Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қару-жарақ
пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 ақпандағы N 163 қаулысы
Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. N 100 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10, 11-баптарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қолдануға құқылы қapу-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыны iске асыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қаржы полициясы агенттiгiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргiзiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2003 жылғы 17 ақпандағы
N 163 қаулысымен
бекiтiлген
Бейбiт және соғыс уақытында пайдаланылатын Қазақстан
Республикасының қаржы полициясы органдарының
қызметкерлерi және Қаржы полициясы агенттігiнiң оқу
орындары үшiн қарулар мен оқ-дәрiлер нормалары мен
тiзбесi
1. ҚАРУЛАР
P/c N | Атауы | Саны | Тиiстiлiгi |
1. 2. 3. 4. 5. | 5,45 мм ПCM пистолетi* немесе ұңғы ұзындығы 100 мм-ден аспайтын барлық түрдегi пистолеттер, револьверлер 9 мм Макаров пистолетi, ұңғысының ұзындығы 100 мм-ден аспайтын барлық түрдегі пистолеттер немесе револьверлер 5,45 мм АКС-74 немесе АКС-74У Калашников автоматы 7,62 мм АКМ немесе AKMC Калашников автоматы 9 мм ПП-90 пистолет- пулеметi немесе басқа да түрлерi 26 мм СПШ дабыл пистолеттерi | 1 дана 5 дана 1 дана 3 дана 5 дана 5 дана 5 дана 20 дана 1 дана 1 дана 3 дана 3 дана | |
*Қызметтiк қажеттiлiк кезiнде Макаров пистолетiне немесе револьверге
ауыстырылады
Ескерту: 1. Әкiмшiлiк ғимараттарды және басқа да объектiлердi күзету
бойынша сыртқы посттарда қызмет атқаратын қаржы полициясы органдарының
қатардағы және басшы құрамы автоматтармен қарулануы мүмкiн.
2. Бейбiт уақытта аумақтық органдарда және оқу орындарында қызметтiк
мақсаттар үшiн ұсталатын Калашников автоматтарының қажеттi саны Агенттiк
төрағасының бұйрығымен белгiленедi.
Жаттығу қару-жарағы
1. 2. 3. 4. 5. | 9 мм Макаров - жаттығу пистолетi 7,62 мм (5,45 мм) Калашников - жаттығу автоматы 5,45 мм (7,62 мм) Калашников - жаттығу қол пулеметi 5,45 мм Калашников жаңғыртылған ПКМ (ПКМС) жаттығу пулеметi 5,45 мм ПСМ - жаттығу пистолетi | 1 дана 3 дана 5 дана 1 дана 3 дана 5 дана 1 дана 1 дана 1 дана | Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына Оқу орындарына Оқу орындарына Агенттiкке Аумақтық органдарға Оқу орындарына |
2. ОҚ-ДӘРIЛЕР
Қаржы полициясы органдарында және оқу орындарында атыс
қаруына оқ-дәрiлердiң қоры, патрондар, 1,0 жауынгерлiк
жиынтық мөлшерiнде ұсталады
Жауынгерлiк жиынтық құрамы
P/c N | Атауы | Қару-жарақ бiрлiгiне арналған жауынгерлiк жиынтық (дана) |
1. 2. 3. | Атыс қаруы: 5,45 мм ПСМ пистолетi 5,45 мм орта қашықтықтағы ұрыстың кiшi габариттi патрондары КГП 5,45 мм (7,62 мм) Калашников автоматтары мынадай: - жай оғы бар - жарқырап ұшатын оғы бар 5,45 мм (7,62 мм) патрондары Жиыны: 9 мм Макаров пистолетi және басқа да модификациясы 9 мм пистолет патрондары (9x18, 9x19) | 24 246 54 300 24 |
1. Жауынгерлiк жиынтық - қару-жарақ бiрлiгiне арналған оқ-дәрiлердiң белгіленген саны (пистолет, автомат, пулемет).
2. Қаржы полициясы органдарының бөлiмшелерi мен оқу орындары үшiн қару-жарақ үлгiсiне жауынгерлiк жиынтықтар құрамы бiрыңғай белгiленедi.
3. Аумақтық органдарда, оқу орындарында оқ-дәрiлердiң тиiстi санын ұстау Агенттiк төрағасының бұйрығымен белгiленедi.
4. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарының тиiстiлiк табелiнде тиiстi қару-жараққа оқ-дәрiлер белгiленген жауынгерлiк жиынтыққа сәйкес есептеледi.
5. Жауынгерлiк жиынтықта патрондардың жекелеген түрлерiнiң қажеттi саны болмаған кезде оларды, осы жауынгерлiк жиынтыққа кiретiн арнаулы ұқсас қолда бар патрондар немесе басқа да оқ түрлерiмен ауыстыруға рұқсат берiледi.
6. Жаттығу практикасына арналған оқ-дәрiлердiң тиiстiлiгi норма бойынша бөлек есептеледi.
Агенттiктiң, аумақтық органдар мен оқу орындарының
жауынгерлiк даярлыққа арналған оқ-дәрiлер шығыстарының
нормалары (бip жылға бiр адамға данамен алғанда)
P/c N | Атауы | Автомат патрондары | Пистолет патрондары | Бос патрондар |
1. 2. 3. 4. 4.1. 4.2. 5. | | 15 10 20 60 20 10 | 60 50 12 100 60 6 | 10 - - - - - |
Атыс қаруын тексеруге және қалыпты ұрысқа келтiруге
арналған оқ-дәрiлер шығысының нормалары
(қару бiрлiгiне данамен)
P/c N | Қару үлгiлерi | Пайдалануда тұрған қару ұрысын жылына бiр рет тексеруге | Қару-пулемет шеберханасында жөндеуден кейiнгi ұрысын тексеруге |
1. 2. 3. | Автоматқа Калашников пулеметi мен қол пулеметiне Пистолетке | 10 16 4 | 16 20 8 |
Қаржы полициясы органдарының спорттық-атыс iс-шараларына
арналған патрондары шығысының нормалары
(бiр жылға бip адамға данамен алғанда)
P/c N | Атауы | Қатысушылар саны | Винтовка немесе автомат патрондары | Пистолет немесе револьвер патрондары |
1. 2. 3. | Оқу орындары Агенттiк Аумақтық органдар | | 50 30 30 | 100 90 90 |
Қаржы полициясы органдары үшiн газды
қару-жарақтың нормалары мен тiзбесi
Р/с N | Атауы | Саны | Тиiстiлiгi |
| Газды пистолет | 1 дана 10% | Агенттiк төрағасына, оның орынбасарларына, департаменттердiң, жеке басқармалардың бастықтарына және олардың орынбасарларына, Агенттiк бөлiмдерiнiң бастықтарына Тұрақты алып жүруге табельдi қару бекiтiлмеген жедел қызметтердiң басшы құрамына және тергеушiлерге Барлық басшы құрамның қалған санынан |
Қаржы полициясы органдары мен оқу орындары қызметкерлерi
үшiн арнайы құралдардың нормалары мен тiзбесi
P/c N | Атауы | Саны | Тиiстiлiгi (штаттық санына данамен немесе пайызбен алғанда) |
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10 11 12 13 14 | Қорғаныс беренi Арнайы резина таяғы БР бұйымы "Черемуха" үлгiсiндегi бұйым Болат дулыға Забралы бар пластмассадан жасалған каска Жалпы әскери сүзгiлi противогаз Респиратор Гопкалиттi патрон (ДП-1, КДП үлгiсiндегі) Оқшауландыратын противогаз Регенеративтi патрон ОП-1 үлгiсiндегi жалпы әскери қорғаныш плащы Қорғаныш шұлықтары (жұп) Қорғаныш қолғаптары (жұп) | 5 15 5% 10% 5% 10% 20% 5 20% 30% 5 10% 50% 10% 50% 110% 100% 100% 25% 4 50% 50% 50% | |