Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 ақпандағы № 163 қаулысы
(2004.29.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 717 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қapу-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 100 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулыны iске асыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiн (қаржы полициясы) ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 17 ақпандағы
№ 163 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 100 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Бейбiт және соғыс уақытында пайдаланылатын Қазақстан
Республикасының қаржы полициясы органдарының
қызметкерлерi және Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа
қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) оқу
орындары үшiн қарулар мен оқ-дәрiлер нормалары мен
тiзбесi
1. ҚАРУЛАР
P/c N | Атауы | Саны | Тиiстiлiгi |
1. 2. 3. 4. 5. | 5,45 мм ПCM пистолетi* немесе ұңғы ұзындығы 100 мм-ден аспайтын барлық түрдегi пистолеттер, револьверлер 9 мм Макаров пистолетi, ұңғысының ұзындығы 100 мм-ден аспайтын барлық түрдегi пистолеттер немесе револьверлер 5,45 мм АКС-74 немесе АКС-74У Калашников автоматы 7,62 мм АКМ немесе AKMC Калашников автоматы 9 мм ПП-90 пистолет- пулеметi немесе басқа да түрлерi 26 мм СПШ дабыл пистолеттерi | 1 дана 5 дана 1 дана 3 дана 5 дана 5 дана 5 дана 20 дана 1 дана 1 дана 3 дана 3 дана | Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) (бұдан әрi - Агенттiк), облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша және көлiктегi ҚПД-нiң (бұдан әрi - аумақтық органдар) басшы құрамына Басшы құрамды даярлау (қайта дайындау) жөніндегі оқу орнына ПСМ пистолеттерiмен қарулана. тындарды қоспағанда, қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамына Оқу орындарының орта және аға басшы құрамына (тұрақты құрамына) Жеке құраммен практикалық сабақтар және ату жарыстарын өткізу үшiн: Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарының 5 курсанты мен тыңдаушысына Оқу орындарының 5 курсанты мен тыңдаушысына Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына |
*Қызметтiк қажеттiлiк кезiнде Макаров пистолетiне немесе револьверге ауыстырылады
Ескерту: 1. Әкiмшiлiк ғимараттарды және басқа да объектiлердi күзету бойынша сыртқы посттарда қызмет атқаратын қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы құрамы автоматтармен қарулануы мүмкiн.
2. Бейбiт уақытта аумақтық органдарда және оқу орындарында қызметтiк мақсаттар үшiн ұсталатын Калашников автоматтарының қажеттi саны Агенттiк төрағасының бұйрығымен белгiленедi.
Жаттығу қару-жарағы
1. 2. 3. 4. 5. | 9 мм Макаров - жаттығу пистолетi 7,62 мм (5,45 мм) Калашников - жаттығу автоматы 5,45 мм (7,62 мм) Калашников - жаттығу қол пулеметi 5,45 мм Калашников жаңғыртылған ПКМ (ПКМС) жаттығу пулеметi 5,45 мм ПСМ - жаттығу пистолетi | 1 дана 3 дана 5 дана 1 дана 3 дана 5 дана 1 дана 1 дана 1 дана | Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына Оқу орындарына Оқу орындарына Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына |
2. ОҚ-ДӘРIЛЕР
Қаржы полициясы органдарында және оқу орындарында атыс
қаруына оқ-дәрiлердiң қоры, патрондар, 1,0 жауынгерлiк
жиынтық мөлшерiнде ұсталады
Жауынгерлiк жиынтық құрамы
P/c № | Атауы | Қару-жарақ бiрлiгiне арналған жауынгерлiк жиынтық (дана) |
1. 2. 3. | Атыс қаруы: 5,45 мм ПСМ пистолетi 5,45 мм орта қашықтықтағы ұрыстың кiшi габариттi патрондары КГП 5,45 мм (7,62 мм) Калашников автоматтары мынадай: - жай оғы бар - жарқырап ұшатын оғы бар 5,45 мм (7,62 мм) патрондары Жиыны: 9 мм Макаров пистолетi және басқа да модификациясы 9 мм пистолет патрондары (9x18, 9x19) | 24 246 54 300 24 |
Ескерту:
1. Жауынгерлiк жиынтық - қару-жарақ бiрлiгiне арналған оқ-дәрiлердiң белгіленген саны (пистолет, автомат, пулемет).
2. Қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары үшiн қару-жарақ үлгiсiне жауынгерлiк жиынтықтар құрамы бiрыңғай белгiленедi.
3. Аумақтық органдарда, оқу орындарында оқ-дәрiлердiң тиiстi санын ұстау Агенттiк төрағасының бұйрығымен белгiленедi.
4. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарының тиiстiлiк табелiнде тиiстi қару-жараққа оқ-дәрiлер белгiленген жауынгерлiк жиынтыққа сәйкес есептеледi.
5. Жауынгерлiк жиынтықта патрондардың жекелеген түрлерiнiң қажеттi саны болмаған кезде оларды, осы жауынгерлiк жиынтыққа кiретiн арнаулы ұқсас қолда бар патрондар немесе басқа да оқ түрлерiмен ауыстыруға рұқсат берiледi.
6. Жаттығу практикасына арналған оқ-дәрiлердiң тиiстiлiгi норма бойынша бөлек есептеледi.
Агенттiктiң, аумақтық органдар мен оқу орындарының
жауынгерлiк даярлыққа арналған оқ-дәрiлер шығыстарының
нормалары (бip жылға бiр адамға данамен алғанда)
P/c N | Атауы | Автомат патрондары | Пистолет патрондары | Бос патрондар |
1. 2. 3. 4. 4.1. 4.2. 5. | Жеке жаттығу - материалдық базасы - ауыспалы құрамы бар оқу орындары, жоғарғы курстар және олардың күндiзгi факультеттерi Оқу орнының тұрақты басшы құрамы Тексерiлушiге қару-жарақ пен орындалатын жаттығуына байланысты Агенттiктiң жоспары бойынша тексерулер мен емтихандар өткізу үшiн оқу орнының ауыспалы және тұрақты құрамы Қатардағы және басшы құрам: Кезекшiлiк бөлiмдерi мен жеке тұлға күзетi бөлiмшелерiнiң жеке құрамы Қалған бөлiмшелер Агенттiктiң жоспары бойынша инспекторлық тексерулер өткізуге - қару-жарағы мен орындайтын жаттығуына байланысты әрбiр тексерiлетiн бөлiмшеге | 15 10 20 60 20 10 | 60 50 12 100 60 6 | 10 - - - - - |