“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына өзгерiс енгізу туралы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 226 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1332 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшін төленетін тәулiкақы нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1677 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерімге жататын өкiлдiк шығыстардың нормаларында:
"Шығыстардың атауы" деген бағанның 2-тармағында "буфеттiк (фуршеттiк) қызмет көрсету" деген сөздер "тамақтануға арналған шығыстар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | Д.Ахметов |