Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 5 ақпандағы № 165 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1042; 21.01.04 ж. № 62 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 523 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1042 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 21.01.04 ж. № 62 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Павлов Александр Сергеевич Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
2. Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 қарашадағы № 1661 қаулысына:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1566 қаулысына:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |