2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) - лицензиядан айыруға әкеп соғады.
230-2-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,
- ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін жоймау -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
18-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 231-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 231-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
231-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама мен мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару мен қолдану
1. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетi жүзден тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 232-бап өзгертілді
232-бап. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу
1. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекітілген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген конструкциялық элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтырған, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау -
қызметтiң тиiстi түрiне берiлген лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегiз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 233-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 233-бап өзгертілді
233-бап. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
1. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, -
жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
лицензиядан айыра отырып және жүргiзiлiп жатқан жұмыстарды тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 234-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
234-бап. Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу
Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 234-1-баппен толықтырылды
234-1-бап. Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу
Магистралдық құбыр жолдарын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 235-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
235-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу)
1. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделi жөндеу) -
жеке тұлғаларға - алпыс, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз тоқсан, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -
жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 235-1-баппен толықтырылды
235-1-бап. Сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтiк қызметтер көрсетудi жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуі -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беру -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімін, қабылдануын және объектінің пайдалануға берілуін қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беру -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру құқығына берілген сарапшы аттестатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 236-бап өзгертілді
236-бап. Объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртібін бұзу
Сәулет-құрылыс қызметi саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарын бұза отырып, объектiлер мен кешендердi пайдалануға берудiң белгiленген тәртібін бұзу, -
лауазымды адамдарға - мемлекеттік қабылдау комиссиясының мүшелеріне, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 237-бап жаңа редакцияда
237-бап. Заңсыз құрылыс
Өндiрiстiк, тұрғын, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу -
заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 181-III ҚР Заңымен 237-1-баппен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен 237-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
237-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу
1. Құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің құрылыс салушы, жобалау компаниясы туралы және құрылыс объектісі туралы ақпараттың мазмұнына қоятын талаптарын, сондай-ақ оны тарату тәртібін бұзуы не құрылыс салушының, жобалау компаниясының дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына құрылыс салушының, жобалау компаниясының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәліметтер мен есептілікті табыс етпеуі не олардың дәйексіз мәліметтер мен есептілікті табыс етуі -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, құрылыс салушы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, жобалау компаниясы әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау -
үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензияның қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 237-2-баппен толықтырылды
237-2-бап. Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру
Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - сексен, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 238-бап өзгертілді
238-бап. Тұрғын үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау
1. Тұрғын үйдегi адам тұратын және тұрмайтын үй-жайларды сәулет-құрылыс жобасынсыз, сәулет және қала құрылысы жөніндегі уәкiлеттi органның рұқсатынсыз заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимарат берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп соқтырған немесе әкеп соқтыруы мүмкiн нақ сол iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Ғимараттардың, құрылғылардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырма элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенімдiлiгiнiң кемiп кетуiне және жойылуына, тұрғызылатын объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына, қоршаған ортаға керi әсер етуiне әкеп соғатын аумақтағы қала құрылысын салу кезiнде аумақты игеру, объектiлердi және кешендердi жобалау, салу, қайта жаңғырту, қалпына келтiру, жетiлдiру, күрделi жөндеу мен көркейту кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, құрылыс нормалары мен ережелерінің, жобалардың, басқа да нормативтiк актiлердiң мiндеттi талаптарының сақталмауы, сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген ұйымдастыру-құқықтық тәртібін бұзатын iс-әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп ұғынылады.
2. Ғимараттың және құрылыстың материалдарының, құрастырмаларының, бұйымдарының, олардың түйiскен тораптарының, негiзгi топырақ қабатының есептiк мәндегi салмақтың түсуiне және әсерлерге бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктілік деп ұғынылады.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептiк - әсерлер мен салмақтың түсу ықпалына орай орнықты тепе-теңдiк күйiн сақтап қалуы орнықтылық деп ұғынылады.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, салмақ көтерушi және бөлектеушi құрастырмаларының нормаланатын көрсеткiштер мәндерiмен айқындалған мiндеттердi атқару қабiлетi сенімдiлiк деп ұғынылады.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған жобалау алдындағы (құрылысқа инвестиция негiздемелерi, техникалық-экономикалық негiздемелер) және жобалау құжаттары (жоба, жұмыстық жоба және жобалардың басқа да түрлерi) бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жобалау жұмыстары деп ұғынылады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 239-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
239-бап. Белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлер мен кешендердi пайдалану
Құрылысы аяқталған, бірақ белгiленген тәртiпте пайдалануға енгiзiлмеген объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, қызмет көрсету, кiрiстер алу мақсатында өнiмдер өндiру), -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен кодекс 239-1-баппен толықтырылды
239-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу
1. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелген функцияларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
19-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 240-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 240-бап өзгертілді
240-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
1. Қоршаған ортаны Осы баптың 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау жөнiнде нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде белгiленген нормаларды, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды арттыруға немесе төмендетуге нұсқау немесе рұқсат беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 240-1-баппен толықтырылды; 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 240-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
240-1-бап. Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын бұзу
Өндірістік экологиялық бақылауды жүргізу талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 240-2-баппен толықтырылды
240-2-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау
1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған және (немесе) қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен ұштасқан iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштің қырықтан елуге дейiнгi мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрып не онсыз екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруына қатысты бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
Ескерту: Егер табиғат пайдаланушыға экологиялық рұқсат бірнеше өндірістік объектілерге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша тоқтатыла тұрады.