Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі № 742 қаулысы
(2006.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы келісімге сәйкес ("Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасы) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 24 шілдедегi
№ 742 қаулысына
Қосымша
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 19 наурыздағы № 249 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 605 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің
солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасын іске асыруды
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
үйлестіру комиссиясының құрамы
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға |
Рябцев Анатолий Дмитриевич | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Кеншімов Әмірхан Қадырбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетi төрағасының орынбасары, хатшы |
Қараманов Ұзақбай Қараманұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесi |
Қараманов Асқар Ұзақбайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерi комитеті төрағасының орынбасары |
Темірханов Кеңес Қайыргелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Байнақов Рахмет Ғазизұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Yкіметтік қарыздарды тарту департаментінің директоры |
Бертісбаев Несіпқұл Бертісбайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібi департаментінің директоры |
Ермекова Несіпбала Әбсағитқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры |
Әбішев Ислам Алмаханұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Еламанов Бекмырза Қайыпұлы | - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 24 шілдедегі
№ 742 қаулысымен
бекітілген
"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгін сақтау (1 фаза)"
жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Ведомствоаралық үйлестiру комиссиясының (бұдан әрi Комиссия) "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша қызметiн реттейдi. Комиссия 2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы келісім шеңберiнде Жобаны iске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзiрлеу мақсатында құрылған.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
1) Жоба шеңберiнде Сырдария өзенi арнасының су режимiн реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау арқылы аймақтың экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту;
2) Қазақстан Республикасының Yкіметіне Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi беретiн заем қаражатын тиiмдi пайдалану;
3) Жобаны iске асыру жөніндегі мәселелердi үйлестiру;
4) жаңадан гидротехникалық құрылыстарды жобалауға және салуға, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өзен бойындағы құрылыстарды жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi еңбек және материалдық ресурстарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
1) Комиссия өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардан қажеттi ақпаратты алуға;
2) Жобаны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындауға;
3) белгiленген тәртiппен Комиссияның құрамына өзгерістер және/немесе толықтырулар бойынша ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның отырыстарына төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
6. Жұмыстарды ұйымдастыруды және тиiстi материалдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi болып табылады.
8. Комиссия мәжілісi қажеттiгiне қарай, бiрақ жарты жылдық сайын кем дегенде бiр рет өткiзіліп тұрады.
9. Мәжілістiң күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша Комиссияның төрағасы анықтайды және нақтылайды.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және олардың ұсынымдық сипаты бар.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
12. Жобаны iске асыру аяқталғаннан кейiн Комиссия өз қызметiн тоқтатады.