Ластанған объектiлердiң ластану дәрежесiне баға беруде әдiстеме әзiрленiп, Шығыс Европадағы тәжiрибелер қолданылды. Соның салдарынан 80-шi жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында жабық уран өңдеу кәсiпорындарында оңалту шаралары жүзеге асырылды. Мұның басты маңызы оның қауiптілiгiне бал көрсеткiшi бойынша уран объектiлерiне баға беру. Бұдан әрi осылардың аясында басымды жұмыстарды анықтауға көңiл бөлiндi. Тұрғындарға аса қауiптi болатын жағдай адамдарда дейінгі аралықтағы ластану көздерінің ара қашықтығы болып табылады.
Кешендi баға беру әдiстемесiнде жеке алғанда Оңтүстiк Қазақстандағы Восточный және Западный кен басқармаларына және Қордай кен орнына көңiл бөлiндi. Бұлардың ішiнде алғашқы кезекте Ботабұрым кен орнының № 2 учаскесi, Қызылсай және Қордай кен орындары болып табылады.
Қауiп туғызатын дәреже бойынша (есеп беру авторларының) сараптаушылардың экологиялық жағдайды кен орны учаскелерiнде қалыпқа келтiру жөніндегі алғашқы кезектегi мiндеттер жинақталды:
- тау-кен орындарын ашу (карьерлер, ойпаттар, шахтылар);
- кендер мен бос қалыптарының жинақталған жерлерiн анықтау;
- алаңдарды өңдеу;
- өнеркәсiп алаңдарын өңдеу.
Барлық салалардағы (кен орындарында) Оңтүстiк Қазақстандағы қалған объектiлерде жоғарыда аталғандардан басқа,»... олардың адамдардан алыс жерлерде орналасуы және бұрынырақтағы жұмыстар атқарылғандығы, мұндағы тау бөктеріндегі қалдықтардың өзiнен-өзi тегiстелуi, өйткенi мұнда бос кеннiң жиынтықтары жинақталған болатын». Осындай объектiлер бұдан әрi айтылатын болса Солтүстiк және Орталық Қазақстанда бар.
Жабық уран өңдеу кәсiпорындарына қатысты стратегиялық iс-қимылдарды әзiрлеу осы Бағдарламада Оңтүстiк Қазақстан кен орындары үшiн жасалған ұсыныстарда басқа аумақтардың объектiлерiне қолдануға жатады. Осы аумақтар үшiн TACIS сараптаушылары әзiрлеген әдiстемелiк кешендi жұмыстарға баға беру және олардың басымдықтарын анықтау жан-жақты өзiнiң ерекшелiктерiмен қоса ескерiлген болатын.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты бұрынғы уран өндiрген кәсiпорындардың аумақтарын өңдеу болып табылады. Осы тұрғыда осы жерлердегі экологиялық жүйе элементтерiн қалыпты жағдайға келтiру, яғни оның (суын, топырағын, ауасын) бiрiншi кезекте радиоактивтi ластануды адамдардың денсаулығына зиян келтiрмейтiн деңгейге жеткiзу.
Осы мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Бағдарламаны әзiрлеген кезде мынадай мiндеттер қойылады:
- Қазақстанның кен басқармалары мен кен орындарында барлық уран мәселелерi жөнiнде толық мағлұматтар;
- радиациялық қауiптi объектiлердi түгендеу және олардың қауiптілік дәрежесiне қарай өңдеу;
- пайдаланудағы иондаушы сәуле құтылық көздерiн есепке алу мен сақтауды және таусылғандарын көмудi жүйелеу;
- шұғыл атқарылатын жұмыстар көлемiн анықтау және радиациялық қауiптi объектiлердi оңалту үшiн қажеттi қаражат бөлу.
3. Бағдарламаның негiзгі бағыттары мен іске асыру жолдары
Бағдарламаның басты мақсатын орындау үшiн - радиоактивтік ластануды халық денсаулығына зиян келтiрмейтiн деңгейге жеткiзу, қамтылатындар:
- тау-кен, шахта әдiстерi арқылы кен өндiрудiң экономикалық тиiмсiздiгiне байланысты жабылған кәсiпорындарды сақтау;
- баланстық кен қорының таусылуына байланысты өндiрiс жұмыстары тоқтатылған кәсiпорындарды жою.
Уран өңдеу кәсiпорындарына қарасты болған жерлердi өңдеу үшiн қамтылатындар:
- радиоактивтiк қалдықтарды көму;
- радиациялық ластанған объектiлердi дезактивациялау;
- бүлiнген жерлердi қайта шұрайландыру.
2001-2005 жылдары, мөлшерленген шығын мен күтiлетiн нәтижелердi салыстыру көзқарасын басшылыққа ала отырып, әсiресе өте қауiптi радиациялық, негiзiнен алғанда, тұрғындары көп аудандарға қатысты және қауіптілігi жөнiнен бiрiншi кезектегi объектiлердi санациялау жоспарланып отыр (3 кесте). Экономикалық мақсаттылықты басшылыққа ала отырып, нормалық актiлердегi ережелерге сай жұмыстарды орындау iрi қаржы көздерiн тартуды қажет еткенiмен, осы кезеңдерде алғашқы шұғыл жұмыстарды атқару көзделуде.
Сақталатын және жойылатын кенiштердiң басты объектiлерi:
- теңгерiмдік және теңгерiмнен тыс кендердiң қалдықтары, қышқылдандырылған үйiндiлер қалдықтары;
- өндiрiстiк алаңдардың ластанған аумағы;
- жойылмаған (сақталмаған) тау-кен қазбалары (шахта өзектерi, кенiштер, беттiк ойылымдар т.б.).
Екiншi кезектегi объектілердi оңалту жұмыстары және бiрiншi кезектегi объектілердiң екiншi дәрежедегi мiндеттердi аяқтаудағы жұмыстары 2006-2010 жылдары мониторингтiң көрсеткiшi бойынша қоршаған ортаны сақтау мақсатында өте қажетті деп тапқан объектiлерде орындалады және бұл жерлердегi жұмыстар қоршаған ортаны сақтай отырып, радиациялық сәулелердiң әсерлерiн жоюға баға беру болып табылады.
3.1. Кен орындары бойынша басым объектiлер
3.1.1. Солтүстiк Қазақстан
Солтүстiк Қазақстандағы тау-кен шахтасы әдiсiмен уран шығарылған және барланған 34 кен орындарын сақтап қою (өңделмеген кен орындарын) және жер бетiн өңдеу (барлық кен орындарында) жұмыстары бiрiншi кезекте № 5 кен басқармасының кен орындарында (Грачевское, Косашы), № 4 кен басқармасында (Есіл, Шоқпақ, Қамыс), № 3 кен басқармасында (Заозерное, Тастыкөл), № 1 кен басқармасында (Балкашин, Аққанбiрлiк, Восток) жүргiзiлетiн болады.
№ 1 кен басқармасының аумағындағы радиоактивтiк қалдықтардың мәртебесi (тәнділігi) анықталмағандықтан, мұнда «ҚазСабтон» ЖАҚ, қазiргi уақытта Восток кен орнын пайдалану жұмыстарын жалғастыруда, № 4 үйiндiлеп қышқылдандыру қатары, сонымен бiрге үйiндiлеп қышқылдандыру ерiтiнділерiн қайта өңдеу кенiшi № 1 және № 2 карта-тұндырғыштарымен, осы Бағдарлама шеңберiнде санацияға жататын объектiлер ретiнде есептелмейдi. Өйткенi, бұл Бағдарламада жұмыс iстемейтiн кенiштер қамтылады.
3.1.1.1. Грачев және Косашы кен орындары
Бұл кен орындары «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық саябағының аумағында тұрғындар көп тұратын жерде орналасқан және жыл сайын астық егілетін құнарлы жерлерде орналасқан.
2000 жылы Грачев кен орнын 15 жылға сақтауға қоюды, кеніштің кен алынған қабаттары мен кәсіп алаңшасын санитарлық-тазалық бағытта қайта баптауды, жер асты кешендерін және жер бетіндегі кешенді ғимараттарды сақтауды қамтитын»№ 5 кен басқармасының № 12 кенiшiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыстарын жүргiзу жөніндегі жұмыс жобасы» әзiрлендi.
Жоба бойынша жұмыстар үстiмiздегi жылы басталды. 2000 жылы бөлiнген 20 млн. теңге жер бетiнде бүтiн қалған жабдықтарды бөлшектеуге, төрт опырымның екеуiн iшiнара қайта шұрайландыруға, екi пайдалану өзегiн сақтауға және кәсiп алаңшасының бiр бөлiгiнiң ластанған топырағын алып тастауға жұмсалды.
Жұмыстың толық сметалық құны жоба бойынша 65 583.7 мың теңге құрайды (оның iшiнде 7 млн. теңге қайтарылады).
Бiрақ осы объектiлердi қайта радиометрлiк суретке түсiру нәтижесiнде бұл қаражаттың жеткiлiксiз екенi анықталды.
Грачев кен орнын сақтауға қою жөніндегі (анықталған) жұмыс құны (№ 12 кенiш) 71 575,99 мың теңгеге бағалануда (қайтарылмайтын сомасыз).
1997 жылдарда өткiзiлген зерттеулерге сәйкес,»... Косашы кен орнының радиоактивтi қалдықтарының әлеуеттi қауiптiлiгi оларды құрылыс материалдары өндiрiсiнде немесе басқа мақсатта пайдаланғандықтан» болып табылады (6). № 2 және № 3 шахтылардың кәсiптiк алаңшалары мен опырымдарын қайта шұрайландыру жұмыстарына 1993 және 1995 жылдары «Степгеология» ӨГБ-де атқарылған есептер мен жобаларға сәйкес, 243 975,0 мың теңге қажет (2000 ж. бағасы бойынша).
№ 5 кен басқармасының объектiлерiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыстарының жалпы құны 315 551,0 мың теңгенi құрайды.
3.1.1.2. Заозерное және Тастыкөл кен орындары
Заозерное кен орындарындағы № 8 руднигiнде 1956-дан 1992 жылдар аралығында 2.24 млн. м3 жер қойнауы өңделдi, жер бетiнде 536 мың м3 теңгерiмнен тыс және 79,705 мың м3 теңгерiмдiк кендер сақтаулы, 2.75 мың м3 тауарлы кендер жерүстi маңындағы қорымға жерленген.
«3-КБ № 8 кенiшiн сақтауға қою және қайта шұрайландыру жұмыс жобасы» 1992 жылы өндiрiстiк технологияның Бүкiлодақтық ғылыми-зерттеу жобалау институтында әзiрлендi. Жоба кенiштi 10 жыл сақтауға қоюды, жыныстық және баланстан тыс қалдықтарды, сонымен бiрге кәсiптiк алаңшаларды қайта шұрайландыруды, тауарлы кендердi радиоактивтi қалдықтарды жерлеу орнына (РҚЖО) көмудi, жерүстi кешенiн сақтауға қоюды, жабдықтарды бөлшектеудi қамтиды. 1994 жылы жоба бойынша жерастылық кешенді жою, тау-шахта жабдықтарын бөлшектеу, шахта өзектерiн тоқтатып қою жұмыстары орындалды.
Жобадағы орындалмаған жұмыстың бөлiгi 2000 жылдың бағасы бойынша 1 576 331.6 мың теңге құрайды және мына жұмыстардан тұрады:
- автомашиналар мен жабдықтарды дезактивациялау, жуу орнын салу;
- ғимараттарды дезактивациялау жұмыстары;
- ғимараттарды сақтауға қою жұмыстары;
- Көксар көлiн қайта қалпына келтiру;
- қалдықтарды өңдеу жұмыстары;
- балансты кендердi РҚЖО-ға көму;
- автожолдар мен саздақ карьерлерiн салу;
- жанар-жағар май тұндырғышы мен резервуары құрылысы;
- Көксар көлiне автожолын салу;
- iшкі алаңдар автожолдарын және кiрме темір жолдарын қалпына келтiру;
- көрiктендiру және көгалдандыру.
Тастыкөл кен орнында басты ластаушы радиоактивтi объектiлерi болып көлемi 1 246 мың м3 болатын 4 баланстық және баланстан тыс кендер қалдықтары; белгiлi қауiптi қоршалмаған карьердiң 15 га алаңы туғызуда.
1986 жылы № 9 шахта сақтауға қойылып, № 5 карьердегi баланстан тыс қалдықтарды өңдеу жұмыстары 1989 жылы орындалды. Өткен 12 жыл iшiнде жер бетiне жабылған зат қабаты (саздақ және павлодарлық балшық) үйiндiнiң көпшiлiк бөлiгiнде сумен шайылған, өсiмдiктер тамыр алмаған, яғни мұндағы жұмыстар дұрыс орындалмаған немесе толық атқарылмаған болып есептеледi.
№ 8 кешенін қайта қалпына келтіру және сақтауға қою, экологиялық жағдайды жақсартумен қоса, сол кездегі энергетикалық мүмкіндіктерді, өнеркәсіптік құрылысты, көлік жолдарын және инженерлiк коммуникацияны пайдалана отырып, тау-кен өндірісін басқа өнім түрлерін шығаруға бағыттап, осы арқылы кәсiпорын жұмыскерлерiнiң көп бөлiгін жұмыспен қамтамасыз етудi жорамалданған болатын.
Қазiргi уақытта Заозерное кентiнде есептелген 7000 адамның 1000-ы тұрады, ешқандай өндiрiс орыны ұйымдастырылмаған. № 3 кен басқармасы 2000 жылдың ақпанынан бастап, тау-кен өндiрiсiн тоқтатқан 7 жылдан берi және инфрақұрылымның толық құлауынан кейiн, банкроттық жағдайға тартылуда.
Әрине, бұл жағдайда жобадағы шешiмдердiң басым бөлiгiн орындау жөнсiз болып табылатыны анық, бiрақ кейiнiрек, тау-кен iсiн қайта жаңғыртқанда, бұл шаралардың түгел орындалуы дұрыс деп табылуы мүмкін.
Қазiргi жағдайда, Бағдарлама авторларының пiкiрiнше, № 3 кен басқармасының ауданы үшiн маңызды мәселенiң бiрi балансты және баланстан тыс кендер қалдықтарының әсерiн шектеу, тұрғындардың кәсiп алаңшаларының және карьерлердiң аймағына рұқсатсыз келуiне тосқауыл қою және ескерту болып табылады.
Сондықтан № 3 кен басқармасының аймағын экологиялық сауықтыру жөніндегі бiрiншi кезектегi шаралар мыналар (Заозерное және Тастыкөл кен орындары - әсiресе):
- № 8 кенiшiнiң теңгерiмнен тыс қалдықтарын өңдеу;
- № 9 кенiшiнiң теңгерiмнен тыс қалдықтарындағы радонға қарсы жаппаны қайта орнату (Тастыкөл кен орны);
- № 8 (Заозерное кен орны) және № 9 (Тастыкөл кен орны) кенiштердегi тауар кендерiнiң қалдықтарын РҚЖО-ға көму;
- № 8 кенiшiнiң кәсiп алаңшасын қоршау және бүкiл периметрiнiң бойына ескерту белгiлерiн қондыру;
- № 9 кенiшiнiң карьерi мен кәсiп алаңшасын қоршау және бүкiл периметрiнiң бойына ескерту белгiлерiн қондыру.
Осы жұмыстардың бағасы шамамен 1 136 953 мың теңгенi құрайды.
3.1.1.3. Көксор, Шат, Глубинное, Ағаш кен орындары
Барлық төрт кен орындарындағы радиоактивтiк қалдықтар теңгерiмдiк және теңгерiмнен тыс кен қалдықтарымен (Шат және Ағаш) және аралас қалдықтармен (Глубинное және Көксор) айқындалады.
1990 жылы ЦГКХ-ның жоба конструкторлық бөлiмi № 14 кенiшiнiң өндiрiстiк алаңдарын (Глубинное кен орны) және № 6 карьерiн (Шат кен орны) өңдеу жобасын әзiрлеген болатын. Жобада Шат кен орнының тауарлы және баланстан тыс кендерiн, сонымен бiрге ластанған топырақты № 6 карьерге тасымалдап және төсеп, бетiн қалыңдығы 1,0 метр болатын саздықпен жабу қамтылған.
Қазiргi уақытта бұл жұмысты атқаруға мүмкiндiк болмай отыр, өйткенi карьер iшi айнасы шамамен 12 м тереңдiкте жатқан суға толы.
Шат кен орнының қалдықтарының астында қалыңдығы 1,0 метр саз және полиэтилен пленкасынан тұратын жасанды сүзгiш экран сазды көпшiкке салынған. Глубинное кен орнындағы сүзгiш экран қалыңдығы 3-10 м табиғи балшық шөгiндiлерiнен тұрады, оның сүзу коэффициентi тәулiгiне 0,05 м болып табылады.
Бұл жағдай қалдықтарды өз орындарында сақтауға қалдыруға мүмкiндік бередi.
Мұндағы жұмыстар опырымдарды тегiстеуден, ластанған жерлерiн 0-25 см тереңдiкке дейiн тазалаудан және карьердi қоршаудан тұрады.
Шат кен орнының карьерiнен 1 шақырым жерде, Глубинныйдан 6 шақырым жерде, Ағаштан 2,5 шақырым жерде орналасқан жақын арадағы елдi мекен (Дальний кентi) қазiр жоқ, сондықтан ең басты қауiптi - кен қалдықтарын құрылыс материалдарына пайдалану - алдағы 3-5 жылдың iшiнде елемеуге болады. Кен орындарының маңындағы жерлер пайдаланылмайды.
Осыған байланысты, бұл кен орындары екiншi кезектегi объектiлер деп қаралады, мұндағы атқарылатын қайта қалпына келтiру жұмыстарын кен қалдықтарын және карьердi қоршаумен, ескертпе белгілерiн қоюмен бiтiруге болады.
Жұмыстың құны шамамен 172 879,0 мың теңгенi құрайды.
3.1.1.4. Есіл, Шоқпақ, Қамыс кен орындары
Есіл кен орнында 1992 жылға дейiн ЦГХК-ның № 4 кен басқармасына қарасты № 1 және № 2 кенiштерi жұмыстарын атқарды. Бұл кен орнының теңгерiмдiк қорлары толығымен сарқылды. 1993-94 жылдары жерасты кешенiнiң жабдықтарды бөлшектенiп, өндiрiмдер жойылды, яғни сумен толтырылды.
1994-1998 жылдары уранды өңдеу толығымен аяқталғандықтан, алдымен кәсiпорынның өзi, соңынан берекесiздiкпен жер бетіндегі кешеннiң жабдықтары бөлшектенген. № 1 және № 2 кенiштерiнiң жер қабатындағы өңдеу жұмыстары орындалмады, қазiр сол жұмыстарға жобалар әзiрленуде.
Шоқпақ және Қамыс кен орындарында № 3 кенiшi бiр шахталық алаңнан аталу ретiне сәйкес 1977 және 1986 жылдардан бастап жұмыс iстедi. Бұл кен орындарын пайдалану 1992 жылы, теңгерiмдiк қоры бiтпесе де, толығымен тоқтатылды.
Радиоэкологиялық зерттеулер нәтижесiне сай қоршаған орта элементтерiнiң ұзақ уақыт аралығында ұйғарынды мөлшерден мандымды ластану мүмкiндiгi шамалы.
Есіл өзенiнiң радионуклидтермен, қышқылды жауын-шашынмен ластанғаны кен қалдықтары орналасқан маңнан өзен арнасына қарай жер бедерiнiң төмендеуiмен радиоактивтiлiктiң жоғарылауы растайды. Алайда, осы кен орындарының өзен алқабында орналасуы, Солтүстiк Қазақстанның iрi су артериясының ластануын болдырмау шараларын қабылдауды шарттайды.
Жобаға сәйкес № 1 және № 2 кенiштерiнiң қалдықтары мен кәсiп алаңшаларын қалпына келтiру шараларының жиынтығы көзделуде, оның құны 309,0 млн. теңге.
№ 3 кенiшiн сақтауға қою жобасында Шоқпақ кен орнының кәсiп алаңшалары мен қалдықтарын өңдеу жұмысы көзделуде. Екi кен орындарында да жер бетiнде пайда болған диаметрлерi 15 метрден 30 метрге және тереңдiгi 15 метрге дейiн жететiн, алып жатқан алаңы 0,5-тен 0,8 га болатын шұңқырларды жою, сонымен бiрге опырылуы мүмкін белдеу аймақтарын қоршау жобаланып отыр.
Шоқпақ және Қамыс кен орындарын сақтап қою жұмысының құны 51,9 млн. теңге.
Солтүстiк Қазақстан аймағындағы уран кен орындары мен кен байқалу орындарының басым көпшiлiгi 1953-1959 жылдар аралығында ашылып, бағаланғандықтан, қалдықтардың көп бөлiгi осы уақытқа дейiн табиғи жағынан өзiнен-өзi мүжiлдi және өсiмдiктермен жабылды. Жоғарыда аталып өтiлген объектілердiң қалдықтарының көлемi аз, радиоактивтiк деңгейiнiң төмен болғандығынан, сонымен бiрге елдi мекендерден алыста орналасқандықтарынан тұрғындарға және қоршаған ортаға қауiп келтiрмейдi.
3.1.2. Оңтүстiк Қазақстан
Ботабұрым, Қызылсай және Қордай кен орындары жиналған қалдықтарының көптiгiнен Оңтүстiк Қазақстан аймағында орналасқан 48 кен орындары мен байқалған кендердiң iшіндегі ең радиациялық қауiп төндiретiндерi болып табылады. Өз кезегiнде, Ботабұрым және Қордай кен орындарын iстейтiн өндiрiс орындары мен елді мекендерге қатысты орналасуына орай бiрiншi кезектегi объектiлерге жатқызуға болады.
Оңтүстiк Қазақстандағы өндiрiстiк емес объектiлердi қалпына келтiру оларды кешендi зерттегеннен кейiн, Солтүстiк Қазақстан мен Жамбыл облысының кен орындарында қолданған жұмыстарға сәйкес атқарылатын болады (6).
3.1.2.1. Қордай кен орны
Қордай кен орнының радиоактивтiк қалдықтарының қоршаған ортаға әсер етуiн бағалауға арналған, 1997 жылы жүргiзiлген, экологиялық зерттеулер нәтижесiнде, қоршаған ортаның кейбір элементтерiнiң (жер құйқасы мен судың) радионуклидтермен байытылғанына қарамастан, бұл қалдықтардың тұрғындар мен қоршаған ортаға қауiп келтiрмейтiнi анықталды: баланстан тыс қалдықтар ауқымы 1,1 км2 аймаққа шашылған, қалдықтар аумағы 0,28 км2 құрайды, қойылымдық мөлшер күштілiгi 1000 мкр/сағ жетедi. Теңгерiмнен тыс кендер мен қалдықтар алаңы 0,18 км2 жетедi.
Көптеген ұқсас объектілердей, мұнда да тұрғындардың баланстан тыс кендерді әртүрлi құрылыс материалдары ретiнде қараусыз пайдалануынан шын қауіп төнуі мүмкін.
Осыған қатысты, ең аз дегенде, қалдықтарды жергілікті тұрғындардың қараусыз қолдану мүмкіндігін, олардың шаңдануын және атмосфераға радонның тарауын болдырмайтын шаралар керек.
Шамамен алғанда, қалдықтарды қоршау, оларды радонға қарсы экранмен жабу, кәсiп алаңшаларының аймақтарын ластанған топырақтан тазалау жұмыстарынан тұратын шараларға қажеттi қаражат 370 000 мың теңгенi құрайды.
Сараптаушылардың бағалауы бойынша (6), Қордай кен орнындағы радиоэкологиялық жағдайды жақсарту жұмыстарын атқару үшiн 550 мың АҚШ доллары қажет (79 750 мың теңге). Бұл тұрғыда, карьердi баланстан тыс кендермен және ластанған топырақ құрамымен жабу көзделуде.
Мұндай жұмыстарды орындауға оның қымбатшылығынан мүмкiндiк туындамай отыр.
3.1.2.2. Ботабұрым мен Жусандала кен орындары
1956 жылдан жұмыс істеген Ботабұрым кен орнының теңгерiмдiк қорлары 1991 жылы таусылды. Осы жылы Жусандала кен орнын техникалық-экономикалық себептермен пайдалану жөнсiз деп табылды.
1992 жылы «Южполиметалл» ӨБ орталық конструкторлық бөлiмшесi тау кенiштерi объектiлерiн жою, Жусандала саласының тау өнiмдерiн сақтауға қою, кәсiп алаңшаларының радиоактивтiк ластануын жою жұмыстарын қамтитын «Восточный кенiшiн жою» жобасын әзiрледі.
Жұмыстың толық сметалық құны 2000 жылғы баға бойынша - 2 741 711,4 мың теңге.
Жамбыл облысының уран өндiретiн кәсiпорындарын 1997-98 жылдары экологиялық зерттеу барысында Восточный кенiшi де мұқият зерттелдi.
Осы жұмыстардың нәтижесiнде экологиялық жағдайды қалпына келтiру үшiн сараптаушылардың көрсетуi бойынша «Восточный» кенiшiнiң мына объектiлерi ерекшелендi:
- Дайковой кенiшiнiң үстіндегі карьер мен ойылымдар;
- Капитальная, «Вентиляционная» және «Д-1» шахталары;
- үймелеп қышқылдандыру қалдықтары, теңгерiмнен тыс кендер мен бос жыныстар;
- сүзгiш алаңдары;
- кәсіптік алаңшалар.
Осыған байланысты, карьердi теңгерiмнен тыс кен материалдарымен (3 680 мың м3) және сүзгiш алаңдардың түп тұнбаларымен (300 мың м3) көму жөнділiгi мойындалады, Восточный кенiшiн қайта өңдеу жұмыстарының құны 30 712 мың АҚШ долларына бағаланады (4 453 240 мың теңге).
Қазiргi уақытта Восточный кенiшіндегі бұрынғы уран өндiрiсi Шығанақ кен орнының негiзiнде барит өнiмдерiн шығаруға қайта жарақталды. Осы жұмыстарға «Капитальная» шахтасының қайта өңделген кәсiптiк алаңшасы, кен байыту фабрикасының дезактивацияланған ғимараты, бұрынғы кен қоймасы, тиеу торабы және ұсақтау кешенi пайдаланылады.
Өндiрiстiк кешен жақын қашықтықта (100-200 м) орналасқан және бетi жабылмаған теңгерiмнен тыс кен қалдықтарының, үйiндiлеп қышқылдандыру қатарының және кен байыту фабрикасының қоқыс тұндырғышының қоршауында орналасқан.
Мұндағы сәулелердiң қойылымдық мөлшер күштiлiгi 100-500 мкр/сағ болуда.
1992 жылдан 1999 жыл аралығына дейiн «Д-2» шахтасының технологиялық шүмегi жойылды (көмiлдi) және «Д-1» шахтасының шүмегi ұзақ мерзiмге сақтауға қойылды; № 3 және Вентиляционная шахталарының өзектерi уақытша жабылған, Капитальная шахтасының өзегi ашық, бiрақ қоршалған; жер бетi кешендерiнiң жабдықтары бөлшектенген немесе кеңейген барит өндiрiсi мақсатында пайдаланылуда.
Межелер жиынтығы бойынша Восточный кенiшiнiң кен орындарын алғашқы кезектегi объектілер санына қосуға болады. Бiрақ, Восточный кенiшiн жою жобасы шынайы деректермен есептесе отырып, салмақты түзетулер енгiзудi талап етеді.
Дәлдеп айтқанда, теңгерiмнен тыс кен материалдарын және сүзгiш алаңдардың түп тұнбаларын карьерге көмгеннен гөрi, олардың жатқан жерiнде көму әлдеқайда арзан және пайдалы болатын едi.
Теңгерiмнен тыс кендердiң қалдықтарын, сүзгiш алаңдарды және барит өндiрiсiнiң кәсiп алаңшаларына жалғасып жатқан аймақтарды қайта өңдеу тоқтаусыз кiрiсетiн бiрiншi кезектегi жұмыстар болып табылады.
Өңiрдiң ауа-райы жағдайын ескере отырып, қайта өңдеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде радонға қарсы экранның саздағын жел эрозиясынан сақтау үшiн iрi жыныс кесектерiмен жабылуын қарастыру қажет.
Бiрiншi кезектегi жұмыстардың құны 327 505,0 мың теңгенi құрайды.
3.1.2.3. Қызылсай кен орны
1997-98 жылдардағы экологиялық зерттеулер нәтижесiнде, екiншi кезектегi қауiптi радиациялық объектiлер есебiнде Ближний, N№ 1, 3, 4, 7, 11 және Жамантас салаларының кәсiп алаңшалары, сонымен бiрге № 2 кәсiп алаңшасы мен кен байыту фабрикасы бөлiп қаралды. Ең әсер ететiнi, барлық кәсiп алаңшаларында бар баланстан тыс кен мен үйiндiлеп қышқылдандыру қалдықтары.
TACIS сарапшыларының бағалауы бойынша, Батыс кен басқармасындағы объектiлердi өңдеу жұмыстарының құны 4 341 мың АҚШ доллары немесе 629 445 мың теңге.
«Южполиметалл» ӨБ жобасына сәйкес бұл жұмыстарды орындау құны 2 100 мың АҚШ доллары немесе 304 500 мың теңге.
Ауданның елсiз екенiн ескере отырып және үйiндi материалдарын қолдану ықтималдығының аздығына байланысты, баланстан тыс кен мен үйiндiлеп қышқылдандыру қалдықтарын, радиоактивтiк үйiндiлердiң шаңдануын болдырмайтын, бос жыныс қабатымен (iрi фракциялар) жабу, сонымен бiрге үйiнділер мен карьерлердiң айналасына ескертпе белгiлерiн қою сияқты қорғау шараларымен шектелуге болады. Карьерлердi тереңдiгi 1,0 метр болатын ормен қоршау қажет.
3.2. Пайдаланылған иондаушы сәуле көздерi
Республикадағы жинақталған радиоактивтiк қалдықтар уран өндiретiн және оны өңдейтiн кәсiпорындардың қалдығымен шектелмейдi. 2001 жылғы 1 қазанда елiмiзде 39 000 қабырлауға жататын және 342 кәсiпорындар мен ұйымдардың балансында тұрған иондаушы сәуле көздерi (ИСК) есептелдi (2 кесте).
Радиоактивтi шикiзаттарды iздестiру мен барлауға маманданған бiрқатар уран өндiретiн кәсiпорындар мен геологиялық ұйымдардың жұмыстарын тоқтатуына, өз жұмыстарында иондаушы сәуле көздерiн пайдаланатын кәсiпорындар санының қысқаруына (экономикалық мәселелерге байланысты) байланысты ол көздердiң көпшiлiгi талапсыз қалды. ОСП 72/87 (3.11 т) талаптарына сәйкес мұндай көздер басқа иеленушiлерге берiлуi керек едi. Бiрақ, республикада ИСК-не сұранысты зерттеп және сақтауда тұрғандарын сататын бiрде-бiр ұйымның болмауы кедергi келтiруде.
Iстеп тұрған көптеген кәсiпорындардың, әсiресе, банкроттық процедурасы жүрiп жатқан кәсiпорындардың ИСК-нiң жұмыс iстеп бiткендерiн немесе қолданылмағандарын қабырлауға қаражаттары жоқ. Олардың көпшілiгiнде сақтаулы тұрған иондаушы сәуле көздерiнiң жағдайы үрей туғызады, көпшiлiгiнiң қолдану мерзiмi бiткен және төлқұжаттары жоғалған. Бұдан әрi пайдалануға жатпайтын радионуклидты көздер радиоактивтi қалдықтар ретiнде қаралуы тиiс, бұлар өңделуге жатады және жерленуi тиіс (ОСП 72/87 5.21 т).
Бiрақ, республикамызда радиоактивтi қалдықтарды қабырлайтын лицензиясы бар кәсiпорындар жоқ. Дәл қазiр радиоактивтi қалдықтарды (иондаушы сәуле көздерiн) уақытша сақтауға қоятын лицензиясы бар бiр ғана кәсiпорын Курчатов қаласындағы «Байкал-1» торабы болып табылады.
Пайдаланушыларда сақтаулы ИСК-нiң санына, оларды жаңарту уақытына, қаржылық мүмкiншiлiгiне байланысты жыл сайынғы қабырландыруға жататындарының саны, радиациялық мәлiмдеу құралдары мен белсендiлiгi ең аз көрсеткiштен төмен көздердi санамағанда, 450-500 дана болып бағаланады.