Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 62 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 811 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 523 Қаулысымен күші жойылды
(Бұрынғы ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 811 қаулысымен 1-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 811 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Қайрат Нематұлы Келімбетов Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 811 қаулысымен 1-2-тармақпен толықтырылды
1-2. Григорий Александрович Марченко Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
2. Александр Сергеевич Павлов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 ақпандағы № 165 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |