Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп
тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы
№ 665 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 17
маусымдағы № 665 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
ТІЗБЕСІ
1. "Бауыржан Момышұлы атындағы стипендиялар тағайындау туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 1 наурыздағы № 147 қаулысы (Қазақ КСР ҮКЖ, 1991 ж., № 8, 59-құжат).
2. "Жоғары және арнаулы орта оқу орындарына қабылдау кезiнде село жастарына арналған квота туралы" Қазақ KCP Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 27 мамырдағы № 330 қаулысы (Қазақ КСР ҮКЖ, 1991 ж., № 13, 84-құжат).
3. "Республиканың жоғары және арнаулы орта оқу орындарында мамандар даярлауды реттеу туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 12 шiлдедегi № 425 қаулысы.
4. "Жоғары және арнаулы орта оқу орындары түлектерiнiң әлеумет-құқылық қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 704 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 33, 507-құжат).
5. "Жоғары, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының студенттерi мен оқушыларын киiндiру және тамақтандыруға арналған шығындардың заттай мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 28 тамыздағы № 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 34, 521-құжат).
6. "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 540 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж. № 25, 303-құжат).
7. "Жоғары оқу орындарын аккредитациялау туралы ереже мен жоғары оқу орындарын автономияландыру туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 қыркүйектегі № 873 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 37, 435-құжат).
8. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік білім стандарттарын әзiрлеу және бекіту тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 мамырдағы № 477 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 21, 212-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 25 тамыздағы № 704 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 мамырдағы № 541 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 22, 233-құжат).
10. "Қазақстан Республикасының Үздiксiз білім беру жүйесiнде мамандар даярлау құрылымын реформалау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 1 қыркүйектегi № 982 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 37, 405-құжат).
11. "Қазақстан Республикасында ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау туралы ереженi бекіту жөнiнде" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 қаңтардағы № 65 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 40-құжат).
12. "Студенттер мен аспиранттарды шет елдердiң оқу орталықтарына оқуға жiберу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 2 тамыздағы № 1066 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 27, 319-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 540 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 мамырдағы № 615 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 22, 193-құжат).
14. "Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу (педагогикалық) жүктемесi нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 қыркүйектегi № 1078 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 36, 340-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 540 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 18 қарашадағы № 1400 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 47, 456-құжат).
16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 қыркүйектегi № 1078 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 26 қарашадағы № 1448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 47, 462-құжат).
17. "Оқулықтар мен оқу құралдарын жазу үшiн шығармашылық демалыстар беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 сәуірдегі № 492 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 14, 112-құжат).
18. "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң оқытушылары мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 маусымдағы № 982 қаулысының 1-тармағы.
19. "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетi" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 шiлдедегi № 1106 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 30, 373-құжат).