Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 29 мамырдағы № 597 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн тәулiкақы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2004 жылғы 29 мамырдағы № 597 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына
2-қосымша
Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетiн
тәулiкақы нормалары
Елдер | Тәулiкақы (АҚШ долларымен) |
1. Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа | 80 |
2. Сингапур, Оңтүстiк Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Таиланд, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi, Оңтүстiк Африка Республикасы, Филиппин | 70 |
3. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерi | 50 |
4. Басқа елдер | 60 |