Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 20 қарашадағы № 1159 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:
215 "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
060 "Республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту жөніндегі жобалау-iздестiру жұмыстары" бағдарламасында:
036 "Ақтау - Атырау автожолын қайта жаңарту жобасын дайындау" кiшi бағдарламасындағы "100000" деген сандар "104000" деген сандармен ауыстырылсын;
040 "Қиғаш өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысының жобасын дайындау" кiшi бағдарламасындағы "38000" деген сандар "34000" деген сандармен ауыстырылсын;
714 "Алматы - Астана автожолын оңалту" бағдарламасында:
032 "Сыртқы қарыздар есебiнен Алматы - Гүлшат және Ақшатау Қарағанды учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "1690952" деген сандар "1583152" деген сандармен ауыстырылсын;
033 "Iшкi көздердiң есебiнен Алматы - Гүлшат және Ақшатау Қарағанды учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "664189" деген сандар "617989" деген сандармен ауыстырылсын;
035 "Iшкi көздердiң есебiнен Алматы - Гүлшат учаскесi (88 км) жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "514406" деген сандар "464526" деген сандармен ауыстырылсын;
036 "Сыртқы қарыздар есебiнен Осакаровка - Вишневка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "683191" деген сандар "583191" деген сандармен ауыстырылсын;
037 "Iшкi көздердiң есебiнен Осакаровка - Вишневка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "120992" деген сандар "180992" деген сандармен ауыстырылсын;
038 "Сыртқы қарыздар есебiнен Вишневка - Астана учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "843899" деген сандар "1194099" деген сандармен ауыстырылсын;
039 "Iшкi көздердiң есебiнен Вишневка - Астана учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "143948" деген сандар "237628" деген сандармен ауыстырылсын;
040 "Сыртқы қарыздар есебiнен Қарағанды - Осакаровка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "1880912" деген caндap "1738512" деген сандармен ауыстырылсын;
041 "Iшкi көздердiң есебiнен Қарағанды - Осакаровка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "760673" деген сандар "703073" деген сандармен ауыстырылсын;
715 "Алматы - Бiшкек автожолын оңалту" бағдарламасында:
030 "Сыртқы қарыздар есебiнен Алматы - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "756247" деген сандар "925954" деген сандармен ауыстырылсын;
031 "Iшкi көздердiң есебiнен Алматы - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "288330" деген сандар "343806" деген сандармен ауыстырылсын;
032 "Сыртқы қарыздар есебiнен Ұзынағаш - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "1644132" деген сандар "1474425" деген сандармен ауыстырылсын;
033 "Iшкi көздердiң есебiнен Ұзынағаш - Георгиевка учаскесi жобасын iске асыру" кiшi бағдарламасындағы "662663" деген сандар "607187" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 233-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
036 кiшi бағдарлама мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Атырау - Ақтау автожолын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы орыс тілінен ағылшын тіліне аудару жөніндегі жұмыстарды жүргізу";
7-тармақ "құжаттаманы алу" деген сөздерден кейiн "және "Атырау - Ақтау" автожолын қайта жаңарту бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы орыс тілінен ағылшын тіліне аудару жөніндегі жұмыстарды жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 260-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
039 кiшi бағдарлама "негiзгi құралдарды сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеу." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |