2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен
жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша
сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 желтоқсандағы № 1375 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1181 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бiрлесiп 2003-2008 жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобаларын дайындау кезiнде заңнамада белгiленген тәртiппен, республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу мақсатына арналған қаражатты республикалық бюджетке енгізу жөніндегі ұсыныстарды тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру жөніндегі Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1375 қаулысымен
бекітілген
2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат
есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi
бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесi
1. Осы Ереже "Лизингтiк негiзде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етудi несиелендiру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 наурыздағы № 289 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң көрсетiлген қаулысын iске асыру шеңберiнде жасасылатын кредиттiк келісімдерге (бұдан әрi - Кредиттік келісімдер) сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлетiн, "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңында 085 "Лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету" деген бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi (бұдан әрi - Лизинг) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудiң тәртібі мен шарттарын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1181 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу мақсатына 042 "Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" деген бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат (бұдан әрi Қаражат) есебiнен "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 қарашадағы № 1491 қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге бағытталған сомалар шегерiле отырып жүргiзiледi.
3. "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамына (бұдан әрi - Қарыз алушы банк) Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеудi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Әкiмшi) жүргiзедi.
4. Лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ретiнде Әкiмшiнiң Қаражат бөлуi үшiн Қарыз алушы банк республикалық бюджеттiң кiрiсiне бiр жолғы немесе бөлiп-бөлiп, оның iшiнде мерзiмiнен бұрын Қарминнiң сыйақысын Кредиттiк келісімдерге сәйкес төлеу сәтiнде игерiлген кредиттердiң бiр бөлiгi бойынша олардың өтелуiн ескере отырып төлеудi қамтамасыз етедi.
5. Әкiмшiнiң Қарыз алушы банкке Қаражат бөлуi республикалық бюджеттен өтеусiз немесе қайтарусыз төлемдер жолымен, республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қарминнiң тиiстi сыйақысын немесе оның бiр бөлiгiн Қарыз алушы банктiң Кредиттiк келісімдер бойынша төленгендiгi фактiсiн растайтын құжаттарды Әкiмшiге берген сәттен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде Қарминнiң сыйақысын Қарыз алушы банктiң осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес жүргiзiлетiн төлем сомасына тең көлемiнде жүргiзедi.
6. Әкiмшi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10 күнiне дейiнгi мерзiмде Қарминге Қарыз алушы банктiң республикалық бюджетке Қарминнiң сыйақысын аударғаны туралы және Әкiмшiнiң Лизинг бойынша Қарыз алушы банкке сыйақы (мүдде) ставкасын өтегенi туралы ақпаратты жiбередi.
7. Қарыз алушы банктiң осы Ереженi орындауын бақылауды Әкiмшi жүзеге асырады.