Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың
2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 25 шілдедегі № 1006 қаулысы
(2003.25.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
25 шілдедегі № 1006
қаулысымен бекітілген
Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен
орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға арналған
Бағдарламасы
Уран өндіретін кәсіпорындарды консервациялаудың және уран кен
орындарын өндірудің салдарларын жоюдың 2001-2010 жылдарға
арналған бағдарламасының төлқұжаты
Бағдарламаның аталуы Уран шығаратын кәсiпорындарды
сақтау және шығарылған уран кен
орындарының зардаптарын жою
Бағдарламаны даярлаудың Қазақстан Республикасы Президентінің
негiздемесi «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы
туралы» Жарлығы. Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы
10 сәуірдегі № 10 хаттамалық шешiмi
Бағдарламаның мемлекеттік Қазақстан Республикасының Энергетика
тапсырыс берушiсi және минералдық
ресурстар министрлігі
Бағдарламаның негiзгi Қазақстан Республикасының Энергетика
әзiрлеушiсi және минералдық ресурстар министрлігі
Бағдарламаның мақсаттары Бұрынғы уран шығарған кәсiпорындардың
радиациялық қалдықтарының әсерiнен халықты
қорғау;
радиациялық қауiптi объектiлердi түгендеу
және олардың қауiптiлiк дәрежесiне қарай
жерлердi қалпына келтiру;
пайдаланудағы иондаушы сәуле құтылық
көздерiн есепке алу мен сақтауды және
таусылғандарын көмудi жүйелеу;
шұғыл оңалту жұмыстарының түрлерi мен
көлемiн және қажеттi қаржы қаражатын
анықтау
Iске асыру мерзiмi Бiрiншi кезектi объектiлердi 2001-2005
жылдары, екiншi кезектiлерiн 2006-2010
жылдары оңалту
Бағдарламаның негiзгi «Уранликвидрудник» республикалық
орындаушылары мемлекеттік кәсіпорны
Кіріспе
1. Проблеманың қазiргi жағдайын талдау
2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
3. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен іске асыру жолдары
3.1. Кен орындары бойынша басым объектiлер
3.1.1. Солтүстiк Қазақстан
3.1.1.1. Грачев және Косашы кен орындары
3.1.1.2. Заозерное және Тастыкөл кен орындары
3.1.1.3. Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
3.1.1.4. Есіл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
3.1.2. Оңтүстiк Қазақстан
3.1.2.1. Қордай кен орны
3.1.2.2. Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
3.1.2.3. Қызылсай кен орны
3.2. Пайдаланылған иондаушы сәуле көздерi
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
5. Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтiлетiн нәтиже
6. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар жоспары
Қорытынды
Кестелер
1 Кесте. Аймақтар бойынша уран кен орындары объектілерін
және радиоактивтік қалдықтарды бөлу
2 Кесте. ИСК-нің жер бетіндегі қалдықтарын жабу жөніндегі
көрсеткіштері (уақытша жабу жұмыстары)
3 кесте. Өңдеу шаралары құнының жинақтық кестелері
I кезектегі объектiлер (2001-2005 жж.)
4 Кесте. ІІ кезектегі объектілер (2006-2010 ж.ж.)
Кіріспе
Қазақстан аумағындағы уран кен орнын барлау және жедел iздестiру қырқыншы жылдардың ортасында басталған болатын және 1951 жылы аяқталды, мұнда алғашқы өндiрiстiк кен орны ашылды. Одан кейiн, бiрнеше кен орындары ашылды. Осылардың негiзiнде 3 комбинат құрылды, олар уран кендерiн өндiредi және қайта өңдейдi. Атап айтқанда: Оңтүстiк Қазақстанда - Қырғыз тау-кен комбинаты (1953 ж.), Солтүстiк Қазақстанда - Тың тау-кен химиялық комбинаты (1957 ж.), Батыс Қазақстанда - Каспий тау-кен металлургия комбинаты (1959 ж.).
Соңғы қырық жыл iшiнде Қазақстанда 20 уран шығаратын кен орындары (6) белгiлi болды. Осы жыл аралығында бұрынғы КСРО уранының 40 пайызы өндiрiлдi. 1992 жылы Қазақстан уран өндiруден 3-шi орын (Канада және Нигериядан кейiн) және жалпы уран өндiру ауқымынан 7-шi орынды алды. Осындай кен ауқымды тау-кен жұмыстарын жүргiзуде уран кен орындарының атқарған жұмыстары ауқымды болды: жалпы алаңдары уран өндiретiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарының әсер етуi қазiргi жағдайда былай бағаланады: 10 000 га, жалпы әсерi - 250 000 Ки, 50-шi жылдан бастап Қазақстан аумағында 170 млн. ш.м. жуық радиоактивтi қалдықтар жинақталды, бұлар кен байыту фабрикалары түрiнде жұмыс iстедi. Гидрометаллургиялық зауыттар өз қалдықтарын және тауар рудаларын тиiстi жерлерге көмудi (сақтауды) жүргiздi.
Осы Бағдарламаны әзiрлеудiң қажеттiлiгi алда тұрған ауқымды жұмыстарға баға берiп, уран өндiрiлетiн аудандардағы радиациялық жағдайларды қалпына келтiруге себеп болады. Осы мақсатта оларға зерттеу жұмыстарын жүргiзу және баға беруде атқарылатын жұмыстардың мерзiмдерi және көлемдерi, сонымен бiрге талап етiлетiн қаржы қаражаты көзделдi.
Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрiнiң 2000 жылғы 1 маусымдағы бұйрығымен әзiрлендi. Осы Бағдарламаны әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы заңдық негiзi болып табылады (№ 4153 16.11.98 ж.), мұның 1.2-бөлiгiнде былай делiнген:
Кен алынған қабаттарды және радиоактивтік кен өндіру мен ұқсату жөніндегі кәсіпорындардың қалдық сақтау орындарын зарарсыздандыру жөніндегі жұмыстар жүргізілмейді.
Радиоактивтiк қалдықтарды көму үшiн жағдайдың жоқтығынан олардың жинақталу процесi жалғасуда, сәуле шығаратын көздердiң ұрлануымен, жоғалуымен және пайдаланылмауымен байланысты радиациялық авариялар саны өсуде.
Бағдарлама 2001-2010 жылдар кезеңiн қамтиды. Мұнда TACIS желісі бойынша соңғы жылдардың зерттеу жұмыстары пайдаланылды, яғни орындалатын жұмыстар, сондай-ақ геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарымен шұғылданатын кәсiпорындардың атқарған жердi өңдеу жұмыстарының және осы маңайды сақтау жобаларды қарастырылды.
1 Кесте
Аймақтар бойынша уран кен орындары объектілерін
және радиоактивтік қалдықтарды бөлу
Жабылатын жер объектiсiнiң аталуы | Өлшем бiрлiгi | Солтүстiк Қазақстан | Орталық Қазақстан | Оңтүстiк Қазақстан | Батыс Қазақстан | ҚР бойынша барлығы |
Кен орны Кендер Қалдықтарды сақтау орны Теңгерiмдiк кендер қалдықтары Теңгерiмнен тыс кендер қалдықтары Теңгерiмдiк және теңгерiмнен тыс араласқан кендер қалдықтары Теңгерiмнен тыс кендер және бос жыныстардың аралас қалдықтары (+- теңгерiмдiк кендер қалдықтары) Қалдықтар* Кен байыту фабрикаларының қалдықтары Үймелеп қышқылдандыру штабельдерi Е қалдық Қалдықтар Е қалдық | дана дана дана мың м3 мың м3 мың м3 мың м3 мың м3 мың м3 мың м3 мың м3 мың м3 мың м3 | 34 19 1 785,6 1 972,7 41,9 262,8 194,2 749,8 1 045,8 5 052,7 49 450,0 54 502,8 | 6 17 1 - 468,3 - 48,3 76,7 - - 593,3 420,0 1 013,3 | 23 25 - - 4 948,1 - 1 928,4 37,8 - 2 210,0 9 124,3 - 9 124,3 | 2 - 1 - - - - - - - - 104 000,0 104 000,0 | 65 61 3 785,6 7 389,1 41,9 2 239,5 308,7 749,8 3 255,8 14 770,4 153 870,0 168 640,4 |
* - қалдықтардың құрамы туралы мәліметтер жоқ
1. Проблеманың қазiргi жағдайын талдау
Стратегиялық мiндеттердi орындаудағы соңғы он жылдың iшiнде елiмiздiң қалқанын қажеттi шикiзат мәселелерiмен қамтамасыз етудегi уран өндiретiн және оны өңдейтiн кәсiпорындардың радиоактивтiк қалдықтарын адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерiн келтiрмеу мәселелерi екiншi кезекке қалып қойды және жүйелi зерттелмедi. Бұған тиiстi экологиялық заңдардың болмауы және қоршаған ортаны қорғаудағы нақты атқарылатын жұмыстардың жоқтығы өз кезегiнде салқындығын тигiздi.
Осыларға қарамастан, радиоактивтiк қалдықтардың әсерiн азайту жөніндегі кейбір шаралар өткiзiлдi. Уран өндiретiн және өңдейтiн объектiлердi түгендеу жұмыстары жалпыодақтық «Радиоактивтiк қалдықтармен жұмыс iстеу жөніндегі 1991-1995 жылдары және 2005 жылдың болашағында мемлекеттік Бағдарлама» шеңберiнде жүргiзiлдi. Бағдарлама КСРО-ның Атом энергоөнеркәсiп министрлігі 1991 жылы әзiрлеген болатын, бiрақ белгiлi саяси жағдайларға байланысты ары қарай дамуын таппады. 1991 жылы КСРО аумағында 23 қоймаларда әртүрлi оңалту шаралары жүргiзiлген болатын. Бұлардың басты мақсаты - қалдықтың бетiн 1,5 метрлiк қалыңдықта жер қабатымен тегiстеу болатын. Мұндай жұмыстар жер асты рудниктерiнiң аумағында да атқарылды.
Осындай жұмыстардың атқарылуынан қалдықтарды жабу жұмыстары негiзгi қауiптi радиациялық уран өндiретiн өнеркәсiп объектiлерiнің маңайын сақтау болатын. Өйткенi, гидрометаллургиялық шаралар кезiнде барлық өңдеу жұмыстары қалдықтарға айналып кететiн болған. Уран өнiмдерiмен қоса, өңделетiн рудалардың жалпы 15 пайызы сыртқа шығарылады. Сөйтiп, кейбір табиғи радондардың таралуынан алғашқы радиоактивтi зақымдану 70 пайызға жетедi.
Қазiргi уақытта Қазақстанда 2 қалдықты сақтау орындары пайдаланылуда - Өскемен қаласындағы Yлбi металлургия зауыты және Степногорск қаласына жақын Заводской поселкесi «ҚазСабтон» ЖАҚ гидрометаллургиялық зауыты. Бұрынғы Ақтау қаласындағы Каспий кен металлургиялық комбинатында қалдықтарды сақтау 1994 жылдан бастап пайдаланылмайды. Ал, 2000 жылы 57.00 Бағдарламасы шеңберiнде Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы алаңдардағы қалдықтарды сақтаудағы радиоактивтi алаңдарды оңалту жобасын қаржыландыруда.
Бұл мақсатты жұмыстарды жүргiзуде қоршаған ортаның жағдайын, әсiресе радиологиялық жағдайдың өзгеруi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi (№ 103 31.12.92 ж.) «Қазақстан Республикасындағы радиологиялық жағдайды өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы шешiмi» қабылданған болатын, бұдан кейiн Қазақстан аумағында радиациялық зерттеу жұмысы жандана түстi. Бұл Бағдарламадағы маңызды жұмыстар уран өңдейтiн өнеркәсiп аумақтарында радиоактивтiк көздердiң әсер ету сипаттамасын сараптау көзделген. Бұл жоспар 1993-1995 жылдары атқарылуы тиiс едi.
Радиоэкологиялық зерттеулер көлемiн жүргiзудегi кең ауқымды жұмыстарды «Жарыс» МХК бөлiмшелерi орындады. Олар мынадай нәтижеге қол жеткiздi:
- радиогидрохимиялық аумақты суретке түсiру 1:1 000 000 орындалған жұмыстар 615 мың км2 атқарылды, 150 мың км2 алаңдарда радиоактивтiк ластану анықталды (Семей сынақ полигоны қызметiнiң нәтижесi), бұл алаңдар ауыр металдармен және органикалық қосындылармен ластанған болатын;
- Шу-Сарысу уран-руда өндiру жерлерiнде жердiң бетi табиғи радонның сәулелерiмен зақымданғаны анықталды, оның зақымдануы 16 800 Бк/кг;
- Оңтүстiк, Орталық және Солтүстiк Қазақстанда геологиялық барлау объектiлерiнiң 18-де осындай өңделетiн жұмыстарға зерттеулер жүргiзiлдi;
- ірi масштабты радиометрикалық суретке түсiруден 18 облыс орталықтары, 60 өндiрiстiк тораптар, елдi мекендер мен көпшiлiк демалатын орындар зерттелдi. Зерттелгендердiң 10 мың км2 алаңында, оның iшiнде 2,7 мың км2 алаңында Батыс Қазақстандағы мұнай өндiру жұмыстарының кезегi; мұнда 509 радиоактивтiк оқиғалар тексерiлдi, оның iшiнде 279-ы біліктi радиоактивтi техногендiк учаскелерде өңдеу жұмыстарымен атқарылды.
8 қалада 18 бақыланбаған немесе зерттелмеген көздер анықталды. 1000 мектептердегi алаңдарды зерттегенде мектепке дейінгi және өзге мекемелерде 607 радиоактивтiк көздер анықталды. Бұлар алғашқы жүздiктен 35 000 мкр/сағ. дейiн болды.
Бiрақ, нақты жұмыстардың атқару нәтижелерiне қарамастан, экономикамызды жақсартуда дәл осы жұмыстарға 1996 жылдан жете көңiл бөлiнбедi.
Сонымен, 1993-96 жылдары уран өндiретiн кәсiпорындарға жете көңiл бөлiнiп қоймай, сонымен бiрге сынақ полигондарының ауқымды алаңдарына да көңіл бөлiндi.
Уран өндiрушi және уранда мамандандырылған геологиялық барлау ұйымдары осы кезеңде барлық Оңтүстiк және Солтүстiк Қазақстан рудниктерiн өңдеу жобаларын әзiрледi. Жезқазған облысындағы (қазiргi Қарағанды) облысы Жиделi кен орындарының уран объектiлерi өңделдi.
Бұл кезде Волковгеология (Оңтүстiк Қазақстан) және Степгеология (Солтүстiк Қазақстан) геологиялық барлау кәсiпорындарында өңдеу жұмыстары басталды пайдалануға берiлмеген уран кенорындарында. Осындай жұмыстарды мұқият атқару үшiн 57 объектілер зерттелдi.
1993-1996 жылдары Тың тау-кен химиялық комбинаты Заозерное, Восток, Звездное, Туша, Мыңбай, Шат, Тастыкөл, Глубинное кен орындарын өңдеу және оны сақтау жобаларына тапсырыс бердi. Солтүстiк Қазақстандағы жабық уран рудниктерiне радиациялық-экологиялық кешендi баға беруде жер қабатындағы ластанған жерлерге ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалды.
Өкiнiшке орай, кәсiпорындар әзiрлеген осы жобалардың бiрде-бiреуi iс жүзiнде жүзеге аспады. Жоғарыда аталған жұмыстар кейiнiрек зерттеулер нәтижесiнде TACIS шеңберiнде және NUCREG (1996 ж.) және ВISTRО (1999 ж.) бағдарламалары орындалды. Алғашқы жобада уран саласының 100 объектiсi қаралды. Осылардың 6 объектiсi мұқият зерттелдi:
- Өскемен қаласындағы Үлбi металлургия зауытының қалдықты сақтау жерлерi;
- Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия комбинатының қалдықты сақтау жерлерi;
- Ботабұрым (Жамбыл облысы Ақсүйек кентi) кен орындарының маңы;
- Қордай (Жамбыл облысы) кен орындарының маңы;
- Қызыл (Қарағанды облысы) кен орындарының барлау маңы;
- Косашы (Солтүстiк Қазақстан облысы Сарытүбек кентi) кен орындарының барлау маңы.
Толық зерттеулер мынаны көрсеттi, радиоактивтiк деңгейдiң өсiмдiктерде және суларда анықталғандарына қарамастан бұрынғы уран объектiлерiнiң көпшiлiгi қоршаған ортаға аса қауiп туғызбайды. Осы ретте бұлар осы жерден құрылыс материалдарына және басқа жұмыстарға пайдаланған алынған материалдар зиянды болуы мүмкiн.
Бұрынғы 100 уран объектiлерiнiң радиациялық қауiптiлерi 13 объект болып отыр:
- УМЗ (Өскемен қаласы) қалдықты сақтау орны;
- ГМЗ ЦГХК (Заводской кентi, Ақмола облысы) қалдықты сақтау орны;
- Панфилов (Алматы облысы) кенорны;
- Қордай (Жамбыл облысы) кенорны;
- Есіл (Красногорск кентi, Ақмола облысы) кен орны;
- Косашы (Солтүстiк Қазақстан облысы, Сарытүбек кентi) кен орны;
- Ботабұрым (Жамбыл облысы, Ақсүйек поселкесi) кен орны;
- Восход (Ақмола облысы) кен орны;
- ПГМК (Ақтау қаласы, Қошқар Ата өз.) қалдықты сақтау орны;
- Мыңбай (Ақмола облысы, Степногорск қаласы) кен орны;
- Глубинное (Ақмола облысы) кен орны;
- Балкашин (Ақмола облысы, Шаңтөбе) кен орны;
- Маяк (Ақмола облысы, Күйген жар а.) кен басқармасы.
Екiншi жоба жан-жақты қарастырылған Жамбыл облысының ғана уран өңдеу саласының объектiлерiне арналды. Ал ең басты назар, алғашқы жобадағы iрi қауiптi Ботабұрым, Қордай және Қызылсай кен орындарына аударылды. Осы iрi уран кен орындарында қырық жылдан берi жұмыстар атқарылғандықтан оларға радиологиялық жағдай талдамасы жүргiзiлдi. Рудниктер мен оның маңындағы аумақтарда материалдар бойынша қосымша зерттеулерден топырақ бетiн, суды және ауаны радионуклеидтермен ластану дәрежесiне сипаттама берiлдi.