___________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
____ жылы "____" ____________ (конкурсты өткізу орны көрсетіледi)
өткiзiлген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердiң
атауы көрсетіледi) мемлекеттік сатып алу жөніндегi ашық конкурс
өткiзiлмеген деп танылғанын хабарлайды, себептерi көрсетiлмейдi (қажет
болған жағдайда, қай лоттар бойынша конкурс өткiзiлмеген деп танылғаны
көрсетiледi).
12-қосымша
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 110 қаулысымен 12- қосымша өзгертілді
Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және қазыналық
кәсiпорындар шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы тауарлар,
жұмыстар және қызметтер тiзбесi
- тамақ өнiмдерi;
- тамақты ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;
- дәрi-дәрмек препараттары;
- жанар-жағар май материалдары;
- монша-кiр жуу бойынша көрсетілетiн қызметтер;
- жолдарды қысқы ұстау жөніндегі жұмыстар;
- автокөлiктiк қызметтер;
- қайтыс болған жалғыз басты және туыстары жоқ азаматтарды жерлеу;
- банктiк қызметтер.
- жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызметтер
ҚР Үкіметінің 06.05.04 ж. № 508 қаулысымен 13-қосымшамен толықтырылды
13-қосымша
Жабық конкурстың қорытындылары туралы хабарлама нысаны
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
___ жылғы "___" ________ (конкурсты өткізу орны көрсетiледi)
өткізілген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетiлетiн қызметтердiң атауы көрсетiледi)
мемлекеттік сатып алу жөніндегі жабық конкурстың қорытындыларын
хабарлайды:
№ ___ (лоттың атауы көрсетiледi) лот бойынша бағасы (тауарлар,
жұмыстар және көрсетілетiн қызметтер бiрлігiнiң бағасы және конкурстық
өтінiмнің жалпы бағасы көрсетiледі)
теңгемен (конкурс жеңiмпазының атауы және мекен-жайы көрсетiледi)
жеңiмпаз болып танылды.
Егер конкурс өткiзiлмедi деп танылған жағдайда, қорытындылар туралы
хабарламада мыналар көрсетілсiн:
____________________________________________________________________
(конкурсты ұйымдастырушының атауы)
____ жылғы "___" ________ (конкурсты өткізу орны көрсетiледi)
өткізілген (сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және
көрсетiлетiн қызметтердiң атауы көрсетiледi) мемлекеттік сатып алу
жөніндегі жабық конкурс себептерi көрсетiлмей өткізілмеді деп танылғанын
хабарлайды (қажет болған жағдайда, қай лоттар бойынша конкурс өткiзiлмедi
деп танылғаны көрсетiледi).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 31 қазандағы
№ 1158 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы ?кіметінің күшi жойылған кейбір
шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргiзудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1268 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПУКЖ-ы, 1998 ж., № 47, 422-құжат).
2. "Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиiмдiлiгін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 13 шiлдедегi № 966 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 34, 304-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы № 1268 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегi № 1332 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 45, 412-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің мемлекеттік сатып алу мәселелерi жөніндегі кейбір шешімдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шiлдедегi № 1150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 389-құжат).