2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Аттестаттау
Дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналы шет елдердегі мекемелерден оралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен аттестатталады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-бап. Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өз келісімімен кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу үшін Қазақстан Республикасының не басқа елдердің жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелеріне уақытша жіберілуі мүмкін.
2. Кәсіби даярлықтан өту, өзекті халықаралық проблемаларды ғылыми тұрғыдан талдап әзірлеу аяқталғаннан кейін дипломатиялық қызмет персоналы Сыртқы істер министрлігінің кадр резервіне алынады.
18-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату
1. Дипломатиялық қызметтi тоқтату үшiн:
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң өз еркiмен жұмыстан босату туралы өтiнiш беруi;
2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу;
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiнiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;
6) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де себептер негiз болып табылады.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Дипломатиялық қызметтiң персоналын жұмыстан дипломатиялық лауазымға тағайындау құқығы берiлген тиiстi лауазымды адам босатады.
Дипломатиялық қызметтiң персоналы дипломатиялық қызмет органдарынан өз еркiмен кеткен кезде Сыртқы iстер министрлігінiң кадр резервіне алынады.
5-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:
1) дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
2) шет елде болу кезеңiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттің сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге де құқылы.
2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Төтенше және өкілетті елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет қызметкерлерінің және олардың жұбайларының Қазақстан Республикасының дипломаттық паспортын өмір бойы пайдалануға құқығы бар.
2. Дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломатиялық қызмет атқаруға байланысты мiндеттердi адал орындауға;
2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;
3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;
4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, біліктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттік және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер
Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулер белгіленеді.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет ардагерлерін көтермелеу
1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен;
2) біржолғы ақшалай сыйақымен;
3) Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ведомстволық наградалармен;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн.
2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелерді мейрамдауға байланысты ведомстволық наградалармен наградтауға дипломатиялық қызмет ардагерлері ұсынылуы мүмкін.
22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) дипломаттық дәреженi берудi бір жылға дейiн кiдiрте тұру;
5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;
6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;
7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
8) жұмыстан босату.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.
6-тарау. Дипломатиялық қызметті қамтамасыз ету,
дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемдер, оларды материалдық
және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету
24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Шет елдердегі мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару тәртібін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайды.
2. 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
4. Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
5. Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгiленедi.
2017.20.06. № 77-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Дипломатиялық қызмет органдарын, оның ішінде шет елдегі, мемлекеттік меншіктегі және жалға алынған әкімшілік ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ шет елдердегі мекемелердің резиденцияларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оларға сервистік қызмет көрсету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Дипломатиялық қызмет органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді өзіне тиісті функциялар жүктелген дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйым жүзеге асырады.
Дипломатиялық қызмет органдарына сервистік қызмет көрсету деп: мүліктің тиісті жай-күйін ұстап-тұруға және қалпына келтіруге; құрылымдық бөлімшелерді жабдықтауға және олардың жұмыс істеуіне; бағдарламалық-ақпараттық және автокөліктік қызмет көрсетуге бағытталған әрекеттер; іс-шараларға қызмет көрсету және оларды өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ілеспе әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әрекеттер түсініледі.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу
Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берілетін кепілдіктер мен өтемақылар
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерін материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету өткеретін қызметінің күрделілігі, онымен байланысты тәуекел, сондай-ақ шет мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып ұсынылады.
Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналын және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерін қандай да бір залалға алып келмеуге тиіс. Шет елдегі дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне қатысты көмек көрсету және қорғауды ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шет елдегі мекеменің басшысы орындайды.
Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында ауырған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне үш орташа айлық жалақы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақы мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленгеннен төмен болмайды.
Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері ауырған, қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Шет елдегі мекемеге жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) аталған тағайындау туралы шешім қабылданған кезде мемлекеттік қызметте мемлекеттік лауазымды атқарып жүрген жағдайда, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін оның мемлекеттік қызметте бұрын атқарған мемлекеттік лауазымы дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі мекемеде жұмыс істеу кезеңінде сақтала отырып, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесі ретінде жұбайының (зайыбының) шет елге шығу кезеңіне жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз ету ұсынылады.
4. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берілуіне байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.
Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің, сондай-ақ оның жұбайының (зайыбының) дипломатиялық қызмет персоналы отбасы мүшелерінің немесе жұбайының (зайыбының) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуына байланысты екі жаққа көлік шығыстарының төлемін алуға құқығы бар.
5. Дипломатиялық қызмет персоналы өзімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің саны, лауазымдық жағдайы, жергілікті жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын нормативтер ескеріле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
6. Шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларына мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде бюджет қаражаты есебінен төленеді.
7. Шет елдердегі мекемелерде бос әкімшілік-техникалық лауазымдар болған кезде дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі бірге жүретін отбасы мүшелеріне уақытша жұмысқа орналасу құқығы берілуі мүмкін.
8. Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар жағдайында не шет елдердегі мекемелер мен олардың персоналының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, сондай-ақ шет елдердегі мекемелер орналасқан жерлерде төтенше жағдай болған жағдайларда Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық қызмет персоналының және дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды қорғауды ұйымдастыру үшін қажетті шаралар қабылдайды.
Дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне не оның отбасы мүшелеріне шет елде болу уақытында ол өзінің қызметтік міндеттерін орындау не олармен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде келтірілген залал Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеледі.
9. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалатын жақын туыстарының біріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін алпыс айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
10. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақытында қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелеріне, ақылға қонымды мерзім ішінде, бірақ дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыс кері қаза тапқан (қайтыс болған) күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде осы бапта көзделген кепілдіктер мен өтемақылар сақталады.
11. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуға құқығы бар.
12. Дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін:
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға – отыз айлық қамтым;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) екінші топтағы мүгедектігі бар адамға – он сегіз айлық қамтым;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамға алты айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
13. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда, оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша өтемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін - үш айлық қамтым мөлшерінде, жеңіл мертігу жағдайында бір айлық қамтым мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
14. Егер дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің қаза табуы (қайтыс болуы), ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, осы баптың 9, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген сома төленбейді.
2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 26-бап жаңа редакцияда
26-бап Жерлеу шығыстарын өтеу
1. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерін немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерін жерлеуге оның отбасы мүшесіне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) бірге жүретін отбасы мүшесін жерлеуге дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскеріне оның Сыртқы істер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша жәрдемақыны есепке жазу күніне өтілі бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетін үш айлық қамтым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
2. Шет елде қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің не дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесінің мәйітін Қазақстан Республикасына оның тұрақты тұрған жеріне немесе қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет қызметкерінің немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерінің отбасы мүшелерімен не дипломатиялық қызмет қызметкерімен немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерімен келісу бойынша кез келген басқа жерге жеткізу және онымен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 27-бап жаңа редакцияда
27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу
Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары, осы Заңда көзделген ерекшеліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайлары ескеріліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен реттеледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу
Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негiзiнде белгiленедi.
Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу болатын елiнiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және материалдық-тұрмыстық жағдайлары ескерiле отырып айқындалады.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне ақшалай төлемдер жасау
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежесi үшiн, шет тiлдерiн бiлгенi үшiн, мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтермен жұмыс істегені үшiн ақшалай төлем алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өкiлдiк керек-жарағы құнының мөлшерiнде жыл сайынғы ақшалай өтем алуға құқығы бар.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
29-1-бап. Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне ақшалай төлемдер
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты (Өкілетті) өкілі лауазымын атқарған немесе Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен ай сайын ақшалай төлем жүзеге асырылады.
30-бап. Жыл сайынғы демалыстар
1. Дипломатиялық қызметтiң персоналына ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шет елдегі мекемеде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет қызметкеріне немесе дипломатиялық қызмет жұмыскерiне кезектi еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру үшiн оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының екi еселенген мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау
Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
32-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.27.12. № 366-IV ҚР Заңымен 32-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету
2021.03.03. № 13-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымын атқарған лауазымды адамдар осы Заңның 25-бабының 3, 4, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13 пен 14-тармақтарында және өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтем ақысы бөлігінде осы Заңның 29-бабында көзделген ақшалай қамтым, әлеуметтік, зейнетақымен және медициналық қамтамасыз ету мәселелерінде тиісті шет мемлекеттегі шет елдегі мекемелердің персоналына теңестіріледі.