Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 ж. 5 қарашадағы № 1661 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.00 ж. № 1943; 05.02.02 ж. № 165; 20.09.02 ж. № 1042
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 29.12.00 ж. № 1943; 05.02.02 ж. № 165 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1042 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері етіп мыналар тағайындалсын:
Есенбаев Мәжит - Қазақстан Республикасының Экономика және
Төлеубекұлы сауда министрі
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 маусымдағы № 591 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 ақпандағы № 97 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі