) 300 100 │
│ 300-ден артық (шеңбер бойынша) 300 100 │
│ Жақындап қону ауданында, │
│ әуе трассаларында, │
│ ЖӘЖ және белгiленген бағыттарда │
│ а) тегiс және қыратты жерлерде │
│ және су кеңiстiгiнiң үстiнде │
│ 300 және одан аз 600 100 │
│ 301-ден 550-гe дейiн 600 200 │
│ 550-ден артық 600 │
│ б) таулы жерлерде (2000 метр │
│ және одан аз): │
│ 550 және одан аз 900 300 │
│ 550-ден артық 900 │
│ в) таулы жерлерде (2000 метрден │
│ биiк): │
│ 550 және одан аз 900 │
│ 550-ден артық 900 │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
370. Ұшу және қону аймағындағы ұшудың қауiпсiз биiктiгiне есептеме жасағанда жер бедерi мен ондағы жасанды кедергiлердiң артықшылығын есепке алғандағы жолақ АҰЕ бойынша ұшқанда 10 км, ал КҰЕ бойыншада - бағыт осiнiң екi жағында 5 км болуы тиiс. Радиолокациялық бақылау бар болған жағдайда 10 км, ал радиолокациялық бақылау жоқ болған жағдайда - бағыт осiнiң екi жағында 25 км; КҰЕ бойынша ұшу - дәлiз енi шегiнде.
Әуе кемелерiнiң барлық түрлерiне арналған шынайы қауiпсiз биiктiктiң бұл шамасы қонуға бағыт алған сұлба бойынша ұшу кезiнде 4-бұрылыстан шыққанға дейiн сақталады. 4-бұрылыстан шығу нүктесiнен 1-бұрылысқа дейiн аралықта ұшу биiктiгi мен кедергiлерi есепке алынған жолақ енi «Азаматтық авиация әуе кемелерiнiң ұшуы және қонуы үшiн минимумдарды анықтау әдiстемесiне» сәйкес анықталады және ocы әуеайлақта ұшуды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта көрсетiледi.
Егер жер бедерiнiң жағдайларымен немесе басқа себептермен бұл талаптарды орындау мүмкiн болмаса Қазақстан Республикасы авиация әкiмшiлiгiнiң өкiлеттi мемлекеттік органы бекiтетiн, қонуға бет алудың арнайы сұлбасы қолданылады.
371. Жер бедерiнiң және ондағы жасанды кедергiлердiң көп болуын есепке алу жолағы әуе жолдары, ЖӘЖ және белгiленген бағыттар (әуеайлақ ауданынан тысқары) бойынша қауiпсiз биiктiктi және төменгi қауiпсiз эшелонды есептеп, АҰЕ ұшу кезiнде - бағыт осiнiң екi жағында 25 км, ал КҰЕ - жол енiнiң шегiнде (жергiлiктi әуе жолдарында, белгiленген бағытта) болуы керек.
372. Таулы жердегi әуеайлақтарда КҰЕ бойынша ұшқанда, кейбір жағдайларда шеңбер бойынша ұшу жылдамдығы 300 км/сағат және одан артық әуе кемелерi үшiн жер бедерiнiң және ондағы жасанды кедергiлердiң көп болуын есепке алу жолағының енi авиация әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен қысқаруы мүмкiн, ол жайында осы әуеайлақта ұшуды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта көрсетiледi.
373. Арнайы КҰЕ ұшу үшiн ақиқат қауiпсiз биiктiк осы Ереженiң 6-кестесiнде келтiрiлген.
374. Әуеайлақ шеңберi бойынша ұшу биiктiгi (шеңбер биiктiгi) шеңбер бойынша ұшу жылдамдығына және ақиқат қауiпсiз биiктiкке байланысты анықталады және 100 метр еселенген мәнге дейiн ұлғаю жағына дөңгелектенедi.
375. Әр әуеайлақ үшiн аспаптар арқылы ұшудың ең төмен қауiпсiз биiктiгi (бұдан әрi - ЕҚБ) белгiленедi, ол биiктiк қонуға бағыт алған сұлбаның сыртына шығып кеткенде апаттық жағдайда төмендеу үшiн пайдаланылады және ӘБН 50 км радиустағы жер бедерiнiң ең жоғарғы нүктесiнен және жасанды кедергiлерден 300 метр жоғары ақиқат қауiпсiз ұшудың ең аз қорын қамтамасыз етедi. Егер жасанды кедергiлердi қоса алғанда, жер бедеріндегі биiктiктердiң айырмасы 100 метрден аспаса, ЕҚБ әуеайлақтың барлық ауданы үшiн бiрдей белгiленедi. Биiктiктердiң айырмасы үлкен болған жағдайда әуеайлақ секторларға бөлiнедi, ал әрбiр сектор үшiн ең төмен қауiпсiз биiктiк белгiленедi. Жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң және жасанды кедергiлердiң биiктiгi ұшу жолағының қонуға баратын бағытындағы табалдырықтың деңгейiне қатысты анықталады және 100 метр еселенген мәнге дейiн ұлғаю жағына дөңгелектенедi.
376. Жақын келетiн ауданда ұшудың қауiпсiз биiктiгi әуеайлақтың теңiз деңгейiне келтiрiлген атмосфералық қысымы бойынша анықталады.
377. Жақын келетiн ауданда ұшудың қауiпсiз биiктiгi, шеңбер биiктiгi және ЕҚБ орташа жылдық температура мен әуеайлақтағы қысымның ең аз шамасы бойынша жүргiзiлген көп жылдық бақылау негiзiнде есептеледi және осы әуеайлақта ұшу жүргізудің нұсқаулығында және аэронавигациялық ақпарат жинағында көрсетiледi.
378. Төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгi алынған мәндi таяу iлеспе эшелонға дейiн өсiре отырып, 760 мм сынап бағанасындағы атмосфералық қысым (1032,2 мб) бойынша ұшудың қауiпсiз биiктiгiн есептеу арқылы анықталады.
379. АҰЕ және арнайы КҰЕ бойынша әрбiр ұшу алдында:
1) төменгi эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауiпсiз биiктiк;
2) төменгi эшелоннан төмен бағыт бойындағы (авиациялық жұмыстар ауданындағы) ұшудың қауiпсiз биiктiгi;
3) төменгi қауiпсiз эшелонның биiктiгi есептеледi.
380. КҰЕ бойынша төменгi эшелоннан төмен ұшқанда әуеайлақ ауданындағы қауiпсiз биiктiк (әуеайлақтың атмосфералық қысымы бойынша) және бағыт бойындағы қауiпсiз биiктiк (келтiрiлген ең аз қысым бойынша) ұшу (тағайындалған) әуеайлақтағы температураның нақты шамасы бойынша есептеледi.
381. Бағыт бойында және тегiс және қыратты жердегi әуеайлақ ауданында төменгi эшелоннан төмен, КҰЕ бойынша ұшу үшiн қауiпсiз биiктiктi есептегенде, егер әуе кемесiнiң ұшу жылдамдығы 300 км/сағаттан аспайтын болса, жасанды кедергiлердiң биiктiгi есепке алынбайды. Әуе кемесiнiң экипажы жасанды кедергiнi Көзбен шолып кемiнде 500 метр қашықтықта айналып өтуi тиiс.
Таулы жерлерде КҰЕ бойынша ұшқанда жасанды кедергiлердiң биiктiгi ұшу жылдамдығына қарамастан қауiпсiз биiктiктiң есебiне кiредi.
382. Бағыт бойынша, сондай-ақ ұшу және қону аймағында арнайы КҰЕ бойынша ұшу 6-кестенiң талаптарына сай болған жағдайларда орындалады.
Ұшу биiктiгiнен төмендегi бұлттардың мөлшерi екi октанттан аспаса КҰЕ бойынша бұлттан жоғары ұшуға рұқсат берiледi. Бұл жағдайда бұлттардың жоғары шекарасынан әуе кемесiне дейiнгi қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
383. Ұшудың аспаптық қауiпсiз биiктiгiн есептеудiң тәртібі осы Ереженiң 1-қосымшасында келтiрiлген.
Ұшуды орындаған кезде экипаж Түзетулер енгізудiң бiрыңғай әдiстемесi талаптарына сай биiктiк өлшегiшiнiң түзетулерiн ескеруге мiндеттi.
6-кесте
┌─────────┬────────────────┬────────────────────────────┬───────────-┐
│ Жер │Ұшудың қауіпсiз │Бедердiң ең биiк нүктесі │ Көру │
│ жағдайы │биiктiгi │бұлттардың төменгi шекара. │ мүмкіндігі│
│ │(ақиқат), │сының биiктiгi, метр │ │
│ │ метр │ │ │
├─────────┼─────────┬──────┴─┬─────────┬─────────┬──────┴──┬─────────┼
│ │ күндiз │ түнде │ күндiз │ түнде │ күндiз │ түнде │
├─────────┴─────────┴────────┴─────────┴─────────┴─────────┴─────────┤
│ Денсаулық сақтау ұйымдарына, iздестiру-құтқару жұмыстарына қызмет │
│ көрсетуге байланысты жедел ұшу және жаттығу мақсатындағы ұшу │
│ │
│ Тегiс │
│ және │
│ қыратты 50 250 100 300 1000 4000 │
│ Таулы 300 - 400 - 2000 │
│ │
│ Әуe тасымалы және авиациялық жұмыстар бойынша ұшулар │
│ Тегiс - 400 - 450 - 400 │
│ және │
│ қыратты │
└────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Ұшу және қону аймағында жер бедерiн және жасанды кедергiлердiң көп болуын есептеу, жолағының енi бағыт осiнiң екi қапталында күндiз 5 км, түнде - 10 км болады.
ЖӘЖ бойынша және белгiленген бағытпен ұшу кезiнде жер бедерiнiң және жасанды кедергiлердiң көп болуын есептеу жолағының енi бағыт осiнiң екi қапталында күндiз - 5 км, түнде - 10 км, таулы жерлерде - ЖӘЖ (белгiленген бағытының) енi шегiнде болады.
Тегiс және қыратты жерлерде бұлттардың төменгi шекарасының нақты және болжамды биiктiгi 150 метрден кем және көру мүмкiндiгi 3000 метр және одан алыс болғанда, ұшу жылдамдығы 300 км/сағат болатын әуе кемелерi үшiн жасанды кедергiлердiң биiктiгi есепке алынбайды.
30-тарау. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде тiк,
көлденең және бүйiрге қарай эшелондау ережелерi
384. Тiгiнен эшелондаудың ара қашықтығы:
1) 900 эшелоннан 8100 метр эшелонға дейiн - 300 метр;
2) 8100 эшелоннан 12100 метр эшелонға дейiн - 500 метр;
3) 12100 метр эшелоннан жоғары, сондай-ақ дыбыстан жоғары жылдамдықта ұшатын әуе кемелерi және басқа әуе кемелерi арасында - 1000 метр болып белгiленедi.
385. Төменгi эшелоннан төмен ұшқанда төменгi эшелон мен ұшу биiктiгi арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
Төменгi эшелоннан төмен биiктiкте әуе кемелерiнiң КҰЕ бойынша (арнайы КҰЕ) 300 км/сағат аспайтын жылдамдықпен ұшу 150 метрден кейiн, 300 км/сағ. асатын жылдамдықпен ұшу - барлық жағдайларда 300 метрден кейiн эшелондалады.
386. Шеңбер бойынша ұшу биiктiгi мен күту аймағының төменгi эшелоны арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс.
387. Әуеайлақ ауданында әуе кемелерi арасындағы тiгiнен болатын қашықтық 300 метрден кем болмауы тиiс. Төменгi эшелоннан төмен КҰЕ бойынша ұшуды орындайтын 4-сыныпты ұшақтар мен тiкұшақтар үшiн 1, 2 және 3-сыныпты ұшақтардың ұшу бағыттарының қиылысатын жерiнде, радиолокациялық бақылау кезiнда және олардың арасындағы көлбеу қашықтық 5 км кем болмаса - тiгiнен болатын ара қашықтық кемiнде 150 метр болуы тиiс.
388. Әуе кемелерiнiң КҰЕ бойынша және АҰЕ бойынша ұшуы үшiн бiр уақытта бiрдей эшелон (биiктiк) тағайындауға тыйым салынған.
389. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде тiгiнен эшелондау жартылай шеңбер жүйесi бойынша жүзеге асырылады:
1) әуе жолдарын, ЖӘЖ және бағыттарды 0-ден 1790-қа дейiнгi (қоса алғанда) ақиқат жол бұрыштарымен белгiленген бағыттарды бағыттау кезiнде мынадай ұшу эшелондары белгiленедi: 900, 1500, 2100, 2700, 3300, 3900, 4500, 5100, 5700, 6300, 7500, 8100, 9100, 10100, 11100, 12100, 14100.
2) әуе трассаларын, жергiлiктi әуе жолдарын және белгiленген бағыттарды 180-нен 3590-қа дейiнгi (қоса есептегенде) нағыз жолдық бұрыштармен бағыттағанда ұшудың мынадай эшелондары белгiленедi: 1200, 1800, 2400, 3000, 3600, 4200, 4800, 5400, 6000, 6600, 7200, 7800, 8600, 9600, 10600, 11600, 13100, 15100 метр.
390. Бағыттардың бұрылыс пунктiнде эшелонды ауыстырғанда, ұшудың жалпы бағыты өзгергендiктен, жаңа эшелонды алу диспетчердiң рұқсатымен, осы Ережеде белгiленген ара қашықтық сақтала отырып көрсетiлген пункттi ұшып өтуден 20 минут бұрын орындалады.
391. Егер жолдың (бағыттың) басым учаскелерiнiң берiлген ақиқат жол бұрыштары бiр шеңбердiң жартылай шегiнде, ал жекелеген учаскелерде - бiр шеңбердiң басқа шегiнде болса, онда барлық әуе жолы (бағыты) үшiн ұшудың қауiпсiздiк шаралары сақтала отырып бiрыңғай эшелондар белгiленуi мүмкiн.
392. Әуеайлақ (аэроторап) ауданында және күту аймақтарында тiгiнен эшелондау белгiленген ара қашықтықтарға сәйкес ұшудың берiлген жол бұрыштарына тәуелсiз жүргiзiледi.
1-параграф. КҰЕ бойынша ұшқанда көлденең
эшелондаудың ең аз ара қашықтығы
393. Бiр эшелонда (биiктiкте) бiр бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - 2 км.
394. Басқа әуе кемесi ұшып келе жатқан ұшу эшелонын (биiктiгiн) қиып өткен, сондай-ақ бір эшелонда (биiктiкте) ұшу бағытын қиып өткен кезде:
1) ұшу жылдамдығы 300 км/сағат және одан аз болатын әуе кемелерi үшiн - 2 шақырым;
2) ұшу жылдамдығы 301-550 км/сағат болатын әуе кемелерi үшiн - 5 км.
2-параграф. Үздiксiз радиолокациялық
бақылауға алынып, АҰЕ және КҰЕ бойынша
ұшқан кезде көлденең эшелондаудың ең аз аралығы
395. Бiр эшелонда (биiктiкте) бiр бағыт бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы:
1) әуе жолдарында, ЖӘЖ және белгiленген бағыттар бойынша - 30 км;
2) жақын келетiн аймақта - 20 км;
3) жақын келетiн аймақта ӘКБ АЖ пайдаланғанда - 10 км;
4) ұшу және қону аймағында - ұшу салмағы 136 тонна және одан көп болатын әуе кемелерiнiң соңынан ұшқан барлық әуе кемелерi үшiн - 10 км. Қалған барлық жағдайларда - 5 км.
396. Басқа әуе кемесi иеленген қарсы эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - қиып өтетiн сәтте 30 км (10 км бүйiрдегi ара қашықтықты сақтай отырып).
397. Басқа әуе кемесi иеленген iлеспе эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - 20 км, ал жақын келетiн аймақта ӘКБ АЖ пайдалану кезiнде қиып өтетiн сәтте 10 км.
398. Бiр эшелондағы (биiктiктегi) қиып өтетiн бағыттар бойынша (70о кем емес қиылысу бұрыштары кезiнде) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - қиып өтетiн сәтте 40 км.
3-параграф. Үздiксiз радиолокациялық
бақылау болмаған кезде АҰЕ (арнайы КҰЕ бойынша)
көлденеңiнен эшелондаудың ең аз аралығы
399. Қашықтыққа негiзделген АӨЖ пайдаланылғанда көлденеңiнен эшелондаудың минимумдары, белгiленген шамадан кем болмайтын, әуе кемелерiнiң басқа да ыңғайлы навигациялық құралдарын, қашықтықты (қашықтықтарды) пайдалануды үйлестіре отырып АӨЖ көмегiмен анықталатын, әуе кемелерiнiң хабарланатын орналасқан жерлерiнiң ара қашықтығын сақтау арқылы қамтамасыз етiледi.
Мұндай эшелондауды пайдаланған кезде ұшқыш пен ӘҚҚ диспетчер арасында тiкелей радиобайланыс орнайды. Бiр ұшу жолының бойында және бiр эшелонда ұшатын (крейсерлiк) әуе кемелерi үшiн мынадай көлденеңiнен эшелондау минимумы белгiленедi:
әрбiр әуе кемесi ұшу жолының бойында орналасқан АӨЖ станциясын пайдаланған және әуе кемелерiнен минимумдардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қысқа уақыт аралығында АӨЖ көрсетулерi туралы мәлiметтердi бiр уақытта алу арқылы эшелондау тексерiлген жағдайда - 40 км.
4-параграф. Yздiксiз радиолокациялық
бақылау болмаған кезде АҰЕ және КҰЕ
көлденең эшелондаудың ең аз уақыттық аралығы
400. Бiр бағыт бойынша бiр эшелонда (биiктiкте) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасында:
әуе жолдары, ЖӘЖ, белгiленген бағыттар бойынша және жақын келетiн аймақта - 10 мин;
ұшу және қону аймағында қонуға бағытталған сұлба бойынша маневрдi орындағанда - 3 мин.
401. Басқа әуе кемесi иеленген iлеспе немесе қарсы эшелонды (биiктiктi) қиып өткен кезде - қиып өткен сәтте 20 минут.
402. Бiр эшелондағы (биiктiктегi) қиып өтетiн бағыттар бойынша (70о-тан кем емес қиылысу бұрыштары кезiнде) ұшып келе жатқан әуе кемелерiнiң арасы - қиып өтетiн сәтте 15 минут.
403. Әуеайлақ ауданында үздiксiз радиолокациялық бақылау жоқ болғанда, АҰЕ бойынша ұшқан жағдайда бiр биiктiкте бiр ғана әуе кемесi болуы тиiс.
404. КҰЕ және АҰЕ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерiнiң арасындағы көлденеңiнен эшелондаудың ара қашықтығы АҰЕ бойынша ұшу үшiн белгiленген ара қашықтан кем болмауы тиiс.
405. Бүйiрден эшелондауды қолданғанда әуе кемелерiн бүйiрден эшелондауды қамтамасыз етуге тиiстi болжамды бағыттар участкелерiнiң арасындағы қашықтық навигациялық қателiктер ескерiле отырып, тиiстi бiр қорғану резервi ескерiле отырып белгiленген қашықтықтан әрқашан кем болмайды. Қорғану резервiн ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi орган анықтайды, ол бүйiрден эшелондаудың минимумына оның ажырамас бөлiгi ретiнде кiредi.
406. Әуе кемелерiн бiр деңгейде бүйiрден эшелондауды қамтамасыз ету үшiн олар көзбен шолып қарау арқылы немесе навигациялық құралдарды пайдалану арқылы анықталатын әртүрлi бағыттарда немесе әртүрлi географиялық жерлерде ұшуды орындауы тиiс.
407. КҰЕ бiр биiктiкте ұшқанда бүйiрден эшелондаудың ең аз ара қашықтығы:
1) төменгі эшелоннан төмен ЖӘЖ ұшқанда ажыратылған бағыттар үшiн - 5 км;
2) алдында ұшып бара жатқан әуе кемесiн оң жағынан басып озғанда (әуеайлақтық шеңберде - сырт жағынан) - 500 метр.
408. Үздiксiз радиолокациялық бақылау болып АҰЕ бойынша ұшқанда бүйiрден эшелондаудың ең аз ара қашықтығы:
1) қатарлас әуе жолдары остерiнiң арасы - 50 км.
2) iлеспе әуе кемесi иеленген эшелонды (биiктiктi) қиып өткенде қиып өткен сәтте (әуе жолы, ЖӘЖ, дәлiз шегiнде) - 10 км;
3) қарсы ұшып келе жатқан әуе кемесi иеленген эшелонды (биiктiктi) қиып өткенде - қиып өткен сәтте (әуе жолы, ЖӘЖ, дәлiз шегiнде, 30 км бойлық ара қашықтықты сақтай отырып) 10 км, не 12 км - егер ӘК бiрiмен бiрi қатар ұшса.
409. Үздiксiз радиолокациялық бақылау болмаған жағдайда АҰЕ бойынша ұшу кезiнде бүйiрден эшелондауға тыйым салынады.