Бiрақ мұндай көлемде жұмыс істеу сақтаудың жұмыс құнын арттырады екен.
Бұған қоса, уақыт өткен сайын, қауiпсiздiк талаптарының артуына байланысты, қабырландыру және сақтауға қою жұмыстарының құны артады. Шығындардың артуы кәсiпорындардың ИСК-нен құтылу әрекеттерiн ынталандырмайды.
Ұзақ мерзiмдi сақтау өз пайдасын бермедi, өйткенi радиоактивтiк қалдықтар көмiлуi тиiс.
Қалыптасқан жағдай қолданылған көздермен жұмыс тәртібін реттейтiн ұйымдық және техникалық шаралардың шұғыл түрде қабылдануын талап етедi.
Бағдарламаның бұл тұрғыдағы мақсаты мыналарды көздейдi:
- иондалған сәуле көздерін түгендеп, жылжуын бақылап отыратын бір орталық құрылуы тиіс; оларға деген сұранымдарды есепке алу, көму және қолданыста емес көздерді жалға беру;
- елдегi барлық иондаушы сәуле көздер мүлкiн түгендеп, бiр жүйеге келтiрілген (қалыпқа) мәлiметтерден тұратын деректер қорын жасау;
- иондалған сәуле көздерiн көму жұмыстарымен айналысатын немесе айналыспақшы болған кәсiпорындардың аяларында жинау, уақытша сақтау және тасымалдау жұмыстарын атқаратын аумақтық орталықтар құру;
- кәсiпорындарға сатылатын иондалған сәуле көздерiнiң сату құнына оларды көму құны (тасымалдау құнынсыз) қосылсын; сонымен бiрге, көмуге (ұзақ уақыт сақтауға) қажет қаржыны арнайы есеп-шотқа (қорға) жинап, кәсiпорын жойылған, банкрот болған, меншiк нысанын өзгерткен және басқа жағдайларда қолданылсын;
- антимонопольдық комитетпен келiсе отырып, радионуклидтiң белсендi бiр данасын немесе иондалған сәуле көзiнiң түрiн жерлеу (ұзақ мерзiмге сақтау) бағасын анықтау.
2001 жылы аяқталуы тиiс ұйымдық шаралар арнайы аумақтық орталықтардың иондалған сәуле көздерiн жерлеу мәселелерiнiң 2002-2005 жылдарға арналған әрбiр аумақ бойынша нақты шараларымен жалғасуы тиiс.
Бұл жағдайда, аталған шаралар жоспарында бiрiншi кезекте банкрот болған және арнайы сақтау қоймалары жоқ кәсiпорындардың иондалған сәуле көздерi болуы керек.
Облыс әкiмдерiмен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың және қоршаған ортаны қорғаудың облыстық басқармаларымен келісілген жоспар-графигi жиынтық жоспардың негiзi болып, «Байкал-1» кешенiмен келiсуге жатады.
2 Кесте
ИСК-нің жер бетіндегі қалдықтарын жабу жөніндегі көрсеткіштері
(уақытша жабу жұмыстары)
№ р/с | Облыс | ИСК бар кә. сіпорындар саны | ИСК саны | ИСК белсен. ділігі ГБк (жиынтығы) |
өңдеуге жататыны | оның ішін. де, жануды болдырмау |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 | Ақтөбе Атырау Алматы Шығыс Қазақстан Жамбыл Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Батыс Қазақстан Павлодар Оңтүстік Қазақстан Солтүстік Қазақстан Ақмола Алматы қ. Астана қ. Жиынтығы: | 35 13 23 8 29 86 38 10 11 6 13 9 11 24 н/с 26 342 | 326 44 1 180 1 673 4 043 816 7 369 609 2 767 271 1 268 2 674 598 473 14 959 94 39 164 | 200 н/с 1 177 1 640 2 309 390 6 600 600 2 243 255 740 354 355 142 14 434 42 31 481 | 1 168 ГБк н/с 4,45 ГБк 44,75 ГБк 18 670 ГБк 26 893 ГБк 407 444 ГБк 274 ГБк 2 017 ГБк 597 ГБк 5 1 194х10 м/сек н/с 95 839 ГБк 5 27,45х10 м/сек 7 888 ГБк 2 999,79 ГБк 5 5 802х10 м/сек 1 183 ГБк 5 0,5х10 м/сек 2 ГБк 565 024 ГБк 5 7 024х10 м/сек |
Ескерту: ҚР ҰЯО Бас директоры бекіткен, 15.06.95 ж. жағдай бойынша
нұсқама негізіндегі анықталған ұзақ мерзімді сақталу көздерінің құны,
бағаның өзгеруіне байланысты есептелді, 290 млн. теңгені құрайды.
4. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Осы бағдарлама шеңберінде сақтауға қойылуы және (немесе) жойылуы тиiс уран өндiретiн кәсiпорындар негiзiнен мемлекеттік кәсiпорындар болып табылады, ал қазiргi кезде жекешелендiрiлген өндiрiс орындарының балансында жатқан радиоактивтiк қалдықтарды да олардың меншiк ауыстыруына дейiн пайда болған.
Осыған байланысты, барлық жұмыстардың қаржыландыру көзi негiзiнен республикалық бюджетке келiп тiреледi. Бiрақ, бұл бюджеттен тыс, жеке алғанда уран өндiрушi және қайта өңдеушi акционерлік қоғамдардың арнайы қаражаттары қолданылмайды деген сөз емес.
Объектiлермен және көздер бойынша атқарылатын жұмыстардың шамаланған құны 3 және 4 кестелерде берiлген.
3 кесте
Өңдеу шаралары құнының жинақтық кестелері
I кезектегі объектiлер
(2001-2005 жж.)
ҚР Үкіметінің 25.02.03 ж. № 199 қаулысымен 3-кесте жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
P/c № | Объектiлер | Жұмыстардың түрi | Жұмыс құны млн. теңге | Орындалу кезеңi; қаржыландыру көзi |
1 2 3 4 5 6 7 8 | Солтүстiк Қазақстан № 5 кен басқармасының № 12 кенiшi (Грачев кен орны) № 4 кен басқармасының № 3 кенiшi (Шоқпақ және Қамыс кен орындары) № 4 кен басқармасының № 1 және № 2 кенiштерi (Есіл кен орны) Қосашы кен орны Оңтүстiк Қазақстан Восточный кенiшi (Ботабұрым және Жусандала кен орындары) № 3 кен басқармасының № 8 кенiшi (Заозерное кен орны) № 3 кен басқармасының № 9 кенiшi (Тастыкөл кен орны) Қордай кенiшi (Қордай кен орны) ЖИЫНЫ | сақтауға қою сақтауға қою жою сақтауға қою жою сақтауға қою жою жою | 103,6 (49,3-54,3) 118,0 (50,4-60,1-7,5) 127,0 (50,3-69,0-7,7) 106,6 (52,0-54,6) 506,4 (75,0-182,0- 150,0-99,4) 260,0 (138,0-122,0) 161,9 (49,4-112,5) 136,5 (66,5-70,0) 1520,0 соның iшiнде: 2001-150,0 2002-310,4 2003-439,2 2004-451,0 2005-169,4 | 2001-2002 республикалық бюджет 2001-2003 республикалық бюджет 2001-2003 республикалық бюджет 2002-2003 республикалық бюджет 2002-2005 республикалық бюджет 2003-2004 республикалық бюджет 2003-2004 республикалық бюджет 2004-2005 республикалық бюджет |
4 Кесте
ІІ кезектегі объектілер
(2006-2010 ж.ж.)
№ р/с | Аймақ, объектiлер | Жұмыс түрлерi; жұмыс жосп. тiркеу нөмiрi | РАҚ көлемi мың м3 | Жұмыс құны млн.теңге | Орындалу кезеңi; қаражат көздерi |
1 2 3 4 5 6 7 | Солтүстiк Қазақстан Көксар, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары Балкашин, Восток кен орындары «ҚазСабтон» ЖАҚ ГМЗ қалдықтарды сақтау орындары Орталық Қазақстан Безымянное, Үлкен- Ақжал, Қызыл, Ұлытау кен орындары Оңтүстiк Қазақстан Қызылсай кен орны (8 сала) Батыс Қазақстан «Қошқар-Ата» қалдықтарды сақтау орны Жиынтығы: Өткен жылдары жою және ұзақ мерзiмге сақтау жөніндегі аяқталған жұмыстар: жыныс үйiндiлерiн қайта өңдеу, үйлер мен ғимараттарды жою, өндiрiстiк алаңдардың аумағын көрiктендiру; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұзақ мерзiмдi мониторинг нәтижелерi бойынша қосымша жұмыстарды атқару Жиынтығы: | сақтауға қою және жою сақтауға қою және жою пайдаланылмаған бөлiгiн қайта өңдеу жою жою қайта өңдеу | 510,8 1316,6 27400,0 87,0 1791,8 120000,0 151106,2 | 175,0 900,0 60,0 305,0 1440,0 160,0 1600,0 | респ. бюджет респ. бюджет және »ҚазСабтон» ЖАҚ қаражаты респ. бюджет респ. бюджет респ. бюджет респ. бюджет |