Студенттер мен аспиранттарды шет елдердiң оқу орталықтарына
оқуға жiберу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы
2 тамыздағы № 1066 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру және шет елдердiң ғылыми орталықтары мен оқу орындарында Қазақстан Республикасы үшiн кадрлар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру және шет елде кадрлар даярлау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын (1 қосымша).
2. Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру және шет елде кадрлар даярлау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы Ереже бекітілсiн (2 қосымша).
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі тиiстi министрлiктер және ведомстволармен бiрлесiп шет елдердiң орталықтарында студенттер мен аспиранттар даярлау үшiн техникалық көмек займдарының шеңберiнде жыл сайын квота бөлудi қарастырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 2 тамыздағы
№ 1066 қаулысына
1 қосымша
Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды
үйлестiру және шетелде кадрлар даярлау
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
Қ Ұ Р А М Ы
Тасмағанбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-
министрiнiң орынбасары, төраға
Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасы Бiлiм
министрi,төрағаның орынбасары
Көшербаев К.Е. - Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетi Аппараты Басшысының
орынбасары, Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi, төрағаның орынбасары
Алмасов А.Н. - Қазақстан Республикасы Бiлiм
министрлігі Сыртқы байланыстар
басқармасы бастығының орынбасары,
хатшы
Комиссия мүшелерi
Алшанов Р.А - "Тұран" тәуелсiз университетiнiң
ректоры
Ахметов А.К. - Қазақ мемлекеттік әлем тiлдерi
университетiнiң ректоры
Ахметбеков М.У. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрлігінiң Кадрларды үйлестiру
мен даярлау басқармасының бастығы
Байзақов С.Б. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
ғылым академиясы Төрағасының
бас ғылыми хатшысы
Исағалиев К.К. - Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрлігі мәдени
байланыстар, гуманитарлық
ынтымақтастық және ЮНЕСКО iстерi
жөніндегі басқармасының бастығы
Құлжанов М.Қ. - Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрiнiң орынбасары
Құсайынов Ә.А. - Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетi Аппаратының Iшкi саясат
бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Шайхутдинов Е.М. - Қазақ ұлттық техникалық
университетiнiң ректоры
Түсеева М.К. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әлеуметтiк дамуды қаржыландыру
басқармасының бастығы
Зинченко В.А. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлігінiң Кадрлар және оқу
орындары басқармасының бастығы
Приходько Н.И. - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлігі Қоғамдық тәртiптi
сақтау бас басқармасының бастығы
Сманов Б.Ө. - Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің жанындағы Дiн iстерi
жөніндегі кеңестiң жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 2 тамыздағы
№ 1066 қаулысына
2 қосымша
Бiлiм беру саласындағы сыртқы байланыстарды
үйлестiру және шетелдерде кадрлар даярлау
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
Е Р Е Ж Е
1. Осы Ереже білім беру саласындағы сыртқы байланыстарды үйлестiру және шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) мақсаттарын, мiндеттерiн, негiзгi қызметiн және мiндеттiлiгiн айқындайды.
2. Ведомствоаралық комиссия өзiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк актілерін басшылыққа алады.
Ведомствоаралық комиссияның оның құзыры шеңберіндегі шешiмдерi министрлiктер, ведомстволар, білім берудiң мемлекеттік емес мекемелерiне және басқа бiрлестiктер үшiн мiндеттi.
3. Ведомствоаралық комиссияны құрудың мақсаты студенттер мен аспиранттарды шетелдегi ғылыми және оқу орталықтарында даярлауды үйлестiру болып табылады.
4. Мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес Ведомствоаралық комиссияға мынадай қызметтер жүктеледi:
министрлiктер, ведомстволар, оқу орындары, меншiк нысандарына қарамастан ғылыми-зерттеу мекемелерi, концерндер, ассоциациялар және басқа шаруашылық құрылымдары ұсынған шетелде мамандар даярлау жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды қарау;
шетелдегi оқу және ғылыми орталықтармен байланыс орнату және олармен студенттер мен аспиранттарды оқытудың шартын келiсу;
шетелде кадрлар даярлаудың басым бағыттарын қаржыландыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгізу.
5. Ведомствоаралық комиссия:
студенттер мен аспиранттарды шетелде оқытуға байланысты жекелеген мәселелердi зерделеу үшiн жұмыс тобын құруға;
білім беру және шетелде кадрлар даярлау саласындағы сыртқы байланыстар мәселелерi бойынша олар жүргiзген жұмыс туралы мемлекеттік басқару және атқару өкiмет органдары басшыларының ақпараттары мен есептерiн өз мәжiлістерiнде тыңдауға құқылы.
6. Ведомствоаралық комиссияның мәжілісi оның жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi. Жоспардан тыс мәжіліс қажеттiлiгiне қарай комиссия төрағасының шешiмiмен өткiзiледi.
7. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның қызметiн жұмыс жоспарына сәйкес қамтамасыз етедi, төраға орынбасарының және комиссия мүшелерiнiң өкiлеттiгiн айқындайды.
8. Ведомствоаралық комиссияның шешiмi оның мәжіліске қатысқан мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
9. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі болып табылады.