"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 192; 11.04.03 ж. № 351;
23.05.03 ж. № 487; 19.06.03 ж. № 580; 25.07.03 ж. № 749; 21.08.03 ж. № 842;
17.09.03 ж. № 943; 13.11.03 ж. № 1138; 20.11.03 ж. № 1159;
28.11.03 ж. № 1197; 29.11.03 ж. № 1205; 22.12.03 ж. № 1296;
30.12.03 ж. № 1347; 30.12.03 ж. № 1356;30.12.03 ж. № 1371
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. 1-қосымшаға сәйкес:
кірістер бойынша - 638101094 мың теңге сомасында;
алынған ресми трансферттер бойынша - 57629991 мың теңге;
кредиттердi қайтару бойынша - 14442668 мың теңге;
шығындары бойынша - 751992137 мың теңге;
кредиттер бойынша - 41021616 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi 82840000 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжанып отырған көлемiне 1,9 процент болатын 2003 жылға арналған республикалық бюджет орындауға қабылдансын.
2. 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың қоса берiлген тiзбесi бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
1) бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшiн бiрыңғай бюджеттік жіктеме шығыстарының бюджеттік бағдарламалар, кiшi бағдарламалар және экономикалық жiктеме ерекшелiктерi бойынша шығыстардың жылдық сомасын келісілген тәртiппен тиiстi есептемелерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз eтe отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жеткiзсiн;
2) 2003 жылғы 10 ақпанға дейiн заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1000 қаулысына инвестициялық жобалар мен мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар тiзбелерi бөлiгiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн.
3) 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу мен сараптама жасау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзсiн.;
4) 2003 жылғы 15 шiлдеге дейiнгi мерзiмде Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерiмен бiрлесiп ауылда білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салуға байланысты, сондай-ақ инвестициялық жобалардың уақтылы iске асырылмауына байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі конкурстардың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын үнемдеу нәтижесiнде қаржы жылының iшiнде қалыптасқан қаражатты қайта бөлу есебiнен 2003 жылғы 23 мамырда жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен Жамбыл облысының аудандарында қосымша білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу туралы шешiмнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзсiн.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi:
1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне eкi жұмыс күнi iшiнде заңнамада белгiленген тәртiппен:
"2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қарау барысында оған енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік өтiнiмдерге сәйкес бiрыңғай бюджеттік жiктеме шығыстарының экономикалық жiктемесiнiң ерекшелiктерi бойынша бюджеттік бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар жөнiнде нақтыланған есептеулермен негiздемелердi;
республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын ұсынсын;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) жылдық көрсеткiштер шегiнде қаржыландыру жоспарларын, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың бекітілген жоспарларын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгiмен бiрлесiп, 2002 жылғы 25 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде мемлекеттік тiркеудiң нөмiрлiк белгiлерiн, көлiк құралдарын тiркеу туралы куәлiктер мен жүргiзушi куәлiктерiн дайындау жөніндегі қызметтердiң құнын заңнамада белгiленген тәртiппен анықтауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) мыналарға:
су берумен байланысты емес республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін пайдалануға;
шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың ерекше авариялық күйдегi учаскелерiн қайта жаңартуға техникалық-экономикалық және жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдердi әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде:
минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер сатып алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге субсидия бөлу;
айрықша тұқымдар өндiруге субсидия бөлу;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге су жеткiзiп беру жөніндегі қызметтердiң құнына субсидия бөлу;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасына субсидия бөлу;
элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтауға және дамытуға қаражат төлеу;
астықтың мемлекеттік азық-түлiк резервiн жаңарту үшiн 2003 жылы астық сатып алу;
"Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорын акционерлік қоғамының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етуге қаражат төлеу;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ететiн ұйымдардың жарғылық капиталдары мен активтерiн қалыптастыру (ұлғайту) ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;
3) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға:
сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртібін көздейтiн;
ауылдық кpeдиттiк серiктестiктер жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне;
сондай-ақ, лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындарды жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша сыйақы (мүдделер) ставкаларын өтеу тәртібін көздейтiн кредит беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;
4) 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде:
мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен оны сатып алуға кредит беру туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
7. Ормандармен жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мекемелердiң материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға облыстық бюджеттерге берiлетiн трансферттер 3-қосымшаға сәйкес көзделгенi ескерiлсiн.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде жергiлiктi атқарушы органдарға ұстауға және iс-шараларды өткізуге жұмсалатын сомаларды көрсетiп, ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мекемелер бойынша олардың материалдық-техникалық базасын ұстау мен дамытуға берiлетiн трансферттер сомаларының бөлiнуiн жеткiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі:
1) 2002 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңына сәйкес ақталған Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарына бiржолғы ақшалай өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы;
2) 2003 жылғы 10 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап өсiру ережесін бекіту туралы;
3) 2003 жылғы 25 қаңтарға дейiнгi мерзiмде Бала тууға байланысты бiржолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ережесін бекіту туралы;
4) 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесін бекіту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
1) таратылған Жол қорының негiзгi борышын өтеу;
2) "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының әскери тасымалдар бойынша шығындарын өтеу ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес ұйымдардың тiзбесi мен берешектер көлемдерiн бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн;
2) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектi өтеуге қаражат жұмсау және оларды бюджетке есептеу тәртібін әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
11. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
1) 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгiлiк штаттарын енгізуге;
2) мемлекеттік білім беру мекемелерi жүйесiнiң кепiлдi нормативiн қамтамасыз етуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттарды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Ақтөбе облысының Шалқар ауданының, Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарының халқына тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ережесін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
13. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту мен конверсиялаудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыруға 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу ұсыныстарын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
14. Құпия.
ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi 2003 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде 2003 жылға арналған көшi-қон квотасы бойынша келiп жатқан оралмандар отбасыларына, сондай-ақ 2002 жылға арналған көшi-қон квотасына енгiзiлген оралмандардың 246 отбасыларына және Қазақстан Республикасы азаматтары - Түркiстан ауылынан қоныс аударушылардың 8 отбасына беру үшiн тұрғын үй сатып алуға, салуға, қайта жаңартуға және күрделi жөндеуден өткізуге 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзсiн.
16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасымен (келісім бойынша) бiрлесiп, 2003 жылғы 1 сәуiрге дейiнгi мерзiмде Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
17. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Бюджетке қосымша түскен кеден төлемдерi мен салықтар үшiн тәуелсiз сарапшының қызметiне ақы төлеу ережесін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
18. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы (келісім бойынша) 203 "Мемлекеттік органдарға арналған автомашиналар паркiн жаңарту" деген республикалық бюджеттік бағдарламаны iске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың тiзбесiн және сатып алынатын техниканың санын бекіту туралы шешiмнiң жобасын 2003 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.
19. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2003 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
20. Жергiлiктi атқарушы органдар 2003 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көрсетiлген ауылда білім беру, денсаулық сақтау объектілерін салуға арналған конкурстық рәсiмдердiң хабарлануын қамтамасыз етсiн.
21. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1379 қаулысына
1-ҚОСЫМША
ҚР Үкіметінің 24.02.03 ж. № 192; 11.04.03 ж. № 351; 23.05.03 ж. № 487 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 19.06.03 ж. № 580 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 25.07.03 ж. № 749; 21.08.03 ж. № 842; 17.09.03 ж. № 943; 13.11.03 ж. № 1138; 20.11.03 ж. № 1159;28.11.03 ж. № 1197; 29.11.03 ж. № 1205; 22.12.03 ж. № 1296; 30.12.03 ж. № 1347; 31.12.03 № 1371 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының 2003 жылға арналған
республикалық бюджеті
-------------------------------------------------------------------
Санаты Атауы Сомасы,
Сыныбы мың теңге
Ішкi сыныбы
Ерекшелiгi
-------------------------------------------------------------------
1 2 3
-------------------------------------------------------------------
Түсімдер 710173753
І. Кірістер 638101094
1 Салық түсiмдерi 579964940
01 Кiрiстерге салынатын табыс салығы 269312332
1 Корпоративтік табыс салығы 269312332
01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы 160819371
02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 10566678
корпоративтiк табыс салығы
03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 4018696
көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 11834971
төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 75220987
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
06 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 1939139
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
07 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 4912490
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 267459825
көрсетуге салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құн салығы 208598520
01 Қазақстан Республикасының аумағында 59562537
өндiрiлген тауарларға, орындалған
жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
салынатын қосылған құн салығы
02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 86381008
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
04 Резидент емес үшiн қосылған құн салығы 9885626
05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 50731345
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы
06 Ресейден шығарылатын және импортталатын 1291542
тауарларға салынатын қосылған құн салығынан
басқа, Қазақстанға импортталатын тауарлардың
кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы
07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 746462
және импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған
құн салығы
2 Акциздер 4716525
29 Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілген, газ конденсатын қоса алғанда,
шикі мұнай 765300
41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 44310
латын спирттiң барлық түрi
42 Қазақстан Республикасының аумағына 74400
импортталатын арақ
43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 23600
латын ликер-арақ бұйымдары, этил спиртiнiң
көлемдi үлесi 12-ден 30 процентке дейiн және
одан жоғары күшейтiлген шырындар мен
күшейтiлген сусындар
44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 83200
латын шараптар
45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 26283
латын коньяктар
46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 860
латын шампан шараптары
47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 549400
латын сыра
48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 12800
латын этил спиртiнiң көлемдi үлесi 1,5-нан
12 процентке дейiн алкоголі аз күшейтілген
сусындар, күшейтілген шырындар
49 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2100
латын бекіре және албырт балықтардың уылдырығы
50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 304650
латын темекi бұйымдары
55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 473600
латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа)
57 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 35380
латын алтыннан, платинадан немесе күмiстен
жасалған зергерлiк бұйымдар
58 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 350
латын шарап материалдары
60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2277330
латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
70 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 756
латын спирттiң барлық түрлерiнiң кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген акциздер
71 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 589
латын арақтың кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
72 Қазақстанға импортталатын ликер-арақ 232
бұйымдарының, этил спиртiнiң көлемдi үлесi
12-ден 30%-ке дейiн және одан жоғары күшейтiлген
шырындардың және күшейтiлген сусындардың
кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
жүргізу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
73 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 1422
латын шараптардың кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
74 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 451
латын коньяктардың кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
75 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 13
латын шампан шараптарының кедендiк құнына
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
76 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 3076
латын сыраның кедендiк құнына тәуелсiз
сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
77 Қазақстан Республикасына импортталатын этил 219
спиртiнiң көлемді үлесi 1,5-тен 12 процентке
дейiн алкоголi аз күшейтiлген сусындардың,
күшейтiлген шырындардың кедендiк құнына
тәуелсiз сараптама жүргізу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
78 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 21
латын бекiре және албырт балықтар уылдырығы.
ның кедендiк құнына тәуелсiз сараптама
жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер
79 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 2651
латын темекi бұйымдарының кедендiк құнына
тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете
есептелген акциздер
81 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 6779
латын жеңіл автомобильдердің (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа) кедендік құнына
тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете
есептелген акциздер
82 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 606
латын алтыннан, платинадан немесе күмістен
жасалған зергерлік бұйымдардың кедендік
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген акциздер
85 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 26147
латын бензиннiң (авиациялықты қоспағанда)
кедендік құнына тәуелсіз сараптама жүргізу
нәтижесiнде жете есептелген акциздер
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 53657052
үшін түсетiн түсiмдер
02 Үстеме пайдаға салынатын салық 270000
05 Бонустар 4036468
06 Роялти 5017630
08 Жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмдер бөлу 463120
жөніндегі Қазақстанның үлесi
09 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем 747600
10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны 43353
үшiн төлем
11 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем 159900
13 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 24281
табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
26 Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан 39350736
Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
28 Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан 3543964
Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардың) жасалған