Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1042 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.07.03 ж. № 643 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.07.03 ж. № 643 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Зейнолла Халидоллаұлы Кәкімжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі болып тағайындалсын.
2. Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 ақпандағы № 165 қаулысына:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 қарашадағы № 1661 қаулысына:
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |