Екінші кезектегі объектілерді оңалтуға арналған шығындарды жылдар бойынша бөлу жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлену шамасына қарай 2005 жылдан бастап мүмкін болады.
Жүзеге асырылуы республикалық бюджеттен болжанып отырған жұмыстардың орындалу мерзiмдерi мен шығындар көлемi тиiстi жылға республикалық бюджеттi қалыптастыру кезінде түзетілуі мүмкін.
5. Бағдарламаны жүзеге асырудағы күтiлетiн нәтиже
Бағдарламада көзделген барлық оңалту шараларын жүзеге асырғанда күтілетiн нәтиже:
- республика аумағының көп бөлiгіндегі уран кенiштерiнiң кәсiп алаңшалары және оларға жалғасқан алаңдарындағы радиоактивтiк ластанудың деңгейiн қалыптық мәнiне дейiн төмендету;
- радиоактивтiк шаң-тозаңның мен радонның қоршаған ортаға араласуына жол бермеу;
- радиоактивтiк қалдық материалдарын бақылаусыз пайдалануға жол бермеу;
- мемлекеттік ұлттық «Көкшетау» саябағын, Есіл, Иманбiрлiк өзендерiн радионуклидтермен ластануды тоқтату, Шоқпақ, Салқынкөл, Көксар көлдерiн оңалту;
- иондалған сәуле көздерiмен айналысуды реттеу, бұдан оларды ұрлау, жоғалту және қолдану кезiнде мүмкiн болатын радиациялық апаттарға жол бермеу;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орындалған мониторинг мәлiметтерiн алу және қоршаған ортаға радиоактивтiк қалдықтардың ұзақ әсерiне толығымен баға беру.
6. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 25.02.03 ж. № 199 қаулысымен 6-бөлім жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Р /c № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға (Іске асыруға) жауаптылар | Орын- далу мер- зiмi | Болжамды шығыстар | Қаржылан- дыру көздерi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 | № 5 кен басқармасы- ның № 12 кенiшiн сақтауға қою № 4 кен басқармасы- ның № 3 кенiшiн сақтауға қою № 4 кен басқармасы- ның № 1 және № 2 кенiштерiн сақтауға қою Республика- дағы иондау- шы сәулеле- нудiң ампу- лалық көздерiн (ИСАК) түгендеу және дерек қорын жасау Қосашы кен орнын сақ- тауға қою Восточный кенiшiн жою № 3 кен басқарма- сының № 8 кенiшiн сақтауға қою № 3 кен басқарма- сының № 9 кенiшiн жою Қордай кенiшiн жою | 2-н. және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведом- ствоаралық комиссияның қабылдап алу актілері 2-н- және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведомствоара- лық комиссия- ның қабылдап алу актілері 2-н. және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведомствоара- лық комиссия- ның қабылдап алу актілері ИСАК бойынша электронды дерек қор 2-н. және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведомствоара- лық комиссия- ның қабылдап алу актілері 2-н. және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведомствоара- лық комиссия- ның қабылдап алу актілері 2-н. және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведомствоара- лық комиссия- ның қабылдап алу актілері 2-н. және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведомствоара- лық комиссия- ның қабылдап алу актілері 2-н- және 3-н. бойынша орын- далған жұмыс- тардың актi- лерi, Ведомствоара- лық комиссия- ның қабылдап алу актілері | «Уранлик- видруд- ник» РМК «Уранлик- видруд- ник» РМК «Уранлик- видруд- ник» РМК Қазақстан Республи- касы ЭМРМ- нiң Атом энергети- касы жөніндегі комитетi «Уранлик- видруд- ник» РМК «Уранлик- видруд- ник» РМК «Уранлик- видруд- ник» РМК «Уранлик- видруд- ник» РМК «Уранлик- видруд- ник» РМК | 2001- 2002 жұмыс орын- далды 2001- 2003 2001- 2003 2002 2002- 2003 2002- 2005 2003- 2004 2003- 2004 2004- 2005 | 103,6 (49,3- 54,3) қаражат толығы- мен пайда- ланылды 118,0 (50,4- 60,1- 7,5) 127,0 (50,3- 69,0- 7,7) 0 қаражат бөлiнген жоқ 106,6 (52,0- 54,6) 506,4 (75,0- 182,0- 150,0- 99,4) 260,0 (138,0- 122,0) 161,9 (49,4- 112,5) 136,5 (66,5- 70,0) | Республи- калық бюджет Республи- калық бюджет Республи- калық бюджет - Республи- калық бюджет Республи. калық бюджет Республи- калық бюджет Республи- калық бюджет Республи- калық бюджет |
Қорытынды
Радиоактивтiк қалдықтар орналасқан жерлердегi радиоэкологиялық қалыптасқан жағдайлар және оған байланысты адамдар денсаулығына келетiн қауiп осы Бағдарламаны әзiрлеудiң аса маңыздылығы мен уақыт талабына сай екендiгін растайды.
Халықты және республика аумақтарын уран кен орындарында өндiрiс жұмыстарын жүргiзу салдарынан пайда болған радиоактивтiк ластанудан қорғайтын Бағдарламада көзделген шаралардың орындау нәтижесi республикамыздағы радиациялық жағдайды әлдеқайда жақсартып, халық денсаулығы мен қоршаған ортаның ахуалына жақсы әсерiн тигiзедi.
Пайдаланылған иондалған сәуле көздерiмен айналысуды бiр ретке келтiру оларды қолдану, тасымалдау және олардың жағдайын түгендеу мен бақылау жүйесiн іске асыру, олармен байланысты болуы мүмкiн радиациялық апаттардың алдын алады.
Осыған қоса, Бағдарлама ұзақ мерзімді жалпы мемлекеттік ластанған аумақтарды қалдықтардан оңалту жөніндегі бағдарламаның бөлiгi болып табылады. Мұны әзiрлеу өте маңызды: республикада жиналған радиоактивтi қалдықтар жиынтығы және олардың ластаған аумақтары уран өндiрушi кәсiпорындардың жұмысымен ғана байланысты емес - оған қоса мұнай өндiрушi кәсiпорындары атқарған және атқарып жатқан жұмыс барысында ластану қалдықтары, бұрындары сынақ жарылыстарының әсерiнен болған алаңдардағы жерлердiң ластануы, мiне бұның бәрi үлкен ауқымды шараларды атқаруға мiндет жүктейдi.