Жалпы шығындардағы персоналға арналған шығындардың үлесі 1999 жылы еңбекақының өсуін іркілту есебінен азайтылған болатын, қазір еңбекақы энергетика, өнеркәсіп және құрылыс салаларындағыдан кем. Шығындарды іркілтудің бұл құралы теріс әсер береді, өйткені ол бүгін кәсіпорыннан білікті мамандардың және болашақта теміржол мамандықтарынан жастардың кетуіне әкеліп соғады. Нәтижесінде дәстүрлі түрде жоғары еңбекақы төленетін және әлеуметтік жағынан қорғалған сала қажетті кадрлық резервсіз қалуы мүмкін.
Теміржолды одан әрі қайта құрылымдау Қазақстандағы қоғамның түрлі топтарына тікелей және жанама түрде әлеуметтік ықпал көрсетеді. Қайта құрылымдаудың әлеуметтік зардаптарын жұмсартудың тиімді механизімін әзірлеу және жүзеге асыру қажеттілігі туындайды, ол өтемақы төлеу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін айтарлықтай қаржылық шығындармен байланысты болады.
Әлеуметтік қорғау жөнінде дайындалатын кез келген схемаға теміржол саласының қысқартылатын қызметкерлерінің бүгінгі күнгі кіріс деңгейін сақталып қалуына қандай да болмасын кепілдікпен қамтамасыз етуі кіруі тиіс. Сондықтан "Қазақстан темір жолы" РМК масштабтарын ескере отырып теріс әсерді уақыт ішінде біршама шашырату мақсатында саланы реформалауды біртіндеп жүргізу қажет.
6.2. Қызметкерлерді қысқартудың схемасы
Қызметкерлердің қысқартылуы мына қағидаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс:
- барлық бос орындарды қысқарту;
- барлық демалыс төлемдерін төлеу арқылы зейнеткерлік жастағы барлық қызметкерлерді қысқарту (667 адам);
- қызметкерлерді универсалдандыру және қайта мамандандыру;
- кооперативке ауысу мүмкіндігі;
- өз еркімен және мәжбүр түрде қысқарту;
Диаграммада теміржол көлігі контингентінің "Қазақстан темір жолы" ЖАҚ пен бөлініп шығатын кәсіпорындар арасында бөлінуі көрсетілген:
Қайта құрылымдау жүргізілген соң теміржол саласы қызметкерлерінің бөлінуі (2005 жыл)
Өз еркімен қысқартылған кезде алты айлық еңбекақы мөлшерінде демалыс жәрдемақысының төленуі көзделеді, бұл қазіргі күні орташа айлық еңбекақы 12134 теңге болып тұрғанда 1 қызметкерге 500-ге жуық АҚШ долларын құрайды. Бұл сома "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" заңда көзделген қысқарту жөніндегі өтемақыдан айтарлықтай асып түседі. Орташа еңбекақыға әрбір асыраудағы жанның санына коэффициент қолдану арқылы асыраудағы жанның (жасы кәмелетке толмаған балалардың) санына қарай демалыс жәрдемақысын саралап жіктеу арқылы төлеу варианты қолданылуы мүмкін. Қысқартылатын қызметкерлердің және олардың жасы кәмелетке толмаған балаларының саны Қазақстан темір жолы" РМК құрылымдық бөлімшелері бойынша төменде келтірілген.
Сонымен, барлық қысқартылатын қызметкерлер ерікті түрде жұмыстан шығуға келісім беретін болса өтемақылық төлемдер сомасы 8 млн-ға жуық АҚШ долларын құрамақ. Қайта құрылымдаудың бірінші кезеңін жүзеге асырудың 2-жылдық кестесіне сәйкес төлемдер орташа алғанда 4,3 млн-ға жуық АҚШ долларын құрайды. Жұмыстан ерікті шығудың тартымдылығына қол жеткізу үшін бұл жағдайлар мұнан кейінгілерге қолданылмайтындығы туралы міндетті түрде жариялау арқылы бірінші болып ерік білдіргендерге қосымша жеңілдік жағдайларының көрсетілуі мүмкін болады.
Жұмыс орындарының ел аумағында орналасу ерекшелігіне байланысты теміржол саласын қайта құрылымдаудың жалпы алғанда қоғамға ықпалы айтарлықтай болады. Темір жол негізгі қала құрастырушы элемент болып табылатын шағын станциялар мен айырылыспалардың қызметкерлері, сондай-ақ экономикасы депрессивті аудандарда орналасқан кәсіпорындардың қызметкерлері әлеуметтік тұрғыдан әсіресе осал болып келеді де, қосымша адрестік көмекті қажет етеді.
Мынадай сауықтыру шаралары қолданылуы мүмкін:
Экономикасы депрессивті аудандарда тұратын жұмыстан босаған қызметкерлерге адрестік әлеуметтік көмек көрсету. Депрессивті аудандардың картасы негізінен еліміздің батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарын қамтиды, бұл аймақтарда "Қазақстан темір жолы" РМК-ның 4 мыңнан астам қызметкерлері тұрады әрі жұмыс істейді. Аталған аудандар жұмыссыздықтың (кей жерлерде 40 пайызға дейін), кедейшіліктің жоғары деңгейімен, экология проблемаларымен және ауызсу тапшылығымен сипатталады.
Депрессивтік аудандар картасы
Шағын бизнесті дамыту және импортты алмастыру. Қазіргі уақытта "Қазақстан темір жолы" РМК-да Қазақстан Республикасының 2000-2001 жылдарға арналған Теміржол көлігінде шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағдарламасы дайындалған. Бағдарламаның іс-шаралары Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 4189 Жарлығымен бекітілген 1999-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Дайындалған Бағдарламаның жүзеге асырылуы нәтижесінде 2001 жылдың соңына қарай шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 100 кәсіпорынға дейін жетуі, ал жаңа жұмыс орындарын құру теміржол көлігіндегі шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндердің санын ұлғайтуға мүмкіндік беруі тиіс. Жаңа жұмыс орындарын құру механизмдерінің бірі артық қуаттылықтар базасында кооперативтер құру болып табылады. Қызметкерлерінің жалпы саны 20 984 адам болатын қамтамасыз етуші кәсіпорындарды бөліп шығарғанда адамдардың бір бөлігі (10 984 адам) өз кәсіпорнымен шығарылады, ал бір бөлігі (10 000 адам) "Қазақстан темір жолы" РМК тарапынан кепілді тапсырыспен қамтамасыз етілетін кооперативтерге біріктіріледі. Бұл жол жұмысқа орналастырудың белгілі бір кепілінің болуын көздейді, өйткені қызметкердің өзі құтылуы оңай жалданбалы қызметкер емес, бір мезгілде кәсіпорынның әрі қызметкері, әрі қоса иеленушісі болып табылады. "Қазақстан темір жолы" РМК-да кооперативтер құру жөнінде оң тәжірибе бар. Кепілді көлем азайған сайын бұл учаскелерді қолда бар жабдықтарды ескере отырып, импортты алмастыратын өнімді шығаруға бейіндеу жоспарлануда. Өз бетімен жұмысқа орналасуға өнімді шығаруға бейіндеу жоспарлануда. Өз бетімен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. Кейбір босатылатын қызметкерлер мүмкін сауда, қызмет көрсету немесе тағам өнімдерін шығару саласында жеке бизнесін ұйымдастыруға тілек білдірер. Бұл мақсатқа оларға консультациялар, оқыту, шағын кредиттер беру түрінде қолдау қажет болады.
Еңбек ресурстарының ішкі қайта бөлінуіне байланысты қызметкерлердің жұмыс күші артық аудандардан жұмыс күші жетіспейтін аудандарға қоныс аударуы. Осылайша, қызметкердің жаңа жұмыс орнына қоныс аудару қажеттілігі немесе вахталық әдіспен жұмыс істеу қажеттілігі туады. Мысалы, Алматы локомотив депосында 45 жөндеуші жетіспейді, ал Жамбыл локомотив депосында 35 жөндеуші артық болып отыр. Қызметкердің тілегі бойынша жаңа нарықтық мамандықтарға қайта оқыту. Босатылған қызметкерлердің басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылуына жәрдемдесу.
6.3. Қайта құрылымдаудың екінші кезеңіндегі әлеуметтік зардаптарды жұмсарту
Екінші кезеңде қаржылық шығындар тәуелсіз Операторлар мен жолаушылар тасымалы бөлімшелері құрылған кезде қысқартылатын қызметкерлерге өтемақы төлеумен байланысты болады.
Әлеуметтік зардаптарды жұмсарту мақсатында бірінші кезеңде қолданылған механизмдер пайдаланылады. Демек, қызметкерлер өз еркімен қысқартылғанда өтемақыларды төлеуге максималды түрде 13 млн-ға жуық доллар төленуі мүмкін.
6.4. Әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру көздері
Әлеуметтік зардаптарды жұмсарту жөніндегі қаржыландыру көзі ретінде, "Қазақстан темір жолы" РМК-ның өз қаржысынан басқа халықаралық қаржы институттарынан, отандық банктерден, құнды қағаздарды орналастырудан алынатын қаржыны қолдану көзделіп отыр.