Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі № 742 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 605 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі № 742 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 605 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 24 шілдедегi
№ 742 қаулысына
Қосымша
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің
солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасын іске асыруды
қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
үйлестіру комиссиясының құрамы
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға |
Рябцев Анатолий Дмитриевич | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары |
Кеншімов Әмірхан Қадырбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетi төрағасының орынбасары, хатшы |
Қараманов Ұзақбай Қараманұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесi |
Қараманов Асқар Ұзақбайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істерi комитеті төрағасының орынбасары |
Темірханов Кеңес Қайыргелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Байнақов Рахмет Ғазизұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi Yкіметтік қарыздарды тарту департаментінің директоры |
Бертісбаев Несіпқұл Бертісбайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібi департаментінің директоры |
Ермекова Несіпбала Әбсағитқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры |
Әбішев Ислам Алмаханұлы | - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Еламанов Бекмырза Қайыпұлы | - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары |