Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк
шығыстардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған
уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысы
(ҚР Yкіметінiң 29.05.04 ж. № 597; 2005.14.03 № 226 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 93-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1-қосымшаға сәйкес салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың нормалары;
2-қосымшаға сәйкес салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына
1-қосымша
ҚР Yкіметінiң 2005.14.03 № 226 қаулысымен өзгерістер енгізілді (бұр .ред. қара
Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге
жататын өкiлдiк шығыстардың нормалары
Шығыстардың атауы | Құны (айлық есептiк көрсеткiш) |
1. Адамдарды ресми қабылдауды жүргiзу жөніндегі шығыстар (күнiне бiр адамға есептегенде) | 8,0-ге дейiн |
2. Келiссөздер кезіндегі тамақтануға арналған шығыстар (аудармашы мен iлесiп жүретiн адамдарды қоса алғанда, күнiне бiр адамға есептегенде) | 1,5-ке дейiн |
3. Делегацияны қабылдайтын ұйымның штатында есепте жоқ аудармашының еңбегiне ақы төлеу (сағатына) | 1,0-ге дейiн |
4. Автокөлiк қызметiн көрсету (сағатына) | 1,0-ге дейiн |
Ескерту:
1. Адамдарды ресми қабылдауды жүргiзу кезiнде қабылдаушы тараптан қатысушылардың саны қабылданатын делегация тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиiс.
2. Делегацияның құрамы бес адамнан жоғары болған кезде делегацияға қызмет көрсететiн iлесiп жүретiн адамдар мен аудармашылардың саны делегацияның кемiнде бес мүшесiне бiр аудармашы немесе iлесiп жүрушi есебiмен анықталуы тиiс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына
2-қосымша
ҚР Yкіметінiң 29.05.04 ж. № 597 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда
Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн
тәулiкақы нормалары
Елдер | Тәулiкақы (АҚШ долларымен) |
1. Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа | 80 |
2. Сингапур, Оңтүстiк Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Таиланд, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Оңтүстiк Африка Республикасы, Филиппин | 70 |
3. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi | 50 |
4. Басқа елдер | 60 |