Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 сәуірдегі № 351 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтем жасау туралы" 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1006 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмiнде:
14 "Борышқа қызмет көрсету" деген функционалдық тобында:
217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
042 "?кіметтік борышқа қызмет көрсету" деген бағдарламасында:
011 "Заемдар бойынша сыйақыларды (мүдделердi) төлеу" деген кiшi бағдарламасында "43 670 170" деген сан "42 815 170" деген санмен ауыстырылсын;
030 "Заемдарды орналастырғаны үшiн комиссиялық төлем" деген кiшi бағдарламасында "22 862" деген сан "877 862" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |