2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 89-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
89-бап. Қор биржасының тізімі
1. Бағалы қағаздарын қор биржасының тізіміне енгізу болжанатын немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар мен шарттар оның қағидаларында белгіленеді.
Уәкілетті орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, қор биржасының ресми тізімінің санаттарына енгізілген эмитенттер, сондай-ақ оларды жіберуге бастамашылар орналастырылған және еркін айналыстағы акциялардың қор биржасының қағидаларында белгіленген ең төмен көлемін қамтамасыз етуге міндетті.
3. Эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу үшін эмитент брокермен және (немесе) дилермен осы Заңның 64-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында аталған қызметтерді көрсетуге арналған шартты жасасуға міндетті.
Осы тармақтың талабы қаржы ұйымы болып табылатын эмитентке қолданылмайды.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттер, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды жіберуге бастамашылар осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және қор биржасының қағидаларында эмитенттің қызметі және қор биржасының ресми тізіміне енгізілетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашып көрсетуге қатысты белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент үшін корпоративтік басқару кодексінің болуы міндетті.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалануға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін пайдалану кезінде жыл сайын қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде, жылдық есеп шеңберінде оны өзінің корпоративтік интернет-ресурсында жариялау арқылы қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексінің сақталуы туралы ақпаратты ашып көрсетеді.
Осы тармақтың талаптары тек қана жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығаруды жүзеге асыратын эмитенттерге, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын эмитенттерге қолданылмайды.
90-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 90-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
90-1-бап. Орталық контрагенттің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібі
1. Клиринг ұйымы, орталық депозитарий немесе қор биржасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген шарттарда және тәртіппен орталық контрагент болуға құқылы.
2. Орталық контрагент өз қызметінің тәуекелдерін азайту үшін:
1) тәуекелдерді басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) орталық контрагенттің меншікті активтері есебінен қалыптастырылған резервтік қорды және клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған кепілдік қорларды ең төмен деңгейде ұстап тұруға;
3) уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыруға міндетті.
3. Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 90-2-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
90-2-бап. Орталық контрагенттің шектеулі жауапкершілігі және құқықтары
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Орталық контрагент жаңалау немесе өзге тәсіл арқылы мәміленің тарапы мәртебесін қабылдаған қаржы құралдарымен мәмілелерді орындау бойынша оның жауапкершілігі қаржы құралдарының белгілі бір түрі (типі, атауы) үшін (немесе белгілі бір нарық, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының секторы үшін) оның резервтік қорын құрайтын, орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген мөлшердегі активтерімен шектеледі.
2. Уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және (немесе) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленген іске асыру шарттарымен және тәртібімен орталық контрагенттің:
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) клирингтік қатысушының төлем қабілетсіздігін немесе оның қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемені орындауға қабілетсіздігін анықтау;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) клирингтік қатысушының мәмілелерін (позицияларды мәжбүрлеп жабу, қаржы құралдарының төлемдері, аударымдары бойынша) орындау немесе оның активтерін басқару (кез келген мәмілелерді, шарттарды жасау және орындау), ол жол берген дефолтты реттеу үшін оны ішінара қамтамасыз етуді немесе басқа активтерді қолдану (пайдалану);
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) дефолттың залалдарын жабу үшін маржа жарналарын, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының активтерін қоса алғанда, оның иелігіндегі қаржы активтерін пайдалану;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) орталық контрагенттің көрсетілетін қызметтерін пайдалана отырып, клирингтік қатысушы өз клиентінің мүдделері үшін жасасқан мәміле бойынша дефолтты реттеу үшін орталық контрагент пен осы брокер арасындағы тиісті қосылу шартында белгіленген шарттармен және тәртіппен осы клирингтік қатысушының (орталық депозитарийдің және (немесе) клиринг ұйымына қызмет көрсететін есеп айырысу ұйымының шоттарындағы) меншікті активтерін пайдалану бойынша құқықтары белгіленуі мүмкін.
3. Орталық контрагенттің осы баптың 2-тармағында көрсетілген құқықтарды іске асырудың және рәсімдерді жүргізудің шарттары мен тәртібіне қатысты ішкі құжаттары орталық контрагенттің барлық клиенттеріне танысу үшін қолжетімді болуға тиіс.
4. Орталық контрагент сауда-саттыққа адал қатысушылардың заңды талаптарын орындау мақсатында дефолтты реттеу үшін қолданатын және оның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылған әрекеттер соттың шешімі бойынша ғана жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Бұл ретте осы әрекеттерге сотқа шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсіптік ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 91-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен ( бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 92-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 92-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың құқықтық жағдайы
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызмет түрiн көрсетуге, сондай-ақ «қауымдастық», «одақ» немесе «бiрлестiк» деген сөздерді қамтуға тиiс.
93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары:
1) уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар беру;
2) бағалы қағаздар рыногында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасында туындайтын дауларды және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды қарау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
3) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген адамдарға оқу бағдарламаларын әзiрлеу және оларды оқытуды жүргiзу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;
5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң рейтингтерiн жасау және жариялау;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтiнiштер жiберу;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
7) бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзуға жол берген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне өзiнiң iшкi құжаттарында белгiленген ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнiң қызметi мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган беретiн ақпаратты өзiнiң мүшелерiне жеткiзiп отыруға мiндеттi.
94-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары:
1) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi қызметiнiң ережелерi мен стандарттарын;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның өз мүшелерiнiң қызметiне қатысты бақылау iс-шараларын жүргiзу ережелерiн;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасындағы дауларды шешу ережелерiн;
4) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару ережесін;
5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби этика ережелерiн;
6) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
7) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның бөлiмшелерi, комитеттерi, филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiнiң тәртібін белгiлеуге тиiс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакциядаі ( бұр. ред. қара)
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi әзiрлейдi және оны өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.
95-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
96-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
97-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның уәкiлеттi органмен өзара қатынастары
1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзғаны туралы, сондай-ақ өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты уәкiлеттi органның назарына жеткізуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi орган өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және оның клиенттерінің мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеу кезiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мамандарын тартады.
98-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарымен белгiленедi.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш оның өзiн-өзi реттейтiн ұйымға түскен кезiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады. Өтiнiшке тiзбесi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында айқындалатын құжаттар қоса тiркеледi. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi қабылдайды.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдаудан бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
99-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда:
1) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң өтiнiшi бойынша;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған немесе лицензияның қолданылуы тоқтатылған;
3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесi Қазақстан Республикасының заңдарын және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығаруға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi кеңесiнiң мүшелiктен шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
100-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өтiнiштерiн қарау арқылы жүзеге асырады. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым клиенттердiң өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша және негiздемелер болған жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiне қатысты ықпал ету шараларын қолданады.
2. Өтiнiштi қараудан заңсыз бас тартуға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң клиентi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды
100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары
1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат
101-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 102-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
102-бап. Эмитенттің ақпаратты жария етуі
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
1. Бағалы қағаздар нарығында ақпаратты жария ету деп Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы ақпаратты алу мақсаттарына қарамастан, осыған мүдделі барлық тұлғаларға оның қолжетімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар шығару шарттарында қамтылған ақпарат осыған мүдделі барлық тұлғаларға қолжетімді болып табылады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында:
1) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңның 2-бабының 8-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред. қара)
1) орталық депозитарий ашып көрсететін, осы баптың 5-тармағының 3), 5) 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген оқиғалар туралы ақпаратты қоспағанда, эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;
2) жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;
3) акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді;
SUB10202044) эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамын;
5) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін;
6) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігін және эмитенттің аудиторлық есептерін (аудиторлық есептерді ашып көрсетуді «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын эмитенттер жүзеге асырады);
7) акционерлік қоғам ұйымдастырылмаған нарықта акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесін ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көзделген талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін
басқаруға байланысты ақпарат пен мәліметтерге қолданылмайды.
Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратқа қосымша ретінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ашып көрсетуді жүзеге асыруға міндетті.
3. Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қор биржасының интернет-ресурсында осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жария етуді қосымша қамтамасыз етуге міндетті.
4. Шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңі деп мыналар түсініледі:
акциялар үшін - уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және осы акциялар шығарылымының күші жойылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
облигациялар үшін - облигацияларды шығару проспектісінде айқындалған кезең, оның ішінде облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
пайлар үшін - уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және инвестициялық пай қорының қызметі тоқтатылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
өзге эмиссиялық бағалы қағаздар үшін - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында айқындалған кезең, оның ішінде осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін.
5. Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат деп:
1) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер;
2) эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
3) эмитенттің дауыс беретін акцияларының он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің құрамындағы өзгерістер;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамындағы өзгерістер;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің мынадай шешімдерді қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органы қабылдаған:
акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру;
жарияланған акцияларды орналастыру (өткізу), оның ішінде олардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы;
егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, эмитенттің орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару;
ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу туралы шешімдер;
5) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына конвертациялау;
6) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) акцияларды бөлшектеу;
7) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдар тізіміндегі өзгерістер;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
8) акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделілігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы мәліметтер түсініледі.
Нәтижесінде акционерлік қоғам активтері мөлшерінің он және одан көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпаратта мәміленің тараптары, сатып алынған немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ болған кезде, мәміле туралы өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс;
9) эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі;