Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N
1731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 2 мамырдағы N
584 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы № 1096 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы № 1731 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 498-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеге:
1-тармақта:
"заңдарда көзделген шектерде" деген сөздерден кейін "астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды" деген сөздер толықтырылсын;
"мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және сату" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармақта:
2) тармақша "кешенін" деген сөзден кейін "және астық рыногын реттеуді" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
"мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және сату" деген сөздер "тұқым шаруашылығы, мемлекеттік астық ресурстарын басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жобалардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ астық сапасы мемлекеттік стандарттарының жобаларын" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша "астық," деген сөзбен басталсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) астықтың сапасын, сондай-ақ мемлекеттік азық-түліктік астық резервін қоса алғанда, мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады";
мынадай мазмұндағы 10-2) - 10-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"10-2) астық рыногының мониторингін жүргізеді;
10-3) ауыл шаруашылығы техникасының лизингін ұйымдастыру, селекция мен тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдарды өсіру және өсімдіктерді қорғау технологиясын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді әрі іске асыруға қатысады;
10-4) астық сапасы сертификаттарының нысанын, оларды беру мен қолдану тәртібін белгілейді;
10-5) астықты сертификаттау жөніндегі органдарды, зертханаларды (орталықтарды) астық сапасының сертификаттарын беру құқығына тіркеуді жүргізеді;
10-6) заңнамалық кесімдерде белгіленген жағдайларда астық қабылдау кәсіпорындарын уақытша басқаруды енгізуге бастама жасайды, оны жүзеге асыруға қатысады және тоқтату туралы шешім қабылдайды";
10-тармақта:
1) тармақша "өндірісінде," деген сөзден кейін "астық өндіруде, элиталық тұқым шаруашылығында," деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада "астық пен оның өңделген өнімдерінің сақталу сапасына" деген сөздер "астық сапасына" деген сөздермен ауыстырылып, "және олардың мониторингін жүргізу" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын сақтаушы астық қабылдау кәсіпорындарынан оны тиеп жөнелтуді келісуге;
4-2) астық қолхаттарының нысанын бекітуге;
4-3) элиталық тұқым өндіру және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды өткізуге;
4-4) тұқым шаруашылығында сорттылық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;
4-5) тұқымға сорт үстемесінің нормаларын белгілеуге";
7-тармақшада:
екінші абзац "астық туралы," деген сөзбен басталсын;
үшінші абзацтағы "шығаруға" деген сөзден кейін нүктелі үтір қойылып, "мемлекеттік" деген сөздің алдынан мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға;
астықтың сапасына".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі