Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің
республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған
паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 1
ақпандағы № 150 қаулысы (ҚР Үкіметінің 21.12.02 г. № 150а; 24.12.02 г.
№ 1355 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1-19 қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Әкiмшiлiк шығындар" 001 республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 612976 мың теңге (алты жүз он екi миллион тоғыз жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесi туралы" № 575 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінің мәселелерi" № 481 қаулысы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы "Штат саны лимиттерiн бекіту туралы" № 39 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджеттің қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнің орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелерінің өздерiне жүктелген функцияларды барынша нәтижелi орындауына қол жеткізу үшiн олардың қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің орталық аппаратын және аумақтық бөлiмшелерiн ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ. дар. лама ның коды |
1 | 2 |
1 | 001 |
Бағдарлама. лардың (кіші бағдарлама. лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
4 | 5 | 6 | 7 |
| 2002 жыл 2002 жыл | |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi мен аумақтық
органдарға жүктелген функцияларды сапалы және мерзiмiнде орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
030 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы № 19 Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Өрт қауiпсiздiгi туралы" № 48-1 Заңының 10-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегi "Мемлекеттік сатып алулар туралы" № 163 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" № 482 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құжаттарына үйлесiмділік талаптарын ескере отырып, мемлекеттік, мемлекетаралық, салалық стандарттарды, техникалық шарттарды, құрылыс нормалары мен ережелер әзiрлеу, өрт қауiпсiздiгi саласында ғылыми-техникалық және нормативтiк-құқықтық базаны дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: өрттен қорғану жабдықтары мен техникаларын зерттеу, дайындау және енгізу, Қазақстан базарларына әкелiнетiн түтiнденi қабiлетi жылдам, улылығы жағынан өте қауiптi заттар мен материалдардың өрт қауiпсiздiгiне сәйкестiгiне сынау жүргiзу, экологияға қауiп төндiретiн объектiлердiң өрт қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу өрттердi зерттеу және олардың туындау себептерiне талдау жасау, өрттердiң туындауы мен өршуiне мүмкiндiк беретiн өртқауіпті факторлардың объектiлерге әсер ету деңгейiн азайту жөнiнде шаралар әзiрлеу, өрт сөндiрушiлер мен құтқарушылардың тыныс алу органдарын қорғау үшiн өрт сөндiргiш заттар мен химиялық улы заттарды сiңiргiштердiң сапасын анықтауға сынау жүргiзу, нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру және дамыту, Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi үшiн өрт қауiпсiздiгi және азаматтық қорғаныс саласында нұсқаулар, ережелер, стандарттар, нормалар әзiрлеу арқылы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 030 | 000 | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | | Жыл бойы | |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер:
"Объектiлердi қорғауға арналған өрт техникалары. Негiзгi түрлерi.
Орналастыру және қызмет көрсету", "Өрт қауiпсiздiгi. Терминдер мен
анықтамалар", "Қабылдау-бақылау және басқару аспаптары. Жалпы техникалық
талаптар" стандарттарын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау және
сертификаттау жөніндегі Комитетiнiң бекітуiне ұсыну.
ҚР Үкіметінің 24.12.02 ж. 1355 қаулысымен 3 қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
3 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларды жоюды ұйымдастыру" 031 республикалық бюджеттік
бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 362176 мың теңге (үш жүз алпыс екi миллион жүз жетпiс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы "Авариялық-құтқару қызметi мен құтқарушылардың мәртебесi туралы" № 87-1 Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19 Заңының 19, 27, 28-баптары, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 48 Заңының 11-бабы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы "Азаматтық қорғаныс туралы" № 100 Заңының 19-бабы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" № 575 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнің мәселелерi" № 481 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" № 482 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетілдiру туралы" № 170 қаулысы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы "Еңбек сiңiрген жылдарына пайыздық үстеме төлеу үшiн кәсіпқой авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары құтқарушыларының еңбек стажын есептеу ережесін бекіту туралы" № 1185 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 28 ақпандағы "Республикалық жедел-құтқару жасағы туралы" № 235 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 6 қазандағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінің органдары мен ведомстволық ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдарының штат санын бекіту туралы" № 1006 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының штабының бағынысына 28237, 52859, 68303 әскери бөлiмдерiн беру туралы" № 264 қаулысы, Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" № 400 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 8 шiлдедегi "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерiн құру туралы" № 1037 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" № 40 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қаупi төнгенде және туындағанда халықты, шаруашылық объектiлерi мен аумақтарын қорғау, төтенше жағдайларға уақытында мән беру, төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды қабылдау және өңдеу, төтенше жағдайларды жоюға авариялық-құтқару күштерi мен тұрақты дайындықтағы құралдарының ұдайы және үзіліссiз басқаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар iс-қимылына жоғары дайындықты қамтамасыз ету, жедел мән беру, апат ауданына және алға қойылған әскери мiндеттер орындалатын аудандарға авариялық-құтқару қызметтерiн уақытында апару, iздестiру-құтқару және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жедел жүргiзу, баруы қиын аудандарда, қауіптiлiгi жоғары объектiлерде құтқару және iздестiру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, табиғи зiлзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарынан зардап шеккендерге жедел көмек көрсету, радиомобильдi, радиотелефон, транк, спутниктiк байланыс түрлерiнің құралдары арқылы төтенше жағдайлар туралы ақпараттарды уақытында және жүйелi түрде қабылдап отыру, алынған ақпараттарды жедел өңдеу, авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын басқару пунктiнде қызметкерлердiң тәулiк бойы кезекшiлiгiн қамтамасыз ету, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында мемлекеттік басқару органдарымен үзiлiссiз және тиiмдi байланысты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 2 3 5 | 031 | | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттігінің "Республикалық жедел- құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесін (штат саны - 56 бірлік) ұстау Әскери бөлiмдердi ұстау (штат саны - 1202 бірлiк) Мемлекеттік мекемелердi ұстау: Орталық аймақтық жедел құтқару жасағы (штат саны - 40 бірлік), Батыс аймақтық жедел құтқару жасағы (штат саны - 32 бірлік), Шығыс аймақтық жедел құтқару жасағы (штат саны - 32 бірлік), Солтүстік аймақтық жедел құтқару жасағы (штат саны - 32 бірлiк), Оңтүстiк аймақтық жедел құтқару жасағы (штат саны - 32 бірлік) "Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесін (штат саны - 25 бірлiк) ұстау | жыл бойы Жыл бойы 2002 жылы | "Республика- лық жедел- құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi 28237, 52859, 68303 әскери бөлiмдерi Мемлекеттік мекемелер: Орталық аймақтық жедел құтқа- ру жасағы, Батыс аймақ- тық жедел құтқару жасағы, Шығыс аймақ- тық жедел құтқару жасағы, Солтүстік аймақтық жедел құтқару жасағы, Оңтүстік аймақтық жедел құтқару жасағы "Республика- лық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесi |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетiн нәтижелер:
Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайларды жоюға республикалық жедел-құтқару жасағының, әскери
бөлiмдердiң, аэромобильдi аймақтық жедел-құтқару жасақтарының ұдайы
дайындығын қамтамасыз ету табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы ақпараттарды уақытында және сапалы өңдеу, төтенше
жағдайларды жоюға күштер мен құралдардың тұрақты дайындығын ұдайы және
үзiлiссiз басқаруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
4 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Селқорғау объектілерін пайдалану"
032 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 212680 мың теңге (екi жүз он екi миллион алты жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігiне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" № 482 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" № 481 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" № 170 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қазандағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінің органдары мен ведомстволық ұйымдарының және жергiлiктi атқарушы органдарының штат санын бекіту туралы" № 1006 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы сел тасқыны, қар көшкiнi, опырылу, құлап түсудiң алдын алу және олардың зардаптарын жою, сел құбылыстары мен жер сiлкінісiн болжау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: селден қорғау құрылғыларын ағымдағы жөндеуден өткізу, бақылау және хабарлау қызметтерiнiң қызметiн қамтамасыз ету, аэрошолу жұмыстары, мұзарт көлдердi босату жөнiндегі алдын алу жұмыстары, қар көшкiндерiн алдын ала түсiру бойынша ату жұмыстары, жер сiлкiнiсiнің қысқа мерзiмдi болжамдарын қамтамасыз ету жөніндегі ғылымиболжау жұмыстары.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 032 | | | "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесiнiң 540 бірлiк штат санын ұстау. Алты гидротехникалық құрылғыны ағымдағы жөндеуден өткізу, аэрошолу жұмыстары, мұзарт көлдерiн босату жөніндегі алдын алу жұмыстары, жер сiлкiнiсiнiң қысқа мерзiмдi болжамдарын қамтамасыз ету жөнiн- дегі ғылыми- болжау жұмыстары, қар көшкiндерiн алдын ала түсiру бойынша ату жұмыстары | 2002 ж. |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: сел
тасқынының және қар көшкiнiнiң, құлап түсудiң зардаптарын жою, сел
құбылыстары мен жер сiлкiнiсiнiң шығынын азайту, Алматы облысының Есiк
көліндегі селден қорғау кешенiнiң негiзгi туннелiне, Ұзын-Қарғалы
өзеніндегі селден қорғау бөгетiне, Есентай өзеніндегі су жинау каналына
жөндеу жүргiзiлетiн болады, тасқынды суларды ағызып жiберу, "Безымянный"
көлiн босату жөніндегі алдын алу жұмыстары, қар көшкiндерiн түсiру, Медеу
бөгетіндегі күтiм жұмыстары, Үлкен Алматы каналындағы селжинағышты
тазалау, ал Шығыс Қазақстан облысында - қар көшкiндерiн түсiру, қар
тоқтататын қалқандарды жөндеу және құру, Оңтүстік Қазақстан облысында
Бадам өзенінің солтүстік жағалауындағы тоспаны жөндеу, тасқынды суларды
ағызып жіберу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 1 ақпандағы
№ 150 қаулысына
5 қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі
Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсі
2002 жылға арналған "Ақпараттық жүйелердi қамтамасыз ету" 501
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10678 мың теңге (он миллион алты жүз жетпiс сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19-1 Заңының 16-бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" № 273 Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi "Мемлекеттік сатып алулар туралы" № 163 Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңын iске асыру туралы" № 1715 қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қазандағы "Төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн құру туралы" № 1159 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне бағынысты жекелеген ұйымдар туралы" № 482 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесiн ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар жөніндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiн дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: төтенше жағдайлар саласындағы есептi жүргiзу, төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесінің жалпы жүйелiк құжаттары және жобалық шешiмдерiн әзiрлеу, төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiнiң мiндеттерiн автоматтандырудың бағдарламалық құралдарымен және техникалық құжаттамаларымен қамтамасыз ету, мiндеттердi шешуде бағдарламалық құралдарды пайдалану, табиғи апаттар, iрi авариялар мен апаттар жөніндегі республикалық мәлiметтер жиынтығын жасау қызметiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының есептеу техникаларына, жергiлiктi есептеу жүйелерінің құралдарына техникалық жүйелi қызмет көрсету, төтенше жағдайлар жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiнiң аумақтық, ведомстволық және объектілік звеноларын құру және дамыту жұмысын үйлестiру жұмыстары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне жедел-техникалық қызмет көрсету, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Кіші бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) жүзеге асыру жөніндегi iс-шаралар | Жүзеге асыру мерзiмi | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 501 | 000 | | Бағдарламалық қамтамасыз ету, оның iшiнде 6 жаңа бағдарламалық жинақты шығару жөніндегі қызметке (жұмысқа) ақы төлеу, 28 бағдарламалық жинақты жетiлдiру, 15 регламенттiк бағдарламалық жинақты пайдалану, аталған төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық деректер жинағының 660 базасына әкiмшілiк ету, төтенше жағдайлар жөніндегі ақпараттарды қабылдау, жеткізу және талдау, 150 компьютер мен 140 принтерге техникалық жүйелi қызмет көрсету, корпоративтiк (1 сервер) және жергiлiктi есептеу желiлерiне (2 файл-сервер) әкiмшілік ету жұмыстарына (қызмет көрсетулерге) ақы төлеу | Жыл бойы | |