"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк
бөлігін сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету
мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясын құру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 24 шілдедегі № 742 қаулысы
Бастапқы редакция
2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы келісімге сәйкес ("Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасы) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы құрылсын.
2. Қоса берiліп отырған "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 24 шілдедегі
№ 742 қаулысына
қосымша
"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын
iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық үйлестiру комиссиясының құрамы
Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрi, төраға
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Кеншiмов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Әмiрхан Қадiрбекұлы шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
жөніндегі комитетi төрағасының
орынбасары, хатшы
Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Тито Уахапұлы Мәжілісi Экология және табиғатты
пайдалану мәселелерi жөніндегі
комитетiнiң төрағасы, (келісім
бойынша)
Кенжебек - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Өмiрғали Кенжебекұлы Мәжілісi экология және табиғатты
пайдалану мәселелерi жөніндегі
комитетiнiң мүшесi, (келісім бойынша)
Рябцев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Анатолий Дмитриевич шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
жөніндегі комитетiнiң төрағасы
Алданиязов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрлан Исаұлы және сауда министрлігі Құрылыс iстері
жөніндегі комитетi төрағасының
орынбасары
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстембек Қуаталыұлы министрлігі Мемлекеттік борыш және
кредит беру департаментiнiң директоры
Бекжанов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы ортаны қорғау министрлігі Сараптама
және лицензиялау департаментiнiң
директоры
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасының Экономика
Мәулен Амангелдіұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Мемлекеттік қарыз алуды жоспарлау
және кредит беру департаментiнiң
директоры
Бертiсбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Несiтқұл Бертiсбайұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Электрэнергетикасы және қатты отын
департаментiнiң директоры
Мұхаметов - Қызылорда облысы әкімінiң орынбасары
Бағдат Бақтиярұлы
Әбiшев - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімінiң
Ислам Әлмаханұлы орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 24 шілдедегі
№ 742 қаулысымен
бекітілген
"Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал
теңiзiнiң солтүстiк бөлiгін сақтау (1 фаза)"
жобасын iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру комиссиясы
туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Ведомствоаралық үйлестiру комиссиясының (бұдан әрi Комиссия) "Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау (1 фаза)" жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша қызметiн реттейдi. Комиссия 2001 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Заем туралы келісім шеңберiнде Жобаны iске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзiрлеу мақсатында құрылған.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
1) Жоба шеңберiнде Сырдария өзенi арнасының су режимiн реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтау арқылы аймақтың экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту;
2) Қазақстан Республикасының Yкіметіне Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi беретiн заем қаражатын тиiмдi пайдалану;
3) Жобаны iске асыру жөніндегі мәселелердi үйлестiру;
4) жаңадан гидротехникалық құрылыстарды жобалауға және салуға, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өзен бойындағы құрылыстарды жөндеу жұмыстарын жүргiзуге жергiлiктi еңбек және материалдық ресурстарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия өзiнiң мiндеттерiне сәйкес:
1) Комиссия өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардан қажеттi ақпаратты алуға;
2) Жобаны iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар дайындауға;
3) белгiленген тәртiппен Комиссияның құрамына өзгерістер және/немесе толықтырулар бойынша ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның отырыстарына төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
6. Жұмыстарды ұйымдастыруды және тиiстi материалдарды дайындауды Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi болып табылады.
8. Комиссия мәжілісi қажеттiгiне қарай, бiрақ жарты жылдық сайын кем дегенде бiр рет өткiзіліп тұрады.
9. Мәжілістiң күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша Комиссияның төрағасы анықтайды және нақтылайды.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс бергенде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және олардың ұсынымдық сипаты бар.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
12. Жобаны iске асыру аяқталғаннан кейiн Комиссия өз қызметiн тоқтатады.