Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы
30 желтоқсандағы № 1347 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлімде:
4 "Білім беру" деген функционалдық топта:
225 "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген әкімші бойынша:
031 "Дарынды балаларды мемлекеттік қолдау" бағдарламасында:
034-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
035-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
202 "Республикалық мектеп-интернаттар үшін негізгі құралдар сатып алу" бағдарламасында:
034-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
035-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
322 "Республикалық мектеп-интернаттардың ғимараттарын салу, күрделі жөндеу және қайта жаңарту" бағдарламасында:
036-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың ғимараттарын күрделі жөндеу";
037-кіші бағдарламаның 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешенін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу";
2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына:
көрсетілген қаулыға 356-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
034 және 035-кіші бағдарламалардың 4 және 7-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
көрсетілген қаулыға 391-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
033-кіші бағдарламадағы 5-баған "2 дана" деген сөздерден кейін ",электр плитасы - 2 дана, мұздатқыш шкаф - 1 дана, нан кескіш - 1 дана, нан пісіретін пеш - 1 дана." деген сөздермен толықтырылсын;
034-кіші бағдарламада:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
035-кіші бағдарламада:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат үшін негізгі құралдар сатып алу";
5-бағанда:
"нан кескіш" деген сөздерден кейін ", нан илейтін машина - 1 дана, бумен пісіретін электр қазандығы - 1 дана" деген сөздермен толықтырылсын; "5-сыныпқа арналған жиһаздар" деген сөздерден кейін ", күшейткіш - 1 дана." деген сөздермен толықтырылсын;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
көрсетілетін қаулыға 400-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
036-кіші бағдарламада:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың ғимараттарын күрделі жөндеу";
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернаттың ғимараттарына жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жөндеу-құрылысы жұмыстарын жүргізу";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"О.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат";
037-кіші бағдарламада:
4-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешенін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу";
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешенін салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, мемлекеттік сараптама жасау";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернат";
7-тармақтағы "О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатының ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту және қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Республикалық мектеп-интернатының спорт кешендері құрылыс жөнінде мемлекеттік сараптамасы өткізілген жобалау-смета құжаттамасын дайындау" деген сөздер "Ө.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектеп-интернат ғимараттарының техникалық жағдайын жақсарту және дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мамандандырылған орта мектеп-интернаттың спорт кешендерін салуға арналған, мемлекеттік сараптаудан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 402-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 3592300 теңге (үш миллиард бес жүз тоқсан екі миллион үш жүз мың теңге).";
көрсетілген қаулыға 410-қосымшада:
5-тармақтағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және сынау таралымын басып шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
5-бағандағы "әзірлеу" деген сөзден кейін "және сынау таралымын басып шығару" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтағы "оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді" деген сөздер "оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сынау таралымы әзірленеді және басып шығарылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |