Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 17 желтоқсандағы № 1715
және 2002 жылғы 1 ақпандағы № 150 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мынадай қаулыларына өзгерістер енгізілсін:
1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
көрсетiлген қаулының қосымшасында:
IV. "Шығындар" деген бөлiмде:
2 "Қорғаныс" деген функционалдық топта:
2 "Төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" деген iшкi функцияда:
308 "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгi" деген әкiмшi бойынша:
031 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру" деген бағдарламада:
030 "Республикалық жедел құтқару жасағы" деген кiшi бағдарламадағы "27820" деген сан "29820" деген санмен ауыстырылсын;
032 "Әскери бөлiмдердi ұстау" деген кiшi бағдарламадағы "253425" деген сан "255873" деген санмен ауыстырылсын;
033 "Аэромобильдi аймақтық жедел құтқару жасақтары" деген кiшi бағдарламадағы "57603" деген сан "61603" деген санмен ауыстырылсын;
034 кiшi бағдарламасы алынып тасталсын;
035 "Республикалық дағдарыс орталығы" деген кіші бағдарламадағы "12880" деген сан "14880" деген санмен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 1 ақпандағы № 150 қаулысына:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасында:
4-тармақтағы "жоғары басшылықтың ерекше кезеңде мемлекетті басқаруда жұмысын ұйымдастыру" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтағы "арнайы мақсаттағы "Метеостанса-3" объектiсiн ұстау" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың кестесіндегі реттiк нөмiрi 4-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И. Тасмағамбетов |